Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Түркештердің тарихы.




Қағанаттың негізін қалаушы Үш–Елік қаған билік басына 699 жылы Жетісуда келіп, Жетісудан қытайларды қуып шығып, мемлекетті Түргеш қағанаты деп атады. Мемлекеттің бас ордасы – Шу өзеніндегі Суяб қаласы.Осы қағанаттын бөлігінде қара түргеш тайпалары билік етті. Екінші кіші ордасы Іле өзеніндегі Кұнгіт қаласында болды.Ал кіші орда деген бөлігінде үстемдік сары түргеш тайпаларында болды. Күнгіт және солай аталанатын тайпа Іле өзені аңғарында орналасқан (олар мұнда 11 ғасырда да тұрған, мұны Махмуд Қашғари атап көрсеткен). Шежіреде айталығанындай, батыс түрік жерлері «шығыста солтүстік туцзюйлермен(яғни Шығыс түрік қағанатымен), батыста – хулармен (соғды князьдіктерімен) шектесіп, шығыста тікелей Сичжоу (Турфан) және Тинчжоу (Бесбалық) аймақтарына дейінгі жерлерді алып жатқан.».

Үш-Елік елді 20 облысқа (түтүктерге) бөлді, әрқайсысында 7000 әскер бар. Үш-Еліктің мұрагері Сақалдың кезінде тайпалық аристократтардың алғашқы бүліктері басталды. Оларды Қытай қолдады. Сақал әскері Қытай әскерлерін талқандады. 679-87 жылдары шығыс түркілері өздерінің тәуелсіздігі үшін қытаймен күрес нәтижесінде өз мемлекеттігін қалпына келтірді және енді Шығыс-Түрік мемлекеті шығыстан қауіп төндіретін болды.

Тургешер екі топтың арасы өте-мөте ушығып тұратын болатын. Үстемдік үшін күрестін барысында Іле түргештері Қапаған-қаған бастаған шығыс түріктерімен әскери одақ құрды.

711 жылы Шығыс-түрік әскері Қапаған – қаған Сақалды жеңіліске ұшыратты. Қара түргештер осы күрестен жеңіп шықты. Қара түргеш әскерінің қағаны, қолбасшысы және қаған руының мүшесі Сүлықпен қоса Сырдарияның арғы бетіне, Оңтүстік асып кетті. Олардың соңынан 712-713 жылы шығыс түрік әскері Тоньюкук басшылық еткен және Елтерінің балалары, болашақ Бильге қаған және Күлтегін, Соғдтан бірақ шықты. Осы жерде олар арабтармен Соғд жағында соғысып араб әскерінің қолбасшысы Күтейбаймен талқандалды, 714 жылы кейін шегініп Алтайдағы көтеріліс жасаған тайпалар қарсыластығынан отырып Орхонға қайта оралды.

Сұлық Жетісуға қайта оралып, өзін (715-738жж) қаған деп жариялады. Әскери - әкімшілік билік қара түргештердің тайпасына көшті, олардың ордасы бұл кезде Таласқа (Тараз) ауыстырылған еді. Бірақ негізгі әскери Сұлықтың белсенділігі батысқа бағытталды, онда ол арабтарға қарсы Орта Азия мемлекеттерінің күресіне қосылды. 720-721 жылдары Соғдта түркілер арабтармен күрес жүргізді. 728-729 жылдары Самаркандта және Бұхарадағы халықтардың арабтарға қарсы ірі көтерілістерінде соғдылықтар түргеш қағандардан көмек сұрады.

Түргештер Соғдқа басып кіріп оны арабтардан босатуға жақындап қалғанда, 732ж Джунейд Абдалла түргештерді талқандап Бұхараға кірді.

737ж. түргештер Тохаристанға (Амударияның жоғарғы жағы) келді және арабтардан жеңілген Сұлық өлтірілді.Бұл “сары” және “қара” түргештер арасындағы билік үшін жиырма жылдық күрестің басталуына әкелді.

746 жылы Жетісуда Алтайдан Тарбағатайдан қарлұктар қоныс аударды. Өзара кикілжің күресте және арабтармен соғыста түргеш қағандар өз күштерін жоғалтып, қарлұқтарға қарсылық көрсете алмады. Осы кезеңде қытайлықтар белсенді саясат танытты. 748 жылы Қытайдың Шығыс Түркістандағы басқарушылары өз әскерлерін Суяб қаласына қарай бағыттап, оны жаулап алды, сонымен бірге Шаш (Ташкент) қаласын. Көмекке арабтар келді. 751 жылы Атлаг қаласы, яғни Тараз маңайы Талас өзенінде арабтар мен Қытай әскері бетпе-бет кездесті. Бірнеше күн олар ұрысқа кірісе алмай тұрды. Бесінші күні қытайларға тылдан қарлұқтар соққы жасады, сол уақытта барлық майдан шебімен арабтар шабуылға кірісті. Тан әскері қашып кетті.

Осы шайқастан кейін Орта Азия мен Қазақстанда арабтар беделі басым болды, бірақ оларға қарсы күрес тоқталған жоқ. Арабтарға қарсы күрестегі белсенділік енді қарлұқтарға көшті, олар бұл кезде Жетісуда 756 жылы Түргеш қағанаты орнында өз мемлекетін құрған еді..

Қарлұқ қағанаты. Қарлұқ мемлекеті (756-940жж) 6-7 ғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс-Түрік және Шығыс-Түрік қағанаттары ықпалының аясына кірді. Орталық Азияда орын алған саяси қиын-қыстау кезеңдер барысында қарлұқ тайпаларының бірлестігі аумақтық және аумақтық және саяси жағынан ыдырады. Жазбаша деректерде қарлұқтардың бірқатар шағырланған топтары туралы хабарланған.

Мәселен, шығыста олардың Отюкен таулы жерлерінде (Монғолия) Шығыс Түркістанда Бесбалық аймағында орналасқаны айтылған, ал ең онтүстігінде Ауғанстанның солтүстігінде Тоқарстанда ірге тепкен. Алайда олардың негізгі көпшілігі ертедегі түріктердің руналық ескерткіштерін деректері бойынша Монғол Алтайы мен Балқаш көлінің аралығында, Тарбағатайдың оңтүстігі мен солтүстігі жағындағы аумаққа орналасқан «үш қарлұқ» (қарлұқтардың үш тайпасы) бірлестігі ретінде пайда болды. Қарлұқ бірлестіктерінің құрамына үш ірі тайпа – бұлақ, себек, ташлық кіреді. Қарлұқ тайпалары одағының билеушісі «ельтебер» деген атақ алған. 657 жылы олардың негізгі қоныстанған ауданында қарлұқтардың үш аймағына қоса, тайпа басшылары басқаратын төртінші әкімшілік аймағы пайда болды.

Шығыс және Батыс қағанаттардың күшеюіне немесе әлсіруіне қарай қарлұқтар кей кездерде түріктердін саяси-әлеуметтік бірлестігінің бірде біреуіне, енді екіншінісіне бағынып жүрді. 682 жылы Монғолияда Шығыс Түрік қағанаты құрылғаннан кейін қарлүқтар оларға тәуелді болды. Алайда, орхон жазуларында айтылғандай, қарлұқтар қағандарына қарай қарсы бірнеше рет көтеріліс жасаған және оларға соғыс жорықтарын жасап отырған. Қарлұқтардың бірінші жорығы 711-712 жылдары болған, бүл жөнінде Күлтегін мен оның інісінің құрметіне арналған ежелгі түрік жазбаларында айтылады. 715 жылы Білге-қаған мен Күлтегін қарлұқтарды жеңді. Қарлұқтарға қарсы жорықтар онан кейінгі жылдары дажасалды. Білге-қаған өлгеннен кейін (734 ж.) көп ұзамай шығыс түрік мемлекеті қүлады.

742 жылы Монғолия далаларында саяси үстемдік шығыс түріктердің билігін күйреткен үш тайпаның – қарлұқтардың, ұйғырлар мен басмылдардың одағына көшті. Аз уақытқа басмылдар көтерілді, сөйтіп солардың көсемі қаған етілді.Қарлұқтардың басшысы мен ұйғырлардың жетекшісі ябгу (жабғы) атағын алды. Көп кешікпей 744 жылы ұйғырлар мен қарлұқтардың біріккен күштері басмылдардың тас-талқанын шығарды. Солжылы Ішкі Азияда түркі тілдес тайпалардың жаңа мемлекеттік құрылымы – Ұйғыр қағанаты пайда болды (744-840).

VIII ғасырдың екінші жартысынан түркі тайпалары арасында жоғарғы бедел енді қарлұқ көсемдеріне көшті. Олар өз ұстанымдарын арабтар қарсылығына қарамастан Ферғанада күшейтті. Қарлұқтар билігі Жетісуда 756 жылы олар Сұяб, Тараз қалаларын алғанда толығымен бекіді. Сол кезден бастап қарлұқтар ұйғырлармен бақталасып Шығыс Түркістан үшін күрес бастады. Қарлұқтар басымдығымен Орта Азияның түркі тарихында батыс түркі тайпаларының мемлекеттігінің жаңғыруының жаңа белестері байланысты. Ірі тайпалық бірлестіктер, руна жазуларында үш қарлұқ деген атпен белгілі, Қытай жазба көздерінде VII ғасырда айтылады.

Бұл тайпалардың көсемдері Елтебер титулын киген. Ұйғыр қағанаты құрылғанда оның басшы қағаны – ұйғыр тайпасының қолбасы, ал қарлұқтар көсемі оң ябғу (жабғы) титулын алды. Қағанат құрылғанға дейін ұйғырлар, қарлұқтар, басмылдар шығыс түркі қағанына қарсы күрескен. Басмылдар көтеріліп кетті, олардың көсемі қаған болды, қарлұқтар мен ұйғырлар ябғу болды, осыдан кейін қарлұқтармен ұйғырлар бірігіп басмылдарды талқандап Ұйғыр қағанатын құрды. Тарих қайталанады, қарлұқтар дербестікке ұмтылып, Ұйғыр қағанатынан бөлініп кетті. 766-775 жылдары қарлұқтар Қашғарияны жаулап алды. Жетісу аумағында, Оңтүстік Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалар: тухси, шігіл, түргеш, азким, халадж, барсхандар мекендеген. Қарлұқтар билігіндегі тұрғындар: Орта Азиядағы және Таяу Шығыстағы ирантілдес соғдылар.

Қарлұқ тайпалары Қазақстанның кең байтақ жерінде: Жоңғар Алатауынан Сырдарияға дейін, Балқаш пен Ыстық көл, Іле өзені, Шу, Талас өзендерін жағалай, Тянь Шань таулы аймақтарында қоныстанған.

840 жылы Орта Азия далаларында Енисей қырғыздары Ұйғыр қағанатын талқандап, ұйғырларды Турфанға көшуіне мәжбүр етті. Испиджаб билеушісі қарлұқ жабғы Більге күл Қадырхан осы жағдаймен пайдалана қойды, оның бұл уақытта қаған титулы бартын. 840 жылы қарлұқ қағанаты Маверанахрдың Саманидтерімен күрес жүргізді. Самарқанд билеушісі жеңіске жетіп, Самарқандты жаулап алды. 893 жылы саманидтер Таразға қарай жорыққа шықты. Қарлұқтар мен саманидтер соғысы тоқтамады. Қарлұқтар арабтарға қарсы күресті, бірақ ол Қазақстанның тек оңтүстік облыстарын қамтыды. Араб жаугершілігі өзіне бағынышты халифат аймағындардың әлеуметтік экономикалық, саяси, мәдени өміріне ықпал етті және этникалық, тілдік процесстерге көп әсерін тигізді. Күрделі өзгерістердің қатарына, Ислам дінінің кіруімен араб тілінің жазуының кіруін атауға болады.

Қарлұқтардың мемлекеттік құрылымы үлесті-тайпалық жүйенің дамыған түрімен сипатталады, және бұл жүйе орталықтан басқаруға келмеді. Қарлұқтар жабғы билігі атаулы бағалы болды. Ірі тайпалар басындағы үлестік билеушілер, өз иеліктерін күшейтуге тырысты. Әскери - әкімшілік жүйе бар болды.

Қарлұқтар қоғамында әлеуметтік, сословиелік теңсіздіктер ерекше байқалды. Тұрғындардың негізгі бөлігін қатардағы қауымдастар құрады. Өз әлеуметтік мағыналарына қарай рулар мен тайпалар бөлінді. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйектері тек жайылымға ғана емес, сондай ақ қала орталықтарына да иелік етті – мұнда 25 қалалар мен елді мекендер болды. Қарлұқтар орталығы – Баласағұн қаласы және басқа қалалары елшілік тракт және сауда орталығы ретінде үлкен мағынасы бар Ұлы Жібек Жолында орналасқан және бұл жол мәдени және рухани байланыстар жолы болды.

Арабтар 812-817 жылдары Отырар ауданына бірқатар жорықтар жасады. Қарлұқтар мемлекетін өзара кикілжің, билікке талас, жайылымға талас биледі. Бұл мемлекеттің әлсіреуіне әкелді.

Араб басқыншылары қоғам өмірінің және халықтардың тарихи тағдырының барлық деңгейіне әсерін тигізді. Сөйтіп, олардың мәдениетіне тиген ықпалынан бәріне ортақ мұсылмандық мәдениет қалыптаса бастады.

Қарлұқтар мемлекеті Қашғар тайпаларының тысқыруымен 940 жылы құлады және оның орнына Қарахан мемлекеті пайда болды.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 404; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты