Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Экология және тұрақты даму» пәнінен емтихан сұрақтары 2 страница




10. Қоршаған ортаның радиациялық ластануы. Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады. Радиактивті ластану – қоршаған ортаға өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп туғызады. Ластанудың бұл түрі химиялық ластанудан кейін екінші орынға шықты. Радиациялық ластануды мынадай топтарға бөледі: 1) радиактивті заттрдың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа- (гелий ядросы), бета- (жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма – сәулелердің әсерінен болатын радияциялық ластану (физикалық ластану түрі); 2) қоршаған ортадағы радиактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі. Ортаның радиактивті ластануына атом қаруына сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол радионуклеиттер жауын – шашынның түсуіне әкеледі.Радионуклеиттер – бұл элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, олард басқа атомдарға оң және теріс иондар жұбын түзуімен қосуға қабілетті радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптар. Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды.Гелий ядроларынан (альфа-сәулелену) немесе жлдам электрондардан (бета-сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық сәулелену – бұл гамма-сәулелену мен оған жақын рентгендік -сәулелену. Альфа- және бета-сәулелену негізінен организмге түскен кезде оған әсер етеді, ал гамма-сәулелену организмнен тысқары тұрып та әсер ете алады. Радиациялық ластанудың көздері.Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабатындағы радиактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық қауіптің антропогендік әсерлеріне радиактивті затарды өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядролық қаруды сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс - әрекеттерімен тығыз баланысты: - атом өнеркәсібі; - ядролық жарылыстар; - ядролық энергетика; - медицина мен ғылым. Бұлар қоршаған ортаны радиактивті элементтермен және радиациялық сәулеленмен ластады. Бұдан басқа атом өнеркәсібі радиактивті қалдықтрдың көзі болып, адамзатқа жаңа үлкен қауіпті және әлі шешімін таппаған мәселені – оларды көму мен жою мәселелерін алып келді.

11. Қоғалжын қорығы. Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1958 ж. ұйымдастырылған. Оған Теңіз – Қорғалжын көлдер жүйесінің біразы енеді (Қорғалжын; Теңіз). Жер аумағы 258,9 мың га (2003). Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы –41 – 42ºС суық болса, шілдеде температура 38 – 39ºС-қа жетеді. 125 – 130 күндей аязсыз жайма шуақ болады. Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын түседі. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, атап айтқанда, жусан, көкпек, боз селеу, қызғылт, тобылғы, бидайық, бозшөп, т.б. өседі. Әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсемдік береді. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, бауырымен жорғалаушылардың 3, қосмекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, дала суыры, қоян, күзен, борсық, ақбөкен, т.б. мекендейді. Қорғалжында 32 мыңдай қасқалдақ, 10 – 12 мыңдай үйрек, аққу, қаз, т.б. құс түрлері ұя салады. Қорықтан ақ құтан, қызыл жемсаулы қарашақаз, тұрпан, қара дегелек, бірқазан сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Мұнда ұя салатын қанаттылардан гөрі мамырлауға келген құстар саны бірнеше есе көп болғандықтан қорықты Құс базары деп те атайды. Қорықта дүние жүзінде өте сирек кездесетін – қызғылт қоқиқаз бар. Ол Қазақстан жерінде тек Теңіз к-нде ұя салып, жұмыртқа басады. Түсі қызғылт қанатты қоқиқаздар топталып аспанға көтерілген кезде бүкіл көл айдыны қызыл алау өрттей лаулап, ерекше шұғылаға бөленеді. Сондықтан оны кейде “Қызылқанат” деп те атайды. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45 – 60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10 – 15 мыңдай ғана қалды. Халықар. маңызы бар, қорғауға алынған батпақты-сулы жерлердің тізіміне Қорғалжын, Теңіз көлдері енгізілген. Қорықтағы фауна мен флора толық есепке алынған. Көп жылдан бері “Табиғат шежіресі” күнделігі жазылады. Қазір қорықта экологиялық туризм саласы дамып келеді.

12. Экожүйе туралы түсінік, оның классификациясы, ерекшеліктері.«ЭКОЖҮЙЕ» ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды. Экожүйе – зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы. Экожүйе терминін 1935 жылы экологияға ағылшын ғалымы А. Тенсли енгізді. Тенсли анықтамсы бойынша, экожүйе дегеніміз – зат және энергия айналымы өз ішінде де, сыртпен де үздіксіз орын алатын, өлшемсіз, жанды және жансыз бөліктерден (компоненттерден) құралған тұрақты жүйелер. Қоректік тізбектер бірнеше құрамдас бөлімдерден тұрады: продуценттер, консументтер, редуценттер, биогенді элементтер. Бұлар зат айналымды қамтамасыз ету үшін қажетті экожүйенің құрамдас бөліктері болып табылады. Продуценттер немесе өндірушілерге автотрофты жасыл өсімдіктер жатады. Автотрофты ағзалар – күн энергиясын жұмсап, органикалық заттарды түзушілер. Консументтер немесе тұтынушыларға жануарлар жатады. Консументтер екіге бөлінеді: өсімдік қоректі жануарлар (фитофагтар) және жыртқыштар (зоофагтар). Редуценттер немесе қайта қалпына келтірушілерге микроорганизмдер жатады. Олардың ролі ерекше. Яғни, редуценттер заттарды ыдыратып, қайта қалпына келтіріп, зат айналымын жалғастырып отырады. Биогенді элементтер – тірі ағзалардың құрамындағы міндетті компонентері болып табылатын элементтер, бұған азот, фосфор, күкірт және т.б. элементтер жатады.

13. Экологиялық проблемаларды шешу жолдары.Жер бетінің түпкір-түпкірінде экологиялық жағдайдың нашарлауы барлық мемлекеттерді одан шығу жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Сөйтіп, 100-ден астам мемлекеттерде қоршаған ортаны қорғауды басқаратын министрліктер, департаменттер мен агенттіктер құрылды. 1970 жж. бастап экологиялық дағдарыстан шығу жолдарын бірге іздестіріп, қажетті шараларды бірге жүргізу туралы келісімге қол жетті.Табиғат қорғау проблемаларына арналған І халықаралық жиналыс 1971 ж. көкек айында Чехияда өтті. Бұл БҰҰ Еуропаның эконмикалық комиссиясының симпозиумы болатын.1972 ж. 5-маусымда Стокгольм қаласында БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі конференциясы ашылды. Осы күн Халықаралық ынтымақтастықтың басталу күні болып есептелетін конференция «Жер біреу» деген ұранмен өтті. Халықаралық табиғат қорғау ұйымына, одаққа, кеңеске мыналар кіреді:

- Халықаралық ғалымдар одағы (МСНС) барлық елдердің дерлік академиялары мен ғылым одақтарын біріктіреді. Ғарыштық кеңістік, Антарктида, мұхиттар проблемаларымен айналысып зерттейді;

- Қоршаған орта жөніндегі ғылыми комитет биологиялық циклдарды, қоршаған ортаның улануын зерттейді, табиғи ортаны бақылау (мониторинг) мәселесімен айналысады;

- ЮНЕСКО-ның «Адам және табиғат» бағдарламасы адамдардың іс-әрекетінің тропиктік және субтропиктік орман және жайылым экологиялық жүйелеріне әсерінің күшеюін зерттейді;

- БҰҰ-ның Қоршаған орта туралы бағдарламасы (ЮНЕП) топырақты және су қорларын қорғау проблемаларын, мұхиттарды ластанудан сақтау мәселелерін зерттейді;

- Қоршаған орта мониторингісінің глобалды жүйесі (ГСМОС) қоршаған ортаның жағдайын арнаулы бақылау жүйелері, бақылау станциялары, мониторинг, бақылау күзеттері, т.б. арқылы біліп отыру үшін құрылған;

- Халықаралық табиғат қорғау одағы (МСОП) табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану және қорғау мәселелерін зерттейді;

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) қоршаған ортаны санитарлық тазалық жөнінен бағалайды және бақылайды;

- Дүниежүзілік метереологиялық ұйым (ВМО) жер шары ауасындағы құбылыстар мен өзгерістерді бақылайды;

- Халықаралық океанографиялық комитет (МОК) жер шары мұхиттарының жағдайын бақылайды;

- Халықаралық азық-түлік және ауыл шаруашылық жөніндегі ұйым (ФАО) топырақтың құнарлылығын, су қорларын үнемді пайдалану және қорғау, жануарлар дүниесін сақтау мәселелерін зерттейді,

- Дүниежүзілік білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйым (ЮНЕСКО) табиғат қорғау жөніндегі маман кадрлар оқыту, даярлау мәселелерімен айналысады.
1975 ж. шілде айында Хельсинки қаласында еуропалық 35 мемлекет және АҚШ пен Канада елдері басшылары қорытынды актіге қол қойып, ауаның ластауына қарсы күресті, тұщы су мен теңіз суларын, топырақ бетін, тірі ағзаларды қорғауды, қорықтар құру, елді мекендерді қоршаған ортаны жақсарту мәселелерін, қоршаған ортаны зерттеу жұмыстарын халықаралық ынтымақтастықтың негізінде және халықаралық бағдарламаларға сәйкес жүргізуге келісті.

14. Топырақ деградациясы. Деградация (латынша degradatio – біртіндеп нашарлау, құлдырау) – біртіндеп жағымды қасиеттердің нашарлауы, төмендеуі немесе жойылуы, құлдырауы. Топырақ деградациясы – кері әсерлі химиялық және физикалық жағдай салдарынан топырақтың әрбір қасиеттерінің нашарлауы.

15. ҚР экологиялық проблемалары.Республикада өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың мониторингін, оларды сақтауды, ұқсатуды және кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтарды басқарудың мемлекеттік жүйесі жоқ. Қазақстанның аумағында өндіріс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд. тоннадан астамы, оның ішінде 6.7 млрд. тонна улы заттар жинақталған әрі олардың ұлғаю үрдісі байқалуда. Бұл ескірген технологияларды қолданумен, сапасыз шикізатпен және отынмен, кәсіпорындардың өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсіндіріледі. Уытты қалдықтарды қоса алғанда өндіріс қалдықтары әлі күнге көбінесе тиісті экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлі жинақтағыштарда қойылып, сақталады. Осынын нәтижесінде көптеген өңірлердің топырағы, жер асты және жер үсті сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Жиналған қалдықтардың үнемі ұлғайып отырған көлемі жаңа техногендік ландшафтар қалыптастырады. Үйінділер мен террикондар биіктігі өскен сайын олар шаңның қарқынды көздеріне айналады. Қатты тұрмыстық қалдықтардың негізгі массасы құрауыштарға бөлшектенбестен шығарылып, ашық күресіндерге тасылады және қойылады, оның 97%-ы Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасы талаптарына сай емсс. Оларды орналастыру және жайғастыру жобасын және қоршаған ортаға әсері бағалан-бастан жүргізілген. Республикада қатты тұрмыстық қалдықтардың шамамен тек 5%-ы ғана кәдеге жаратылады немесе жағылады. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарға байланысты проблемаларды шешу үшін өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетілдіру жөніндегі салалық және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу қажет. Осы бағдарламалар шеңберінде қатты қалдықтарды басқару жүйесінің әзірленуі, қалдықтарды басқару құрылымын реформалау, қалдықтардың жинақталуын кемітуге бағытталған нормативтік құжаттарды әзірлеу және енгізу, қалдықтарды басқарудың есебін жүргізужәне бақылау жүйесін ұйымдастыру, қалдықтарды ұқсату және қайта пайдалану жөніндегі үлгілік бағдарламаны әзірлеу, неғұрлым таза өндірісті енгізу жөніндегі ғылыми зерттеулерді жүргізу, қалдықтарды ұқсату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерге ақпараттық колдау көрсету, калдықтарды басқарудың үдемелі жүйелеріне мамандарды оқытуды ұйымдастыру, өндірістік қалдықтарды көму мен өнеркәсіптік және басқа да ағынды суларды жерге төгу шарттары бойынша республика аумағын аудандарға бөлу көзделуі тиіс. Өнеркәсіп орындарынан шығатын қоқыстарда әртүрлі органикалық заттар мен ауыр металдардың қосылыстары кездеседі. Тұрмыстық қоқыстарда органикалық заттардың орташа шамамен 32-40% бар. Оның ішінде: азоттың 0,56%, фосфордың 0,44%, мырыштың 0,15%, қорғасынның 0,08%, сынаптың 0,001% бар. Суға түскен ластаушы заттар гидробионттардың ұлпалары мен мүшелерінде жинақталып улы әсерін тигізеді. Дампинг материалдарын теңіз түбіне тастау және судың ұзақ уақыт бойы лайлануы бентостың аз қозғалатын өкілдерінің тұншығып, қырылуына алып келеді. Тірі қалған балықтар, моллюскалар және шаян тәрізділер тыныс алу және қоректену жағдайының қиыншылығына байланысты өсу жылдамдығы төмендейді. Көп жағдайда қауымдастықтың түрлік құрамы өзгереді. Сондықтан қалдықтарды теңізге көму жүйесін ұйымдастыру және бақылау кезінде дампинг ауданын анықтаудың маңызы зор. Радиоактивті ластану Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіреді, олардың шығу көздері мынадай негізгі төрт топқа бөлінеді: - жұмыс істемей тұрған уран өндіруші және уран өндеуші кәсіпорындардың қалдықтары (уран кен орындардың үйінділері, өздігінен төгілетін ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желілердің бөлшектелген жабдығы); ядролық қаруды сынау нәтижесінде ластанған аумақтар; мұнай өндіру өнеркәсібі мен мұнай жабдығының қалдықтары; ядролық реакторлардын жұмыс істеуі нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптық өнім (иондаушы сәулеленудің пайдаланудан шыққан көздері). Қазақстанда табиғи радиактивтіліктің жоғары деңгейін беретін уран беруші алты ірі геологиялық өңір, көптеген шағын кен орындары мен уран байқалатын кеніштер, уран өндіруші кәсіпорындар мен ядролық жарылыстар жасалған жерлерде шоғырланған қалдықтар бар. Қазақстан аумағының 30 %-дан адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретін табиғи радиактивті газ - радонның жоғары бөлінуінің ықтимал мүмкіндігі орын алған. Радионуюшдтермен ластанған суды ауыз су мен шаруашылық мұқтаждықтар үшін пайдалану қауіпті болып табылады. Қазақстанның кәсіпорындарында иондаушы сәулелерді пайдаланудан қалған 50 мыңнан астам көздері бар және радиациялық зерттеу барысында олардың 16-сы адам үшін аса қауіпті, сондай-ақ 700-ден астам бақылаусыз көздер анықталып, жойылды. Халықтың радиактивті улануын және қоршаған ортаның ластану қаупінің алдын алу үшін: радиактивті ластану көздерін түгендеу жөніндегі жұмысты аяқтау және 2005 жылға дейін табиғи радиоактивтіліктің халықтың денсаулығына теріс әсерін зерттеуді қамтитын бағдарлама әзірлеу, сондай-ақ құрылысқа арналған алаңдарды таңдау мен табиғи құрылыс материалдарын пайдалану кезінде шектеу шараларын қабылдау; ауыз судың табиғи көздерінің радиактивті ластануына бақылау жүргізу және мұнай ұңғымалары мен өздігінен төгілетін сол сияқты өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау бағдарламасының шеңберінде радионуклидтердің жоғары құрамы бар гидрогеологиялық ұңғымаларды жою; жоғары радиациялық сәуле алу қаупі туралы халықты уақтылы хабардар ету жөнінде шаралар әзірлеу; 2005 жылға қарай уран өндіру өнеркәсібінің радиоактивті үйінділерін түгендеу және олардың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерін айқындау жөніндегі жұмысты аяқтау қажет. Проблеманын кешенді шешілуі радиактивті қалдықтарды ұқсату мен көму жөнінде мамандандырылған ұйым құруды көздеуі тиіс. Аталған іс-шараларды жүргізудің нәтижесі халықтың сәуле алуы мен қоршаған ортаның радиоактивтік ластануын төмендету болмақ. Бактериологиялық ластану.Арал теңізіндегі Возрождение аралындағы биологиялық полигонның қызметі бактериологиялық жұқтырудың ықтимал қаупін туғызып отыр.

16. Барсакелмес қорығы. Арал теңізінің солт. батыс бөлігіндегі Барсакелмес аралында (қазір Барсакелмес түбегінде) 1939 ж. ұйымдастырылған мемлекеттік қорық. Жерінің аум. 20 мың га. Қорықтың мақсаты жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және олардың өзін қоршаған табиғатқа бейімделуін зерттеп, саны азайып бара жатқан ақ бөкен мен қарақұйрықты қорғау болды. Қорық жерінің негізі — құммен қоршалған саз топырақты сортаң шөл. 1965 жылға дейін мұндағы тұзды көлдерде аққу, бірқазан, су құзғын ұялайтын. Теңіз суының тартылуына орай қазір қорықта көл де, бұл құстар да жоқ. Мұндай жағдай қорықтағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуіне өз әсерін тигізіп отыр. Бұрын аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 250-ден аса түрі өссе, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі (тасбақа, қалқантұмсықты жылан, қарашұбар жылан, жұмырбас кесіртке, жүрдек кесіртке, ысылдағыш жармасқы, т.б.), жыл құсының 211 түрі (дуадақ, қылқұйрық, шіл, жылқышы, шүрілдек торғай, көк торғай, т.б.) болды, 1970—90 ж. олардың саны күрт азайып, тіпті кейбір түрлері жойылып кетті. Бидайық, жусан, сексеуіл сияқты өсімдіктер сиреп барады. Қорықта негізінен ақбөкен, қарақұйрық және құлан қорғалады. Тік жартастарда дала қыраны, бөктергі және ителгі ұялайды. Қорықта 1950 ж. құланды жерсіндіру басталды. 1953—65 ж. Түрікменстанның Бадхыз қорығынан осында 19 құлан әкелінді. 1976 ж. Б. қ-нда құланның саны 157 болса, соңғы кездегі Арал т-ндегі экол. жағдайдың аса нашарлауынан, олардың саны күрт төмендеді. Сақтап қалу үшін құландар Қазақстанның басқа қорықтары мен қорықшаларына көшірілді. Көп жылдар бойы Б. қ-нда тұяқты жануарлардың биологиясы зерттелді. Қазіргі таңда Барсакелместі мемлекеттік табиғи қорық ретінде сақтап қалудың барлық амалдары жасалуда. Атап айтқанда, еліміз Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы “Арал аймағына қолдау көрсету және дамыту шаралары туралы” №1121 қаулысы арқылы бекітілген іс-шараларға сәйкес құрғаған табанға өсімдіктен сүзгі орнатылуда. Мұнда құжаттың “Барсакелмес қорығындағы өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды зерттеу және талдау” деген 7-бабы негізге алынып, соған сәйкес жұмыстар атқарылуда.

17. Экологиялык мониторинг түрлеріне сипаттама. Экологиялық мониторинг – антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады: 1 қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау. 2 табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді болжау.3 қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару. Бақылайтын обьектілердің ерекшелігіне, түріне және бақылау әдістеріне байланысты мониторингтің бірнеше түрлерін ажыратады. Мысалы: Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің мынадай түрлері бар: биологиялық (биоиндикаторлар көмегімен); дистанционды (авиациялық және космостық); аналитикалық (химиялық және физико-химиялық талдау). Бақылау обьектілері бойынша: қоршаған ортаның жеке компоненттері мониторингі (топырақ, су, ауа); биологиялық мониторинг (өсімдіктер және жануарлар дүниесі). Классификациядағы мониторингтердің деңгейіне сәйкес - халықаралық және аймақ аралық басқару деңгейлері ғаламдық деңгейлермен байланыста болуы, ал ұлттық – аймақтық деңгеймен байланыста болуы керек.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 196; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты