КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
D.t.d. N.10 in amp. Цизаприд (Cisapridum), синтетикалық жолмен алынған, құрылымы жағынан метоклопрамидке ұқсас препаратS. 1 мл тері астына. # Цизаприд (Cisapridum), синтетикалық жолмен алынған, құрылымы жағынан метоклопрамидке ұқсас препарат. Холиномиметикалық заттар сияқты холинергиялық жүйке ұштарынан айетилхолиннің бөлінуін күшейтеді, сонымен қатар 5-НТ4-серотонинді рецепторларды белсендіреді. Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Асқазанның парезінде, ішектің атониясында, диспепсияда, құсу және асқазан ауруларының диагностикасында қолданылады. Таблеткада 0,005 және 0,01 г; 0,2% және 0,5% ерітінді 2 мл ампулада егу үшін. Кері көрсеткіштері. Асқазан-ішек жолдарынан қан кетулер, бауыр және бүйрек қызметінің айқын бұзылыстары, жүктілік және емшекпен ему кезінде. Жанама әсерлері. Ұйқышылдық, тырысу, аритмия, ксеростомия, диспепсия, гепатит, миалгия, ісінулер, қан түзу жүйесінің тежелуі, аллергиялық реакциялар. Шығарылу түрі. 5 және 10 мг таблеткасы N.20, 30; 0,1% суспензия 60 және 100 мл флаконда; 0,25 және 0,5% ерітіндісі егуге арналған 2 мл ампулада. Рецепт үлгісі. Rp.: Susp. Cisapridі 0,1% - 60 ml D.S. 1-2 шай қасықпен күніне 2 – 3 рет. # Қазіргі кезде офтальмологиялық тәжірибеде бір қатар жаңа миотикалық препараттар қолданылады. Солардың біріне мыналар жатады: Дорзоламид (Dorzolamidum), трусопт. Препарат химиялық құрылымы бойынша диакарб және гидрохлортизидке ұқсастығы бар, соның нәтижесінде көздің циллиарлы денесіндегі карбонгидразды тежейді және глаукомамен ауыратындардың көз ішілік қан қысымын тиімді төмендететін айқын қабілеті бар. Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Әртүрлі ашық бұрышты глаукомада. Көз ішілік қан қысымын төмендету үшін тәулігіне 2-3 реттен конъюктивиалді қапқа 2% ерітінідісін 1 тамшыдан тамызады. Кері көрсеткіштері. Ауыр бүйрек жетіспеушілігі, гипохлоремиялық ацидозда, жүкітілік, баланы емізу кезінде, бала жасында қолдану қарсы көрсетілген. Жанама әсерлері. Қышып дуылдау, күйдіру, көздің шаншуы және қолайсыздық жағдайлар, үстілік креатит, ауыз қуысындағы ащы дәм, көздегі аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Шығарылу түрі. 2% ерітінді флакон-тамшысында 5 мл -ден. Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Dorzolamidі 2% - 5 ml D.S. Ауыратын көзге күніне 2-3 рет, 1 тамшыдан. # Поксофелин (Proxophelinum) – құрамында проксодололдың 1% ерітіндісі мен клофелиннің 0,25% ерітіндісі бар кешенді препарат. Көз ішінің қан қысымын белсенді төмендетеді және әр препаратты жеке-жеке пайдалануға қарағанда тиімділігі айқын көрінеді. Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Глаукома кезінде көз ішілік қан қысымын төмендету үшін, конъюнктивалды қапшыққа 1 тамшыдан тамызу керек. Кері көрсеткіштері. Брадикардия, бронхообструктивті аурулар. Жанама әсерлері. Брадикардия, артериалды гипотензия, ауыздың құрғауы, тыныштандыратын ықпалы бар. Шығарылу түрі. Көз тамшысы 1,3 мл (1% проксодолол + 0,25% клофелин ерітіндісі) тюбик-тамшысы Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Proxophelinі 1,3 ml
|