Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Агенттің ең белсенді қолданушыларымен жүргізілген сұхбат.




 

Әйгерім Есенаманова, студент:

-Әрине, агенттің пайдасы да зияны да мол. Кері жақтарына келер болсақ, көз жанары кетеді, көп уақыт алады. Көлік жүргізуші телефон арқылы агентте отырса жол апатына ұшырауы мүмкін. Дегенмен пайдасы да бар. Ғашықтар бір-бірін тауып жатыр. Жақсы дос, жақсы достарыңмен емін-еркін сөйлесе аламыз. Жұмыста да ыңғайлы. Онлайн-байланыс арқылы әр түрлі шығармашылық сайыстарға, мүшәйраларға қатысуыма мүмкіндіктер ашылды. Ақындармен де пікір алысып тұрамын. Алайда, жақсы жақтары көп екеншамадан тыс пайдалануға болмайды. Себебі, агент жадыны, яғни есте сақтау қабілетін нашарлатады, сөздік қорын азайтады.

 

Шамшиева Ырысалды, журналист:

- Тәулігіне 10 сағат агентте отыру мен үшін үйреншікті жағдайға айналды.Жұмыс күндері бір уақытта 20-30 танысыммен сөйлесемін. Бағдарламаның құдіреттілігі сол, жайшылықта досыңның бетіне айта алмаған нәрселерді агент арқылы «жылы» түрде өңтаңбалар (смайлик) арқылы жіберуге болады. Жақында «агент жабылады екен» деген әңгіме шыққанда,

« енді күніміз не болады» дегендей біраз ойланып қалдым.

 

 

Хуаныш Сағынған, оқушы:

-Агентті аз уақыт қолданбасам, бірдеңе жетіспей тұрғандай болады. Қазір мен үшін агент ауадай қажет болып қалды. Бұның дұрыс емес екенін білем, бірақ қолымнан ештеңе келер емес. Біртүрлі мінез-құлқым да өзгергендей.

 

«Агент жүйесінің тіл мәдениетіне тигізетін әсері қандай?» деген сұраққа қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дәулетқалиева Толқын Болатбекқызы былай деп жауап берді:

Менің ойымша, бүгінгі ұрпақтың тіл жұтаңдығы тек қана агентке кеп тіреліп қалған жоқ. Алайда, бұл агент деген пәле сол көп себептердің маңыздыларының бірі. Көптеген жастарымыздың виртуалды әлемге тәуелді халге түскені алаңдауға тұрарлық мәселе. Әрине, үстірт қараған адамға бұған бола дабыл қағу бір түрлі көрінер, дегенмен, бұл әрекеттерге бей-жай қарауға болмайды. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызғанға» агенттің пайдасы зор екенін жоққа шығармаймын. Дегенмен оның да шегі болған дұрыс.

 

 

 

 

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 178; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты