Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ыпшақ қағанаты.




Қазақстан тарихында ерекше орын алатын – Қыпшақ мемлекеті. Олар қазақтардың тікелей ата бабалары, Дунайдан Ертіске дейін байтақ мемлекет құрған. Қыпшақ хандығы – классикалық көшпелі мемлекет. Қазақстан аумағындағы моңғол жаугершілігіне дейінгі ең ірі, құдіретті мемлекет. Орта Азияда, Еуропада қыпшақтарды қүмандар деп, Русьте – половецтар деп атаған. Қыпшақтар туралы әр тілде жазылған деректер сақталған. Қыпшақтар қимақтардың ұрпағы, қыпшақ мемлекеті құрылғанша қимақ конфедерациясының құрамына кірген. Қимақ қағанаты әлсірегенде түркі тілдес тайпалар Қазақстанның кең байтақ далаларына көше бастады. Олардың ең көбі және ықпалдысы қыпшақтар болды. Қыпшақтардың көне тарихы туралы бізге көп нәрсе белгісіз. Алғашқы рет олар туралы көне түрік көздерінде 760 жылы айтылған. Араб географы Ибн Хордадбек ІХ ғасырда өмір сүрген Қазақстанда VIII ғасырда мекендеген көшпелі қыпшақтар туралы деректер берген.

Қыпшақ тайпалары алғашында Алтайда және Ертіс бойында өмір сүрген және қимақ тайпасының одағына кірген.

Қыпшақ тайпалары сан жағынан өте көп және ержүрек батыл болған, сондықтан олар қимақтардан бөлінуге ұмтылған.

Қазақстанның кең байтақ даласын: Орталық, Шығыс, Батыс Қазақстанды қамтып, олар Орта Азия және оңтүстік шығыс, Еуропа елдерімен байланысқа кіреді.

ХІ ғасырдың бірінші жартысында қыпшақтар оғыздарды Сырдария бойынан, Аралдан, Каспий далаларынан ығыстырады.

“Оғыздар даласында” әскери - саяси басымдылық енді қыпшақтарға көшеді. ХІ ғасырдың екінші жартысында бұл аймақтар қыпшақтар даласы – Дешт-и-Қыпшақ болып атала бастады. ХІ ғасырдың ортасында қыпшақ тайпалары Жайыққа Еділ бойына жылжыды. Қыпшақтар Маңғышлақты басып алды. Сонымен бірге олар Хорезм шекараларына жақын келді. ХІ ғасырдың ортасында қыпшақтарға Қазақстанның барлық дерлік Жетісудан басқа кең байтақ аумағы бағынды. Шығыс шекарасы Ертісте, оңтүстікте – Талас өзені бойында, солтүстікте – Батыс Сібір орманы. Осы кеңбайтақ аймақ Дешт-и-Қыпшақ деп аталған.

Олардың Еділ үшін қозғалысынан кейін олар Русьте танылды және Шығыс Еуропа Византияға танылып, олардың шекарасы Днестрға дейін жетті. Қыпшақтар мемлекеті екі ірі этноаумақтық бірлестік құрды: Батыс қыпшақ – Тоқсоба уәлеті руынан және шығыс қыпшақ – Ельбөрі руынан, хандық билігімен.

Сонымен VII ғасырдан бастап қыпшақ этникалық құрылымы қалыптаса бастады. І-ші кезең – қимақ-қыпшақ тайпалық одағы.

ІІ-ші кезең – VIII ғасырдан ХІ ғасырға дейін қыпшақ тайпаларының Ертістен Еділге дейін қоныстануы, қыпшақтар әлі де болса кимек тайпалары конфедерациясында болған. Қоныстану барысында қыпшақтар қарлұқтармен, оғыздармен, печенегтермен тығыз байланыста болған. Бір аймақта бірге өмір сүрулері, бұл тайпаларды тығыз жақындастырып, оларды қыпшақ тайпаларымен ассимиляцияланды.

ХІ ғасырдың басында және ХІІ ғасыр – қыпшақ қауымдастығының дамуының үшінші кезеңі, бұл кезең қыпшақ ханы Ельбөрідің құдіреттігінің күшеюімен байланысты. Қыпшақ қауымдастығы өзіне қыпшақ тайпаларын ғана емес, түркі тілдес қимақ, құман, көш башқұрт, оғыз, қаңлы тайпаларын да қосып алды. Осы кезеңде ассимиляция барысында сондықтан қайымдастықтың қалыптасуында қыпшақ тайпаларының қандық туысқандық байланыстарын сақтауға ерекше мән берілді. Барлық тайпалар осы белгі астында қыпшақ тілінде сөйледі. Аймақ бірлігі, қарым қатынастар жүйесі, шаруашылық жүргізудің бірыңғай жүйесі – осының бәрі қыпшақ халқының қалыптасуына әкелді. Қыпшақтардың саяси салмағының өсуіне байланысты, тайпалармен, этникалық топтар өздерінің бірыңғай этносқа жататындықтарын сезіне отырып, қыпшақ этнонимін қабылдады. Бірақ қыпшақ халқының қалыптасуының шешуші кезеңі моңғол шапқыншыларымен үзілді.

Қыпшақ ақсүейтері тайпалардың қоныстану аумағын едәуір кеңейтті. Шығыс Дешт-и-Қыпшақ оғыздармен Сырдария бойында Хорезммен салжықтармен, қараханидтермен соғысқа әкелді.

Қыпшақ және қүман тайпаларының Дешт-и- Қыпшаққа ХІ ғасырдың ортасында қоныс аударуы Қыпшақ тайпаларының жағдайын күшейтті.

Мемлекет басында Ельбөрі руынан шыққан хан тұрды, оның билігі мұрагерлікпен берілетін. Хан ордасы – Орда хан мүлкіне, әскерге билік етті, мұнда басқару аппараты да болды. Көне түркі дәстүрі бойынша хандық екі қанатқа бөлінді: оң қанат – ордасы Жайық өзеніне, сол қанаты – ордасы Сығанақта. Неғұрлым күштірік оң қанат болды.

Әскери ұйымға, әскери әкімшілік жүйеге ерекше мән берілді, себебі олар көшпелі өмірдің ерекшелігін білдіретін және көшпелі өмірге ыңғайланған. Ақсүйектердің – хандар, тархандар, басқақтар, бек, байлардың иерархиялық қатаң жүйесі сақталды. Рулар мен тайпалар әлеуметтік мәніне қарай бөлінген. Мүліктік теңсіздіктің негізі – малға жеке меншік, оның ішінде жылқының саны. Малға жеке меншік, жердің жеке меншіктігіне әкелді. Жер қауымдастықтігі болғанмен, жайылымдарға хандар мен тайпалық ақсүйектер иелік етті. Көшпенділердің негізгі бөлігі – еркін қауымдастар, бірақ өзін және мүлкін мықты туыстарының қорғауына бере отырып, лар неғұрлым байлардан тәуелді бола бастады. Егер көшпенді малынан айырылса, ол отырықшы – ятук болатын еді.

Әскери тұтқындар қатарынан құлдар болды. 1096 жылы қыпшақтар тайпасы Хорезмге шықты, бірақ хорезмшахтың салжықтармен одағы күштірек болды да, қыпшақтар Маңғышлаққа қайтып келді.

Қыпшақтар қараханидтер шабуылына тап болып отырды және өз кезегінде Жетісуды шабуылдап отырды.

ХІІ ғасырдың басында қыпшақтар Орта Азия билеушілері хорезмшахтармен Сырдария қалалары үшін күрес жүргізді, бірақ жеңіліске ұшырады. Хорезмшах әскерлері Атсыз Дешт-и-Қыпшаққа кірді. Бұл қыпшақ хандығының ыдырауының, өзара келіспеушілігінің басы еді. Хорезмшахтар қыпшақ ақсүйектерін өз жағына шығарып алуға тырысты, сөйтіп қыпшақ хандығының абыройын жою үшін. Хорезмшахтар саясаты хандықта тұрақсыздық туғызды. Хорезмшахтар қыпшақтармен жақындасып, хан руының қыздарымен неке құрды. Осы себептер өз бетімен өмір сүруге ұмтылған қаңлылардың күшеюі, ішкі қайшылықтарды күшейтті. ХІІІ ғасырдың басында Хорезм шахы Мухаммадтың хандықтың ішкі істеріне араласуымен сығнақ облысы Хорезм құрамына кірді.

Қыпшақ хандары Хорезмге қарсы күресті жалғастырды, бұл қарсыластық Моңғол шапқыншылығына дейін жалғасты.

Шыңғысханның келуімен этникалық және саяси қатынастарда бірыңғай болмаған қыпшақ хандығы өз тіршілігін тоқтатты.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 269; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты