КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс. Ағзаның ішкі ортасы. Қан және лимфа жүйелері.
Физиология - тірі организм мен физиологиялық жүйелердің, ағзалардың, тіндердің, жасушалардың қызметін зерттейтін ғылым. Ол жүйелермен ағзалардың бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді. Физиологияның мәселесі тірі организмінің жұмысын түсіну, оның әр бөлігінің мәнін анықтау, олардың қалай байланысатынын түсіну, олар қалай әрекеттеседі және сол қатынасу нәтижесінде қалай организмнің жалпы жұмысы атқарылады. Қан, лимфа, тіндік және церебро-спиналдық (ЦСС) сұйықтықтар организмнің ішкі ортасын құрайды. Бұл түсінікті ХІХғ. француз физиологы Клод Бернар енгізді. Клетка тіршілігі үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан құрамының физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері тұрақты болуы қажет. 1929 ж. Америка физиологі Уолтер Кэннон ішкі ортаның, организмнің негізгі биологиялық көрсеткіштерінің (константалардың) тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гомеостаз (гр. 'homoios' - ұқсас, stasis - тепе-теңдік) деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз депқан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы, қанның рН және т.б.) айтады. Организмнің сұйықтық орталары. Ең төменгі сатыларда орналасқан қарапайымдылар, ішек қуыстылардан бастап ағзаның ішкі ортасы пайда болады. Ил аралық каналдар пайда болады олардың аралығы сұйықтықты гидролимфа деп аталады.Гидролимфаның құрамы өте сұйық болады. Осы жүйелі гастроциркуляция сөйтіп оларда гастровасицалардың циркуляциялық жүйе пайда болады. Буын аяқтылар және молюскаларда ашық қан айналу жүйесі болады. Осы жерде орналасқан сұйықтық гемолимфа болып табылады. Гемолимфада т.а. пигменттері орналасқан, олардың құрамында темір мен мыс болады. (гемоглобин Fe гемоционин- Mg) Олигохеталар пиявкалар, омыртқаларда т.б. қан жүйесі тұйықталған. Құрамында ағатын сұйықтық қан деп аталады. Осы жануарларда тканьдік сұйықтық. Қан мен клеткалар арасында зат алмасу процетін қамтамасыз етіп отырады. Омыртқалы жануарларда 3 сұйықтық типі болады – лимфа. Ол арнайы тамыр жүйесінде айналып жүреді. Тканьде сұйықтықтан эндотелиальді қабырғамен бөлінген. Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы тгомеостаз деп птплпды – ол түсінікті Уолтер Кэннэн 1829 ж. (гр homos – падобный Stasis – ностоянной) Гомеостазды сипаттайтын көрсеткіштері: 1. Тұрақты; 2. Тұрақсыз. Тұрақты көрсеткіштер негізінен ферментердің оптимальді сентивтілігін зат алмасу процестерді қамтамсыз ету үшін анықтайды. Қан клеткаларының саны, қысымы, элетролиттер саны т.б. Ағзаның ішкі ортаның тұрақтылығын сақтау үшін әрт түрлі мүшелер, жүйелерпроцестер, механизмдер қатысады. Оларға теріні көк бауырды, бауырды, бездерді, барлық жүйені иммундық жүйені. Тері – қоғаныс функциясының зат алмасу, бөлу сенсорлық т.б. функциясы су мен май деп осы б.а. Көк бауыр – қан түзу электролиттер қоры, липидтер қоры, қан клеткасы бұзылу мүшесінде болады. Бауыр – залалсыздандыру токсинді, дәрілік залалсыздант, гомондар бұзылатын басқару, белоктардың, майлардың, көмірсу алмасуына қатысады. Қорғаныштық қызметін атқарады, өт түзілу. Гомеостаз - ішкі ортаның құрамы мен физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық физиологиялық қызметтерінің тұрақтылығы. Гомеостаз биологиялық константалармен сипатталады. Биологиялық константаларға жатады: қан реакциясы (рН), қандағы қант мөлшері, қоректік заттар, осмостық және онкотикалық қысымдар, қан қысымының мөлшері, дене температурасы және т.б. Осы организмнің ішкі ортасының тұрақтылығы әрдайым өзгеріп тұрады, бірақ бұл өзгерістер физиологиялық норманың ішінде болады. Жасушалардың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи құбылыстарымен ойдағыдай қарым қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. Бірақ бүйрек, тер бездері, өкпе сияқты көптеген ағзалардың қызметі арқасында, сондай ақ денедегі арнайы механизмдердің қатысуымен гомеостаз әдетте бұзылмайды. Қолайсыз жағдайларда гомеостаз бұзылады. Адам ұзақ уақыт ыстықта немесе суықта қалғанда өліп те кетуі мүмкін. Организмнің ішкі ортасының негізі қан болып саналады. Қан – организмнің тіршілік етуіне өте қажет сұйықтық. Қанның 25-30% сыртқа ағып кетсе, ол организмге қауіпті болады. Ал 50% ағып кетсе - организм өледі. Қан тамырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тым баяуласа адам өлуі мүмкін. Мысалы, денедегі кейбір жасушалар, әсіресе ми қыртысының нейрондары уақытында келетін қан мөлшері азайса, 5-6 минуттан кейін бұзыла бастайды. Қан - организмнің ішкі ортасының ең маңызды сұйықтығы болып табылады. Тамырларда айналатын қан, қан түзу мүшелерi және қанды бұзу мүшелері бірігіп «қан жүйесін» құрайды (Ф. Ланг). Қан жүйесіне кіреді: 1) Қан тамырларда айналатын қан; 2) Қан түзу мүшелерi – қызыл сүйек кемігі, лимфа түйіндері, көк бауыр; 3) Қанды бұзу мүшелері – көк бауыр, бауыр, қызыл сүйек кемігі; 4) Реттеуші нейро-гуморальды аппарат. Қан плазма мен формалы элементтерден тұрады, олардың қатарына эритроциттер, лейкоциттер және қан пластинкалары – тромбоциттер кіреді. Формалы элементтер қан көлемінің 45% құраса, қалған 55% көлемді плазма құрайды. Қан плазмасында белоктар және электролиттер бар. Қанның көлемі шамамен дене салмағының 7% құрайды (4,5-5 л). Фибриногеннен айырылған плазма сарысу деп аталады. Бұл жүйенің барлық компоненттерінің әрекеті қанның негізгі қызметтерін қамтамасыз етеді: тасымалдаушы, тыныс алу, трофикалық, экскреторлы, термореттеуші, су-тұз алмасуды қамтамасыз ету, гуморальды реттеуді қамтамасыз ету, организм гомеостазын қамтамасыз ету, қорғаныш – организмнің арнайы және арнайы емес иммунитетің қамтамасыз ету. Қанды сипаттайтын сандық көрсеткіштер: 1) қанның көлемі – 4,6 л немесе дене салмағынан 6-8%; 2) қанның тығыздығы – 1050-1060 г/л, оның ішінде: плазма – 1025-1034 г/л, эритроциттер – 1090 г/л. 3) қанның тұтқырлығы – 5 шартты бірлік (тұтқырлығы 1 шартты бірлік болып табылатын судан 5 есе жоғары); 4) гематокритті саны – қанның жалпы көлемінен қанның формалық элементтерінің пайызы 40-45; 5) Плазманың ионды құрамы (ммоль/л): натрий – 142; калий – 4,4; кальций – 2,5; магний – 0,9; хлор – 103. Қанның негізгі қызметтері және диагностикалық ролі. Қан бүкіл денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті заттарды әкеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Қан –организмнің негізгі тасымалдаушы жүйе болып саналады. Осыған байланысты қанның негізгі функциялары болады: 1. Тасымалдау қызметі – организмдегі клеткаларға, тканьдерге тіршілікке қажет заттарды жеткізіп,и керексіз заттарды, зат алмасу өнімдернің организмнен шығарып отырады. 2. Тыныс алу қызметі – оттегіні өкпеден тканьдерге, клеткаларға, ал клеткалардағы көмір қышқыл газды өкпеге жеткізеді. 3. Қоректендіру қызметі –ішек-қарыннан қоректік заттарды, витаминдерді, су мен тұздарды (әр түрлі минералдарды) организмнің клеткаларына, тканьдеріне тасу қызметі. 4. Экскреторлық қызметі – зат алмасу процесінің нәтижесінде организмнен бөлінген ақырғы өнімдерді (мочевина, аммиак, несеп қышқылы, көмір қышқылы)сыртқа шығару органларына:бүйрекке,тері бездеріне, ішекке және өкпеге апарады. 5. Гомеостатикалық функциясы –қан организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауына қатысады. Клеткалар мен тканьаралық сұйықтықтың коллоидтық, осмостық тұрақтылығын сақтайды, рН тұрақтылығын, қандағы қанттың, гормондардың деңгейін, т.б.көрсеткіштерді сақтап отырады. 6. Реттеуші функциясы – қан организмде гуморальдық реттелу процесін қамтамасыз етеді, яғни организмдегі органдарды химиялық жолымен бір-біріне байланыстыра отырып реттейді. Қанның осы функциясы гормондар физиологиялық активті заттар арқылы жүреді. 7. Креаторлық байланыстардың функциясы – клеткаларға қажет мағлұматтарды макромолекулалар тасиды. Мағлұматтар бір клеткадан екінші клеткаға клеткаарлық каналдар арқылы және пиноцитоз жолымен жеткізіледі. Мұндай макромолекулаларды басқа клеткаларға қан клеткалары да жеткізіп отырады. 8. Термореттелу функциясы – қан көп энергия шығарып қызып кеткен ағзаларды суытады, ал суыған ағзаларды жылытады. Сөйтіп, дене қызуын бір қалыпта сақтауға қатысады. Интенсивті бұлшық ет әрекеті →бұлшық еттерде жылудың пайда болуы өседі→қан жылуды сіңіріп алады→жылу бүкіл денеге таралады→сөйтіп гипоталамустың термореттелу орталығының қозуын тудырады→осы процестердің нәтижесінде дененің температурасы тұрақты деңгейде сақталады. 9. Қорғаныс функциясы – қанда болатын иммунитет факторы организмде қорғаныс қызметін атқарады. Иммунитет – қандағы лейкоциттердің фагоцитоз процесіне бейімділігі. Қандағы қоғағыш денелер организмдегі микробтарды, вирустарды, улы заттарды зиянсыздайды және зиянды белоктарды ыдыратады. Қанның ұюы да қорғаныс функцияға жатады. Тромб пайда болады→қан тамырының закупоркасы болады→қансырау тоқтайды. 10. Сулы-тұзды алмасуын қамтамасыз етеді. Қан мен тканьдердің арасында. Капиллярлардың артериальды аймақтарында су мен тұздар (минералдар) тканьге өтеді, ол капиллярлардың венозды аймақтарында қайтадан қанға өтеді. Лимфа (лат. lympha) — жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан бөлініп шығарылады. Лимфа жасушааралық кеңістікте басталады да лимфа тамырлары бойынша ағады. Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады, бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып екі үлкен лимфа тармағын құрайды, олар үлкен веналарға құйылады. Лимфа — кұрамында бірсыпыра белок пен торша бар, жабысқак, түссіз сұйықтық. Лимфа жүйесінен қанға көкірек өзегі арқылы келіп түседі. Лимфа лимфоциттердің қайта айналы- мына, біріншілік және екіншілік иммундық жауаптардың дамуына қатысады. Лимфа (латынша «lympha» - таза су, ылғал) - адамның лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінде болатын сұйық дәнекер ұлпа немесе сарғылт түсті мөлдір сұйықтық. Лимфа - ағзаның ішкі ортасы, ұлпа сұйықтығынан түзіледі. Тұз құрамы жағынан қан сарысуына ұқсас. Лимфаның химиялық құрамы: 95% су, 1-2% нәруыз; 0,1% глюкоза; 0,9% минералды тұздар. Адам денесінде бір тәулікте шамамен 2-4 л лимфа түзіледі. Қан сарысуына қарағанда нәруыздары 3-4 есе аздау, тұтқырлығы да төмендеу. Лимфаның құрамында фибриноген нәруызы болады. Сондықтан оның баяу болса да ұйығыштық қасиеті бар. Лимфа қан сияқты үздіксіз қозғалыста болады. Лимфада болатын лейкоциттерді - лимфоциттер деп атайды. Лимфоцит - лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі. Адамның барлық лейкоциттерінің 18-30%-ын құрайды. Лимфоциттер - ұсақ, диаметрі 8-10 мкм. Лимфа сыртқы және ішкі әсерлерге өте сезімтал. Рентген сәулесінің әсерінен лимфоциттер тез жойылады. Егер ағзаға қалқанша бездің гормонын жіберсе, лимфоциттердің саны көбейеді.
|