КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Азақстандағы ЖЭС саясаты және оның нәтижелері. Жер-су реформасы.Советтік қоғамтану ғылымы НЭП – жаңа экономикалық саясат кезеңін ұзақ жылдар бойы социализм идеялдарынан уақытша шегіну кезеңі ретінде, тактикалық сипаттағы міндеттерден туған амал-атла ретінде түсіндіріп келді. Жаңа экологиялық саясат тұтас алғанда “Социалистік таңдау” идеясы бағытын сақтай отырса да, ол бірақ реформизмнің өзгеше бір моделі, қоғам дамуының әкімшілік-әміршілдік жүйесі жауып тастаған баяндырақ жолы болатын. Азамат соғысы аяқталысымен әскери-коммунистік шаралар жаңа әлеуметтік экономикалық және саяси өмір болмысымен бітіспес қайшылықтарға тап болды. Революциялық романтикамен бұдан былайда әуестене берудің, коммунистік өндіріске және оның өнімдерін бөлуге тікелей өту мүмкіндіктеріне сенудің аяғы шаруашылықты бүлдіріп, қирататын тенденцияны қатты күшейтті. Бүкіл елдің халық шаруашылығы, ионың ішінде Қазақстанның экономикасы да, олардың ойранды кесапатын басынан өткерді. Қатты дағдарыс екпіні Республиканың ауыл шаруашылығынан айқын байқалады. Мысалы,егістік көлемі 1914 ж.3,6 млн. Деседен (десятина) 1922 ж. 1,6 млн десеге дейін қысқарды. Егіннің шығымдылығы сол 1914 ж.әр деседен түсетін38,7 пұттан 1921 ж. 18,7 пұтқа дейін азайды. Осы кезенде астықтың жалпы өнімі 3 еседен аса кеміп кетті. Шаруашылықты тәркіге салу белгіленді. Науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланады (кейінірек оны 10 күнге ұзартты). Науқанның қорытындысы туралы құжаттарға сүйенсек, іс жүзінде 696 шаруашылық тәркіге салынды, олардың 619 тұрған округінен тыс жерге айдалды. Олардан ірі шаққанда 145 мыңдай мал тартып алынды. Алайда жарияланған статистикалық материалдарды талдағанда тәркіленіп алынып «тең» бөліске түскен мал саны, шаруашылықты бір қалыпты жүргізу тұрғысынан қарағанда, жарлы-жақыбайдың шаруашылығын көтермелеуге жетпеді. Шаруашылықтардың едәуір бөлігінде шаруаны жүргізуде қажетті мал саны тіпті ең төменгі мөлшердің өзіне жетпеді. Қарауына бірнеше мал тиген осындай шаруашылықтар қауымға кіргенде тепе-тең жағдайда болғандықтан, өзінің әлеуметтік халін жақсарту үмітінен айрылды, «ұзамай тәркіден алған малы сатылды, не сойылды», қағаз жүзінде мұндай шаруашылық орташа деп есептелсе де, шын мәнінде бұрынғыша қауымның кіріптар болып қала берді, сөйтіп енді басқа деңгейде қаналатын болды. Кезінде Т.Рысқұлов нұсқау беруші орындар назарын осынау жайтқа аударған болатын. Тәркілеу тек қана оң іс деп танылды, өйткені қаулыда мәлімдегендей-ақ, ол ауылды «қансорғыш қанаушылардан» азат ету мақсатын көздеді. Алайда, тәркілеуді өткізу барысында қол үшін берушілер комиссиясы дейтіндер жиі-жиі жазылған нұсқаулар шегінен шығып кете берді, сөйтіп қауымдық кооперациядан тыс күн көре алмайтын, қарауында 300-400 қаралы қойы бар, ортан қолды дәулетті кісілерді де қырына алып, қиғылық салды. Тап күресі мен әлеуметтік әділет үшін күресушілерге мұнша мал ғажайып байлық көрінді, оны дереу тәркіге салып, қолма-қол жарлы жақыбайларға берілуді керек деп жобалады. Міне осындай «ауыл байларын» ауыздықтап, мал-мүлкінен айыру салдарынан көптеген қауымдастықтар өндіріс құралын ұдайы өндіруге және малды жинастырып, керекті өнімді өндіруге міндетті түрде қажет малдан айрылып қалды да, ұзамай мүшелері жалаңаш-жалпы жарлылар қатарын толықтырды. Ал, шіріген байлар малын тартып алып , біркезде өздеріне сауынға берген келесі бір қауымдарда енді тәркіге тағы түсіп, азып-тозып кетті. Бәрінің ақыры бірдей болды. Күштеу саясатын тынымсыз жүргізудің бір мысалы мемлекеттің 20-шы жж. аяқ кезінде елді индустрияландыруға қаржы іздеп, алым-салық тәртібін күрт қатайтып жіберген зымияндық шараларынан көрінді. Қазақстанның ауылы мен селоларына салық нәубеті төнді. Өзара салық деген алым енгізілді. Алым-салық нормасының күрт өсіп кетуінің зардабына шыдамай, шаруашылықтардың едәуір бөлігі, сол жылдардың тілімен айтсақ, «өз бетімен тәркіленеді» яғни шаруаға кәсібінен безіп, қалараға кетті де, табыс көзі мен жұмыс түрін өзгертті. Ал, мал өсіретін шаруашылықтарға келсек, олар күш көрсету мен алым-салықтың ауырлығын көтере алмай, көбі шет елге ауып кетті. Бұл арадағы гәп «байлардың тіміскі» әрекетінде ғана емес, әрине, бұл да болған шығар – дәстүрлі құрылымның (аса күрделі ұдайы өндірістік, институционалдық, әлеуметтік-мәдени, патриархалды-рулық байланыстары) ерекшелігі аса ірі шаруашылық соңынан тұтас қауымды кетіп қалуға мәжбүр етті. Бірақ солкезендегі жаппай көшіп кетудің басты себебі: мемлекеттің, халықтың күнкөрісін қамтамасыз етіп тұрған жүйені бұзған еріксіз-күштеу саясаты болатын. Сөйтіп Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың қайшылығы мол болып, «ұлы бетбұрыспен» (осылай есептеліп кеткенді) емес, 20 жж. екінші жартысының аяғында аса ауыр қайғы-қасыретпен аяқталды. Тап сол уақытта экономикалық саясаттың көптеген келелі идеялары тұмшаланып тасталды, бұл болашақ трагедияның – этникалық-экологиялық апаттың алғышарттарын туғыза бастады. Малшарушылығының саласы да ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғында дейін ірі қара мал саны 2,1 млн-ға, жылқы – 2 млн-ға, уақ мал (қой, ешкі) 6,5 млн-дай, түйе – 0,3 млн-ға азайды. Жалпы алғанда осы жылдарда барша мал түрі 10,8 млн басқа кемиді. Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соғады. Әр жерден түскен ақпарға қарағанда, 1921-1922 жж. Орынбор губернәсінде 445 м. Адам, Қостанай гүбернәсінде – 225м., Оралда – 400 мың, Актөбеде – 360 мың., Бөкей гүбернәсінде – 100 мың адам аштық азабын тартты.
|