Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Дәріс №14




Тақырыбы : Халықаралық ұйымдар және қоршаған орта мәселелері бойынша бағдарламалар. БҰҰ бағыттары бойынша халықаралық ұйымдар (БҰҰ қоршаған орта жайындағы бағдарламасы-ЮНЕП). Европалық экономикалық комиссия (ЕЭК). Табиғи ресурстарды және табиғатты қорғаудың халықаралық одағы (МСОП), ЮНЕСКО бағдарламасы “Адам және биосфера”, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) және басқалары.

Дәрістің мақсаты: Халықаралық ұйымдар және қоршаған орта мәселелері бойынша бағдарламалармен танысу.

Негізгі түсініктер: БҰҰ бағыттары бойынша халықаралық ұйымдар жайындағы,Европалық экономикалық комиссия, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ).

Жоспары:

1. БҰҰ бағыттары бойынша халықаралық ұйымдар (БҰҰ қоршаған орта жайындағы бағдарламасы- ЮНЕП),Европалық экономикалық комиссия(ЕЭК).

2. Табиғи ресурстарды және табиғатты қорғаудың халықаралық одағы (МСОП), ЮНЕСКО бағдарламасы «Адам және биосфера», Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы(ВОЗ) және басқалары.

 

Қазіргі кезде экология мәселелерімен айналысатын 100- ден аса әртүрлі халықаралық ұйымдар жұмыс істейді. Мәселен, Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы( БДҰ )қоршаған ортаның гигиена проблемаларымен айналысады, атмосфералық ауаның ластануына қарсы күрес жүргізеді, Бүкіл әлемдік азық- түлік ұйымы( БАҰ) жекелеген елдердің және бүкіл әлемнің азық- түлік қауіпсіздігі мәселелерімен айналысады.

Біріккен Ұлтар Ұйымы қоршаған ортаны қорғау жөнінде ұзақ мерзімді бағдарламаны жүзеге асырады.

Айнала ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың ең алғашқы қадамдары бұдан 32 жыл бұрын басталған болатын. 1970 жылдардың басында, қоғам мен табиғат арасында жеткілікті экология – экономикалық проблемалар адамзатқа әлемдік қауіп туғызатын, оның салдарынан планета биосферасына үлкен өзгерістер болатындығы белгілі болды.

Қоршаған орта проблемасы, оның қазіргі кең таралуы Стокгольм конференциясынан (1972 ж.) бастау алады. БҰҰ шешіміне сәйкес жеке ұйым құрылған болатын, оған табиғат қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты әлемдік масштабта ұйымдастыру міндеті жүктелген еді. Бұл оған қоршаған ортаны қорғау саласындағы БҰҰ бағдарламасында ЮНЕП деп аталады. Осы орган тұрақты негізде жұмыс жасап жатыр, оның штаб пәтері Найроби (Кения) орналасқан. Айнала қоршаған ортаны қорғау көп қырлы, кешенді проблема екені белгілі, бұған байланысты ЮНЕП қызметіне қосымша оның кейбір жеке аспектлерімен келесі мамандырылған ұйымдар, БҰҰ басшылығымен жұмыс істейді: ЮНЕСКО – “Адам және биосфера” бағдарламасы бойынша жұмысты орындайды, адам мен айнала орта байланысы және оның әлеуметтік – экономикалық факторларының дамуында зерттеулер жүргізеді; ЮНЕСКО БҰҰ мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен бітімгершілік келісім – шарттарын жүргізуге ықпал жасайтын арнайы мамандырылған мекеме. Оның негізі 1946 жылы құрылған. Штаб – пәтері Францияның астанасы Париж қаласында орналасқан.

ФАО – ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және өндіруді жақсарту міндетін атқарады, агросфераға инвестиция тартуға, топырақ құнарлығын арттыру мен жер ресурстарын ұтымды пайдалану,қорғау; жаңа және өзгеше энергия көздерін өндіруді, игеруді ықпалын тигізуге көмектеседі. ФАО негізі 1945 жылы құрылған. Бұл мекеменің штаб – пәтері италияның астанасы Рим қаласында орналасқан.

ВОЗ (Әлемдік деңсаулық сақтау ұйымы) - әлем халықтарының деңсаулығын қадағалайды, экологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсаты жүктелген, оған тұщы сумен қамтамасыз жасау, тамақ және қалдықтарды жою міндеттері қамтылған. ВОЗ мекемесі 1946 жылы құрылды.Әртүрлі қауіпті ауру түрлеріне қарсы емдеу шараларын іздестіреді, халықаралық деңгейдегі санитарлық ережелерді жасайды, сондай – ақ емдеу дәрілердің сапалық жағын

тексереді. Дамушы елдердегі халықтардың деңсаулығын жақсартуға көмектеседі. Штаб – пәтері Женева қаласында орналасқан.

ЮНИДО – халықаралық жаңа экономикалық тәртіпті бекіту және өнеркәсіптің дамуына оң ықпал жасау мен қолдау жүктелген;

МАГАТЭ – радиациядан қорғану, қауіпсіздік шараларын жасау міндеті бекітілген, бұған радиоактивтік материалдарды айнала ортаға экологиялық зиянын тигізбей тасымалдау мен қалдықтарды жою міндеті тапсырылған. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану ісінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында пайда болған агенттік. Қазіргі кезде бұл агенттік барлық елдердегі атом электр станцияларының қауіпсіздігін қадағалайды. Бұл агенттік 1957 жылы БҰҰ шешімімен құрылған, штаб – пәтері Вена қаласында орналасқан.

ВМО (Әлемдік метеорологиялық мекеме) – бұл мекеме негізі 1873 жылы құрылған, бірақ 1947 жылдан бастап БҰҰ құрамына енді. ВМО басшылығымен әлемдік ауа райын бақылау қызметі жұмыс істейді, оның негізгі міндеті планетадағы табиғат күштері мен құбылыстары жайлы жалпы мәліметтер мен бақылау жасау. Бұл ұйым метеорологиялық бақылау мен зерттеу бағытында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай – ақ ұлттық метерологиялық қызметтің жұмысын үйлестіру. Штаб – пәтері Женева қаласында орналасқан.

МСОП (Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудағы халықаралық одақ) – бұл одақ ЮНЕСКО және ФАО жанындағы халықаралық кеңес пен ұсыныс беруші мекемк. МСОП әлемдік табиғат қорғау стратегиясын жасады және барлық елдерге оны орындау жөнінде ұсыныс береді. МСОП 1948 жылы құрылған. Ұйымның орналасқан қаласы Глан (Швецария).

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 229; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты