Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Алматы медицина колледжі




Пән: “Биология” Алматы медицина колледжі
Кредиттер - 4 Жалпы білім
№7 сабақ. Тақырыбы: «Жасушаның негізгі органоидтары» 1 –курс 1 – семестр  
Оқытушы: Қожалимова Ә.Ә. 2010-2011 оқу жылы

 

Қысқаша мазмұндама:

Эукариоттық жасушаның ішінде ерекше түзілімдер органоидтар болады. Органоиддеген атау орган деген сөзді кішірейтіп айтудан шыққан. Адам денесінің мүшелері әртүрлі пішінде болатыны және арнайы қызмет атқаратыны секілді жасуша органоидтері де бір – бірінен пішіні және әртүрлі қызмет атқаруымен ерекшеленеді. Жасушада органоидтерімен басқада жасуша қосындылары кездеседі. Эукариоттық жасушаның органоидтерінің құрылысын қарастырайық.

Митохондриягр «mitos»- жіп, «chondrion»-дән, түйіршік деген мағына білдіреді. Жасушада 100 мыңға жетеді саны жағынан. 1850 жылы швейцарлық анатом Р.А. Келликер жәндіктердің бұлшықеттерінен тапқан. Оны «Саркосома» д.а. 1894 жылы неміс анатомы Р.Альтман «биобласт» д.а. 1897 жылы неміс анатомы К.Бенда «митохондрия» д.а. Ұзындығы-10 мкм, дм 0,2-1,0 мкм, 2 мембраналы органоид. А) мембранамен қапталған түпнегіз, Ә) мембранааралық кеңістік (ішкі мембранасы қыртысты болып келеді). Б) сыртқы мембранадан тұрады. Митохондрия құрамында 65-70% нәруыз, 25-30% липид, нуклейн қышқылы, витаминдер болады. Митохондрияның негізгі қызметі АТФ синтездеу немесе «энергия станциясы» д.а. Өсімдіктерде АТФ синтезін пластидтерде алмасады. Митохондриялар ішкі және сыртқы мембраналардан тұратын қос қабықшамен қапталған. Сыртқы мембрана митохондрияны негізгі плазмадан бөліп тұрады. Митохондрия ішінде тарақша және криста деп аталатын ферменттер бірінен соң бірі қатаң реттілікпен орналасқан. Митохондрияның басты қызметі – аэробты тыныс алуды жүзеге асыру. Бұл процесс нәтижесінде органикалық қышқылдар ауадағы оттекпен СО және НО түзілгенше тотығады, ал бөлініп шыққан энергия АТФ молекулалары ретінде қорға жинақталады.

Хлоропласттар өсімдік жасушаларын энергиямен қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Жоғары сатылы өсімдіктерде хлоропласттардың болатындығын неміс ғалымы А.Шимпер (1885ж) дәлелдеген. Хлоропласттар митохондриялар секілді 2 мембранадан тұрады – ішкі және сыртқы.хлоропласттың ішкі құрлымы тилакоиттерден түзілген. Тилакоидті мембранадан квантосома деп аталатын функционалды кешен бар. Онда жарық энергиясының АТФ энергиясына өзгеруінің барлық механизмі шоғырланған. Тилакоид мембраналарында граналарымен каротиноидтер бар. Бұл заттар матриксте де болады. Онда олар басты құрамдас бөлігі липидтерден тұратын глобулалардың құрамына кіреді. Матриксте крахмал дәндеріде орналасады.

Гольджи жиынтығы. 1898 жылы италяндық ғалым К.Гольджи жүйке жасушасынан тапқан. «Ішкі тор тәрізді аппарат» деп атайды. Кейін есіміне байланысты «Гольджи жиынтығы» деп атайды. ЭПТ-да синтезделген заттар Г.А-да тығыздалып, толық синтезеделеді де көпіршік түрінде диктосомаға бөлініп лизосома органоиды пайда болды. Гольджи жиынтығы цистерналар мен иірімделген өзекшелердің кешені. Мұнда нәруыздардан, майлардан және көмірсулардан күрделі органикалық қосылыстар синтезделеді және лизосомалар түзіледі. Гольджи жиынтығының қызметі эндоплазмалық тормен тікелей байланысты, оның қуыстары эндоплазмалық тордың өзектерімен қосылған. Эндоплазмалық тордың мембранасында синтезделген нәруыздар, полисахаридтер, майлар Гольджи жиынтығына тасымалданып, оның ішкі құрылымында жинақталып, бөлініп шығуға дайын секрет (түзінді) түрінде сақталады немесе жасушаның тіршілік процесіне жұмсалады. Гольджи жиынтығының басты қызметі – секрет (түзінді) түзу және бөліп шығару. Тағыда бір қызметі – онда лизосома қалыптасады.

Вакуоль және оның мембранасы– тонопласты неміс ғалымдары Х.Де Фриз және В.Пфеффер 1885 – 1886 жылдары ашқан. Өсімдік жасушасының өсу және даму процестері кезінде цитоплазмада жасуша шырынына толтырылған қуыстар – вакуольдер түзіледі. Вакуоль қуысын толтырып жасуша шырыны жасушадағы зат алмасудың сұйық өнімдері болып табылады. Жас жасушалардағы вакуольдер цитоплазманың әр жерінде шашырап жатқан ұсақ секреттер түрінде болады. Жасуша қартая бастағанда, вакуольдер бір – бірімен қосылып, көлем ұлғайып, ең соңында бір үлкен орталық вакуоль түзеді. Жасушаның құрамы вакуольмен салыстырғанда өте аз орын алады. Вакуольдің атқаратын қызметі – жасуша қажетсіз заттарды сұйық түрінде жинақтау.

Сферосомалар өсімдік жасушаларындағы анық ажыратылатын органоидтер. Оларды 1880 жылы неміс ғалымы Ханштейн тапқан. Сферосомалар шар пішінді болады, ұзақ уақыт сферосоманы олеосомамен (май тамшылары) шатастырып келген. Сферосоманың құрылымы мен қызметі дүниежүзінде бірінші болып ашқан Қазақстан ғалымдары (профессор, б.ғ.д ҚРҒА академигі М.Қ. Гильманов және оның әріптестері). Сферосомалар диаметрі 1 мкм шамасындағы дұрыс пішінді дөңгелек денешікті. Сферосомалардың барлық өсімдіктерге тән екені анықталған. Сферосоманың орталығында екі қабатты фосфолипидті шар орналасқан, оған көптеген нәруыз молекулалары бекініп, пісіп – жетілген бақбақ гүліне ұқсас құрылым түзеді. Сферосомалар фосфолипидтер мен нәруызды қорға жинау және өсімдіктің өсуі мен дамуы процестерін реттеу қызметін атқарады.

Лизосома 1955 жылы бельгиялық биохимик Де Дюв ашқан. (гр «lуsis»- ерігіш, «somo»-дене) Денелерді ерітеді деген мағынаны білдіреді. Эукариотты ағзаларда, әсіресе фагоцитозға қабілетті лейкоцит жасушаларында көп мөлшерде кездеседі. Өсімдік жасушаларында вакуоль түрінде болады. Лизосома құрамында 60-қа жуық гидролиздеуші ферменттер: нуклеоаза, липаза, фосфотаза, дезоксирибонуклеоаза, рибонуклеоаза сияқты және т.б. ферменттер болады. Жасушаның «асқорыту мүшесі» деп те атайды. Осы ферменттер өзінің құрамына сай заттарды ыдыратады. Мысалы: бақаның дернәсілінің құйрығы жойылуы осыған байланысты. Лизосомада 4 түрі бар: 1) 1-ші реттік лизосома диктосомадан бөлінетін, 2) құрамы өзгерген лизосома, 3) аутосомалар, 4) қалдық денешіктер. Қалдық денешіктер жасушадан экзоцитоз жолымен шығарылуы немесе жасушада «липофуксин пигменті» түрінде қалып қояды. Адам қартайғанда әсіресе ми жасушасында, бауырда, бұлшықет талшықтарының телолизосомада липофуксин пигменті көп кездеседі. Бұл пигмент организм тіршілігін жойғанға дейін сақталады, «қартаю пигменті» деп атайды.

 

Бекіту сұрақтары:

1.Митохондрияда қандай процестер жүреді.

2. Хлоропластарда қандай процестер жүреді .

3.Гольджи жиынтығының құрылысы мен қызметі

4.Жануарлар жасушасында лизосомалардың атқаратын қызметі

5. Вакуоль өсімдіктер жасушасында қандай қызмет атқарады.

6. Сферосомалардың құрылысы мен қызметі

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-04; просмотров: 447; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты