Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


З-өзін бақылау сұрақтары




1. Желілерді байланыстыруды ұйымдастырудың негізгі жолдары?

2. DNS (Domain Name System) домендік аттар жүйесі?

  1. Браузер құрылымы қандай?
  2. Клиенттер қандай түрлерге бөлінеді?
  3. Міндетті клиенттер деген не?
  4. Міндеттісіз клиенттер деген не?
  5. Браузерлердің кейбір қасиеттерін атаңыз.

Негізгі әдебиет: 8 нег [63-77], 9 нег [23-133]

Қосымша әдебиет: 1 қос [84-106 ], 2 қос [4-7 ]

Тақырып.

Клиент және сервер жақтарында орындалатын технологиялар. Сервер ортасының айнымалысы. CGI технологиясы, сұраныс және жауап тақырыпшалары.PHP даму тарихы және қолдану мүмкіндіктері (1-сағат).

Жоспар:

1. Клиент-машинада орындалатын бағдарламалар.

2. Серверде орындалатын бағдарламалар.

3. Қанық интернет қосымшалар.

4. CGI скриптері және қолданылуы.

5. РНРбастапқы версиялары.

6. РНР мүмкіндіктері

Дәріс мақсаты– РНР тілінің тарихы мен бастапқы версияларымен таныстыру, сонымен қатар РНР дің ең негізгі мүмкіндіктері мен артықшылықтарымен таныстыру.Клиенттік және серверлік қосымшалар, құжаттың объектілік моделі түсініктерімен танысу.

 

Ереже бойынша, Веб-қосымшалар – клиент ретінде браузер ал сервер ретінде веб-сервер болатын қосымшалар. Клиентсіз және серверсіз ешқандай НТТР-алмасу мүмкін емес. Бірақ клиент пен серверден бөлек веб-сеанста веб-бағдарламалаудың объектсісі болып табылатын басқа да бағдарламалар қатыса алады.

Веб-қосымшаның нәтижесі болып браузер терезесінде көрсетілетін веб-беттер табылады. Сонымен қатар веб-қосымшаның өзі клиенттің компьютерінде де сервердің компьютерінде де орындала алады. Екі схеманы қарастырып көрейік.

Клиент-машинада орындалатын бағдарламалар

Клиент-машинада орындалуға арналған бағдарламалар типінің бірі болып сценарийлер болады, мысалы, JavaScript (VBScript). Сценарийдің негізгі мәтіні веб-беттің бір бөлігі болады, сондықтан JavaScript сценарийі клиентке өзі кіретін документпен қоса беріледі. HTML-құжатты өңдей отырып, браузер сценарийдің негізгі мәтінін тауып оны орындауға жібереді.

Серверден клиент-машинаға берілетін және орындалатын барлық бағдарламаларға бір ортақ талап қойылады: бұл бағдарламалардың өздері орындалатын компьютердің ресурстарына қатынау мүмкіншілігі болмау керек. Бұндай талап толығымен негізделген. Өйткені Java-апплеттердің және JavaScript-сценарийлердің желі арқылы берілуі және орындалуы қолданушының араласуынсыз автоматты түрде орындалады, сондықтан бұл бағдарламалардың жұмысы компьютер үшін мүлдем қауіпсіз болуы керек. Басқа сөзбен айтқанда, клиент-машинада орындалатын, бағдарламаларды жасауға арналған тілдер вирустар жазуға немесе басқа да бағдарламалар жазуға жарамсыз болуы керек.

Серверде орындалатын бағдарламалар

Серверде жұмыс істейтін бағдарламаның коды клиентке берілмейді. Клиенттен арнайы сұраныс алған кезде сервер оны орындауға жіберіп сұраныстың құрамына кіретін параметрлерді жібереді. Бұндай сұраныстарды генерециялауға арналған құралдар әдетте HTML-құжаттың құрамына кіреді.

Бағдарлама өзінің жұмысының нәтижелерін HTML-құжат түрінде дайындап оны веб-серверге береді, ал соңғысы өз кезегінде алынған мәліметтерді HTTP-тақырыппен толықтырып оны клиентке береді.

 

Бағдарламаны орындау және параметрлерді беру

 

 

Сурет 5.1. Клиенттің серверде орындалатын бағдарламамен өзара әрекеті

РНР тілі практикалық есептерді шешу мақсатында жасалған құрал ретінде пайдаланды. Оның құрастырушысы Расмус Лердорф,алғашында өз сайтында, оның online резюмелерiн қанша адам оқып отыратын бiлгiсi келдi, сол мақсатта қарапайым CGI – қабықты (оболочка) Perl, яғни Perl скриптінінен құралған қабықты жазады және оның ең басты мақсаты – сайтқа кіріп шығуды санайтын статистиканы жүргізу болды.

Анықтама үшін CGI (Common Gateway Interface – шлюздердің жалпы интерфейсі) НТТР протокол негізінде жұмыс істейтін серверлік қосымшаларды құрастыруға арналған стандарт болып табылады. Мұндай қосымшаларды (оларды шлюздер немесе CGIпрограммасы деп атайды) нақты уақыт тәртiбiнде серверлермен iске қосылады. Сервер CGIнiң қолданушысының сұрау салуларын алып бередi,ал олар қолданушыға өз жұмысының нәтижесiн экранға қайтарып береді.Осылайша, пайдаланушы динамикалық ақпаратты ала алады және ол әр түрлә факторлардың әсерінен өзгеріп тұруы мүмкін. Ао шлюз (скрипт CGI ) программалау тілдерінің кез келгенінде жазылуы мүмкін – Cи/C++, Fortran, Perl, TCL, UNIX Shell, Visual Basic, Python және т.б.

Біраз уақыт өте, қабықшаның өнімділігі төмен болғандықтан, оны қайтадан енді, Си тілінде толықтырып, жазуға тура келдi. Осыдан кейін түпнұсқалар көпшіліктің назарына қателер мен қосымшаның түзетуi үшiн берілді. PHP орналасқан сайттағы сервердің пайдаланушыларына бұл өосымша инструмент ретінде қызықты болды және онымен жұмыс келген пайдаланушылар аз болған жоқ. Осылайша, РНР жекеленген проект ретінде 1995 жылы пайда болып, ең алғашқы версиясы Personal Home Page Tools (жеке беттермен жұмыс істеуге арналған құралдар) деген атпен жарияланады . Бұл бірнеше командаларды түсінетін кодтық анализатор, және утилиталардың жиынтығынан құралған (олар қонақ кітабын, статистиканы бақылайтын счетчиктер, чат және т.б. жасауға арналған).

1995 жылдың ортасына таман жағартылған РНР тілінің екінші версиясы шығады, оның аты PHP/FI(Personal Home Page / Forms Interpreter – персоналды веб бет/форманың интерпретаторы). Бұл қазіргі кездегі қолданып жүрген РНР дің базалық мүмкіндіктерді қосқан, сонымен бірге html-формаларды және html-кодтарға құрастырылу мүмкіндіктері пайда болды. Бұл РНР версиясы Perl синтаксисіне қатты ұқсады,бірақ біраз жеңілдірек болды.

1997 жылы РНР дің Си реализациясындағы PHP/FI 2.0 екінші версиясы жарық көреді. Бұл уақытта РНР тілін бірнеше мың адам қолданып жүрген, 50 мыңға жуық домені бар, ал бұл Internet домендерінің 1% құраған. РНР құрасытырушылардың саны бірнеше адамға дейін өсті, бірақ сонда да бұл бір адамның үлкен проектісі ретінде әлі де қала берді. PHP/FI 2.0 версиясы ресми түрде 1997 жылдың қараша айында жарық көрді, ал оның алдында тек бета версиясы ретінде ғана жарық көрген. Кейінірек оны РНР 3.0. альфа версиясымен ауыстырды.

РНР 3.0 версиясы, бүгінгі таңдағы қолданылып жүрген РНР версиясына келеді. Оның PHP/FI 2.0 версиясынан айырмашылығы өте зор болған және ол белгілі бір қолданбалы есептерді шығара алатын қрал ретінде пайлануға болды. Оның құрастырушылары Энди Гутманс (Andi Gutmans) және Зив Сураски (Zeev Suraski) болды, олар 1997 жылы PHP/FI 2.0 кодын жаңадан жазды. Бұл версияның басты ерекшелігі, оның ядросынының кеңейтілу мүмкіндігі. Осы кеңейтілу мүмкіндігі көптеген құрастырушылардың назарын аударды, себебі олар енді бұл ядро негізінде өздерінің модульдерін жаза алды. Сонымен бұл версиясы мәліметтер қорымен,әртүрлі протоколдармен жұмыс істеуге мүмкіндік берді. РНР 3.0 версиясының жарықкөруімен бірге оның аты да өзгерді, енді ол рекурсивті акроним ретінде жазылды, яғни РНР: Hypertext Preprocessor , бұл дегеніміз РНР: гипертексттік препроцессор деп аударылды.»

Ресми PHP 3.0 1998 жылдың маусымында шықты, 9 ай ашық тестілеуден кейiн. ЭндиГутманс және Зив Сураски бірігіп, қысқа таман PHP ядросының өңдеулерiн бастады. Олардың жоспарына қосымшалардың жұмыс өнiмдiлiгiн арттыру және PHPның негiзгі кодтың модулдерін жақсарту болды. 1999 жылы PHP 4.0 өнделіп шығарылады. Қазір РНР веб беттерімен жұмыс жасайтын программистердің көбісі осы тілді пайдалануда, қазіргі таңда бұл тілде миллиондаған сайттар жазылған, ал бұл Интерент желісіндегі 30% домендер санын құрайды.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-03; просмотров: 135; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты