КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Этиологиясы. БГА дамуына жиі әкелетін себеп - жалғыз альдостеронөндіруші аденома (4.16 кесте)БГА дамуына жиі әкелетін себеп - жалғыз альдостеронөндіруші аденома (4.16 кесте). Әдетте ісіктің көлемі үлкен емес — диаметрі 3 см-ге дейін. Қатерлі альдостеромалар өте сирек кездеседі. Идиопатиялық біріншілік гиперальдостеронизм микро- немесе макронодулярлы өзгерістермен бүйрек үсті безі қыртысының шумақтық аймағының екі жақты ісікті емес гиперплазиясымен сипатталады немесе оның себебі белгісіз болуы мүмкін.
Патогенезі БГА кезінде альдостеронның артық мөлшері нефронның дистальды бөлігіне әсер етіп, натрийдің ағзада ұсталып, калийдің жоғалуына әкеледі. Нәтижесінде ағзада сұйықтық жиналып, айналымдағы қан көлемі (АҚК) ұлғайып, артериялық гипертензия дамиды. АҚК-нің ұлғаюы бүйрекпен ренин өндірілуінің тежелуіне әкеледі. Айқын және ұзаққа созылған гипокалиемия бүйрек түтікшелерінің дистрофиялық өзгерістерін туындатады (калипениялық бүйрек). БГА-мен сырқаттанған науқастарда артериялық гипертензиямен байланысты туындайтын асқынулардан басқа, гиперальдостеронизмнің спецификалық асқынуы- альдостерониндуцирлеген миокард гипертрофиясы дамиды.
4.15 кесте. Біріншілік гиперальдостеронизм
ЕГА кезінде альдостерон өндірілуінің жоғарылауы, генезі әртүрлі бүйрек қанайналымының төмендеуіне жауап ретінде, екіншілік және компенсаторлық өзгеруі болып табылады. Бұл бүйрек артериясының стенозы кезінде, жүрек жеткіліксіздігінде үлкен қанайналым шеңберінде бұзылыстар дамығанда (іркілісті бүйрек), зәр айдағыш дәрілер қабылдағанда АҚК-нің төмендеуі мен көптеген басқа жағдайларда көрініс береді.
4.16 кесте.Гиперальдостеронизмнің этиологиясы
|