Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Когнитивті лингвистика– жеке ғылым саласы




Лингвистика ғылымының қазіргі кезеңдегі дамуы антропоцентристік бағытпен сипатталатын семантикалық зерттеулердің тереңдігімен ерекшеленеді. Антропоцентристік бағыттағы лингвистиканың алға қойған мақсаты – тілдік субъектінің дүниетаным ерекшеліктерінің тілдің барлық деңгейлерінде көрініс табуын зерттеу болып табылады. Сондықтан қазіргі таңдағы тіл ғылымының басты мақсаты – тілдік құбылыстардың сырын тану жолында күрделі де кешенді үрдісті дамыту. Осымен байланысты тіл білімінің тылсым құпиялары басқа да ғылым салаларымен психология, философия, логика, мифология, этнография т.б-мен тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде танылып, ашылып отыр. Өйткені ұлттық мәдениет, болмыс, таным, дін сиқты ұғымдарды тоғыстыратын ұлттық тілдің табиғатын тілдің өзінің ішкі заңдылықтары негізінде ғана танып білу жеткіліксіз. Бүкіл рухани қазынаны жинақтап, сақтайтын ұлттық тілді халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой танымымен, жан ілімімен бірлікте қарау мәселесі тіл білімінде өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика, когнитивтік лингвистика, психолингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоелтану ғылымдарының пайда болуына негіз болды. Бұл ғылымдардың тығыз қарым-қатынаста болуы тілдің құрылымдық, функционалдық жүйесінің кешенді үлгілерін айқындауды мақсат етеді. Мысалы, когнитивтік лингвистикада тіл мен таным бірлікте қаралады. Яғни тіл мен таным сабақтастығы адамға қатысты біртұтастықта қаралады. Адамға тұтастық деп қарау бірнеше ғылым саласының зерттеу әдістері мен құралдарының бір мәселе үстінде тоғысуына әкеледі.

Қазіргі тіл білімінде осы бағыттағы зерттеулер кешенді сипатта антропоцентристік бағытта және когнитивтік лингвистиканың «ғаламның тілдік бейнесі» теориясының негізінде жүргізілуде. Өйткені тілді зерттеудің когнитивтік жүйесі «дүниені тіл әлемінде тану» қағидасына сай бағытта жүргізілуі - тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі.

Тіл мен таным процестерінің ара қатынасын көрсету тіл қолданысының когнитивтік жүйесіне сүйенеді. Когнитивтік деген сөз «білім» деген ағылшын сөзінен алынған. Психикалық процестердің өтуін басқаратын білімдер жүйесінің құрылымы когнитивтік құрылым делінеді. Тіл мен ойлаудың, тіл мен танымның арақатысы адам баласының өмірінде құндылықтар қаншалықты роль атқаратынын белгілеп береді. Тіл мен танымның арақатысын сипаттайтын ұғымдар белгілі бір құрылымға түседі. Аталған құрылымды жіктеп, бөлшектеп ұсыну өте қиын./ 1 /

Когнитивті лингвистиканы танымдық тіл білімі немесе немесе тілдің танымдық сипатын зерттеуші антропоцентрлік бағыттағы тіл білімінің үлкен бір саласы деуге болады. Танымдық тіл білімінің негізгі зерттеу нысандары – таным мен ақыл, ой мен сана, тіл мен таным, тіл мен ой.

Когнитивтік ғылым ақпараттарды өңдеу мен мағлұматтар жайлы түсініктер жүйесін және ойлау процесін басқарудың жалпы принциптерін айқындайды. Адамның физиологиялық, психологиялық, психофизиологиялық ерекшеліктерін ғана есепке алмай, оны қоршаған дүние жайлы мағұлматтарды жүйелеу, сарапқа салу қажеттілігі туады. Когнитивтік лингвистикалық зерттеулерде түрлі ұлттарда дүниенің тілдік бейнесі түрліше қалыптасқаны айқындалып отыр./1/

Когнитивті лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын, тіл мен танымды біртұтас жүйеде қарастыру. Айнала қоршаған ортаның адам санасында бейнеленіп, тілде көрініс табуы, тілдің танымдық сипаты когнитивті лингвистикада тереңнен қарастырылады.

Қазіргі лингвистикалық теорияның маңызды ерекшелігі-когнитивтік лингвистикада ойлау, тіл және танымның біртұтас бүтін, біртұтас когнитивтік тілдік кешен болып айқын көрінуінде. Біртұтас когнитивтік тілдік кешен XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы лингвистикада тілді түсіну аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бастапқыда танымдық процестерді қазіргі заманның есептеуіш техника негізінде белгілі бір құрылымдар ретінде түсіндіру орын алады. Алайда бұндай пікірге қарсы пікірлер де аз емес: «Когнитивтік ғылым адам танымының құрылымын қазіргі заманғы есептеуіш техника көмегімен үлгілеу жолдары арқылы зерттеу әрине өзекті, ең бастысы-іс жүзінде қолданбалы. Дей тұрғанмен, адамның танымдық құрылымдарын механикалық құрылымдарға пара-пар етуге болмайды. Бұл адамның ойлау қабілетін немесе когнициясын зерттеу ақпаратты символдық өңдеудің бағдарламасын зерттеумен бірдей дегенге әкелер еді. Онда адамның ми қыртысын нерв жүйелерінің өзара қарым-қатынасы ретінде де, оның ментальды жағдайын танымдық ғылым аясында зерттеудің ешқандай да қажеті болмас еді» (36,43). Осы пікірді қуаттай келе В.З.Демьянков бұл «адамдар мағыналық нәрселермен ойлағандықтан адамның іс-әрекетінің интенционалдығын зерттемей, тек қана символдармен ғана түсіндіруге әкеліп соғады» дейді (37,48).

Когнитивті лингвистика ғылымына қатысты Р.Шепард бұндай сипаттама жеткіліксіз дей келе, өз тарапынан адам ми қыртысындағы ментальды процестерді белгілі бір жүйеге келтіріп, басқарып отыратын жалпы қағидалар туралы ғылым деген анықтама береді. Ал бұл принциптердің пайда болуы мен олардың қызмет атқаруын ғалым жалпы дүниенің белгілі бір заңдылықтарға сүйенетіндігімен ұштастырып, ойлау" заңдылықтары мен механика заңдылықтары арасында ұқсастықтар табады (35).

Танымдық ғылымның аясының кеңдігі мен күрделілігі, оның зерттеу нысаны болып табылатын білім мен танымның табиғатын, білімнің шығу көздерін, оларды жүйелеу, білімнің дамуын, бұның бәрі психология, антропология, философия, нейрология, тіл және де жасанды интелектіні үлгілеу т.б. ғылымдардың өзара карым-қатынасы негізінде жан-жақты зерттеуді талап ететіндігі сөзсіз.

Когнитивті лингвистика ғылымының осындай ерекшеліктеріне қатысты ғалымдардың пікірлері де кей жағдайда бір біріне қарама-қарсы келіп қалатын кездері де болады. Бұл туралы А. Исламның пайымдауынша: «Біздің ойымызша қоршаған ортаны танып білудегі ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерінен ескермеу сананы таза структуризациялауға әкеліп соғары сөзсіз. Таным өзінің күрделілігімен сипатталатыны хақ» деген ой айтады (34,72).

Танымдық ғылымның күрделі инфраструктурасындағы тіл білімінің алар орнына тоқтала кетсек. Танымдық үлгі жүйесінде тіл білімі тілдік категориялар мен бірліктердің қоршаған дүниені қабылдаумен арақатынасып, оны танып білуді қалай көрсететіндігін зерттейді. Г.Харманның пікірінше, «Тіл танымдық ғылымдардың ішіндегі ең маңыздысы. Бұл тілдің ойды жеткізудегі басты құрал болып табылуымен байланысты. ... Тіл танымға өзінің әсерін беруі де мүмкін» (8,43).

Ақпараттың ішкі өңдеуге түсуі басқаша айтқанда адамның менталды табиғаты, оның ішкі ойлау механизімдері қазіргі заманғы когнитивтік ғылымның нысаны болып табылады. Ал осыдан өрбитін қоршаған ортаның ойлауда, оның тілде қалай көрініс табатыны сияқты мәселелер белгілі ғалымдар В.Гумбольдт, А.А.Потебня, Н.Хомский, Н.Я.Марр, Г.Гадамер т.б. қарастырған. Олардың концепциялары философия, психология, мәдениет пен тілді тоғыстыра зерттеуде негізделгендігі белгілі.

 

№2) Когнитивті лингвистиканың қалыптасу, даму тарихы.

Бүгінгі таңдағы танымдық (когнитивтік) ғылым өзінің бастауын ежелгі дәуірден алатындығы белгілі, себебі танымдық ғылымның нысаны болып саналатын таным мен ақыл, олардың өзара қатынасы сонау ерте заманалардан пікірталас тудырып келген түсініктер. Бұл дегеніміз танымдық ғылымның ең маңызды да, басты мәселесі классикалық мәселе - тіл мен ойлау екендігін анықтай түседі.

Поэтикалық мәтіндегі тіл мен ойлаудың өзара қатынасы ертеде философтарды бірден-бір ойландырған мәселе болса да, бүгінгі таңда осы мәселе де күн тәртібінде тұрғандығын көруге болады. Бұның айғағы Платонның «Кратилі» - тілдің танымдық құрал екендігі жөнінде сөз қозғалған ең алғашқы философиялық талдауы. Тіл жөніндегі Платонның тәржімелеуінің негізі-атаулардың қоршаған ортаны танып білуде абсалюттік дәлме-дәл еместігінде. Платонның пікірі бойынша атаулар көмегімен қоршаған ортаны танып білу танымдық құрылымның төменгі сатысын ғана құрайды, ал бұл процестің ең жоғарғы сатысы байқап бағдарлап, мән-мағынасын түсіне танып білу болып саналады (7). Платонның тілдің танымдық қызметін бүндай шеңберде шектеуі сол дәуірдегі тілді символдық белгі ретінде қарастырмай, табиғи белгі тұрғысынан қарастыру көзқарасының қалыптасуынан деп тұжырым жасауға болады

Ал үндітанушы ғалымдардың пікірлері бойынша, үнді философы Анандавардханидың (IX б.э.) іліміндегі семантикалық өзгерістердің сипаты, ойлау мен тіл арақатынасы (ойдың пайда болуы мен сөзбен жеткізу арақатынасы) мәселелері бойынша айтқан ойлары қазіргі кезде де өз құндылығын жоймаған (4).

Қытайдың конфуциандық ілімін қарастырсақ, бір заттың мағынасын түсіну үшін оның алғашқы идеялық болмысына, «идеалдық» мағынасына, «дұрыс» атауларына оралу ғана сол заттың белгілі болуына жол ашады деп түсіндіреді. Ежелгі қытайлық «И Чинг» («Өзгерістер кітабы») концепциясында адамның ойлау, таным процесі бір-біріне қарама қарсы «Ян» (позитивті) және «Ин» (негативті) екі полюстік өлшем арқылы сипатталатындығын мәдениеттану мен философия ғылымдарының негізінде көруімізге болады (31). Дж. Лакоффтың пікірі бойынша қазіргі заманның когнитолог зерттеушілер Ч.Осгуд пен М.Ричардста дәл осыған ұқсас ұстанымды байқауға болады (32).

Мұсылмандық қайта өрлеу кезеңі болып саналатын X ғасырда Абу Хайан тілдің кез келген болмасын элементінің маңыздылығы айта келе, тілсіз ешқандай да ойлаудың болмайтындығы нагізінде тіл мен ойлаудың өзара тығыз арақатынасы туралы айтқан ойларын орта ғасырлық шығармаларды зерттеген ғалымдардың еңбектерінен көруге болады (33).

Уақыт өте келе тіл мен ойлау мәселесі Лейбництің (форманың мағынаны берудегі ролі), И.Кант пен Г.Фреге еңбектерінде де сөз болады. Соңғысының мағына теориясы жоғарыда атап өтілген Анандавардханидің семантикалық іліміне ұласады.

Демек, сонау Платон ой тоқтатқан тіл мен ойлау, танымдық процесіндегі тілдің алатын өзіндік ролі мәселелері әлі күнге қазіргі заман ғылымдары болып табылатын таным ғылымының нысаны болып саналады.

Әрине, бұл мәселенің ізденіс шеңбері кеңейіп, таным, интенционал, тіл логикасы т.б. ұғымдарымен толықтырылып жаңа концепсиялар, бағыттар негізінде зерттелуде. Қазіргі кезде әсіресе, шет елдік ғалымдарының өзіндік зерттеу нысанына байланысты танымдық бағыттағы көптеген ғылыми ізденістері жарық көрді.

Лингвистика ғылымындағы «когнитивті лингвистика» деген термин 80-ші жылдары М.Бирвиштің еңбегінде сөз болған. Әйтсе де тілдік құбылысты когнитивтік тұрғыдан зерттеудің жалпы үрдісі 60-70-жылдары амеркандық Хомский, Лакофф, Коок т.б. ғалымдардың еңбектерінде айтылған болатын. Негізіне бұл бағыт өз бастауын В. фон Гумбольдттың лингвистикалық философияға қатысты зерттеулерінен алады деген тұжырым бүгінгі күнгі лингвистика ғылымындағы ғылыми айналымда кең көлемде қолданылады.

Когнитивтік лингвистика ғылымы алғашқыда нейролингвистика ғылымы (жасанды интеллект және компьютерлік ғылымдар) аясында зерттелінді.

Зерттеу барысында ғалымдар оның адамзат баласының дүниетанымын, парасат-пайымын, ойлау деңгейін, тілдік бейнесін де қарастыратындығына көз жеткізген болса, кейін келе адамның танымын, білімін, ойлау құбылыстарының сан қырын ашу бұл ғылымның маңызды аспектілеріне айналады. Когнитивтік ғылымның негізгі ерекшеліктеріне, зерттеу нысанына, бағыттары мен ұғымдарына алғаш рет көңіл бөлген шетелдік ғалымдар болатын. Дж. Миллер когнитивті ғылымды «XX ғасырдың 50 жылдарында дүниеге келген ақпраттар теориясының сипозиумы» деп бағаласа, 1960 жылы Гарвард университетінде американдық профессор Дж. Бруннер Дж. Миллермен бірге когнитивтік зерттеу орталығын ашады. Аталған орталық когнитивтік лингвистика ғылымының негізін қалауға айтарлықтай үлес қосады.

XX ғасырдаң ортасында когнитивтік лингвистика қазіргі антропоцентристік парадигмадағы базалық ілім деңгейінде қарастырылады. Осы бағытта көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Осының нәтижесінде Еуропада XX ғасырдың соңына қарай когнитивтік ғылымның теориялық бағыттары жетіліп, тамырын тереңнен тартып, терең зерттеліп қанатын кеңге жая түсті. Осы тұста Дж.Лакофф, Р.Лангакер, Т.Ван Дейк, Дж.Хэйман, Х.И.Шмидт, М.Джонсон, М.Виттенштейн, Г.Н.Сент сияқты шетелдік ғалымдардың когнитология саласына қатысты зерттеу еңбектері жарық көреді. Зерттеушілер танымдық ғылымдар аясында тілдің «әлемнің тілдік бейнесін» сипаттаудағы қызметіне айрықша назар аударады. 1975ж. Дж.Лакофф пен Г.Томпсонның «Когнитивті грамматиканы ұсынамыз» атты мақалалары, 1985ж. Ж.Фоконьенің «Ментальды кеңістік» атты еңбегі 1987ж. Р.Лангакердің «Когнитивті грамматика негіздері» атты зерттеуінің 1-томы, ал 1991ж. 2-томы жарық көрді. Танымдық мәселелерге өзіндік тұжырммен келген зерттеулер қатарында ғалымдар Дж.Лакоффтың «Әйел, от және қауіпті заттары» мен М.Джонсонның «Тән ойлау үстінде» атты кітаптарын да атап өтеді. 80-жылдардың аяқ шенінде «Бенджаминс» баспасынан Б.Рудзки-Остынның басқаруымен дайындалған «Когнитивті лингвистика мәселелері» атты көлемді мақалалар топтамасы да шығарылды. Осындай ғылыми зерттеулердің қайсысы болмасын тілдің танымдық ерекшелігін эр қырынан сипаттай отырып, когнитивті лингвистиканың теориялық үстанымдары мен бірліктерін айқындауға, танымдық элементтердің адам санасында жүзеге асу, қызмет ету өзгешеліктерін зерттеуге айтарлықтай үлес қосқандығы мәлім. Сол секілді когнитология саласындағы Чейф программасы жады қызметін ұйымдастыру теориясы деп аталып, жадының түрлері мен ерекшеліктерін белгілі бір жағдайларға қатысты зерттеуге бағытталды. Осыған орай, ғалым жадының үш түрлі сипатына анықтама берді: атүсті, қысқа мерзімді және ұзақ уақытты жады деген түрлерінің жіктеліп шыққандығын көруге болады. Р.Шенк пен оның шәкірттері адамның ойлау, әрекеттерін сұрыптайтын кешенді теория мен концептуалды байланыстар тілін ойлап шығарды, оның негізінде ауысудың екі түрі жатты: P-Trans-физикалық ауысу; M-Trans-интеллектуалды ауысу болып табылады. Тіл мен танымның арақатысын толық қабылдай қоймаған бұл ілімнің нақты танымдық үлгілерді құрастыруда, түсіну процесіндегі танымдық күтудің маңызын сипаттауда өзіндік қол жеткізген жетістіктері де болды. Ғалым зерттеуіне қызығушылық, түсіндіру, жады, күту секілді категорияларды арқау етіп, алғашқы когнитивті теориялық бірліктердің тізбегін, когнитивті операцияларды немесе концептуалды нәтижелер заңдылықтарын ұсынғандығын көруге болады. Дж.Лакофф бағдарламасына когнитивті модельдер, семантика, лингвистикалық гештальт, семантикалық прототип теориясы, метафора теориясы сол секілді санаға тәуелсіз шығармашылық деңгейде жүзеге асатын танымдық процестер сияқты мәселелердің де енгендігін көруге болады. Н.Хомский негізін қалаған фразалар мен сөйлемдерді құрастырудағы морфемаларды тіркестірудің жалпы ережелері тіл біліміне маңызды өзгерістер әкелген құнды тұжырымдар қатарында бағаланып, универсалды, кейде генеративті грамматика деп аталды. Ғалымның зерттеулері көптеген осы бағытты зерттеушілерге бағдаршам болды десек те болады. Ж.Фоконьенің ментальды кеңістігі танымдық бағытты дәстүрлі логика-прагматикалық мәселелерімен байланыстырудан туындаған.

1990 жылдарға дейін когнитивті тіл білімі бір-бірімен тоғыса қоймаған жеке зерттеу бағдармаларын, ғылыми көзқарастар жиынтығын құрады. Оған жоғарыда аталған еңбектерге қоса, тілшілер маңызды танымдық қорытындылар жасаған Т.ван Дейктің, Дж.Хэйманның, Т.Гивонның ғылыми көзқарастарын да жатқызды. Когнитивистер тек 1980-1990 жылдардан бастап дүниеге келген жұмыстар ғана жаңа сипаттағы, тың үлгідегі когнитивті зерттеулердің бастамасын құрды деп есептелінді (26).

Халықтың болмыс, тіршілігінің, мәдениетінің, таным-түсінігінің құпия сырлары ұлттық өмірдің айнасы болып табылатын – тіл арқылы көрініс табады. Тілді танымдық тұрғыда зерттеу бүгінгі таңда дамып келе жатқан жаңа бағыттардың бірі. Адамзат өзін қоршаған дүниелегі әлем бейнесін қалай таниды, ұлттың дүниеге деген көзқарасы негізінде менталитеттік танымдар қалай пайда болады деген сауалдар осы когнитивтік лингвистикада қарастырылады. Жалпы когнитивтік лингвистиканың алғашқы идеялары Гумбольдт, Уорф, Сепир сияқты ғалымдар еңбегінен бастау алып, қазақ тіл білімінде Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, М.М.Копыленко, Ж.Манкеева, Н.Уәлиев, Қ.Жаманбаева, Б.Ақбердиева, Б.Дина, Г.Снасаповалардың еңбектерінде қарастырылады. Орыс тіл білімінде когнитивті лингвистикаға қатысты зерттеу жүргізген ғалымдар – Н.Д.Арутюнова, В.Н.Телия, Н.Н.Болдырев.Ю.Н.Караулов, В.А.Маслова т.б.

Когнитивті лингвистика ХХ ғасырдың ортасына қарай қарқынды дами бастады. Осы бағытта көптеген ғылыми зерттеу еңбектері жарық көрді. Зерттеушілер тілдің «ғаламның тілдік бейнесін» түзу қызметіне ерекше назар аударды. Аталмыш жаңа лингвистикалық теорияның шын мәніндегі концептуалдық қағидаларының негізделуі соңғы жылдары қарқынды зерттелу үстінде.

 

 

№3) Когнитивті лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы.

 

Когнитивтік психология. Когнитивтік социология. Когнитивтік антропология. Когнитивтік лингвистика. Бұл ғылымдардың қазіргі қоғамда алатын орны, оны зерттеудің қажеттігі, оның өзектілігі. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. «Когнитивтлк психология» деген терминді 1967 жылы У.Найсер ұсынды. Психологияның танымдық бағыты субъектілердің қабылдау, ойлау, тану, пайымдау, түсіну әрекеттерін жан-жақты талдау негізінде адамның iшкі, көзге көрінбейтін әpi нақты механизмдер мен процестер арқылы емес, сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын мәселелерді шешуге бағытталды (Оразалиева Э.Ж., 153). Ғалым-лингвист Дж. Кесс психолингвистика дамуында төрт негізгі кезеңді атап көрсетеді: қалыптасу кезеңі; лингвистикалық кезең когнитивтік кезең; когнитивтік ғылымның ағымдық кезеңі. Алғашқы кезең үшін структурализм мен бихевиоризм идеяларының әcepi тән болса, eкіншici лингвистика мен психолингвистикадағы трансформациялық туындатушы (порождающей) грамматиканың басым болуымен байланысты. Когнитивтік кезең Н. Хомский жариялаған грамматиканың негізгі қызметінен бас тартып, оның (грамматиканың) семантикамен, ал тілдің - тілді меңгеру мен пайдалану үдерісіне қатысатын басқа да когнитивтік және жүріс-тұрыстық (поведенческие) жүйелерімен байланысын мойындаумен сипатталады. Психо-лингвистика дамуының ағымдық кезеңі когнитивтік әдістің психолингвистикалық білімдер (знания), ділдік (ментальные) репрезентациялар табиғатын орнатумен байланысты зерттеуге әкеп соғады. Сонымен қатар, психолингвистика дамуының бұл кезеңі аталмыш білімдер мен репрезентациялардың талқылау және шешім қабылдау сияқты ойлау қызметінде пайдалануын анықтайды. Дж. Кесс атап көрсеткен соңғы екі кезеңнің ажыратылуын түсіну үшін «когнитив» элементімен сәйкес келетін бірнеше терминдердің ара-жігін ашып алған жөн, себебi бұл мәселе өте күрделі болып танылуда. Алдымен, сананы ғылыми зерттеу пәні ретінде зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарып, психиканы жүріс-тұрыстың түрлі формаларына жатқызып жүрген бихевиоризмге ментализм (АДАМНЫҢ ойлау санасына көңіл бөлу) және когнитизм қарсы болғанын ескеру керек. Когнитивизм бойынша алғашқы кезде сынға катты алынған ойлау, шешім, қабылдау сияқты қасиеттер ділдік үдерістерге жатқызылады. Танымдық, яғни когнитивтік үдерістер табиғатын зерттейтін когнитивті психология алғашқы кезден бастап-ақ жасанды интеллект саласындағы зерттеулер тарапынан қатты әсер алды. Алайда осыған негізделген теориялар адамның танымдық үдерістері аталмыш үдерістердің механизмдерін түсіндіріп жеткізуге жеткіліксіз болды да, мұның өзi философтар, психологтар, лиигвистер, нейрофизиологтер, жасанды интеллект саласындағы мамандарды біріктірген когнитивті ғылым ретінде жүзеге асатын пәнаралык (междисциплинарные) әдістің кажет екенін мойындатуға әкелді. «Бүгінгі күні көптеген ғылым салалары когнитивтік лингвистиканың ықпалымен дамып, оның ұтымды нәтижелерін қолдануға тырысады» деп Д.Сулейменованың атап өткеніндей, кейінгі жылдары қазақ тіл білімінде когнитивтік психология, когнитивтік антропология, когнитивтік СОЦИОЛОГИЯ СИЯҚТЫ ғылым салалары пайда болды. Соңғы онжылдық ішіндегі деп психолингвистикалық (ПЛ) еңбектерді талдай келе, ПЛ, когнитивтік психология, когнитивтік лингвистика, жасанды интеллект, сонымен қатар, прагматика саласындағы зерттеулердің ортақ мәселені қарастыратынын байқауға болады. Когнитивтік ПСИХОЛОГИЯ («тіл біліміндегі психологизм» туралы) дегенміз - адамдардың дүниее, әлем, қоршаған орта жайлы ақпаратты қалай алатыны мен адам ОСЫ ақпаратты қалай ұғынады, ақпараттың есте сақталып білімге айналуы мен осы білімдердің біздің зейініміз бен жүріс-тұрысымызға тигізетін әсерін зерттейтін психологияның бip саласы, Басқаша айтқанда, адамның шындық жайлы алған ақпаратты түсіне біліп, оны шешім қабылдау, күрделі мәселелерді шешуде колдана бiлуге тырысуы когнитивтік әдіс арқылы іске асады. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. Тілге грамматикалық теорияларда берілген когнитивтік сипаттамалар психолингвистикалық зерттеулерде «төрден» алған орындарынан айрылып, олардың атқаратын рөлі тек басқадай когнитивтік және жүріс-тұрыстық (поведенческие) модульдермен қатар сөйлеу үшін қолдану және меңгеру үдерістерінде ғана ескеріліп жүр. Когнтивтік психология мен когнтивтік лингвистиканың қарастыратын ортақ мәселелері: жады (есте сақтау), ішкі сөздік қор, сөйлеу әрекетін туғызу мен қабылдау. Когнитивтік социология. Когнитивтік социология социолингвистика мен когнитивтік лингвистика ғылымдарының қалыптасып дамуына ықпал жасады. Бүгінгі таңда әлеуметтік лингвистика тілдің әлеуметтік табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік фактордың тілге әсер ету тетігін қоғам өміріндегі тілдің атқаратын қызметін зерттейтін ғылым. Социолингвистика тілдің негізгі қызметі коммуникативтік, яғни тілді адамзаттың қарым-қатынас құралы деп есептейді. Тілдің әлеуметтік негізі, әлеуметтану, тіл білімі, социология (әлеуметтану), әлеуметпк психология және этнография ғылымдарымен қиылысқан жерінде қалыптасқан социолингвистика бойынша қазіргі қазақ тіл білімінде зерттеулер аз. Когнитивтік антропология. Антропология - адамның биологиялық табиғатын зерттейтін ғылым. Ғасырлар тоғысында адам ғылыми зерттеулердің ЕҢ ӨЗЕКТІ мәселесіне айналды. Қазipri, тіл білімінде негізгі принциптердің бірі антропоцентризм болып табылады, яғни антропоцентризм принципі ғылыми ізденістерге жетекші бола бастады. Жаңа заман лингвистикасында НЕГІЗГІ НАЗАР ТЕК ТІЛГЕ ЕМЕС, оны жаратушы, қолданушы және дамытушы адамға аударылады. «Антропоцентризм» терминінің адам білімінің әртүрлі саласыида БЕЛСЕНДІ Қолданылуы көптеген проблеманы туындатты. Негізінен, «антропоцентризм» термині онтологиялық және гносеологиялық тұрғыдан түсіндіріледі. Антропоцентризм - когнитивтік лингвистиканың негізгі тiperi. 2 Бұл ғылымдардың қазіргі қогамда алатын орны, оны зерттеудің қажеттгі, оның өзектілігі Қaзipгi таңда «тіл арқылы сыртқа шығып жүрген» (языковое овнешнение -Е.Ф. Тарасов ұсьшған термин) шындық бейнелер жүйесі болып табылатын қалыптасу үдepicтepi мен тілдік сананың жұмыс жасауына ерекше назар аударылып жүр. Тіл дүние, әлемнің жеке бейнесіне үнемі үңілу арқылы жұмыс жасап отырады, ЯҒНИ Бi3 санамызда қалыптасып қалған дүние, әлем бейнесіне сүйеніп отырмасақ, ешнәрсе түсіне, ештеңе жайлы хабарлай алмаймыз. Ал әлем бейнесі когнитивтік үдерістер арқылы қалыптасады да, осы үдерістер сана бейнелерін құрайды (Оразалиева Э.Д.). Когнитивтік лингвистикадағы тіл, ойлау, түсінік, қабылдаумен қатар келетін құрылымындағы әмбебап білімнің, адам санасының органикалық және бөлінбейтін бөлігі ретінде қарастырылады. Көп ғылыми пәндер қазіргі кезде когнитивтік лингвистиканың әсерінде болып, оның аса маңызды нәтижелерін қолдануға тырысады. Әмбебап білім ретіндегі тілдің мәні туралы мәселе, тілдер сәйкестіктері мәселесі жайлы жаңа көзқарастар туындап, тілдік білімді, сонымен қатар, тілдерді салыстыру үшін когнитавтік-инварианттық мағынаны интерпретациялауға жол ашылып отыр. Когнитивтік лингвистика терминдерінде тілдік білімдерге берілген анықтама және оны «әлемнің тілдік бейнесін» (языковая картина мира) қалыптастыратын білімдердің жалпы қорына енгізу қостілділікке байланысты «әлемнің тілдік бейнесі» ұғымын нақтылауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде лингвистикада мәтін семантикасы мен «фондық білім» (фоновые «мании) арасындағы байланыстарға аса зор назар аударылыл жатыр. Бұл бағыттың өзі тіл мен ойлау ара қатынасы сияқты маңызды мәселені қарастырады. «Фондық білім» сөйлеуші мен тыңдаушыға ортақ болып табылатын ақпараттық қор, яғни олардың әлем жайлы білімінің ортақ қоры ретінде қарастырылады. Сонымен, «фондық білім» дегеніміз - тілдің ойлау әрекетіндегі (речемыслительная деятельность) тәжлрибенің вербалданбаған көрнісінің (фрагменттің) коммуникативтік бірліктердің (мәтіндердің) кейбіреулерімен байланысы. Фондық білімдердің сөйлеуші мен тыңдаушы санасындағы бірдей, ұқсас болып келуі оларды жалпы білімдерден ажыратады. Осыған орай, фондық білімдер әлеуметтік және жеке (индивидуальный) болып екі типке бөлінедi. Әлеуметтік фондық білім сөйлеу әрекетіне қатысқандардың барлығына: (мысалы, радио тындаушылар мен оыррмандарға) сөйлеу әрекеті басталмай тұрып бұрын белгілі болады; жеке фондық білім диалогке қатысатын екі адамға ғана белгілі болады. Мысалы: А: - Қал қалай? Б: - Ол ертең келетін болды. Заттың немесе оның бейнесінің динамикалық белгілерін анықтау үшін «градуалды эталон» ұғымы қолданылады. ХХІ ғасырдың тіл білімі мәтінді зерделеусіз қалдыруы мүмкін емес. Тіл – филология ғылымының негізгі нысаны болған және жаңа мыңжылдықта да бола бермек. С.С.Аверинцевтің пікірінше, филология «барлық адамзат әлеміндегі мәтін төңірегінде ұйымдастырылған және мәтін арқылы көрінетін әлемді» қамтиды . Мәтін жеке тұлға ретінде өзін таныта алатын қарым-қатынастың негізгі нысаны болып табылады. Т.М.Дридзенің тұжырымдамасы бойынша, қарым-қатынастың өзі әлі де болса көптеген зерделеулерді қажет ететін мәтіндік қызмет ретінде танылады. Мәтінге және қарым-қатынасқа деген қызығушылық қазіргі заманғы тілдік мәдениеттің жаңа сұхбаттық сипатын (А.К.Михальская, Ю.В.Рождественский және т.б.) қоса алғанда әлемді танудағы бұрынғы монологиялық жүйені бұзумен және диалогизмге (М.М.Бахтин және т.б.) бет бұрумен байланысты. «Өмір сүру – яғни қарым-қатынаста болу» – М.М.Бахтиннің осы сөздерінде мәтіннің қызметтік-теориялық және практикалық маңызы, оның негізінде туындайтын қарым-қатынас қана емес, сондай-ақ қарым-қатынасты (әлеуметтік, функционалдық-прагматикалық, коммуникатив-тік) зерделейтін жаңа ғылыми-лингвистикалық парадигманың айрықша рөлі де анықталады]. Қазіргі заманғы лингвистика коммуникативтік, когнитивтік мәтінге бағдарланған. Оқырмандардың типологиясын (Г.Г.Молчанова, О.Л.Каменская және т.б.) қоса алғанда, адресат проблемасы (Н.Д.Арутюнова, В.З.Демьянкова, Г.В.Степанов) әзірленуде, коммуникативтік стратегиялар мен тактикалар (О.С.Иссерс, Е.В.Клюев және т.б.) зерделенуде. Бұл ретте лингвистика өзінің полипарадигмалық сипатын сақтайды. Жаңа өзгерістерге байланысты мәтінді және оның бірліктерін зерттеуде психопоэтика (В.А.Пищальникова, Ю.А.Сорокин), филологиялық герменевтика (Г.И.Богин, Г.П.Щедровицкий және т.б.), лингвосинергетика (В.А.Пищалникова, Г.Г.Москальчук, Н.А.Кузьмина, Н.Е.Сулименко) және тағы басқа жаңа ғылыми бағыттар туындауда. Жаңа үрдістерге орай, көркем сөз стилистикасын қоса алғанда, стилистикада да өзгерістер орын алуда. Қазіргі заманғы стилистика коммуникативтік, мәтінді болып, оның зерттеу нысанасы кеңеюде, жаңа мақсаттар мен міндеттер пайда болуда, сабақтас білімдер (прагматика, психолингвистика, герменевтика және т.б.) арасындағы байланыс күшейе түсуде. «Мәтіннің коммуникативтік стилистикасы» деген жаңа ғылыми бағыттың туындауы лингвистикалық және онымен сабақтас ғылымдардың үдемелі дамуы ретінде де, қазіргі заманғы білім беру саласындағы қажеттіліктермен де (орыс тілін зерделеудегі коммуникативтік-қызметтік, функционалдық, мәтінге бағдарланған, этномәденитанымдылық тәрізді жаңа бағыттарды әзірлеумен) айқындалады. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасының тамыры тереңде жатыр. Мәселен, осы ғылыми бағытқа тән мәтінге жүйелі-қызметтік көзқарас В.Ф.Гумбольдтың, А.А.Потебняның, В.В.Виноградовтың, М.М.Бахтиннің және т.б. тұжырымдамаларынан көрінеді. Мәтіннің қазіргі заманғы стилистикасында әр түрлі ғылыми бағыттар бар: құрылымдық стилистика (В.В.Одинцов, Г.Я.Солганик және т.б.), декодтау стилистикасы (И.В.Одинцов, Г.Я.Гучинская және т.б.), функционалдық стилистика (М.Н.Кожина, М.П.Котюрова, Т.Б.Трошина, М.Б.Борисова, Н.И.Бахмутова, С.А.Станиславская және т.б.). Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар: құрылымдық стилистика мәтіннің композициялық-стилистикалық нысандарын, оны ұйымдастырудың конструктивтік тәсілдерін зерделейді; декодтау стилистикасы мәтінді оқырмандардың танымдық аспектісі тұрғысынан қарастырады; функционалдық стилистика стилистикалық узусты, әр түрлі стильдегі мәтіндерде тілдік құралдарды пайдаланудың жалпы заңдылықтарын зерделейді. Мәтінді лингвистикалық тұрғыдан зерттеуде коммуникативтік стилистиканың зерттеу сипатына, мақсатына қарай мынадай ерекшеліктерін атап көрсетуге болады. Ол кез келген мәтінді жазушы мен қабылдаушы қызметінің ұштасуы негізінде коммуникативтік-қызметтік аспект тұрғысынан зерделейді. Сөздік қызмет теориясына сүйенетін басқа ғылымдардан (прагматикадан, психолингвистикадан, психопоэтикадан, филологиялық герменевтикадан) стилистикалық узус пен автордың идиостилін ескере отырып, олардың нақты мәтіндік өзгеруіндегі сөздік қарым-қатынастың лингвостилистикалық аспектілерін терең зерделеуімен ерекшеленеді. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасы оның мағыналық жайылуына сәйкес қызметтік аспектідегі жүйелік-құрылымдық ұйымдастырылуын талдауды, мәтіннің стилистикалық параметрлерін ескере отырып, олардың негізіндегі коммуникативтік стратегияларға сүйеніп, әр түрлі типтегі мәтіндерді мағыналық жағынан қабылдаудың лингвистикалық заңдылықтарын зерделеуді көздейді. Осы бағыт шеңберінде коммуникативтік эффектіге қол жеткізудің құралдары мен тәсілдері айқындалады, әр түрлі стильдер мен жанрлардағы мәтіндерде лингвистикалық негізі бар коммуникативтік универсалийлер (мәтінді ұйымдастырудың заңдары мен принциптері) зерттеледі. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасының мақсаты – мәтін қызметінің лингвистикалық тұрғыдағы заңдылықтарын зерделеу, ол автор мен тыңдаушының тиімді диалогын қамтамасыз етеді. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасының негізгі бағыттары пәнаралық сипаты бар, оның «мәтіндік» жүйелілігін, құрылымдылығын, регулятивтігін зерделеуде жаңа перспективалар ашатын оған қатысты қызметтік көзқараспен байланысты болады. Прагматикамен, психолингвистикамен, герменевтикамен ұштасқан кезде қалыптасатын мұндай жаңа көзқарас мәтін мен оның бірліктерін оқырманның танымдық қызметіне енгізу тұрғысынан зерделеуден туындайды. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасының үш бағыты байланысатын мәтіндік құрылымдар, регулятивтік және мәтіннің мағыналық жайылуы теорияларына нақтырақ тоқталайық. Мәтіндік ассоциациялар (құрылымдар) теориясы. Мәтіннің әр түрлі аспектілері және оның оқырман танымындағы мағынасы туралы елестету, соның негізінде қалыптасатын мәтіндік құрылымдардың рөлі айрықша ауқымды. Бұл ретте мынадай негізгі ережелер басшылыққа алынады: Лингвистикалық аспектіде мәтіндік сөз-стимулдарға қатысты құрылымдарды оқырманның танымында өзектілікке айналатын мәтіннің лексикалық құрылымы элементтерінің және солармен арақатынастағы тіршілік құбылыстарының немесе танымның, сондай-ақ басқа да сөздер әлемінің арасындағы байланыс ретінде қарастыру – заңды құбылыс. Ассоциат сөз-стимулға – мәтіннің лексикалық құрылымы элементіне мағыналық коррелят ретінде айқындалады, ол мәтінді қабылдаушы субъектінің танымында нақты әлеммен, таныммен, сондай-ақ басқа да сөздермен корреляцияланушы мәтіндік әлем шындығымен арақатынаста болады. Автордың бастапқы коммуникативтік қызметі аспектісінде туындының лексикалық құрылымы ілгерілеулер мен әрекеттердің (стимулдарға ассоциаттардың), сондай-ақ ілгерілеулерді нақтылайтын тірек сөздердің және құрылым сөз-маркерлерінің ауызша желісі ретінде айқындалады. Мәтінді құру (автордың сөйлеу-ойлау қызметі) тұрғысынан «стимул-реакция» қатынасы тема-рематикалық қатынастармен корреляцияланушы ретінде байқалады: предикацияның әр түрлі нысандары автордың коммуникативтік стратегиясына сәйкес тұжырымдамалы түрде туындаған жаңа тақырыпты репрезентациялай отырып, берілген (автор тақырып ретінде таңдап алған) тақырыпқа құрылымдарды көрсетеді. Мәтінді қабылдау (оқырманның сөйлеу-ойлау қызметі) ағымында мәтіннің лексикалық құрылымының әрбір элементі құрылымдар желісін туындататын ілгерілеу болып табылады, олар мәтінде өзгерістерге ұшырайды немесе имплицитті түрде болады. Автор тарапынан мәтінде бірқатар ілгерілеулер болып, өзгерістерге ұшыраған құрылымдар мәтінді қабылдаушы оқырманның көзқарасы бойынша мәтіннің мағынасына жетудегі маңызды қадам болып табылады, оларды негіз ретінде қарастыруға мүмкіндік бар. Тыңдаушының танымдық қызмет процесінде мәтіннің құрылымдық жайылуы құрылымдардың күрделі түрде ұйымдастырылған желісі ретінде қарастырылады, оларды жасауға сөздердің құрылымдық-мағыналық жолдары қатысады. Мәтіндік құрылымдық-мағыналық жолдар, негізгі сөздер-ілгерілеулерді, тірек сөздерді және тыңдаушылардың сөз-маркерлерін қоса алғанда, әр түрлі типтегі лексикалық құрылымдармен толықтырылып отырады. Тұжырымдамалы түрде ұйымдастырылған бұл жолдар парадигматикалық (әр түрлі типтегі семантикалық, формальдық, формальды-семантикалық, мәтіндік лексикалық парадигмалар шеңберінде) және синтагматикалық (мәтіндік синтагматика деңгейінде) байланыстағы сөздік және бір сөздік емес бірліктерді біріктіреді. 5) Оқырманның құрылымдық қызметі процесінде мәтін туындатқан және құрылымдар коммуникаттарының танымында айрықша құрылымданған, мәтіннің тақырыптық, пәндік-логикалық, сюжеттік-композициялық, идеялық, эмоционалдық, образдық деңгейлерімен, сондай-ақ және автордың жеке басымен ара-қатынастағы жүйе ретінде мәтіннің құрылымдық жолдары қалыптасады. Құрылымның инварианттық бағыты мәтіннің құрылымдық жолын құрайды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, мәтіннің құрылымдық жолдарының ауқымды ақпараттық мүмкіндіктері бар. Жалпы бұл бөлімде мәтіннің коммуникациялық теориясы жеке-жеке талданып, нақты түсініктемелер берілген. Мәтіннің ассоциациялық, ретке келтіру және мағынаның жайылу теориясы авторды әр түрлі мәтіндердің мағыналық құрылымын зерттеуге, олардың кешенді әдістемелерін құруға жетелейді және алдағы уақытта мәтіннің коммуникативтік стилистикасының негізгі бағыттарын одан әрі пысықтау қажеттігін ескертеді. Ретке келтіру (регулятивтік) теориясы. Коммуникативтік стилистиканың бұл бағыты ретке келтіруді оқырманға ықпал ете отырып, оның интерпретациялық қызметін бағыттау арқылы қабілетін көрсететін мәтіннің жүйелік сапасы ретінде қарастыруға негізделген. Осы теорияның негізгі ережелеріне тоқталайық. 1) Автордың «жігерлік міндеттеріне» сәйкес (Л.С.Выготский) әр түрлі коммуникативтік нәтижені ынталандыратын мәтіндік құрылымдар (регулятивтер) байқалады. Ретке келтіретін құрылымдар реттеуші құралдардың байланысын көрсетеді. 2) Автордың идиостилі тыңдаушының танымдық қызметін түрлі жолдармен ұйымдастыратын реттеушілік құралдар мен ретке келтіретін құрылымдарды таңдауда көрініс алады. 3) Жалпы мәтін деңгейінде оның коммуникативтік стратегиясы ескеріле отырып; мәтіннің реттеушілік функциясы, реттеушілік тәсілдері, яғни мәтіндік кіші құрылымдарын ұйымдастыру амалдары, реттеуші доминанттары байқалады. Әр түрлі өлшемдерге сәйкес реттеушілердің типтері айқындалады. Мәтіннің ақпараттық-мағыналық деңгейінің реттеушілік бірліктері (информемнің) мен прагматикалық деңгейі бірліктерінің (прагмемнің) шекараларын анықтау жөніндегі зерттеулер жүргізілген. Ақпарат берушілердің (информанттардың) мәтіннің реттеушілік стратегиясын тану жөніндегі жауаптарындағы ең жоғарғы бірлік әр түрлі реттеуші құралдардың бірнеше мәрте және көп арналы әсер етуі жағдайында байқалатындығы анықталған. Мәтіннің мағыналық жайылу теориясы. Коммуникативтік стилистиканың бұл бағыты мәтінде берілген ақпараттың негізінде автордың идиостилімен арақатынаста болатын мағыналық қалыптастыру процесін зерделеуге бағытталады. Бастама ретінде мәтіннің мазмұндық жоспары әр түрлі интерпретацияланғанымен (В.В.Виноградов, И.В.Арнольд және т.б.), әрқашан да мәтіндік ұйымдастырудың өзі және ең алдымен мәтіннің лексикалық құрылымы объективті түрде беретін қандай да бір инварианты болады. Мағыналық жайылу теориясының негізгі ережелері бірнеше түрге бөлінеді: Мәтінді пәндік-белгілік құрылым ретінде қабылдай отырып, оқырман объективті факторға – мәтіннің семантикасына сүйеніп, өзінің ақпараттық тезаурусына сәйкес оның мағынасын ой елегінен өткізеді. Мәтіннің семантикасы әр түрлі деңгейдегі элементтердің коммуникативтік бағдарының, сондай-ақ, мәтіндік бірліктердің – алдағы уақытта мәтіннің «көлденеңінен» (парадигмалық деңгей) және «тігінен» (синтагматикалық деңгей) берілген сан алуан байланыстарының негізінде қалыптасады. Жекелеген лексикалық бірліктердің жүйелік сапасын, сондай-ақ, мәтіннің мағыналық жайылуының лексикалық ағымын, жайылмалы мәтін бөлігі иерархиясында қарастырған жөн. Элементтердің мағыналық қатынастарының үш түрі: толықтыру, күшейту және контраст қатынастары осы үрдістегі ең басты мәселе болып табылады. Мәтінде көрініс тапқан (оның жекелеген элементтерінен бастап түрі жағдайларға дейін), мәтінде ауызша түрде кодталған көркемдік әлемнің түрлі шындықтарының ақпараттық сигналдарының әр түрлі сатыдағы элементтері мен жалпылау дәрежесіне сәйкес келетін семантикалық белгілерінің мәртебесі болады. Әр түрлі сатыдағы семантикалық белгілер мен жалпылау дәрежесінің ара-қатынасы оқырманның танымында мағыналық иерархия арқылы сөздердің жекелеген компоненттерінің микромағыналарынан сөздер мағынасына және сөйлеудің жалпылама мағынасына корреляцияланады. Мәтіннің мағыналық жайылуы (яғни онда адресаттың танымында көрініс алатын автор әлемінің тұжырымдамалық суретінің лингвистикалық тұрғыдан айқындалатын фрагментін беру динамикасы) мәтіннің лексикалық құрылымымен байланысты болады. Мағына қалыптастырудағы жетекші рөл соның үлесінде. Мәтінде көрініс тапқан түрлі сатыдағы және ауқымдағы көркемдік әлемнің әр түрлі шындықтарының лингвистикалық репрезентацияланған мағыналық белгілері мәтіннің мағыналық құрылымын құрайды. Мәтіннің мағыналық жайылуының әр түрлі типтерін және мәтіндердің мағыналық құрылымының түрлерін олардың жайылудың коммуникативтік әмбебабы мен жеке ерекшеліктері туралы сөз етуге болады. Жазушының идиостилі оның коммуникативтік бағдарының мазмұнындағы жаңа бағытқа – стилистиканы оқыту, оқушылардың ауызша және жазбаша тіл дамытуына, тіл мәдениетіне айрықша көңіл бөлген. Қазақ тілі лексикасы аса бай, стильдік көркемдегіш құралдары жетілген тілдердің қатарына жатады. Солай бола тұрса да, қазақ тілінің ойды жеткізу, сөйлем құру ерекшеліктері грамматикалық тұрғыдан толық зерттелінгенімен, стилистикалық жағынан әлі жүйелі тексеріліп біткен жоқ. Соңғы он жыл ішінде қолға алына бастаған стилистика және стиль туралы ғылыми еңбектер оқулық көлемінде және жекелеген ақын-жазушылардың тіліне байланысты жазылды. Қазақ тілінің стилистикасы туралы М.Балақаевтың, Р.Әміровтың, А.Ысқақовтың, Ф.Мұсабекованың, Р.Сыздықованың, Ә.Хасеновтың, т.б. ғалымдар мен бірсыпыра ізденушілердің еңбектерінде, мақалаларында қарастырылады. Стилистика – ең алдымен, қарым-қатынас жасауда сөйлеу жағдайына сай тілдік құралдарды таңдап алу мен қолдану тәсілдерін үйрететін тіл ғылымының саласы. Ал қарым-қатынас ретіндегі тілдік құралдардың ең кіші бөлшегі – мәтін бөлігі. Тіл мамандары мәтін бөлігі (контекст) ұғымын мәтіннің кіші бөлігі (микроконтекст), мәтіннің үлкен бөлігі (макроконтекст) және мәтіндер бөліп қарастырады. Мәтіннің кіші бөлігі бір сөйлемнің көлемінде, мәтіннің үлкен бөлігі азат жол көлемінде, ал мәтін тақырыптың көлемінде анықталады. Контекстің кіші бөлшектері болып сөз тіркестері сөйлемді, сөйлем азат жолды, ал бір немесе бірнеше азат жол мәтінді құрайды. Бұл қағиданы басшылыққа алу стилистиканы оқытудың тиімді әдістері мен тілдік құралдарын таңдауға негіз болады. Тілдің қызметінің ерекшелігін мәтін бөлігі арқылы анықтау мақсат етіледі. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Жапбаров «Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері» монографиясында қазіргі қазақ және ана тілі пәнінің мазмұнындағы жаңа бағытқа – стилистиканы оқыту, оқушылардың ауызша және жазбаша тіл дамытуына, тіл мәдениетіне айрықша көңіл бөлген. ( төмендегі 1,2,3-суреттер) Бұл сызбаны талдай отырып, оқушылар стилистика туралы алған білімдерін қорытындылайды. Мына сияқты мәселелерге жауап беріп, анықтайды: Тіл дегеніміз не? Стилистика тілімізде қандай орын алады? Оның маңызы қандай? Мұғалім осы сияқты мәселелердің айналасында жұмыс жүргізе отырып, фонетика, лексика, морфология, синтаксистік тілдік құралдардың стилистикасынан мысалдар келтіріп толықтырады. Сонымен бірге мына суретті пайдалана отырып, оқушыларға стилистика, оның бөлімдері немесе стилистиканың қандай мәселелерді қарастыратыны туралы мәліметтер беріледі. Мәтіннің когнитивтік-дискурстық аспектісі. ХХ ғасырдың 60-70 жылдары ғылымның дербес саласы ретінде қалыптасқан мәтін лингвистикасы бүгінгі таңда адамның сөйлеу-ойлау қызметіндегі өте күрделі әрі көп қырлы феномен ретінде мәтінді зерттеу мен сипаттау әдіс-тәсілдерін мейлінше қамтыған деп айтуға болады. Мәтіннің көп қырлы болуы, оның айқын шекараларының болмауы және нақты көрінбеуі ғылымда мұндай жағдайдың табиғи нәрсе екенін көрсетеді, бұл ретте талдау жасалатын объектінің онтологиялық, жүйелі және функционалдық қасиеттерін мәтіндегідей сияқты әр түрлі тұрғыдан, атап айтқанда: семиотикалық, вербальды белгілік жүйе ретінде (Р.Якобсон, Ю.М.Лотман, Б.Я.Успенский және т.б.); дискурстық, білімнің пәнаралық салалары сипаттамаларында (Э.Бенвенист, ван Дейк Т.А., жас Р.Барт және т.б.); лингвистикалық, тіл бірліктері маңыздылығының жүйесінде (В.Виноградов, Г.О.Винокур, В.П.Григорьев, Г.Я.Солганик, Н.А.Кожевников және т.б.); сөйлеу – әрекет ету, прагматикалық жағдай аясында (Дж.Остин, Дж.Серль, М.М.Бахтин, Н.Д.Арутюнова және т.б.); құрылымдаудан кейінгі, философиялық, әдебиеттану, әлеуметтік-лингвистикалық, тарихи білім салаларының біртұтастығында (Ж.Деррида және т.б.); деконструктивтік, «мәдени интермәтін», әдеби, лингвистикалық, философиялық-антропологиялық сипат ұғымдарында мәтінді талдау ретінде (Ж.Делез, Ю.Кристева, Р.Барт және т.б.); нарратологиялық, жазушы мен оқырманның белсенді диалогтық өзара іс-әрекеті ретінде мазмұндау теориясы аясында (В.Пропп, В.Шкловский, Б.Эйхенбаум, М.Бахтин, Б.Лаббок, Н.Фридман, Э.Лайбфрид, В.Фюгер және т.б.); психолингвистикалық, сөйлем құраудың динамикалық жүйесі ретінде (Л.С.Выготский, Н.И.Жинкин, Т.М.Дридзе, А.А.Леонтьев және т.б.); психофилологиялық, автордың психологиясын тіл құралдары арқылы белгілі бір әдеби нысанда іске асыратын көп қырлы феномен ретінде (Е.И.Диброва, Н.А.Семенова, С.И.Филиппова және т.б.) және басқа да тұрғыдан қарастыруға болады. Осы келтірілген аспектілер мен әдіс-тәсілдер тізбесі – бұл, сайып келгенде, негізгі бағыттар және соларға сай теориялар, олар, қалай болғанда да, ғылыми таным объектісі ретінде мәтіннің онтологиясын түсіндіруге жол ашады. Олардың бірін-бірі жоққа шығармайтыны анық, өйткені мәтін сияқты күрделі құбылысты бір ғана схемамен немесе қандай да бір парадигма аясында сипаттау мүмкін емес. Лингвистиканың қысқа тарихында мәтіннің әр түрлі қырлары «басымдыққа ие» болып отырған, өйткені солардың біреуін ғана ерекше, дербес мәтіндік санат ретінде белгілеуге ынта танытушылық қалыптасқан еді. Осылайша, мәтін дегеніміз адам өзінің когнитивтік және тілдік қабілеттеріне байланысты жүзеге асыратын сөйлеу-ойлау қызметінің қорытындысы және сол ретінде дискурстың нәтижесі болады. Мәтінге когнитивтік-дискурстық көзқарас оның көп жоспарлылығын және көп қырлылығын ескереді, сонымен қатар мәтінді тілдік дерек ретінде шығарумен байланысты күрделі ментальды процестерді нақты елестету мен түсіндіруге мүмкіндік береді. Сондықтан да мынадай нәрсе айқындалады: жаппай қамтитын, әмбебап мәтінді құрастырмас бұрын (бұған әлі қол жеткізіле қойған жоқ, өйткені мұндай кез келген үлгі белгілі бір типтегі және жанрдағы мәтінге ғана тән қасиеттер мен параметрлерді көрсетеді) мәтіннің дербес тілдік негізін зерттеу жөніндегі күрделі жұмысты атқару керек, себебі кез келген мәтін – ең алдымен, нақты табиғи тілдің сөйлеу туындысы. Мәтінді, оның ішінде көркем мәтінді алдын ала дербес лингвистикалық талдау қажеттігі туралы Е.В.Падучева былай деп жазған: «Әдебиет теориясын және әдеби сынды мәтінге лингвистикалық талдау жасаусыз қарастыру мүмкін емес – мұндайда, егер де оған дейін қарапайым, бірақ анағұрлым негізделген (объективті) лингвистикалық талдау жүргізілмесе, әдебиеттануды талдау толық болмайды. Мәтінді талдай отырып, ең алдымен оның қандай тілде жазылғанын терең түсініп, белгілі бір мағынасына назар аудару керек. Содан соң және соның негізінде одан мағына шығаруға болады, олар, атап айтқанда, әлеуметтік, тарихи, әдеби және басқа да бірқатар контекстерден туындайды». Тілдік талдау аясында қарастыра отырып, оны әр түрлі әлеуметтік-мәдени, философиялық-герменевтикалық және басқа да зерттеулермен ауыстырмай, «оның қандай тілде жазылғанын терең түсініп, белгілі бір мағынасын» ашуға, түсінуге және сипаттауға мүмкіндік беретін мәтіннің дербес лингвистикалық санаттарын анықтау мәтін лингвистикасының маңызды міндеттерінің бірі болған және әлі де солай болып қалуда. Ең алдымен тілдік құрылымның белгілі бір сатылық иерархиясының схемасы бойынша мәтіннің мағыналық ұйымдастырылуын зерттеу, басқаша айтқанда, мәтіннің соңғы (терминалдық) құрамдас бөліктерінің, яғни сөйлемдердің мазмұндық жағын зерттеудің негізінде және соның көмегімен құрастыру арқылы мәтінді, оныv


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 564; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Объем учебной дисциплины и виды учебной работы
lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты