КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
АЛА МЕН СЕЛО - ӘЛЕУМЕТТІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ НЕГІЗГІ БІРЛІК.
Жоғарыда көрсетілгендей, негізгі әлеуметтік-территориялық бірліектерге қала, ауыл-село, аймақ және оларда орналасқан халықтар жатады. Екінші жағынан қаланың, ауыл-селоның тұрғындары ауданның, облыстың аймақтық-әкімшіліктерін құрайды. Сөйтіп олар өздерінің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін қалыптастырады. Қала – бұл адамдарды бір территорияда шоғырландырып (концентрация) орналастыру түрі, қаладағы адамдар ауыл шаруашылығына тән еңбек түрлерімен айналыспайды. Қала адамдары алуан түрлі еңбек және өндірістен тыс іс-қызметтерімен айналысады. Қала адамдарды әлеуметтік және мамандық жағынан әр түрлі болады және өздерінің ерекше қалалық өмір салты болады. Қаланың көптеген түрлері болады, олардың негізінде әкімшілдік атқару қызметі жатыр. Ал, бұл әкімшілдік атқару қызметі сауда және өндіріспен, мәдениетпен, ғылыммен және демалыс, дінмен тығызбайланысты. Қалалардың даму, өсу процесін қала өмір салтының жетілуін урбанизация деп атайды. Кейінгі деректерге қарағанда КСРО тұсында қалалар қарқынды өскен. Мысалы, Ресейде қалалар 80%, Украина мен Беларуссияда – 70%, ал, Қазақстанда – 60% өскен. КСРО тұсында қалалардың күрт қаулап өсуінің себептері бар. Басты себебі, орсы тілді халықтардың миграциясына, яғни көшіп-қонуына байланысты. Ал, мұның өзі жаңадан іске қосылған өндіріс ошақтарының және құрылыс мекемелерінің жұмыстарын жандандырды. Қалаларды жан-жақты зерттеу ХХ ғасырдың 60- жылдары ғана басталды. Мұның өзі қалалардың тез дамуымен байлансты болды. Осы уақытта объективтік қажеттілкпен қалаларды әлеуметтік тұрғыдан зерттейтін арнаулы теория пайда болды. Ол қала әлеуметтануы деп аталды. Қала әлеуметтануы қалалардың шығу, пайдаболу заңдылықтарын, белгілі бір жүйе ретінде олардың атқаратын қызметін, қоғам дамуында алатын орнын, дамуын, әлеуметтің – кеңестіктегі қоғамның ұйымы, адам бірлігін тарихи тұрақты бірлігі ретінде зерттейтін болды. Қала әлеуметтануы қалаларда әлеуметтік-территоиялық бірлік болып қалыптасуында әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-кәсіби құрылымына, әсіресе, ондағы әлеуметтік институттардың (ұйым, мекемелердің) қызметінің ерекшелігіне, қалалық өмір салты, қала мәдениетіне, қаладағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау салаларына аса үлкен назар аударады. Қала әлеуметтануы бұлар мен ғана шектеліп қалмайды. Оның қамтылмаған басқа да мәселелері бар, олар: қала әлеуметтану теориясын жетілдіріп зерттеу, урбанизацияның әлеуметтік заңдылықтарын ашу, әлеуметтік инфрақұрылымының даму жүйесінің көрсеткіштерін талдау, т.б. Ауыл-село – бұл қаламен салыстырғанда адамдардың әлеуметтік тұрғыдан бытыраңқы орналасқан бірлігінің формасы. Мұнда адам тек қана ауыл шаруашылығына тән еңбегімен айналысады. Қала мен салыстырғанда ауыл-селода жұмыс түрлері, іс-қызметтер бірыңғай болады. Әлеуметтік және кәсіпкерлік іс пен еіьек біржақты болады, ауыл-селоның өзіне тән тұрмыс-салты (психологиясы) бар. Қала тұрғындары мен салыстырғанда тұрмыс жағдайы, әл-ауқаты біршама төмен, әсіресе, қазіргі кезінде тіпті төмендеп кетті. Осылардың салдарынан ауыл-село тұрғыдары азаюда. Бұлардың көбі күнкөріс қамымен қалаларға барып қоныстануда. Ауыл-село, адамдарының әлеуметтік-территориялық бірлігін, оның шығу, пайда болуын, атқаратын қызметін, басқа бірліктерімен байланысын, қатынасын, дамуын зерттейтін жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясын ауыл-село - әлеуметтануы деп атайды. Ауыл-селоны зерттей патшалық Ресей тұсында да болды, бірақ жан-жақты терең зерттеулер тек ХХ ғасырдың 50-60 жылдарынан басталады. Мұндағы негізгі мәселелер: ауыл-селдодағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, ауыл-село тұрғындарының миграциясының әлеуметтік мәселелері, оның топтық құрылымы, ондағы әлеуметтік жағдайлардың уақытты ұтымды ұйымдастыруы, ауыл шаруашылық мамандықтарының ерекшеліктері, халықтың әлеуметтік-демографиялық өсуі т.б. Бәрімізге белгілі қала мен ауыл-село арасында жер мен көптей айырмашылықтар бар. Қаланы айтқанда біз алдымен халықтың ең көп шоғырланып жиналған мекенді еске аламыз, көп қабатты үйлер, үзіліссіз ағыл-тегіл жүріп жатқан көлік пен адамдарды елестетеміз.Ал, ауыл-селоны тілге тиек еткенде, керісінше, адамдардың аз тобын, бір қабатты үйлер, олардың әр қайсысының жанында бау-бақша, мал қораларын көз алдымызға әкелеміз. Ең басты айырмашылық адам санына байланысты болса, ал, мұның өзі өз кезегінде- адамдардың әлеуметтік-территориялық бірлігінің ұйымдасуына жіне адамдардың жеке іс-әрекетіне, қызметіне, табиғи байлықтарды, ресурстарды игеруге байланысты халықтың еңбек түріне қарай бөлек әрекет етуі қажеттілігінен туындайды. Ал, қалада шикізатты өңдейтін өндіріс, кәсіби ұйымдар болғандықтан және өндірістен тыс еңбек, жұмыс түрлері көп болғандықтан адамдардыңалуан түрі шоғырланады. Қала адамдарды территория ресурстарына тікелей байлап қоймайтындықтан, адамдарды жан-жақты шоғырландырады. Адамдардың әлеуметтік-территориялық бірлігі тек қана қала мен ауыл-селода деп түсінуге болмайды. Бұлардың арасында агломерация деген адамдардың территориялық бірлігі бар. Сонымен, адакмдар бірлігінің негізгі территориялық бес орналасу түрі бар. 1. Тікелей ауыл шаруашылық өнімдерін өндңретін елді-мекен; 2. Азын-аулақ ауыл шарушылығы өнімдерін өндірмейтін елді-мекен; 3. Аграрлы-индустриялды елді-мекен; 4. Ірі өнеркәсіптік (индустриялды) елді-мекен; 5. Қала. Бұдан біз урбанизациялық (яғни, қалалардың өсуі, қалалық әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің кең жайылуы) процестердің өсудәрежесін байқаймыз. Олар мына фактілерден көрінеді: 1. Ауыл шаруашылығының рөлі төмендеп, өндіріс алдыға шығады; 2. Елді мекендерде халық тығызданып, үй-құрылыс процесі артады (көп қабатты құрылыстар көбейеді); 3. Тұрмыс қажетін өтейтін мекемелердің шоғырлануы және мамандануы күшейеді; 4. Еңбек, жұмыс орындары көбейеді, осының салдарынан жұмысшылардың нақты мамандық түрлері көбейіп, кәсібилік күшейе түседі; 5. Қоғам дамыған сайын адамдардың білім дәрежесі, кәсіби шеберлігі жетіле түседі. Осыған барып адамдардың тұрмыс салты, олардың бағалық, құндылық жүйесі өзгереді. Сөйтіп белгілі бір елді мекен қала жағдайына, деңгейіне жету үшін оның белгілі бір дәрежеде халық санының көп болуы және ауыл шарушылық өндірмейтін функциясы (яғни, орны мен қызметі жабылады) болуы қажет. Қандай да бір елді мекеннің өзіне тән белгілі бір функциясы болады. Мысалы, бір ауыл шарушылық ауданы немесе елді мекені жалпы халық шаруашылығы тұрғысынан қарағанда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін орталық болуы мүмкін, ал, соы ауданның халық тұрғысынан қарағанда ол демалыс орны болуы мүмкін. Бұл аудан жалпы ауыл шаруашылығы елді мекен тұрғысынан алғанда өмір сүру орталығы болуы мүмкін. Ауыл шаруашылығының негізгі функциясы, ауыл шаруашылық өнімдерін шығару және оларды сирек болса да аздап өңдеу. Ауыл-селолық жерлерде өз шаруашылығы, оны дайындау, өз территориясында аң-балық аулау, т.б.қаланың элементтеріне жататын кәсіпорындарының негізгі салалары болуы мүмкін. Әрине, бұл ауыл-селоны қаланың деңгей –дәрежесіне аздық етеді. Бұл шағын кәсіпорындарға құрылыс материалдарын дайындайтын тас карьерлері, бидайды ұнға айналдыратын диірмендер, ұсақ сүт-май зауыттары, т.б. жатады. Ауыл-село рекреациялық қызмет атқарады. Бұл ерекше халық шаруашылық саласы – мұнда қала адамдары санаторийда, демалыс үйлерінде, балалар жазғы демалыс лагерінде демалады. Демалысқа келген қала адамдарына село тұрғындары тұрмыстық қызмет көрсетеді. Қала тұрғындары бұл мекемелер арқылы өздерінің денсаулығын, әл-қуаттарын күшейтеді. Ауыл-село тұрғындары табиғатты қорғау қызметтерін де атқарады. Бұл қызметтің мазмұны саябақ қорын қорғау сияқты, т.б. әрекеттерден көрінеді. Ауыл-село тұрғындары экологиялық қызмет атқарады. Өзінің территориясында табиғатты қорғау, ондағы тепе-теңдікті сақтауды бақылауға алады. Ауыл-селоның тағы бір маңызды атқаратын қызметі – ауыл-село тұрғындарының қалаларға көшіп қоныстануы. Сөйтіп ондағы өндіріс орындарында жұмыс істеуі. Мұнсыз қала өндіріс орындары дамымаған болар еді. Қала тұрғындарының қызметін екі негізгі салаға бөлуге болады: 1) Қала құрушы; 2) Қалалық тұрмыстық қызмет көрсетуші (градообслуживающие). Қала құрушы факторларға өндіріс, көлік, байланыс, басқару, ғылым, медицина, санатория- курорттық істер, т.б. жатады. Әлеуметтану тұрғысынан бұл жүйе қаланың қоғамға не беретінін бейнелейдң. Мұндажұмыс орнынынң саны, түрі, кадрлардың мамандығы, т.б. ескеріледі, яғни адамның қызмет етуінің әлеуметтік жақтары әр уақытта естен шығарылмайды. Қаланың тұрмыстық қызметі жұмыс орынның жиынтығы арқылы адамдарға тұрмыстық қызмет көрсетеді. Бұған көлік-транспорт, балалар мекемелері, мектеп, денсаулық сақтау, сауда, тұрмыстық қызмет мекемелерінің, мәдени мекемелердің коммунальдық шаруашылық қызметтері жатады. Басқаша әлеуметтік тілмен айтқанда бұл қоғамгың қалаға беретін игілігі, бағалық-құндылықтары. Қаланың бұл негізгі екі қызметінің бөлінуі шартты жағдайға байланысты болады. Өйткені, қаладағы жоғарғы оқу орындары, емхана, театр, сауда орындары, т.б. тек қана осы қала тұрғындарына қызмет етпейді, олар басқаралға да осындай тұрмыстық қызмет көрсетеді. Қала құрушы және қалалық тұрмысық қызмет көрсетуші факторларының жиынтығы, екінші жағынан, қалалық экономикалық және мекеме мен ұйымдардың техникалық даму тұрғысынан еңбек орындарының құрылымын бейнелейді. Енді қала мен селоның өзара байланысына тоқталайық. Ауыл-селоның негізгі атқаратын қызметі- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру болса, оны өңдейтін, тұтынатын қызмет қала тұрғындарына жатады. Ағашты өңдей, жиһаз жасау үшін ауыл-селода өндірілген ағаштың қатты бөлігін (древесинаны) пайдаланады. Ауыл-селода коммуникация байланыстары тәртіппен жұмыс істейді. Барлық байланыс тораптары мен жүйелері (орталық жүргізу, хабарлау, реттеу, т.б.) қалада, олар елді мекендердің арасындағы байланыс – хатынастарды қамтамасыз етіп, реттеп отырады. Қала ауыл-селодан келген қоныстанушыларға (яғни мигранттарға) жұмыс орнымен, пәтер-үймен қамтамасыз етіп отырады. Жоғары оқу орындарында ауыл-селоға жоғары мамн кадрлар дайындайды. Қала мен ауыл-село арасында мұндай қатынастар өте көп. Осы көптеген байланыстарды жіпке тізіп жатпай- ақ жалғыз ауыз сөздің қауызына сыйдырып айтқанда, оның мәні былай: қала тарихи ұзақ уақыт ішінде ауыл-селоның көптеген мүмкіншіліктерін, әсіресе алуан түрлі ресурстарын пайдаланып келді. Осыған орай ауыл-селоның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани қатынастарын біршама жоғары деңгейге көтерді. Бірақ, бұлардың арасындағы өзара көмек тең жағдайда, үйлесімді болмады, яғни теңсіздік пайда болды. Сөйтіп ақыр аяғында ауыл-село тұрғындарының мұң-мұқтажы, талап-тілегі қалтарыста қалды. Мигранттардың үлкен топтары қалаларға ағылды. Себебі, қаладғы тұрмыс деңгейі жоғары болды. Атап айтқанда, еңбек ақының біршама жоғары деңгейі, пәтер-үйлердің толық жабдықталуы, жаңа мамандықты іріктеу, оны ауыстыру материалдық және мәдени құндылықтарға жолдың ашықтылығы, т.б. Қаланың тұрмыс деңгейінің жоғары болуы, т.б. сияқты факторлар да ауыл-селоның күйреуіне әкеліп соқты. Қала мен ауыл-село халқын бірнеше, алуан түрлі ерекше топтарға бөлуге болады. Олардың өлшемдері мыналар: мамандық құрылымы, білім дәрежесі, материалдық қамтамасыз етілуі, физикалық дайындығы, әлеуметтік жауапкершілігі,белсенділігі, жасы, отбасы жағдайы заңға, саясатқа қатынасуы, т.б.
|