Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ДӘРІС ТОПТАМАСЫ




 

 

Лекция № 1.Информатика пәніне кіріспе.

Дәрістің мақсаты: Информатика ғылымымен, оның даму тарихымен, теориялық информатикамен, информатика пәні мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.

Жоспар:

1. Информатика терминінің пайда болу тарихы.

2. Информатиканың құрылымы.

3. Информатика ғылым және практикалық әрекет ретінде.

4. Информатиканың әлеуметтік, құқықтық және этикалық аспектілері.

Кілттік сөздер:информатика, кибернетика, теориялық ақпараттану, есептеу техникасы, жасанды интеллект,бағдарламалау.

Иллюстрациялық материал:слайд, схема.

Информатиканың теориялық негіздері – әлі толық қалыптаспаған ғылымның бөлігі. Басқа ғылымдардың теориялық бөлімдері сияқты, теориялық информатика да информатиканы оқытудың қажеттілігінен қалыптасады.

Курстың міндеті мен мақсаты:

§ Информатиканың теориялық тараулары туралы түсінік қалыптастыру;

§ Ақпараттар теориясы, цифрлы афтоматтар, алгоритмдер және т.с.с. тараулардың фундаментальді ұғымдарымен танысу;

§ Алгоритмдердің күрделілігі және тиімділігін бағалау әдістерін үйрену;

§ Ақпараттық модельдеу методологиясын меңгеру;

Информатика – бұл адамның қызмет атқаратын әр түрлі салаларында ақпараттарды қолдану, түрлендіру, сақтау, жинау және алу жөніндегі мәселелерді үйрететін- жас ғылыми пән.

Генетикалық информатика есептеу техникасымен, компьютерлік жүйелермен және желілермен байланысты, өйткені тек компьютерлер ғана ақпараттық процесстерге бірмезгілде қажетті ақпараттарды автоматты түрде өңдеуге және сақтауға мүмкіндік туғызатын ығылыми тәсіл ретінде қолданылады.

Орыс тілінде бұрыннан қолданып келе жатқан «информатикаң -термині ғылыми әдебиеттер арқылы берілетін ғылыми ақпараттың жалпы қасиеттері мен құрылымдарын үйрететін кіші-гірім нақты аймақпен байланысты.

Бұл ақпараттық-аналитикалық қызмет, дәл бүгінгі күні кез-келген салаға әсіресе кітапханалық істерді, кітап басып шығару және тағыда басқа көптеген салалардағы жұмыстарды жүзеге асыруда өте қажет. Академик А.П. Ершов айтқандай қазіргі жағдайдағы информатика термині “орыс тіліне жаңа және кең мағынада фундаментальды жаратылыстану ғылымдарының атауы тәрізді ақпараттарды өңдеу және беру процесстерін үйрететін” термин ретінде енгізілді.

1978 жылғы информатика бойынша халықаралық конгрессте “Информатика түсінігі административтік және әлеуметтік ықпал ету, коммерциялық, өндірістік кешендерде және сол сияқты ұйымдастырушылық аспектілер, математикалық қамтамасыз ету, машиналар, құрал жабдықтар және ақпараттарды өңдеу жүйесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қолдану және жасаумен байланысты аймақтарды қамтитындығы”- атап көрсетілен.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-10; просмотров: 135; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты