Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Дәріс. Эндокриндік реттелуінің принциптері. Физиологиялық функциялардың гормональдық реттелуі.




Ағзадағы барлық клеткалар, ұлпалар мен мүшелер бір–бірімен байланысып, олардың қызметі және сыртқы ортамен қарым–қатынасы жүйке және гуморальді жолмен реттелуі арқылы іске асады. Нейрогуморальді реттеу жүйесі біртұтас, тығыз байланысқан механизм. Эндокриндік жүйе мүшелерінің жұмысын, зат алмасу процестерін, ағзадағы теп-теңдікті, тұрақтылықты қамтамасыз етуде үлкен роль атқарады. Бездің қызметінің бұзылуы ағзада түрлі ауруларды туындатады. Қорыта айтсақ, ағзаның қалыпты жұмыс атқаруын, сыртқы орта әсерлеріне бейімделуі жүйке жүйесімен қатар ішкі секреция бездері зор роль атқарды. Эндокриндік бездер екі топқа бөлінеді: 1) Біріңғай эндокриндік қызмет атқаратын бездер, оларға гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айырша без, бүйрек үсті бездері жатады. 2) Аралас қызмет атқаратын бездер - бұл топқа ұйқы безімен жыныс бездері жатады.

25 сурет. Эндокриндік бездердің орналасуы.   Ішкі секреция бездері (25 сурет) немесе эндокриндік мүшелер жүйесі (гр. «endon» - ішкі, «сrino» - бөлемін) биологиялық белсенді заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің клеткаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа қылтамырлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан, сұйыктық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді  

Гормондар (гр. «hоrmae» - қоздырамын, козғалыска келтіремін) - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Гормондар - ағзадағы мүшелердің қызметін реттей отырып, оны бірде бәсендетіп немесе үдетіп отыратын жоғары белсенді зат. Мысалы, ағзадағы зат алмасу процестері, дененің өсуі мен репродуктивті қызметтер де гормондарға байланысты.

Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - гипоталамус (гр. «hуро» - асты, төменгі жағы, «tаlаmое» - бөлме). Оны көру төмпешік асты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамус-гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогормондар деп аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза кызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады (1-кесте).

Гормондардың негізгі биологиялық әсерлері:

1. Гормондар денедегі зат алмасу қарқындылығын өзгертеді;

2. Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігін арттырады;

3. Өсу мен көбеюді реттейді;

4. Ағзадағы физиологиялық үдерістерді үдетеді (күшейтеді) немесе

бәсеңдетеді.

Ішкі секрециялық қызметке кең мағыналы ұғым беріледі. Ішкі секрециямен гормон деген ұғымды мүшелердің, ұлпалармен клеткалардағы жүретін алмасу өнімдерімен шатастыруға болмайды. Мысалы, нағыз гормондарды алсақ, олар алыстан әсер етеді, яғни өздері түзілген жерден алшақ жатқан мүшелермен жүйелерге әсер ете алады. Әсер етудің мұндай формасын телекриндік реттеу механизмі деп атайды. Жекелеген жасушаларда түзіліп, сол жасушалардың өзіне ғана әсер ететін белсенді заттар болады, оларды «жасушалық» гормон тобына жатқызады және олардың реттеушілік әсерін аутокриндік реттеу деп атайды. Ал, гормондарға ұқсас біраз заттар жасушаларда түзіліп, көршілес жатқан жасушаларға қанға түспей-ақ диффузия жолымен ұлпаларға жайылып, олардың қызметіне әсер ететін биоактивті заттар кездеседі, оларды ұлпалық гормондар немесе гистогормондар дейді.

 

1-кесте.Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері

Гормондар Бөлетін бездер Ағзаға әсері
Тироксин Қалқанша безі Негізінен зат алмасу қаркындылығын арттырады
Паратгормон Қалканшамаңы безі Кальций және фосфор алмасуын реттейді
Инсулин Ұйкыбездің аралды бөлігі Бұлшық ет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы қанттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді
Глюкагон Ұйкыбездің аралды бөлігі - Бауырдағы гликогеннің қанда глюкозаға айналуына әсер етеді
Адреналин Бүйрек үсті бездің милы заты Симпатикалык жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшық еттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді
Норадреналин Бүйрек үсті бездің милы заты Қантамырларын тарылтады
Өсу гормоны (соматропты гормон) Гипофиздің алдыңғы бөлігі Сүйектің және ағзаның қалыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді
Тиреотропты гормон Гипофиздің алдыңғы бөлігі - Қалқанша бездің өсуіне және тироксиннін түзілуіне әсер етеді
Адренокорти-котропты гормон (АКТГ) Гипофиздің алдыңғы бөлігі - Бүйрек үсті бездердің өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді
Окцитоцин Гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі) Жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді
Вазопрессин Гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі)- Бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады
Тестостерон (андрогендер) Аталық бездер Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді
Эстрадиол (эстрогендер) Аналық бездер Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді

Осы сияқты биологиялық белсенді заттар түзілетін клеткаларды паракринді клеткалар деп, олардың көршілес клеткаларға тигізетін әсерін паракриндік реттеу деп атайды. Бұған ұлпалардың қабыну процестері кезінде түзілетін простагландиндердің қатысуымен жүретін реакцияларды жатқызуға болады. Паракриндік клеткаларда түзілетін секреттер мен нейрондарда түзлетін нейромедиаторлар арасында айтарлықтай айырмашылықтар болмайды. Сондықтан оларды нейроэндокриндік клеткалар деп те атайды. Бұл эндокриндік және паракриндік клеткалар арасындағы аса тығыз морфологиялық және физиологиялық байланыстарға негізделген.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-05; просмотров: 336; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты