Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Глоссарий. ActiveX технологиясы- Компоненттік объектілердің үлгілерін интернет тарапынан жобалауға арналған (Component Objec Model




ActiveX технологиясы- Компоненттік объектілердің үлгілерін интернет тарапынан жобалауға арналған (Component Objec Model, Com)–бұл Microsoft технологиясының компоненттері, WEB басқару элементтерін және компоненттерін құруға арналған.

Мультимедиялық технологиялар -әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы.

Java бағдарламасы - Sun Microsystems компаниясының технологиясы Internet базасына негізделген платформалық өңдеу бағдарламаларына қолданады.

JavaScript- Java бағдарламасына еш қандай қатысы жоқ. Бұл бағдардама клиенттік тарапынан берілген негізгі тілдердің бірі.

Қашықтан білім беру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, істеп жүрген жұмысынан немесе оқудан қол үзбей білімді жетілдіру ісін жүзеге асыру деген мағананы білдіреді.

Гипермәтін– қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін;

Internet –миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүниежүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.Атрибуттар немесе сипаттамалар – тәг атауынан және бір-бірінен бос орын арқылы бөлініп жазылатын қосымша түйінді сөздерден тұрады.

Айнымалы конфигурациялар -Frontpage компоненттерінің тағы бір түрі қойылатын деп аталатын компоненттер (Substitution Component) бетке айнымалы конфигурацияның құрамын қосуға арналған.

Анықтауыш (definition) – туралаудың арнайы түрі, терминдер мен олардың түсіндірмелерінен тұратын тізімді беру үшін қолданылады.

Web-сервер – бұл Web–сайттар, мәліметтер қоры, сценарийлер және т.б. қажетті мәліметтер орналасатын компьютер

Серверлерді администрациялау -Сервер администраторы Frontpage (Frontpage Server Administrator) – Frontpage-пен бірге қолданылатын серверлік кеңейткіштерді орнату және алу операцияларын орындайтын бағдарлама болып табылады.

Мәлiметтер қоры– бiр- бiрiмен байланысқан мәлiметтердi, объектiлердi және МҚБЖ баптау (белгiлi бiр қалыпқа келтiру) параметрлерiн сақтайтын файлдар. Әдетте МҚБЖ кез-келген бiр мәселенi шешу жолында құрылады.

Мәлiметтер қорын басқару жүйелерi (МҚБЖ)– мәлiметтер қорымен жұмыс iстеуге арналған, оны басқару мен тҥрлендiрудi жҥзеге асыратын программалар тобы. Ағылшынша оларды DBMS(database manaqement system) деп атайды.

Кесте– мәлiметтер қорымен жұмыс iстеуге арналған негiзгi объект, мәлiметтер қоймасы.

Жазба– кестенiң бiр қатары, яғни жолы. Ол МҚБЖ мәлiметтерiн сақтайтын негiзгi блок болып болып табылады.

Өрiс– кестедегi бағана немесе тiк жол. ACCESS – те өрiс мәлiметтерiн сипаттайтын оның бiрсыпыра қасиеттерi болады.

Сұраныc– жұмыс iстеушi адамның керектi мәлiметтердi бiр немесе бiрнеше кестеден белгiлеген шарттарға байланысты таңдап алу тәсiлi. Таңдап алуға сұраныс беру арқылы есептелетiн өрiстерден немесе басқа кестеден алынған өрiстерден тұратын виртуалды сұранымдар құруға болады.

Форма– мәлiметтердi экранға бейнелеу жолы немесе оларды басқару мҥмкiндiктерi.

Басылым– мәлiметтердi баспаға шығарып, қағазда бейнелеу тәсiлi.

Түйiндi өрiс– кестедегi жазбаларды таңдап алу мақсатында мәндерi қолданылатын негiзгi iс.

Кiлт немесе түйiн– кесте жазбаларын анықтайтын немесе кестелер арасындағы байланысты ұйымдастыратын бiр немесе бiрнеше тҥйiндi өрiстер.

Санауыш– кестедегi жазбалардың реттiк нөмiрлерi орналасатын өрiс.

Индекс– индекстелетiн өрiс мәнi арқылы кесте жазбаларын автоматты тҥрде сұрыптау тәсілі.

Жазбаны белгілеу аймағы– кесте жолын белгілеуге мҥмкіндік беретін, оның сол жақ шетіндегі тіктөрбұрышты аймақ.

Өрісті белгілеу аймағы- өріс тақырыбы аймағы. Оны шерту сол өрісті белгілеу мҥмкіндігін береді.

Конструктор– мәліметтер қоры объектілерінің (кесте, форма, басылым, макрос, сұраныс) қасиеттерін анықтау режимі.

SQL– құрылымды сұранымдар тілі. Көптеген программалық жабдықтардың стандарты болып табылады.

Шебер– белгілі бір мақсатта шектеулі әрекеттер жиынын біртіндеп оррындайды. Шеберлер оны оррындайтын адаммен сұхбаттасу ісін атқара отырып, қойылған мәселені шешетін керекті мәліметтерді программаға енгізуді қамтамасыз етеді. Жұмыс жасауды жеғілдету ҥшін шебер жұмысы бірнеше қадамдардан тұрады. Жұмыс барысында өткен кезеңге қайта оралуға немесе онша қажетсіз кезеңдерді аттап өтуге болады. Программаға шебер мҥмкіндігін енгізу программаларды жетілдірудің бір жолы болып табылады.

Гиперсілтеме– белгілі бір файлға сілтеме көрсеткіш. Гиперсілтемелер ACCESS мәліметтер қорын INTERNET файлдарымен, не басқа файлдармен байланыстыру ҥшін қолданылады. Сондай файлдарды қарап шығу ҥшін арнайы программа жұмыс істеуі тиіс.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 109; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты