КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Азіргі заманғы ақпараттанудың құрылымы.Қолданбалы ақпараттық технологияларды бір жағымызға қалдыра отырып, қазіргі заманғы информатиканың құрамдас бөліктерін, яғни “ядросын” сипаттаймыз. Бұл бөліктердің әрқайсысы өзіндік ғылыми пәнмен салыстыра отырып қарастыруға болады: олардың арасындағы өзара қатынас шамамен, классикалық матеметикадағы математикалық анализ, геометрия және алгебраның арақатынасы сияқты – олар әрқайсысы өзіндік жеке пән болғанымен, бірақ, күдіксіз бір ғылымның бөлігі болып табылады. Теориялық ақпараттану – математика тараулары қатарынан тұратын, информатиканың бір бөлімі. Ол математикалық логикаға сүйенеді және өзіне алгоритмдер теориясы, және автоматтар, ақпараттар теориясы және кодтау теориясы, граматика және формальдық тілдер теориясын, амалдарды зерттеу және де басқа тарауларды қамтиды. Есептеу техникасы –Сөз техникалық бөлшектер және электрондық схемалар жөнінде емес(бұлар информатиканың сыртында жатыр), ал олар құрылғылардың өзара әсерету принциптерін және функционалдық мүмкіндіктерінің атауларын анықтайтын есептеу (компьютерлік) жүйелердің архитектурасы деп аталатын деңгейдегі принциптік шешімдер жөнінде болып отыр. Бұл аймақтағы қойылатын классикалық шешімдердің принциптік мысалдарына жататындар: – бірінші буындағы компьютерлердің неймандық архитектурасыв кейінгі бундағы ЭЕМ-нің шиндік архитектурасы, ақпараттарды параллельді өңдеу(көппроцессорлы) архитектурасы. Бағдарламалау (программалау) - қызметі, бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерін жасаумен байланысты.Мұнда біз заманға сай бағдарламалаудың негізгі тарауларын атап өтеміз: бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін жасау және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау. Жаңа бағдарламалау тілдерінің жасалуы және оларға жүйелік талдау жүргізілудің ішінен, ең негізгілерінің бірі - интерфейстік жүйенің жасалуы (мысалы, жалпыға белгілі операциялық қабықша және Wіndows жүйесі ) болып табылады. Ал, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің ішінен ең көп көпшілікке белгілісі – мәтіндерді өңдеу жүйелері, электрондық кестелер (кестелік процессорлар), мәліметтер базасын басқару жүйелері болып табылады. Ақпараттық жүйелер – әртүрлі күрделі жүйелерде ақпараттар ағынын талдау бойынша және ақпараттарды іздеу мен сақтау принциптерінде олардың тиімділігін, құрылымын зерттеуге қатысты мәселелерді шешумен байланысты информатиканың бір тарауы. Жасанды ақыл-ой (интеллект) – психологиямен, физиологиямен, лингвистикамен және де басқа ғылымдармен тоғысып байланысатын күрделі мәселелерді шешетін информатиканың бір аймағы. Адам сияқты ойлауды компьютерге қалай үйретуге болады? Адамның қалай ойлайтындығы жөнінде біз көп біле бермейміз, алайда, жасанды ақыл-ой бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының жүргізілуінің жарты ғасырлық тарихы болғанымен, әлі де болса принциптік мәселелер қатары шешілмей отыр. Сондықтан, мұндай аймаққа қатысты жете зерттеулердің негізгі бағыты – ой-пікірді модельдеу, компьютерлік лингвистика, машиналық аударма, эксперттік жүйелерді құру, бейнелерді тану және тағы басқалар болып табылады. Дербес жағдайда, интеллектуалдық интерфейстік жүйе мен адам арасындағы өзара қатынасты жасау тәрізді құнды қолданбалы мәселелерді шешу, жасанды ақыл-ой аймағындағы жұмыстардың табысты болуынан тәуелді.
|