![]() КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
OSI моделінің жалпы сипаттамасы20 – ғасырдың 80 жыл басында OSI, ITU-T және басқа да стандартизациясы бойынша халықаралық ұйымдар желінің дамуында үлкен рөл атқарған модель өңдеп шығарды. Бұл модель ISO/OSI моделі деп аталды. Ашық жүйелердің әрекеттесу моделі (Open System Interconnection, OSI) желідегі жүйелердің әрекеттесуінің әртүрлі деңгейін пакеттер (дестелер) коммутациясымен анықтайды, оларға стандартты атау береді және әрбір деңгей қандай функцияны орындайтынын көрсетеді. OSI моделінде әрекеттесу құралдары 7деңгейге бөлінеді: қолданбалы, ұсыну, сеанстық, транспорттық, желілік, арналық және физикалық. Әрбір деңгей желілік құрылғылардың әрекеттесуінің белгілі аспектісімен жұмыс жасайды.
7.9- сурет. ISO/OSI ашық жүйелерінің өзара байланыс моделі
OSI моделі аппараттық құрылғы, жүйелік утилита, операциялық жүйемен іске асырылатын әрекеттесудің жүйелік құралдарын сипаттайды. Модель соңғы қолданушылардың қосымшаларының әрекеттесу құралдарын санамайды. Қосымшалардың әрекеттесуінің өзіндік хаттамалары жүйелік құралдарға қатынау арқылы жүзеге асырады. Сондықтан қосымшалардың әрекеттесу деңгейі мен қолдабалы деңгейін айыра білу қажет. Сонымен қатар, қосымша OSI моделінің кейбір жоғарғы деңгейінің функцияларын орындай алатындығын есекеру қажет. Мысалы, кейбір мәліметтер базасын басқару жүйесінде (МББЖ) файлдарға қашықтан қолжеткізудің ендірілген құралы бар. Бұл жағдайда қосымша қашықтағы қорларға қол жеткізуді орындай отырып, жүйелік файлдық қызметті пайдаланбайды; ол OSI моделінің жоғарғы деңгейлерін айналады және OSI моделінің төменгі деңгейінде орналасқан ақпараттың желі арқылы транспортировкасына жауапты жүйелік құралдарға тікелей қатынайды.
|