Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.




20-30жж. жаңа экономикалық саясат ұзақ уақытқа бағытталған саяси стратегия есебінде қабылданады. Елді индустрияландыру, шаруаларды коопоерацияландыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру сияқты үлкен проблемалар осы саясат шеңберінде шешіледі деп саналды.

Шаруалар кооперациясы мемлекеттік қысым күшімен емес, экономикалық тиімділік шарттарын сөзсіз орындау арқылы жүзеге асатын эволюциялық процесс ретінде қаралады. Кооперация, басқа да шаруашылық ұйымдардың баламалы әдістерімен бәсекелі күрес барысында айрықша көзге түскен экономикалық артықшылықтарға шешуші ынталандыру рөлін тапсыратын.

Жаңа экономикалық саясатқа бағыт алу тікелей «тәркілеуге» жол бермейтін, өйткені ол іс жүзінде дербес қожайындарды экспроприациялау – еркінен тыс мал-мүлкінен айыру болып табылады. Н.Бухарин, Н.Рыков, М.Томский бастаған жаңа экономикалық саясаттың жақтаушылары, бұл мәселе жөнінде экономикалық және хұқтық реттеу механизмі бәрінен де пәрменді болуы мүмкін деп есептеді. Жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдарының тәжірибесі оның мүмкін екенін дәйектеп берді.

Кооперация индустрияландыру ісімен өзара байланыста қаралды. Қоғамға реформа жасаудың жаңа экономикалық саясаттың моделіндегі принципті бір жәйт, индустрияландыру да, кооперация да өзіндік мәні бар мақсат деп қаралып қана қоймай, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін арттыруға жеткізетін фактор ретінде қаралады, мұның өзі социалистіктің басты критериі деп түсінілді.

Алайда 20-жылдардың аяқ кезінде жаңа экономикалық ойлау шеңберінде қалыптасқан шынайы бағыт түбірінен өзгереді. Басты приоритет – ең зәру көкейкесті мақсат индустрияландыруды қызу қарқынмен жүргізу деп жар салынды. Индустрияландыру қам-қарекетін қамтамасыз ететін қорды жинауды шаруалар қауымын тікелей және жанамалап экспроприяциялау есебінен жүргізу көзделген болатын. Бірақ бұл мемлекет өндіріс құралын тотальді түрде озбырлықпен ауыздықтап алған кезде ғана жүзеге асар еді, мұны шаруалардың аса қуатты қарсылығын тудырған астық дайындаудың күшпен жүргізілген әдісі айқын көрсетті. Ал, бұл мақсат мемлекеттендірілген колхоз жүйесін жасау арқылы яғни ұжымдастыруды жаппай өткізу арқылы іске асырылды, мұның өзі өнім өндірушілерді өндіріс құралынан да, өндірістің өзі мен өнімді бөлуден де толық шеттету деген сөз еді.

Шын мәнінде өнеркәсіп өндірісін “жұмсақ” (қоғамның жанын барынша қинамай) модернизациялау идеясы индустрияландыруды мейлінше қарқындата өткізу бағытымен ауыстырылды. Экономикалық спонтанды процесс ретінде жүргізілетін кооперациялау ісі мемлекет бағыттап отыратын күшпен ұжымдастыру шарасына орнын берді. Ал, бұл шара қауымының игілігін ойлаудан тумады, тек индустрияландыру процесін қамтамасыз ету мақсатын ғанакөздеді.

Сөйтіп 20-30 жж. жаңа экономикалық саясатты дамыту линиясы тұйықталып тасталды. Ұзақ ондаған жылдар бойына экономикамен коғамдық-саяси өмірде тек “күштеу” шарасының рухы үстемдік етті.

Ауыл шаруашылығына бұл қасіретті зардабын тигізді.Селодағы саясаттың ең басты шарты - әміршіл-әкімдік террорға сүйенген экономикалық емес жарлықтар,шаруалар қауымын кооперациялау идеясын жаманатты қылып қоймай, оның пайдалы потенциалын да құртып жібереді. “Ұлы бетбұрыс” селолық құрылымдарды қатыгез қаталдықпен аяусыз қиратып, қоғамның болашақта туатын проблемаларын біртіндеп әзірлей бастады.

Қазақстан ұжымдастыруды негізінен 1933 ж.көктемінде (көшпелі және жартылай көшпелі аудандардан басқасы) аяқтауға тиісті аймақтық топқа жатқызылады. Республикалық партия, совет орындарында осынау тым қысқа мерзімнің өзі қайткен күнде де “секіріп өтілуге тиіс” кедергі ретінде қабылданды.

Мұның аяғы дереу қоғам ағзасын процент қуалаушылық дертіне шалдығып, жазылмацтын бір бәлеге апарып ұрындырды. Аудандар мен округтер жеңіске жеткені жайлы бір-бірімен жарысқа түссін келіп, газеттер “колхоз майданынан” күн сайын түсіп, өзгеріп жататын хабарларды басып үлгіре алмайтын болды.

Егер 1928 ж. Қазақстанда барша шаруашылықтың 20 процентғана ұжымдастырылса, 1930 ж. 1 сәуіріне дейін – 50,5 процентке дейін ұжымдасу ісімен қамтыған 78 аудан (небәрі 122 ) болды.

Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықты бұзу әуел бастан-ақ барлық жерде жалпыға бірдей ортақ сипат алды.

Ұжымдастырудың төтенше сипаты осынау шара бай-кулакты құртудың мемлекеттік бағытын жүзеге асыру кең жайылған жерде жойқын күшпен көрінді. Жергілікті орындарға жеткізілген нұсқауларда жойылуға тиісті бай-кулактар шаңырақтары күллі шаруашылықтың жалпы санының 3-5 процентінен аспауы керек деген жәйт айрықша ескертілді. Бірақ қанша айтқанмен, әміршіл-әкімдік жүйе емес пе, жоғарыдан түсірілген жарлық ешбір ойланып-толғанусыз-ақ, қолма-қол екпінді қарқынмен жүзеге асырыла бастады. Сол себепті де тәркіге салынғандар саны кез келген жерде ең жоғарғы көрсеткішке “жеткізеді”.

Қазақстандағы бай-кулакты тәркілеу мөлшерін тап басып, дәл айту қиын, бірақ әйтеуір тек 1930-1931 жж. республикадан тыс жерге бай-кулак деп “жер аударылып” жіберілген шаруалар саны 6.765 адамға жетті. Ондаған мың шаруа жайы тұрған округтен реапублика ішіндегі басқа жерге жөнелтілді. Сонымен бірге Қазақстан территориясы елдін басқа аудандарынан жіберілген ондаған мың шаруа үшін «ауып келетін» жері болып белгіленді. Республикаға 46091 отбасы яғни 180015 адам ауып келіп қоныстанды.

Тәркілеу идеологиясы шаруаларға келгенде кең көлемдегі репрессиялық шараға айналып кетеді. 1932 жылдың 7 тамызында «Мемлекет кәсіпорындарының, колхоздар мен кооперацияның мүліктерін сақтау және қоғамдық (социалистік) меншікті нығайту туралы» Заң қабылданды, бұл заң бойынша айыпты деп танылғандар ату жазасына, ал «жұмсарту жағдайлары» бола қалған күнде 10 жылға тұтқындалып, мал-мүлкін тәркілеуге кесілді. Осынау конституцияға қарсы шара іске қосылған алғашқы жылдың өзінде-ақ Қазақстанда 33.345 адам абақтыға салынды. Ал тәркіленген кісілер қылмысты сипаты бар басқа статьялармен жазаланды. Сонда сотқа салынып қаралу дегенің атымен болмады. Бәрін де «үштіктер» шешкен.

1929 жылдан 1933 ж. дейінгі бес жыл ішінде Қаз.АКСР Біріккен Бас саяси Басқармасы Өкілетті өкілдігінің үштігімен толық емес мәліметтерге қарағанда, 9805 іс қаралы да, 22933 адам жөнінде шешім қабылданды, олардың ішінен 3386 адам жазаның ең жоғары түрі – атуға, тұтқын лагерінде 3 жылдан 10 жылға дейін қамалуға 13.151 адам кесілді.

Пәрменді қарқынмен ұжымдастырудың апатты зардаптары көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды жоспарлы түрде отырықшы етуі барысында жасалған әкімдердің зорлық-зомбылығы салдарынан мүлде асқынып кетті. Отырықтандыру идеологиясы шаруашылық түрлерін толық өзгерту шарасымен тығыз байланысты болды, ал қазақ шаруалары қауымының ілгері басу жолын олар тек мал шаруашылығын егіншілікке немесе тұрақты мал өсіру шаруашылығына бірте-бірте айналдыру ісінен көрді.

Ал енді онша дамымаған, іс жүзінде индустрияға дейінгі өндіргіш күштерді тірек еткен мемлекеттің дәстүрлі аграрлық іргелі шаруашылықты бірден, шұғыл түрде жаңартуға күш-қуаты жетпейтін еді. Бұған қоса көшпелілер әлемінің көп деңгейлі институционалды байланыстары бар, шаруашылық-мәдени іс-әрекеттері мен әлеуметтік ұйымның аса күрделі кешені екенін мұқият ескеру де қажет еді. Бұрын басым болып келген қауымдық құрылымдар сан ғасырлар бойы еш жерде кездеспейтін, өздеріне ортақ, оқшау бір мінез-құлқы, шынайы өмірге бейімделген стереотиптері бар, дәстүрлі идеологиялық нұсқауларды қалыптастырған болатын. Міне осының бәрі қосылып келіп, нақты тарихи шындықты көзге ілмейтін, жаттанды да жоспарлы іс-әрекет атаулының қандайына болса да батыл қарсы шығып отырды.

Мынаны атап көрсеткен аса маңызды: көшпелі мал шаруашылығы сол жағдайда өзінің экологиялық жағынан тиімді екенін сақтады. Осымен бірге, ол уақытта көшпелі шаруашылық әлі өзінің экологиялық потенциалын сарыққан жоқ еді, ол көп жағынан экономикалық тиімді жүйе болып келгенін айрықша атап көрсету керек.

Коллективтендіру мен отырықшыландыруды жүргізу үшін Қазақстан өлкелік комитеті жергілікті белсенділермен бірге сегіз мың жұмысшыны тартты. Мұның үстіне республикаға Мәскеуден, Иваново-Вознесенскіден, Харьковтан, Ленинградтан 1204 жиырма бесмыңшыны жіберді, бұлардың өздері отырықшыланудың мәні мен механизмін мүлде тұрпайы түсінетін еді. Көптеген әкімшілер үшін бұл шартараптан жүздеген шаруашылықты (көбінше жем-шөп және су қоры жоқ) бір жерге жинау болды. Мұндай топтаудың салдарынан шаруалар мал өрісінен, су мен шөп іздеп, жайылым ауыстырып отыру мүмкіндігінен айрылды. Партияның алыстан жіберген өкілдері мұнан да сорақылыққа барды. Отырықшылануды тұрақты поселкелер ұйымдастыру деп түсінген олар халықты далаға орналастыруда Ресей деревнясының жобасын айнытпай қайталады. Бұл үшін жүздеген киіз үйлер тікелей қардың үстіне көше-көшемен түзу төрт бұрышты етіп орналастырылды. Төрт бұрышты толтыруға киіз үйлер жетпей қалған жағдайда тағы да бірнеше ауыл ( яғни қауымдастықтар) көшіріліп әкеленіп , олардың үйлері «деревня көшесінің» кемтігін толтырды.

Әкімшілік жолмен жүргізілген алатопалаң отырықшыландыру науқанының азабынан арылмай жатып, ауыл халқы сол замат мұнан да басаламан ұжымдастыру зобалаңына душар болды. Турасын айтқанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды жаппай отырықшыландыру ұжымдастырумен тығыз байланыста жүргізіледі деп ойластырылған шара еді. Мұның өзі Қазақстан өлкелік комитеті Пленумының )1929 ж. желтоқсан) қаулысынан-ақ көрініп түр, онда «халықты жедел отырықшыландыру және оларды шаруашылық жағынан нығайту саласындағы практикалық жұмыстың бүкіл жоспары мына негізде – барлық отырықшыланатын кедей-орташа шаруашылықтар жүз процент ұжымдастырылған негізде жүргізілетін болсын» деп қатаң нұсқау берілген. Осымен бірге әмірші органдар «егіншілік шаруашылықтарда қандай қарқынмен жүргізілсе, мал өсіретін шаруашылықтарда да ұжымдастыру сондай қарқынмен ынталы жүргізілсін» деп талап етті.

Ойластырылмай алынған шешімнің қайтарымы өзін көп күттірген жоқ. Колхоздың товарлы фермасына тай-тұяғы қалмай жиналған мал аштан қырыла бастады. Қазақстанның ауылдары мен деревнелерінде волюнтаристік саясаттың салдарынан ауыл шаруашылық өндірісі жаппай құлдырай бастады.

Бірінші бесжылдықтың ішінде (1928-1932 жж.) бүкілодақтық товарлы астық өндірудегі Қазақстанның үлесі 9-дан 3 проц. дейін төмендеді. Дәнді дақылдардың егіс көлемі 1928 ж 1940 ж. дейін 1,5 есе дерлік өскеннің өзінде олардың жалпы өнімі гектарынан 9,2 центнерден 4,3 центнерге дейін төмендеді. Сөйтіп шаруагы жерден айырып, оны жалдамалы қызметшіге айналдырудан туған селқостық біліне бастады.

Мал шаруашылығы бұрын-соңды болмаған шығынға ұшырады. 1928ж. республикада 6509мың ірі қара болса 1932ж. одан 965 мың ғана қалды. Тіпті 1941ж. соғыстың қарсаңында да колхозға дейінгі ірі қара саны қалпына келтірілмеді (3335м.бас) 18566 мың қойдан 1932ж. 1386 мың қалды. Жылқы саны 1928ж. 3616,1 мың болса, оның 3200 мыңы ұолдан қырғынға ұшыратылды, 1941ж. елде небәрі 885 мың ғана жылқы болды. Қазан өлкесі үшін дәстүрлі сала түйе шаруашылығы өмір сүруін тоқтатты десе болады: 1935ж. 63 мың ғана түйе қалды, ал ол 1928ж. 1042 мың бас болатын.

Күш көрсету мен өрескел жолсыздық істердің салдары тек ауылшаруашылық өндірісінің құлдырауынан ғана көрініп қойған жоқ. Бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да бұған ашықтан-ашық наразылық туды, мұның өзі бірсыпыра жағдайда шаруалардың қарулы қарсылық көрсетуіне ұласты.

1929-1931 жж. Қазақстанда 372 көтеріліс болды, оларға 80 мыңдай адам қатысты. Шаруалардың Созақ, Шемонаиха, Бұқтарма, Ырғыз, Қазалы, Қармақшы, Самар, Абыралы, Бүйен – Ақсу, Шыңғыстау, Бәрібаев, Қастек, Балхаш, Шұбартау, Маңғыстау және басқа аудандардағы қозғалыстары қайғылы уақиғалармен мәлім болды. Көтеріліс кезінде халық республикадан тыс жерлерге, оның ішінде шетелдерге жаппай ауа көшті. 1930 ж. басынан 1931 жылдың ортасына дейін ғана Қазақстан территориясынан 281230 шаруа қожалығы көшіп кетті. Олардың едәуір бөлігі Қытайға, Иранға, Ауғанстанға өтіп кетті. Тұрақты әскерлердің және ОГПУ органдарының қарулы күші көтерілген халыққа қарсы қатаң жазалау шараларын қолданды. Ірі көтерілістер мен толқуларға қатысқаны үшін 1929-1931 жж. 5551 адам сотталып, олардың 883-і атылды. Жалпы алғанда күштеп ұжымдастыру кезінде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазаланды.

Күш қолдану, Қазақстан этностарының өмір сүріп отырған жүйесін талқандау бұрын болып көрмеген демографиялық күйреуге әкеліп соқтырды, оның зардабы қазіргі заманда да көрініп жатыр.Құрбан болғандардың саны туралы мәселе әзірше ашық. Оған ЦУНХУ, Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министірлігінің, Орталық партия органдарының архив қоймаларында, республикалық және облыстық архивтердегі «С» (құпия) белгісі бар істердегі жаңадан ғылыми айналымға енгізіліп жатқан материалдар елеулі түзетулер енгізетін болуы керек. 1937 ж. «жазаға ұшыраған санақ» ретінде белгілі болған Бүкілодақтық халық санағының материалдары да түбегейлі жаңа көзқарас енгізеді. Бірақ күнде өткізілген бұл санақ сталинизм саясатының салдарынан болған аса ірі демографиялық күйреудің көріністерін бейнеледі.

Тарихшы-демографтар жүргізген алдын-ала талдаулар көрсеткендей, қазақ этносы аса ауыр шығынға ұшыраған. Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуынан халық 1750 мыңдай адамын жоғалтқан.

Түпкілікті халық аса көшуден де сан жағынан үлкен шығынға ұшырады. Қазақстанда тұратын басқа этностардың да саны шұғыл азайды.

Республиканың түпкілікті халқының мұндай терең дағдарысты біршама шапшаң жеңе алуының себебі, бұл оның демографиялық эволюциясының бастапқы сатысында шарпыды. Соғыстан кейінгі жылдары болған күшті демографиялық өсудің арқасында ғана қазақ этносы 40 жылдан кейін санын қалпына келтірді.

Дәрістің негізгі ұғымдары: Ұжымдастыру, «Кіші Қазан», седентаризация, жұт, Конституция, Қазақ КСР, қуғын сүргін.

1. 1916 ж. қанша жер қоныс аудару қоры арқылы орыс келімсектеріне тартып әперілді?

1. 20 млн десятина

2. 35 млн десятина

3. 40 млн десятина

4. 53 млн десятина

5. 65 млн десятина

2. Патшалық Ресей кезінде ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың көп болуы неліктен?

1. жергілікті энергия көздері мол болды

2. жергілікті халықты жұмыс орнымен қамтамасыз ету үшін

3. өлкенің экономикасын көтеру мақсатымен

4. өнімді осында алғаш өңдеу тиімді болды

5. халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту

3. ХІХ ғ. соңына қарай Қазақстан экономикасына капиталистік қатынастардың енуі қандай әлеуметтік жағдайды туғызды?

1. халықтың әл-ауқаты жақсрады

2. демократиялық қатынастар орнады

3. мәдениет деңгейі көтерілді

4. әлеуметтік жіктелу күшейді

5. өнеркәсіп барынша жақсы дамыды

4. Қазақстан сияқты ұлт аймақтарында құрылған майда кәсіпорындарында тұрақты жұмысшы кадрлары қалыптасты ма?

1. қалыптасты, өйткені жұмыссыздар көп болды

2. орталықтан келген жұмысшы кадрлары мол еді

3. қалыптасқан жоқ, өйткені олар уақытша істеді

4. тұрақты кадрлар тек ірі зауыт-фабрикаларда ғана болды

5. шетел жұмысшылары тұрақты істеді

5. Жетісуға қоныс аударған орыс шаруаларына патша әкімшілігі қандай жеңілдік жасады?

1. тұқыммен қамтамасыз етті

2. ауыл шаруашылық техникасын берді

3. үй, қора-қопсы салыр берді

4. құрылыс заттарын берді

5. 100 сом ссуда берді

6.Қазақ буржуазиясы өз капиталын негізінен қай салаға жұмсады?

1. өнеркәсіпке

2. ауыл шаруашылығына

3. транспортқа

4. сауда мен өсімқорлыққа

5. банкіге салды

7. Кеңестік кезеңде жәрмеңкелер қашан қайтадан жұмыс істей бастады?

1. 1924 ж.

2. 1927 ж,

3. 1929 ж.

4. 1932 ж.

5. 1933 ж.

8. 1926 ж. өткен бүкілодақтық санақ бойынша кеңес империясында 194 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұратыны анықталды. 1979 ж.санақта қанша халық бар деп көрсетілді?

1. 101

2. 168

3. 214

4. 248

5. 259

9. Тек Қазақстан кен орындары өнімі ғана емес, Солтүстік Корея мен Гвинеядан жеткізілетін боксит кенін де пайдаланған Совет Одағындағы аса ірі металлургия кәсіпорын?

1. Шымкент қорғасын зауыты

2. Үлбі металлургия зауыты

3. Балқаш мыс зауыты

4. Ленингор қорғасын-мырыш зауыты

5. Павлодар алюминий зауыты

10. 50 жылдардағы ауыл шаруашылығының артта қалуының субъективті себептерінің бірі?

1. басқару ісіндегі кемшіліктер

2. жеке меншіктегі мал басының көбеюі

3. ауыл-село халқының тез өсуі

4. үкіметтің миграциялық саясатының дұрыс еместігі

5. кейбір аудандардың ғана ерекше жағдайға көшуі

11. Ауыл шаруашылық дақылдарының бірі, тек суармалы жерлерде ғана өсетін қант қызылшасы өте төмен тиімділігі үшін кезінде «тәтті каторга» деп аталынды. Осы саланың артта қалу себебі не?

1.дайындау бағасы өте жоғары

2.сатып алу бағасы өте жоғары

3.халықтың өте көп тұтынуы

4.көп жылдар еккендіктен топырақтың құнарлығы кеміді

5.еңбек тек қолмен істелінді

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 152; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты