Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сыр бойы қазақтарының көтерілісі.




ХІХ ғасырдың 30-50жж Қазақстанның тарихында маңызды кезең.

Экономикалық әлеуметтік жағдайда Қазақстанның кейбір аудандарында даму байқалады, саяси жағдай тұрақсыз. Сырдария бойының қазақтарының жағдайы өте ауыр.

Ресейдің отарлау саясатының күшеюі, Хива хандығының агрессиясы: Сырдария қазақтарының Жаңқожа Нұрмұхамедов бастаған көтерілісіне әкелді. Шекті руынан шыққан Жаңқожа қарапайым халықтың беделіне, сыйына ие болды. Өжет, батыл билеуші Жаңқожа бұл кезінде қазақ егіншілерінің отарлық езгіге айналғанын түсінді. Ең негізгі мәселе – жер мәселесі болды. Орыс үкіметі Ақ-Мешітті алды, сөйтіп онда әскери желіс құрылды. Қазақ халқына алым салық көбейді. 1849ж Раим бекінісіне алғашқы 26 орыс шаруасы – Орынбордан казактары көшіп келді. 1857 жылы 3000-ға жетті қазақ отбасылары өздерінің жерінен қуылды, олардың жерлеріне қоныс аударушылар келіп, қазақ халқы қанауға ұшырады.

ХІХ ғасырдың 50 жылдарында қазақтардың Кішкентай шекті руы егіншілері көтерілді. 1813ж Жаңқожа батыр Хиваның Кувандары бекінісін талқандаған, ал 1845 ж 2000 әскерден тұратын Хива күшін жойды. 1847-48 жылдары орыстарға хивалықтарды Раим бекінісінен қууға көмектесті. Жанқожа Кенесары қозғалысына да қатысып, онымен бірге Созақ бекінісін талқандаған. Патша үкіметі Жанғожаның шектілер арарсындағы беделін көріп, оны өз жағына тартқысы келді. 1845ж оған орыс өкіметіне ант қабылдау ұсынды. Жанқожа одан бас тартты. Оның енді есауыл шенін алып, кішкентай шектіні басқарудан аластатты.

Бір жағынан хивалықтар езгісі, екінші жағынан жерлерінің тартып алынуы оларды ашық көтеріліске әкелді.

Ең алдымен олардың іс әрекеті патша әкімшілігіне қарсы бағытталды, ал көтеріліс басшысы Жаңқожа бұл кезде 90-да еді.

1856ж көтерілісшілер мен патша әскері арасында тікелей қақтығыстар басталды. Жанқожа енді орыс отарлығына қарсы күреске белсенді кірісті, оның құрамында 1500 ге тарта қазақтар болды. 1856ж ол қазалы фортын алды, Солдат слободасын жойды. Оларға қарсы енді Михаилов отряды шықты, бір отряд жеңіліске ұшырады. Екінші отрядБулатов майор бастаған бүлікшілер лагерін атқылады. Бұл 1856 желтоқсаны. Жыл аяғында Ақмешіттен Перовский бастаған отряд, генерал майор Фитингоф (265 солдатпен қару жарақпен шықты) Оның құрамында 300 казак, 1 пушка, екі ракета қондырғыш болды.

1857ж 9 қаңтарда шешуші шайқас болды. Бүлікшілер жеңіліске ұшырады. Шайқастан кейін Фитингоф оларды қуғындап, Сырдарияның оңтүстігіне шығуына мәжбүр етті.

Жанғожа мен бірге 20 ауыл көшті. Хива хандығы шегінде Жанғожа өзіне одақтас іздеді, бірақ еш нәтиже шықпады. Қазақтардың Жанғожа Нұрмұхамед бастаған көтерілісі осылай аяқталды.

Жеңіліс себебі: көне ортағасырлық тәртіпке сүйену, тактиканың ескілігі, нашар қаруланғандығы болды. Тұрғындар қуғын сүргінге ұшырады, малдарын тартып алды. Ал Жанқожа би міндетін атқарды, кейіннен өзінің қарсыластарының қолынан қаза болды. Хивалықтарға қарсы күресте Жанқожа өзіндік стратегия қолданды: бекіністерге шабуылдап, оларды қиратып отырды.

Жанқожаның қаруланған қазақтарының саны 1500-ге дейін жетті. Көтеріліске тек шектіліктер ғана емес, ал басқа рулар да, соның ішінде көшпелілер де қатысты.

Көтерілісшілердің жеңіліске ұшырауына олардың нашар қарулануы мен мешеу тактикасы, бір жердің шеңберінен аспауы, ескі орта ғасырлық тәртіптерге сүйенуі себепші болды.

Дәрістің негізгі ұғымдары:қамал, Жайық, жатақ, егінші, генерал-губернаторлық, облыс, дистанция, байғыш, төлеңгіт, «әскери іздестіру».


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 271; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты