Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тапсырма №3




Сауда фирмасы өз ассортиментінің келесі тауарларын құрайды:

§ құны 300$ тоңазытқыштар,

§ құны 350$ телевизорлар,

§ құны 320$ видеомагнитафон,

§ құны 530$ ән-күй аспаптары,

§ құны 700$ видеотаспалар,

§ құны 198$ видеоплеерлер,

§ 40$ аудиоплеерлер.

Қаңтарда 10-телевизор, 5-видеомагнитофон, 6-ән-күй аспаптары, 7-видеоплеерлер, 2-видеотаспа, 4-аудиоплеерлер сатылады. Exsel мүмкіндіктерін қолданып, сатудан түскен пайда қосындысын тенгемен және доллармен табу керек.

Жұмыстың орындалу әдістемесі:

1. Кесте құрып, оған есептің бастапқы деректерін енгізіңіз;

2. Сатудан түскен пайданы доллармен есептеу үшін, бағана ұяшығына сәйкес формулаларды енгізу керек. Формулаларда ұяшықтардың салыстырмалы адресациясы қолданылған. Формула тек бар ұяшыққа енгізіледі, ал бағанадағы қалған формулалар автотолтырудың көмегімен алынады;

3. Сатудан түскен пайданы тенгемен есепте. Формулаларда ұяшықтардың аралас және абсолютті адресациясы қолданылған. Абсолютті және аралас адресті енгізу үшін, сілтемені енгізгеннен кейін F4 пернесін міндетті түрде басу керек және ұсынылған нұсқалардан керегін таңдау керек.

4. Барлық товар түрлерін сатудан түскен пайда қосындысын есептеңіз. Бағанды ерекшелеп, стандартты құралдар тақтасында Автоқосынды батырмасын басыңыз

10.3-кесте.

Өнімдер атаулары Доллар б/ша бағасы Сатыл-ғаны Доллармен Сатылған-нан түскен пайда Тенгемен Сатылған-нан түскен пайда Дол. курсы
Тоңазытқыштар 300$     121.2
Телевизорлар 350$      
Видео- магнитофондар 320$      
Музыкалы орталықтар 530$      
Видео-камералар 700$      
Видеоплеерлер 198$      
Аудиоплеерлер 40$      
  Барлық пайда          

 

 

Лабороториялық жұмыс №11. Excel кестелік процессорының логикалық функциялары

Жұмыстың мақсаты: Кестелік процессордың Функциялары қызметін пайдаланып, логикалық есептерді шешу әрекеттерін игеру. Логикалық функциялардың жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін меңгеру.

Жұмысты орындауға әдістемелік ұсыныстар:

1. Пуск/Программы/Microsoft Office/ Microsoft Excel командасын орындаңыз.

2. Сонда Microsoft Excel кестелік процессоры жүктеледі.

3. Жұмыстың орындалу реті бойынша әрекеттерді орындаңыз.

Лабораториялық жұмыстың мазмұны:

1. 11.1 кестеде келтірілген сынақ нәтижесінің негізінде, өте жақсы, жақсы және т.б. бағалардың санын есептеңіз.

2. «Ұяшықтар тобына ат меншіктеу» операциясын қолданып, есептеу жүргізіңіз.

Тапсырма:

Жұмыстың орындалу реті:

1. Жұмыс кітабының жаңа парағында үлгі бойынша (11.1 кесте) кесте құрыңыз.

11.1 кесте

 

2. 1-ші, 2-ші, 3-ші және 4-ші бағаналарды мәліметтермен толықтырыңыз.

3. 6-шы, 7-ші, 8-ші, 9-шы және 10-шы бағаналарға формулалар енгізіңіз. Бұл үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

- «Өте жақсы бағалар» бағанының бірінші ұяшығына (D2) курсор көрсеткішін орналастырыңыз;

- Стандартты аспаптар панелінің Функциялар шебері (Мастер функции) батырмасына курсор көрсеткішін қойып, тышқан манипуляторының сол жақ батырмасын шертіңіз;

- Экранда пайда болған сұхбаттасу терезесінің Категория парағында қажетті категорияны таңдаңыз;

Категория: Логикалық (Логическое)

Функция: Егер (если)

- Сұхбаттасу терезесінің оң жақ бөлігінде таңдалған категорияға сәйкес пайда болған тізімнен қажетті функцияны таңдаңыз;

- Сұхбаттасы терезесінің «Дайын» (Готово) батырмасында тышқан манипуляторының курсор көрсеткішін қойып, сол жақ батырмасын шертіңіз;

- Экранда пайда болған сұхбаттасу терезесінің Логикалық көрсеткіш (Логическое выражение) жолына курсор көрсеткішін орнатыңыз және тышқан манипуляторының курсор көрсеткішін орнатыңыз және курсор көрсеткішін Excel кестелік процессорының жұмыс аймағының Д2 ұяшығында («5» бағасы) орнатып, сол жақ батырмасын шертіңіз;

- Пернелік тақтадан «5» санын енгізіңіз;

- Мән (значение) – егер (если) – ақиқат (истина) жолына «1» санын енгізіңіз;

- Мән (значение) – егер (если) – жалған (ложь) жолына «0» санын енгізіңіз;

- «Дайын» (готово) батырмасында тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз;

- Төменге жылжу әдісін қолданып, формулаларды «5-тіктер саны» бағанасы бойынша жылжытыңыз;

4. Барлық бестік, төрттік және т.б. бағаналардың сомасын санау және есептелген нәтижелерін жеке кесте түрінде көрсету үшін, әрбір «Бағаналар саны» бағандары бойынша, сәйкес келетін ұяшықтарының блоктарына атау беру қажет. Бұл үшін келесі әрекеттерді орындау жеткілікті:

- «5-тер саны» бағанасының Е2:Е8 ұяшықтар блогын ерекшелеу;

- Орналастыру (Вставка) – Атауы (Имя) – Меншіктеу (Присвоить) жарлығын орындау;

- Экранда пайда болған Атауын меншіктеу (Присвоение имени) сұхбаттасу терезесінің Атауы (Имя) жолына Өте жақсы сөзін енгізіп, Орналастыру батырмасын шерту;

- «4-тер саны» бағанасының F2:F8 ұяшықтары тобын ерекшелеп, Орналастыру (Вставка) – Атауы (Имя) – Меншіктеу (Присвоить) жарлығын орындау;

- Атауын меншіктеу (Присвоение имени) сұхбаттасу терезесінің Атауы (Имя) жолына Жақсы сөзін енгізіп, Орналастыру батырмасын шерту;

- Осы әрекеттерді 11.1 кестесінің басқа бағандары үшін ұяшықтар топтарының атауларын беріп (қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз, келмеді) орындаңыз.

11.2 кесте


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 141; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты