КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Азіргі заманның қатынастарындағы неолиберализм және неоконсерватизмнің орны.ХХ ғасырдың басында либерализм идеологиясының одан әрі дамуына байланысты бұдан өзгеше саяси идеология ретінде жаңа либерализм – неолиберализм бөлініп шықты. Неолиберализм – азаматтар мен қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірін мемлекеттік реттеуге бағытталған идеялар жиынтығы. Егер осы екі идеологияны: либерализм мен неолиберализмді салыстырып қарасақ, алғашқыда бір-біріне қарама-қарсы бағыт сияқты көрінеді. Себебі, либерализм мемлекеттік үстемдікті жұмсарту жолын талап етсе, ал неолиберализм керісінше — мемлекеттік реттеуді күшейтуді ұсынады. Дегенмен, осы екі идеологияның арасында бітіспес қарама-қарсылық жоқ. Неолиберализм идеологиясының пайда болуы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік жағдайлармен байланысты болатын. Либерализм ұстанымы бойынша дамушы нарықтыққатынас ең алдымен бәсекелестікке байланысты. Бәсекелестік экономиканы дамытады, бірақ бәсекелестікте адамдардың бәрі, әрине, жеңіске жетпейді, солсебепті теңсіздік күшейеді, көптеген адам күйзеліске, кедейлікке ұшырайды. Сондықтан еркін нарықтық тетіктерді реттеу, кедейшілікпен күресу үшін мемлекеттің араласуы, оның ролінің күшейуі тиіс. Неолиберализм идеологиясыбойынша мемлекеттің аса жауапты міндетінің бірі – нарықтық жағдайдаазаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесін жасау. Либерализм идеологиясы бойынша қоғамдағы мемлекеттің басты қызметі “түнгі сақшы” сияқты болатын болса, неолиберализм жағдайында мемлекет “жалпыға бірдей игілік” міндетін атқаруы тиіс. ХХ ғасырдың екінші жартысында капиталистік елдердегі көптеген саяси партиялар өз бағдарламаларын неолиберализм идеологиясына негіздейтін болды. Мысалы, Жапонияда 1955 жылдан бастап билік басында сол елдің ең ірі– либералдық-демократиялық партиясы қызмет етеді. Либералдар Англияның, Австрияның, Канаданың және тағы басқа елдердің саяси өмірінде өздерінің лайықты орындарын алуда. ХҮІІІ ғасырда дүние жүзінде тағы бір саяси идеология қалыптасты. Ол – консервативтік (консерватизм) идеология. Неоконсерватизм–қоғамдағы саяси плюрализмді (әртүрлілікті) дамыту және саяси процестерді реттеу үшін мемлекеттің рөлін күшейту мақсатындағы идеология. Консерватизм идеологиясы бойынша бұрынғы және қазіргі құндылықтарды “сақтаудың” орнына “әртүрлілік” принципі ұсынылды. Не себептен консерватизм идеологиясын жаңартуға тура келді? Дәстүрді сақтау, дәстүрмен өмір сүрудің қандай кемшіліктері болуы мүмкін? Жаңа консервативтік бағытты жақтаушылардың жауабы бойынша дәстүр, тарихи қалыптасқан тәжірибе ол зор рухани құндылық. Дәстүрсіз, тарихи зердесіз халық — қоғам, мемлекет болып қалыптасуы мүмкін емес. Бірақ дәстүрдің қандай салада болмасын (рухани, ұлттық, діни, саяси) халыққа, адамға үстемдік етіп тұратын да қасиеті бар, дәстүр бұғау сияқты бостандықты, ерікті шектеп тұрады. Мысалы, адам барлық жағдайда ұлттық дәстүрлерге табынушылық етіп жүретін болса, ол ұлтшылдыққа әкеліп соғуы мүмкін. Немесе ол адам бұлжытпай тек діни дәстүрімен өзінің өмірін шектейтін болса, ол діни фундаментализмге (діни еріксіздікке) соқтырады. Сондықтан консерватизмнің адамдарды қолайсыз жағдайларға әкеліп соғуы өз алдына, ол халықты жалпы дүниежүзілік жетістіктерден, өркениеттен тыс қалдыруы мүмкін. Осындай көріністерге сәйкес ағылшын саясаттанушысы Джон Стюарт Милльдің: “Бір рет болса да дәстүрден шығу – ол бостандыққа тағы да бір қадам жасау” – деген қағидасының маңызы өте жоғары. Яғни, қай салада болмасын, әртүрлілік қажет екені байқалады. ХХ ғасырдың екінші жартысында еркін нарықтық қатынастар және демократия принциптері одан әрі дамып, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын мойындауға тура келді. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтері едәуір шектеліп, меншік жекешелене түсті. Бұның бәрі неоконсерватизмге күш беріп өркениетті елдердегі орта таптың идеологиясына айналды. Неоконсервативтіктерконсервативтіктермен салыстырғанда дәстүр ұстанымынан бостандыққа ұмтылуға шақырып, қоғам өміріндегі әртүрлілік нәтижелі бағыт деп есептейді. Неоконсерватизм идеологиясының негізгі мақсаты – саяси, экономикалық, рухани реформаларға жол ашу, сол арқылы қоғамның дамуына әсер ету. Неоконсерватизм идеологиясын дамытуға көптеген ғалымдар мен саяси қайраткерлер қатысты. ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында неоконсервативтік идеяларды ұстанған Германия канцлері Отто фон Бисмарк, Ұлыбритания премьер-министрі Ллойд Джордж болатын. ХХ ғасырдағы бұл идеологияның жүзеге асырылуына зор үлес қосқандар белгілі саясатшы Збигнев Бжезински, АҚШ президенті Рональд Рейган, Англияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчер, Германияның бұрынғы канцлері Гельмут Коль және т.б. Консерватизм мен неоконсерватизмнің идеология ретіндегі маңызды нәтижесі — Англиядағы, АҚШ-тағы және Германиядағы консервативтік партия өкілдерінің мемлекеттік билік басына келуі болатын. Келесі саяси идеология – марксизм идеологиясы.
12 дәрістің тақырыбына арналған АРМ(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:
|