Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жылдардағы Қазақстанның экономикалық дамуы. Тың игеру жылдары.




Сталин өлген алғашқы жылдардың өзінде-ақ (1953 ж. наурыз) жасалуы мүмкін өзгерістің сипаты туралы екі бағыт, екі көзқарас белгілі болды. 1953-1954 жж. социалистік қоғамдағы қарама-қайшылықтардың сипаты, жеке адам мен халық бұқарасының тарихтағы рөлі, теория мен практиканың ара қатынасы, басшылықтың коллективтілігі және басқалар туралы айтыстар өрістеді.

Елдегі демократиялық қайта құру процесі неғұрлым қарқынды жүре бастады. Бірақ И.В.Сталиннің өлімі ол құрған өміршіл-әкімшілдік жүйенің күйреуі емес еді. Мыңдаған сотталған адамдар бұрынғыша лагерлерде отырды, ал адам құқының аяққа басылуына Сталиннің өзі сияқты қатысы болған көптеген саяси қайраткерлер жоғары үкімет орындарында отыра берді.

Республиканың қоғамдық өміріне тың және тыңайған жерлерді игеру үлкен әсерін тигізді. Тың жерлерді игерудің қарсаңында кадрлар өзгертілді. Қазақстан Компартиясының YII съезінде Ж.Шаяхметовтың орнына Қазақстан Компартиясының бірінші секретары болып П.К.Пономаренко, секретары болып Л.И.Брежнев сайланды. Ж.Шаяхметовты орнынан алу Қазақстан партия ұйымының, коммунистердің пікірі сұралмастан, Кремльде шешілді.

1956 ж. ақпанда Москвада КОКП-ның XX съезі өтті, оның өзекті мәселесі Сталиннің жеке басына табынуды жою болды. КОКП Орталық Комитетінің Бірінші секратры Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы И.В.Сталиннің жеке басына табынушылықтың шығу себептеріне, мәні мен көріністеріне және оның салдарына талдау жасауға тырысты.

И.В.Сталинге табынушылыққа, шағын топтың тежеусіз билігіне қарсы күресуге бел байлаған Н.С.Хрущев пен оның серіктерінің ерлігі мен батылдығын атап айта отырып, авторитарлық жүйені сындыру аяғына дейін жеткізілмегенін атап көрсету қажет.

Мыңдаған кінәсіз сотталған адамдарды лагерлерден босатып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлерін ақтап, мемлекетттік және партиялық аппарат кешікпей бұл реформаны доғард. Әлі де кінәсіз сотталған адамдар түрлелерде қалды, Л.Троцкийдің, Л.Каменевтің, Г.Зиновьевтің, Н.Бухариннің қызметіне саяси әділ баға берілмеді. Өткен тарихтың қайғылы беттері: Қазан төңкерісінің тарихы, азамат соғысының, 30-жылдардағы ашаршылықтың және шаруаларды қырып-жоюдың себептері мен сипаты туралы айтылмады немесе біржақты көрсетілді. Сталиннен кейінгі жасаған басшылық қадамдарының жартыкештігі мынадан да көрінді: чечендерді, ингуштерді, қалмақтарды, балкарларды өз Отандарына қайтара отырып, олар карейлердің, немістердің, қырым татарларының, месхеттік түріктердің құқықтарын қалпына келтірмеді. Елдің экономикалық жағынан артта қалу себептеріне талдау жасау талпыныстарына шұғыл тиым салынды.

КОКП Орталық Комитеті мен Кеңес үкіметі 1954 және 1956 жж.артық орталықтандыруды жоюға және одақтас рспубликалардың құқын кеңейтуге бағытталған шаралар комплексін жүргізе отырып, қабылдаған бірсыпыра құжаттарында жарияланған егемендікті жоққа шығарды. Экономика саласында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау мен ауыстыру және басқа көптеген мәселелер шағын топтың қолында болды, республикалар бұлардан шет қала берді.

Кешікпей саяси тұрғыда басқаша ойлаушылар да тұншықтырыла бастады. Қоғамның ақаулықтарын ашық айтқан адамдар қудаланды. Бірақ басқаша ойлайтындарға бұрынғы әдістермен тиым салу мүмкін болмады, сондықтан саяси айыптау неғұрлым жасырын жүргізілді.

1964 жылғы шешімдерден басталған саяси бағыт реформаларды жүзеге асыруда өткенде өзін өзі ақтамаған көзқарастар негізінде туды. КОКП Орталық Комитетінің 1964 жылғы қыркүйектегі Пленумында партия мен елдің басшылығы өзгертілді. КСРО-ның жоғарғы басшылығындағы бір бір топ қайраткерлер Н.С.Хрушевті орнынан түсіруді терең құпия түрде дайындады.

1962-1963 жж. экономикаға реформа жасау саясаты 60-ж. ортасында өзгеріс жасау қажеттігінің шегіне жеткенінің куәсі болды. Жүргізілген шаралар экономикаға қатысты ірі батыл қайта құрылыстар жасауды көздемеді. Пайда болған проблемалар негізінен ұйымдық қайта құрудың әсеріне есептелген субъективтік “жаттығулар” жолымен шешілді. Жеткілікті ойланылмай құрылған және бірін-бірі жиі ауыстырып отырған ұйымдар елеулі тұрақсыздық, қаупін, тұрмыс дәрежесінің және әлеуметтік кепілдіктердің әлсіреуін туғызды. Коммунистік болашақ туралы ұрандар да жағдайды жеңілдетпеді.

Экономиканы реформалауға жасалған сәтсіз талпыныстар және оны милитарландыру, өндіріс күштерінің тиімсіз орналастырылуы, халық шаруашылығын басқару жүйесінің түсті де жиі қайта өзгертілуі республиканың экологиялық жағдайына теріс ықпалын тигізді. Қазақстанның барлық өнеркәсіпті қалаларында, әсіресе Өскеменде, Шымкентте, Жамбылда, Алматыда ауыр экологиялық жағдай қалыптасты. Қазақстанда ядролық қаруларды сынаудың аса ауыр зардабы болды. КСРО Министрлер Советінің қаулысы бойынша 1948 ж. үш облыстың: Семей, Павлодар және Қарағанды облыстарының түйіскен жеріне орналасқан ядролық полигон салынды.

Ядролық зарядты тұңғыш сынау 1949 ж. 29 тамызда өткіілді. Сынақ жасалатын құрыыстың бір данасы және оны жер астында сынау, ғалымдардың пікірі бойнша орта есеппен 30 млн. Сом тұрады. Әскерлердің ұзақ жылдар бойы үндемей келгеніне, мұнан кейін полигонның халық денсаулығына әсері абыржуға тұрмайды деп хабарлауға тырысқанына қарамай, оның қоршаған табиғатқа, адамдардың денсаулығына әсері аса қауіпті болды.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 193; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты