КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ЛЕУМЕТТІК МОБИЛЬДІК, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІҚоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады, соған байланысты әлеуметтік мобильдік деген құбылыстың түсінігі пайда болды. Оны ғылыми жағынан негіздеп, «әлеуметтік мобильдік» теориясының авторы П. Сорокин терең зерттеді. «Әлеуметтік мобильдік» деп, қоғамдағы жекелеген индивидрет мен адамдар тобының бір әлеуметті жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз. Әлеуметтңк мобильдіктің екі типі болады, олар: 1) вертикалды, яғни тік сызықтың бойымен болатын және; 2) горизонталды, немесе көлденең сызық бойындағы мобильдіктер. Веритикальды мобильдік – индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кеу бағытында болады. Жоғары өрлеу бағытындағы мобильдікке адамның қызметінің жоғарлауы (кәсіби вертикалдық мобильдік), әл-ауқатының, тұрмыс-жағдайының жақсаруы (экономикалық вертикалды мобильдік) жатады. Адамның вертикальды төмен бағыттағы құлдырауы да өмірде жиі кездесетін мобильдіктің түрі. Әсіресе, қазіргі біздің елдің жағдайында мобильдіктің бұл түрі қоғамда жиі орын алып отырған құбылыс. Э. Гидденс мобильдіктің бұл типіне жан-жақты талдау жасаған. Британ қоғамындағы төмен құлдырау мобильдігінің себептерін адамның психологиялық күйзеліске ұшырауынан (мысалы, жақын адамынан айырылу, сәтсіздіктерге ұшырау, т.б.) және соған байланысты индивидтің өзінің бұрыңғы статустық дәрежесінен айырылуынан деп түсіндіреді. Мобильдіктің бұл түріне индивидтің жұмысынан айырылуы да жатады. Жоғары бағытта өрлеу мен төмен түсудің арасында белгілі бір ассиметрикалық (яғни, бөліктердің бір-біріне сай келмеуі) байланыстар болады: әрбір адам қызметте (лауазымда) көтеріліп, жоғарылауға тырысады, керісінше ешқандай адм қызметінің төмендеуін қаламайды. Басқаша айтқанда, жоғарлау – ерікті құбылыс, ал, төмен түсу – еріксіз құбылыс болып саналады. Горизантальды мобильдікте – индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Мысалы, кәсіпорындағы жоспарлау бөлімінің экономисі бухгалтерлік есеп бөліміне экономистік қызметке тағайындалса, онда оның статусында айтарлықтай өзгеріс болмайды. Сол сияқты көлденең бағыттағы мобилдіктің мысалына индивидтің бір азаматтықтан екінші бір азаматыққа ауысуы; ерлі-зайыпты адамдар айырылқан жағдайда ерінің немесе әйелінің екінші бір отбасымен қосылуы; бір діннен екінші бір дінге өту, т.б. жатады. Бұл аталған жағдайлардың бәрнде де индивидтің статустық деңгейінде ешбір өзгеріс болмайды. Көлденең мобильдікке географиялық мобильдік те жатады. Бұл индивидтің әлеуметтік жағдайында ешқандай өзгеріс әкелмейді, ол тек қана бұрыңғы жағдайды сақтай отырып, бір жерден екінші жерге қоныс аударуды білдіреді. Мысалы, оған ауыл-селодан қалаға және керісінше қоныс аудуруды жатқызуға болады. Мобилдіктің ұрпақтар арасында және ұрпақ ішіндегі мобильдіктер деген де түрлері бар. Ұрпақтар арасындағы мобильдікте балалар өздерінің әке-шешелерінің әлеуметтік жағдайымен салыстырғанда не жоғары сатыда немесе төменгі сатыда болулары мүмкін. Мысалы, шахтердің баласы инженер болуы ықтимал. Ұрпақтар ішіндегі мобильдікте индивид өз өмірінде вертикальды өрлеу немесе төмен түсуге байланысты бірнеше әлеуметтік жағдайда болуы мүмкін. Жоғары өрлеу-әлеуметтік мансапқа жету болып есептеледі. Мысалы, индивид өз өмірінде токарь, инжинер, одан кейін цех бастығы, сонан соң заводтың директоры немесе машина жасау саласында министр болуы мүмкін. Әлеуметтік мобильдіктің бірінші түрі,яғни ұрпақтар арасындағы мобильдік ұзақ мерзімдік процеске, ал, екінші түрі, яғни ұрпақтардың іштей мобильдігі – қысқа мерзімді процеске жатады. әлеуметтік мобильдіктің бірінші түрінде әлеуметтанушылардың зерттеуіне таптар арасындағы мобильдік, ал, екіншісінде – дене еңбегінен ой еңбегіне ауысу себептері жатады. Сонымен, индивидтің немесе әлеуметтік топтың кез-келген қоғамда бір әлеуметтік жағдайға ауысуыболып отырады. Бұл ауысулар кешенді түрде, бірнеше өлшемдер тұрғысынан, яғни экономикалық, саяси, білім, мәдени, т.б. өлшемдер тұрғысынан болатын сапалық өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. Кейде әлеуметтік жағдайдың өзгеруі бір ғана өлшемнен шектелуі мүмкін. Индивид бір статустық топтан екінші бір топқа өтеді. Айталық, жоғары білім алған адамның айлығы жоғары төленетін қызметке тұруы, оның өмір деңгейі мен өмір салтының өзгеруіне ықпал етеді. Оның сонымен қатар мінез-құлқы, қоршаған ортасы да өзгереді. Сол сияқты ол жоғары топтың адамыме некеге тұруға тырысады. әлеуметтік мобильдікті басқа да критерийлерге байланысты жіктеуге болады. Мәселен, оның топтық және жеке мобильдік деген де түрлері бар. Жек мобильдік туралы біз жоғарыда түсндіріп кеттік. Бұл жеке индивидтің әлеуметтік саты бойымен жоғары өрлеуі немесе керісінше төмен қарай құлдырауы. Топтық мобильдік тұтас таптың, топтың, сословиенің әлеуметтік статусының жоғарылауымен немесе төмендеуімен түсіндіріледі. П.А. Сорокиннің пікірі бойынше, топтық мобильдіктің факторларына әлеуметтік революциялар; шетел интервенциясы мен шапқыншылықтар; мемлекетаралық соғыстар; азамат соғыстары;әскери төңкерістер мен саяси режимдандің ауысуы; шаруалар көтерілісі; ақсүйектік тектердің арасындағы күрестер; империяны құру жатады. Топтық мобильдік әлеуметтік революциялар нәтижесінде жоғары қарқынмен жүреді. Мәселен, Ресейдегі Қазан төңкерісі большевиктер партиясының бұрын болмаған беделін көтеріп, қоғамға мойындатты. Сонымен қатар еңбекші таптан шыққан адамдардың білім алуға, ғылыммен айналысуға, билікке қол жеткізулеріне кең мүмкіндіктер ашылды. Сөйтіп халытық интеллигенция қалыптаса бастады. Мұнымен қатар жаңа өкімет буржуазиялық интеллигенцияға қарсы шабуылын бастады, оларды қуғындап, тіпті жоюға дейін барды. Осы процестердің нәтижесінде Ресейде әлеуметтік мобильдіктің деңгейі жоғарылай түсті. Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік мобильдіктің негізгі типтермен бірге оның ұйымдасқан мобильдік түрі де болады. Мұнда топтардың жоғары, төмен, көлденең бағыттағы мобильдігі мемлекеттің тікелей араласуымен жүзеге асырылады. Мұндай жағдайлар адамдардың келісімі бойынша және олардың келісімінсіз де болуы мімкін. Мысалы, ұйымдасқан әлеуметтік мобильдіктің еркін түріне КСРО-да қоғамдық пікірдің үндеуімен тың жерлерге жастардың келуі; ұйымдасқан әлеуметтік мобильдіктің еріксіз түріне орта шаруаларды тәркілеу; сол сияқты ұлы Отан соғысы жылдарында ингуш, шешендер, татарларды, т.б. туып өскен жерлерінен басқа жаққа күштеп қоныс аударту жатады. Топтық мобильдік халық шаруашылығының құрылымдық өзгеруіне байланысты қайта құрулардың нәтижесінде де болады. Ал, бұл жеке адамның еркіне байланысты емес. Мвсалы, халық шарушылығының кейбір салаларының қысқаруы, кейбір мамандықтың жойылуы халықтың үлкен топтарын ауыстыруға, басқаша орналастыруға мәжбүр етеді. Мысалы, 50-70-жылдары бұрыңғы Кеңес Одағында көптеген ауыл-село қысқартылып, оларды іріктендіру процесі болды. Сол сияқты экономикалық дағдарыстар қоғамдағы халықтың басым көпшілігінің әл-ауқатының төмедеуіне, жұмыссыздар санының ратуына әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда топтық әлеуметтік мобильдіктің вертикалды төмен құлдырау бағытында болуы жиі байқалады. Сонымен, топтың мобильдігі қоғамда орын алатын революциялық, дағдарыстық, қайта құру кезеңдеріне тән сипатты белгі. Ал, дамуы бір қалыпты, тұрақты қоғамдарда жеке мобильдіктің үлес салмағы жоғары, ол қоғамдарда топтық мобильдіктер өте сирек кездеседі. Әлеуметтік мобильдік құбылысының екі өлшемі бар. Олар – мобильдіктің жылдамдығы және көлемі. Әлеуметтік мобильдіктің жылдамдығы белгілі бір уақыт аралығындағы тік бағыттағы әлеуметтік дистанцияның (сатылар саны) немесе жеке индивидтің осы бағытта жоғары өрлеуі немесе төмендеуіндегі экономикалық, саяси, кәсіби страталардың санымен өлшенеді. Мәселен, біреулер қысқа мерзімде жоғары статусқа ие болса, екінші біреулердің ондай дәрежеге көтерілуі үшін бірнеше сатылардан өтуі және бұл процестің ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Мысалы, кеңестер Одағында қарапайым адамның жоғары саяси элита қатарына өтуі үшін ұзақ уақыт және көптеген әлеуметтік сатылардан өтуі керек болған. Яғни, қарапайым қызметкер комсомол ұйымында, бастауыш партия ұйымдарында, аудан, қала, облыс көлемінде басшылық қызметтеде жоғары беделге ие болған соң ғана жоғары саяси элитаға мүмкіндік алған. Ал, мобильдіктің көлемі немесе қарқыны белгілі бір уақыт аралығындағы өздерінің әлеуметтік статустарын өзгерткен индивидтердің санымен өлшенеді. Бұл сан абсолюттік болады да, оның қоғам халқының жалпы санына қатынасы салыстырмалы көлемді пайызрақылы көрсетіледі. Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде халықтың үштен екі бөлігі мобильді болып келеді және ол қоғамдарда жеке вертикалды өрлеу бағытындағы мобильдіктің көлемі жоғары. Әлеуметтік мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны неге байланысты? деген сұрауға ғалымдар: біріншіден, ол жеке тұлғаның сапалы қасиеттеріне байланысты деп жауап береді. Шын мәнісінде, өзінің кәсіби деңгейін, әлеуметтік экономикалық жағдайын өзгертіп, жоғары статусқа ие болуы үшін әрбір индивидтің қажымай –талмай еңбек етуі, әрдайым жоғары ұмтылуы қажет. Екіншіден, жеке адамның тік өрлеу бағытында бір әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға ауысуына қоғамның жалпы даму дәрежесі, ондағы мүмкіндіктер ықпал етеді. Қуатты экономикасы мен демократиялық саяси жүйесі бар елдерде кең мүмкіндіктер бар. Ол елдерде мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны да жоғары. Американ әлеуметтанушылары П. Балу мен О. Дункан дамыған елдердегі әлеуметтік қарқынын зерттеу нәтижесінде АҚШ-да тік жоғары бағыттағы мобильдік басым деген қорытындыға келген. Батыс ғалымдары постиндустриалдық қоғамдарда «төменгі» және «жоғары таптардың» үлес салмағына қарағанда «орта таптың» үлес салмағының өсіп отырғындығын айтады. Мәселен, С. Липсет АҚШ-тың әлеуметтік таптың құрылымын бүйірі шығыңқы ромб бейнесінде көрсетуге болады дейді. Ескерте кететін бір жағдай, вертикальды мобильдіктің абсолютті түрдегі еркіндігі болмайды, яғни бұл тек жеке адамның өз еркіне ғана байланысты құбылыс емес. П.А. Сорокиннің сөзімен түсіндірсек: “Егер мобильдік абсолютті түрде әркімнің еркіне байланысты құбылыс болса, онда қоғамда әлеуметтік страталар да болмас еді . Олай болса барлық қоғам страталарға жіктеледі. Қоғам өзінше бір “елеуіш”тәрізді, яғни онда индивидтер мен тптарды белгілі бір өлшемдерге байланысты іріктеп, жіктеу бар. Соның нәтижесінде біреулер әлеуметтік сатымен жоғары көтеріледі, ал, екінші біреулер төменгі сатылардан орын алады”.
3.ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯ МЕН МОБИЛЬДІК Қазіргі нарықтық экономика жағдайында қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік, тәуелчіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, ауан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейрамханалардың, т.б. жеке меншік иелері. Тіпті бұдан басқа да өзгерістер бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес дәуіріндегі таптар мен әлеуметтік топтардың өздері де біршама өзгеріп кетті. Қоғадағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысы, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел-жұрттың миграция мәселелері мен үдерістері де ерекше болып отыр. Жалпы алғанда, негізінде табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәлеті орташа, кедей адамдарпайда болды. Қоғам қоғам мүшелерінің бұлайша жіктелуіне меншік формасының өзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті. Осы жағдайларды ескере отырып, қазақстандағы әлеуметтік иерархияны ұшбұрыш ретіе бейнелеуге болады.
Көпшілікке мәлім, нарықтық экономика меншіктің алуан түрлігігін қажет етеді. Ал,осы жағдай Қазақстанның әлеуметтік құрылымына зор әсер етті, өйткені меншік нысананың алуан түрлілігі жалпы экономиканың одан әрі бөлшектелуін күшейтті, яғни қоғамдық меншікті жекешелендіру процесі басталды. Осыларға сәйкес меншіктің жаңа типтері қалыптасуда. Олар: жек, корпоративтік, акционерлік, ұжымдық, жартылай жеке, жартылай мемлекеттік, т.б. Орта, кішігірім мекемелерге, сауда үйлеріне, мейрамханаларға, дүкендерге, әр түрлі акционерлік қоғамдарға қожалық ететін иелер пайда болды. Республикада меншік иелері табы әлі қалыптасу үстінде болғандықтан, оның көлемін санмен көрсету әзірге қиын. Сонымен, Қазақстан ірі орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын бизнесмендер тобы қалыптасып келеді. Кәсіпкерлік – бұл заңды әлеуметтік-экрнрмикалық құбылыс. Кәсіпкерлік немесе бизнес қоғамның ілгерлеп дамуына елеулі ықпалын тигізеді. Сондықтан еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік тұрақтануында ірі, ортажәне шағын бизнестің рөлі зор. Академик К.А. Сағадиевтің пікірі бойынша, Қазақстан Республикасындағы бизнесмендерді 4 топқа жіктеуге болады. 1- топқа: номенклатуралық бизнес жатады, яғни бизнесмендердің бұл тобы өздерінің жоғары билікпен байланыстарын пайдаланып, мемлекеттік, несиелер алудың арқасында байлыққа, меншікке ие болған; 2- топқа табиғатынан бизнеске жақын адамдар жатады. Олардың бизнес өздерінің жинақтаған қорларының және сауда-саттықпен айналысуындағы тәжірибелердің негізінде қалыптасқан; 3-топқа кәсіби бизнестің өкілдері жатады. Бұлар өз күштерімен бастапқы кезден бастап қажымай-талмай еңбектену нәтижесінде қалыптасқан бизнесті негізгі кәсіпке айналдырған адамдар; 4-топқа жаппай бизнес жатады. Бұл топтағы адамдар қолда бар кез келген мүмкіндікті бизнес жасауға пайдаланады. Бұл топтағы адмдардың капиталының болмауы бизнесте көптеген қиындықтарды тудырып отыр. Соған байланысты олардың табыстарының өлемі де айтарлықтай емес. Республика меншік иелері табынан басқа да таптар мен әлеуметтік топтар бар. Жалпы алғанда, қазіргі Қазақстан қоғамында бір таптың, топтың, жіктің екінші бір тапқа, топқа, жікке ауысуы жиі болып отыр. Әрине, мұндай ауысу процесі Кеңес Одағы кезінде де болған. Біздің Қазақстан елінде бұл құбылыстың тік және көлденең сызықтары арқылы даму түрлері біршама айтарлықтай болып отыр. Бұларға қосымша әрбір таптың, топтың іштей бір-біріне өту, ауысу жиі кездеседі. Мысалы, республикада бұдан 4-5 жыл бұрын орташа табысы бар немесе кедей адамдар қазіргі уақытта бай коммерсанттарға, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, банкирлерге айналды, көбі өз алдына мекме, мейменхана, дүкендердің, т.б. қожайындары болды. Бірақ, бұлардың кейбіреулері қайтадан кедйшілікке ұшырап, қарыздар болып, төмен түсті. Өмірде мұндай жоғары көтерілу немесе төмен түсіп кету жиі болып тұрады. Мұндай құбылыстардың болып тұруы республика экономикасының тұрақсыздығынан болады. Әлеуметтік мобильдік басқа да көрсеткіштерде кездеседі. Мысалы, жұмысшы немесе кеңсе қызметкері өздерінің мамандығының өсуіне және жаңа мамандық алуына байланысты екінші бір жоғары топқа өтуге тырысады. Қазақстанда бір әлеуметтік жағдайдан вертикальды жоғары бағытта екінші әлеуметтік жағдайға ауысу қарқыны төмен. Өйткені біздің өндіріс орындарымыз дағдарыста, олардың көпшілігі көптеген жағдайларға байланысты жұмыс істемей, тоқтап тұр. Осылардың нәтижесінде жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс орындарынан, мамандықтарынан, т.б. айырылып отыр. Әлеуметтік мобильдік өкімет мекемелерінде де орын алады. Бұлар саясаттың өзгеруіне, парламенттің, үкіметтің, жергілікті басқару ұйымдарының жиі ауысуына, саяси реформалар мен басқарудың жаңа оңтайлы түрлерін іздестірумен, т.б. тікелей байланысты. Соның нәтижесінде біреулер бүгін министр немесе депутат болса, ертең жәй қызмет атқаруға мәжбүр болады немесе жұмыссыздар қатарына қосылады. Бұл процесс дамыған Еуропа елдерінде 2-5%-дан артпайды. Ал, ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда бұлар 15-25 %-ға дейін көтерілген. Қалалардағы тұрмыстық қызмет көрсету саласында жұмыс, қызмет істеушілердің саны көбеюде. Кейбір дамыған елдерде бұл салада 50%-дан астам жұмысқа қабілеті бар адамдар істейді. Бұл құбылыстың да алуан түрлі себептері бар. Олардың бастылары: көптеген өндіріс орындары ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін, әсіресе, автоматтандыру, кибернетиканы кеңінен қолданып, уөптеген жұмыс қолын өндірістен босатты, олар жұмыссыз қалды. Сондықтан олар тұрмыстық, қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүр. Меніңше, ХХІ ғасырда дүние жүзіндегі халықтың басым көпшілігі осы салада жұмыс істеуге мәжбүр болатын түрі бар. Қазақстанда да халықты осы салада жұмыс істеуге ықпал ететін кейбір жағдайлар төбе көрсете бастады. Әрине, біздің елде де тұрмыстық қызмет көрсететін мекемелердің (қонақ үйі, ресторан, дүкен, сән, сауда үйлері, денсаулық сақтау кешендері, казино, туризм, санаторий, т.б.) көлемі ұдайы өсуде. Дүние жүзінің дамыған елдерінде белгілі бір пайыздағы адамдардың жұмыссыздығы әдетте, жай құбылыс ретінде қаралады. Мысалы, көптеген елдерде жұмыссыздықтың көлемі 2-5% болады. Дамыған елдерде мұндай көрсеткіштер әдеттегі заңды құбылыс ретінде саналады. Бұрынғы Кеңес Одағы уақытында елде ешқандай жұмыссыздық жоқ деп жарияланды, мұны ашып айтуға тиым салынды. Бұрынғы одақтас республикалар өз алдында егемендік, тәуелсіздік алғаны мәлім. Олар өз бетінше өндірісті ұйымдаастырып дамытты. Көптеген өндіріс орындары экономикалық тұрғыда тиімсізболып жабылып қалды. өндірісте істейтін адамдардың көпшілігі жұмыссыз қалып, басқа салалардан жұмыс тауып алуға мәжбүр болды. Жұмыссыз адамдардың кейбіреулері жұмыс тауып алды, кейбіреулері жұмыс тауып алды, кейбіреулері кәсіпкер, бизнесмен, жалға беруші, жеке меншіктегі кәсіпорындарда, шаруашлықтарда жұмыс істей бастады, ал, жұмыссыздардың басқа бір көпшілік бөлігі, әсіресе, жастар, әйелдер, мамандандырылмаған немесе жартылай мамандандырылған жұмысшылар, олармен қатар қызметкерлер мен интеллигенция өкілдері жұмыс таба алмай қалды. Жалпы республиканың әр түрлі шаруашылық салаларында жұмыссыздық күн сайын өсу үстінде болды. 1997-1998-жылдары жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің кейбір деректеріне сүйенсек, республика бойынша жұмыссыздықтың ең үлкен пайызы оңтүстік аймақта болып отыр, бірақ, мұнда екінші бір фактор ескерілмеген. Бұл аймақтың ауыл шаруашылығанда көп адамдар өздерінің жеке меншік шаруашылығында жұмыс істейді, ал, мұны статистика мекемелері жұмыссыздық ретінде көрсетеді. Керісінше, қала мен ауыл-селодағылардың көпшілігі жұмыс орнын жоғалтса да жұмыссыздардың қатарына енгізілмеген. Кейбір адамдар уақытша жұмыс істемейді. Бұл да есепке алынбаған. Қоғамның әлеуметтік құрылымында әлеуметтік қорғауды ерекше тілейтіндер – зейнеткерлер,бұларға қоғам және үкімет тарапынан үлкен қамқорлық, көмек көрсету қажет.
|