Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника



Дәріс 12. Саяси мәдениет, саяси идеология. Қазақстан Республикасының ұлттық идеясы.




Читайте также:
  1. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда әлеуметтік ой-пікірлердің дамуы
  2. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті.
  3. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан Экономикасы.
  4. XVII-ші ғасыр мен XVIII басындағы Қазақ хандығының саяси тарихы.
  5. XVIII-ші ғасыр мен XIX ғасырдың ІІ жартысындағы әскери-казактары мен шаруаларының Қазақстан жерлерін отарлауы.
  6. Азақстан мен Орталық Азияның ұлттық-аумақтың межеленуі.
  7. Азақстан Республикасының қаржы жүйесі
  8. Азақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдастырылуы: эволюциясы, конституция негіздері.
  9. Азақстан тарихының дерек көздері. Қазақстан тарихының тарихнамасы
  10. Азақстандағы саяси элитаның қалыптасуының құқықтық механизмдері.

 

Жоспар:

1. Саяси мәдениет ұғымы.

2. Саяси мәдениет түрлері.

3. Саяси идеология, оның түрлері.

4. Ұлттық идея қалыптастыруының мәселелері.

5. Қазіргі замандағы неоконсерватизм, неолиберализм, неомарксизм.

 

Әдебиеттер тізімі:

Нарикбаев М.С. Біздің әділет жолымыз. Астана, 2010.

Хан И.Г. Саясаттану – Алматы, 2003 ж.

Қуандыков. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998 ж.

Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж.

Василик М.А. Политология. М., 2000 ж.

Политология. Курс лекций. Под. ред. Мустафина Т.Т. Алматы, 1993 ж.

Панарин А.С. Философия политики. М., 1996 ж.

ЕҚЫҰ және аймақтық қауіпсіздік шеңберіндегі демократияландыру үрдістері: конференция материалдары/ Б.К. Султанов, Алматы, 2009.

 

 

1. Саяси мәдениет ұғымы.

Саясаттану ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге жол береді.

Саяси мәдениет дегеніміз, қоғамдағы саяси идеялардың, принциптердің, құндылықтардың, саяси дәстүрдің жиынтығы. Ол қоғамдағы кез келген саяси іс-әрекетті бағыттап, бақылай алады. Саяси мәдениеттің бірнеше элементтері бар. Олар:

Саяси стереотип (қағида) – саяси билік, саясат туралы қарапайым, эмоционалды сезімге негізделген білімсіз түсінік.

Саяси сана – саналы және санасыз, рационалды және иррационалды, нормативті және эмперикалық сезімдер мен түсініктердің жиынтығы.

Саяси менталитет– ірі әлеуметтік топтардың әлеуметтік- психологиялық сапалы тұрақты жағдайы.

Саяси белгі – саясаттағы коммуникативті қызмет атқарушы.



Саяси әлеуметтену – адамның қоршаған ортаның құндылықтарын меңгере отырып, сол ортаға бейімделу процесі.

Бұдан басқа саяси мәдениетке идеология, дін және саяси ориентация кіреді. Қоғамның саяси өмірінде дін айтарлықтай орын алады. Бұрынғы Кеңес Одағы кезінде дін қудалауға түсіп, саяси өмірден шететтілуінің, атеистік идеологияның үстемдік етуінің салқыны өз сарқыншағын Қытай қоғамына да қалдырды.

 

Саяси мәдениет түрлері, әлеуметтену кезеңдері және агенттері

Саяси әлеуметтену адам өмірінде маңызды орын алады. Оның басты кезеңдері:

Саясилану;

Персонификация;

Идеологизация;

Институционализация.

Саяси әлеуметтену агенттеріне жататындар:

отбасы;

дос, жолдастар;

мектеп;

БАҚ;

саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар.

Саяси әлеуметтенудің екі түрі бар: тікелей әлеуметтену және қосалқы әлеуметтену.



Тікелей әлеуметтену дегеніміз, мемлекеттің өзі мүдделі болып келеді. Ол өз азаматтарын өзі тәрбиелеп, олардың саяси әлеуметтенуін өзі қадағалайды.

Ал қосалық саяси әлеуметтенуде, бұған мемлекет араласпайды, тұлға өз қабылеті мен тілегі бойынша сол қоғамына бейімделіп, сол мемлекеттің құндылықтарын меңгереді.


Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 32; Нарушение авторских прав







lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2021 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты