Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Глоссарий. .




Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
зигота    
хромасома    
партеногенез    
вегетативті    
гаплоидты    
генеративті    
диплоидты    

СӨЖ тапсырма:

1. гүлді өсімдіктерде қосарлана ұрықтану.

2. Долли қойын қалай клондаған.

 

Әдебиеттер:

 

2) А. Сартаев, М. Гильманов «Биология» 10 сынып, Алматы «Мектеп»

баспасы, 2006 ж.

2) Т. Қасымбекова, А. Мұхаметжанов «Жалпы биология» Алматы «Мектеп» баспасы, 2007ж

3) Р. Сәтімбеков«Биология» 10 сынып, Алматы «Мектеп» баспасы, 2006 ж.

 

Алматы медицина колледжі

Пән: “Биология” Алматы медицина колледжі
Кредиттер - 4 Жалпы білім
№15сабақ. Тақырыбы: «Мейоз және оның фазалары. Мейоздың биологиялық ролі» 1 –курс 1 – семестр  
Оқытушы: Найманбаева Г.Б. 2011-2012 оқу жылы

 

Қысқаша мазмұндама:

Мейоз(грек.мейозис- азаю)-жыныс жасушалардың бөлінуі.Соның нәтижесінде түзілген жыныс жасушаларында хромасомалар жиынтығы екі есе аз гаплоидты,ал жай жасушаларда хромасомалық жиынтық диплоидті болады.Мейоздың бөлінуі кезінде хромасомалар саны екі есе азаятындықтан,бұл бөліну редукциялық бөліну деп аталады.Мейоз бір-біріне жалғасатын екі бөлінуден тұрады.Әрқайсысында митоздық бөлінудегі сияқты төрт фаза:профаза,метафаза,анафаза,телофаза болады.

I профаза кезінде биваленттердің толық бұзылуы жүрмейді.Овогенездегі мейоздың ерекшелігі сол – мұнда сперматогонезде болмайтын диктиотена деп аталатын арнайы сатысы болады.

I метафаза.Мейоздың I метафаза кезеңінде бөліну ұршығының қалыптасуы толығымен аяқталады.Лардың жіпшелері бивалентке немесе косылған хромасомалардың центромерасына бекінеді.Әр центромерадан бөліну ұршығының полюсіне бір ғана жіпшесі бағытталады.

ІІ анафаза.Хромасомалардың центромерасы бөлінеді,хроматидалары ажырайды,полюсінде ұқсас емес хромосомалардың хромотидаларының кездейсоқ комбинациясы пайда болады.

ІІ метафаза.Бұл кезеңде хромасомалар жасушаның экваторына жиналады.Хромасомалардың центромерасы экватордың үстінде,ал хроматидалардың иықтары жасушаның полюстеріне бағытталып орналасады.Жасушаның формуласы өзгермейді-n 2c-ке тең.

икалық код дегеніміз не .

2. Нәруыз биосинтезінің атқаратын ролі.

3. Рибосомадағы нәруыздар биосинтезінің механизмі.

 

Глоссарий

Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
биосинтез    
код    
трансляция    
транскрипция    
триплет    
кодон    
ген    

СӨЖ тапсырма:

1. Жасушада жүретін транскрипция және трансляция процестерінің негізгі кезеңдері .

2. ДНҚ мен РНҚ- ның ұқсастығы мен айырмашылығы

Әдебиеттер:

3) А. Сартаев, М. Гильманов «Биология» 10 сынып, Алматы «Мектеп»

баспасы, 2006 ж.

2) Т. Қасымбекова, А. Мұхаметжанов «Жалпы биология» Алматы «Мектеп» баспасы, 2007ж

3) Р. Сәтімбеков «Биология» 10 сынып, Алматы «Мектеп» баспасы, 2006 ж.

 

Алматы медицина колледжі

Пән: “Биология” Алматы медицина колледжі
Кредиттер - 4 Жалпы білім
№16сабақ. Тақырыбы: «Жыныс жасушаларының дамуы. Ұрықтану, оның генетикалық маңызы» 1 –курс 1 – семестр  
Оқытушы: Найманбаева Г.Б. 2011-2012 оқу жылы

 

Қысқаша мазмұндама:

Гаметогенез жыныс жасушаларының түзілу процесі. Жыныс жасушаларының барлығын гамета деп атайды. Жыныс жасушалары гаплоидты хромасома жиынтығынан тұрады. Аналық жұмыртқа жасушасының түзілуі овогенез, ал аталық жыныс жасушаларының түзілуі сперматогенез деп аталады. Гаметалар түзілетін диплоидты жасушаларды сперматогониялар және овогониялар деп атайды. Көбею кезеңінде жасушалар митоздықбөліну реттілігін жүзеге асырады, нәтижесінде олардың саны айтарлықтай өседі. Сперматогониялар бүкіл жыныстық есеюі кезеңі бойы көбейеді. Овогонийдің көбеюі эмбриондық даму кезеңінен басталады. Аналық организмде бұл процесс жатырішілік дамудың үшінші, жетінші айларында аналық безде аса қарқынды жүреді және үш жылдан соң тіршілігін тоқтатады. Өсу кезеңінде жасушалардың көлемі ұлғаяды және аталық пен аналық жыныс жасушалары бір реттік сперматоциттер мен овоциттерге айналады. Сперматоциттерге қарағанда овоциттердің көлемі үлкен болады. Жинақталған заттардың бір бөлігі қоректік материал ретінде овоциттердегі сары уыз болса, екінші бір бөлігі келесі бөлінулерге қатысады. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі хромасома саны өзгермей сақталған ДНҚ редупликациясы болып табылады. Жыныстық пісіп жетілуде кезектесіп жүретін бөлінудің маңызды екі түрі бар: редукциялық және эквациялық. Олар бірігіп мейозды құрайды. Бірінші бөлінуден кейін екінші реттік сперматоциттер мен овоциттер, ал екінші бөлінуден кейін сперматоциттер мен пісіп жетілген жұмыртқа жасушалары түзіледі. Осының нәтижесінде аналық гаметада қоректік материал ретінде сары уыз көп мөлшерде жинақталады.

Сперматогенез процесі қалыптасу кезеңімен немесе спермиогенезбен аяқталады. Хромасомалардың жылдам ширатылуының нәтижесінде сперматид ядролары тығыздалады, олар функциональды енжар болады. Пластинкалы кешен ядроның бір полюсіне орын алмастырып, акросомды аппарат түзеді. Ол сперматозоидтың жұмыртқа жасушасына енуінде үлкен роль атқарады. Центриольдер ядроның қарама қарсы полюсінде орналасады және олардың біреуінен талшық өсіп шығады, оның түбіне митохондрия орамдалған қапшық түрінде шоғырланады.

Жыныстық көбею. Жыныстық көбею дегеніміз ұйымдасқан жыныс жасушалары гаметалардың қосылуы мен зиготаның түзілуі негізінде организмдердің пайда болуы мен ұрпақтардың ауысуы. Зигота дегеніміз жұп хромасома жиынтығынан тұратын сперматозоидпен ұрықтанған жұмыртқа жасушасы. Зиготадан организм дамиды. Жыныстық көбею жыныс бездерінде түзілетін екі жыныс жасушасы жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтың қосылуы арқылы жүреді. Жыныстық көбеюдің эволюциялық негізгі бағыты сингамия, яғни ұрықтану, ол әр түрлі даралардан шығатын екі жыныс жасушасының қосылуы.

Көп жасушалы организмдердің көпшілігі жыныстық жолмен көбейеді. Бұл процесте басты ролді гаметалар гаплоидты хромасома жиынтығы бар жыныс жасушалары атқарады. Басқа жасушалармен салыстырғанда гаметалардың қызметі ерекше. Олар әр түрлі ұрпақтар дараларының арасындағы тұқымқуалау ақпаратының тасымалдануын қамтамасыз етеді, яғни уақыт аралығындағы тіршілікті сақтайды.

Гаметалар олар ұрпақ беру функциясын атқаратын жасушалар сорттармағын түзеді.

Соматикалық жасушалардың басқа сорттармақтарымен салыстырғанда гаметалардың бірқатар ерекшеліктері болады. Олардың ең бастысы ядродағы хромасомалардың гаплоидты жиынтығы, ол әрбір организмге тән зиготалардағы хромасомалардың диплоидты санының қалпына келуін қамтамасыз етеді. Шынымен хромасомалы жұмыртқа жасуша сперматозоидпен ұрықтанғанда, хромасомасы бар зигота түзіледі. Ол адамдардың соматикалық жасушаларына тән.

 

Бекіту сұрақтары:

1.Овогенез және сперматогенез дегеніміз не .

2. Жануарлардағы жыныс жасушаларының қалыптасуы.

3. Гаметалар деген не.

Глоссарий

Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде
Гаметогенез    
Овогенез    
овогония    
Сперматогенез    
Зигота    
Гамета    
сперматогония    

 

СӨЖ тапсырма:

1. Овогенез бен сперматогенездің негізгі айырмашылығы

2.Аталық және аналық жыныс жасушаларының ұқсастығы мен айырмашылығы

Әдебиеттер:

4) А. Сартаев, М. Гильманов «Биология» 10 сынып, Алматы «Мектеп»

баспасы, 2006 ж.

2) Т. Қасымбекова, А. Мұхаметжанов «Жалпы биология» Алматы «Мектеп» баспасы, 2007ж

3) Р. Сәтімбеков«Биология» 10 сынып, Алматы «Мектеп» баспасы, 2006 ж.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-04; просмотров: 264; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты