Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Экология және тұрақты даму» пәнінен емтихан сұрақтары 1 страница




1. Трисвятский Л.А., Лесик Б.В., Курдина В.Н. Хранение и технология сельскохозяйственных продуктов. – М.: Колос, 1991.-415 с.

2. Широков Е.П. Технология хранения и переработки плодов и овощей с основами стандартизации. – М.: Агропромиздат, 1988.-318 с.

3. Технология переработки продукции растениеводства /Под ред. Н.М. Личко. – М.: Колос, 2000.-549 с.

4. Широков Е.Л. Лабораторный практикум по хранению и переработке плодов и овощей. – М.: Агропромиздат, 1989.

5. Манжесов В.И., Попов И.А., Щедрин Д.С. Технология хранения растениеводческой продукции/Уч. Пособие. – М.: «КолосС», 2005. – 392 с.

 

№ 0261 от 10 апреля 1998 года

Подписано в печать __. __. _____. Формат 60´84. Бумага типографская

Гарнитура Таймс. Усл. Печ. л. _____ . Усл. Изд. л. _____

Тираж 100 экз. Заказ № _____

Издательство Башкирского государственного аграрного университета

Типография Башкирского государственного аграрного университета

Адрес издательство и типографии: 450001, г. Уфа, ул. 50 лет Октября, 34

 

Экология және тұрақты даму» пәнінен емтихан сұрақтары

1. Қорғалатын территориялар – қоршаған ортаны қорғаудың бір түрі ретінде.

2. Дүниежүзілік мұхит суларының ластануы. Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – адамдардың әрекеті нәтижесінде мұхит (теңіз) суларындағы табиғи процестердің бұзылуы. Ластаушы заттардың өте көп мөлшерде жиналуы салдарынан жылдан-жылға мұхиттың өзін-өзі тазарту мүмкіншілігінің төмендеуі – онда тіршілік ететін организмдердің құрып кетуіне немесе шектен тыс көбеюіне алып келеді. Мысалы, теңіз жұлдызының (Asteroіdea) тым көбейіп кетуінен Австралия жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің түбінде “тікенді шеңбер” қалыптасуда. Сондай-ақ Дүниежүзілік мұхиттың, әсіресе мұнай өнімдерімен ластануы әлемдік мұхит пен атмосфера арасындағы газ алмасу процесіне кері ықпал етеді, соның салдарынан Жер атмосферасындағы газ қоспаларының концентрациясы үздіксіз артуда; жағалауға жақын және атыраулық аймақтарды қоса есептегендегі теңіздік ортаға заттардың немесе энергияның тікелей не жанама жолмен түсуі теңіз биотасының дамуына кедергі келтіріп, судың сапасын нашарлатады. Бұл жағдай тірі организмдер мен адамның денсаулығына қауіп төндіреді.

3. Гидросфера, оның маңызы. Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Гидро-су, сфера-шар Су 3 күйде болады: сұйық, қатты, газ Гидросферадағы барлық судың мөлшері-1,6 млрд км куб, мұхит теңіз сулары-96,5 %, тұщы су-2,5% Жер бетінің 3\4 бөлігін д.ж мұхит суы алып жатыр. Бiздiң планетамыздың аса маңызды құрам бөлiктерiнiң бiрi. Гидросфераға күн энергиясы мен гравитациялық күштер əсерiнен қозғалысқа түсетiн жəне бiр күйден екiншi күйге өте алатын барлық су түрлерi жатады. Гидросфера Жердiң басқа элементтерi атмосфера мен литосферамен тығыз байланысты. Жердегi су үнемi қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы гидросфераның барлық бөлiктерiн бiр-бiрiмен байланыстырып, бiртұтас жабық жүйе: мұхит-атмосфера-құрлықты түзедi. Ол гидросфераның түрлi бөлiктерiнiң əртектiлiгiне байланысты өзгеретiн су алмасу процесiнiң белсендiлiгiн қамтамасыз етедi.Мұхиттағы су гидросфераның барлық массасының 97 % құрайды жəне Жер планетасы бетiнiң ауданының 75% аса бөлiгiн алады. Биосфера тiршiлiгiнде мұхиттың алатын орны ерекше:онда биосфераның химиялық тазаруы мен биомассаның өндiрiсiн қамтамасыз ететiн толып жатқан химиялық реакциялар жүредi. Су кез келген жануарлар мен өсiмiдктердiң ткандерi мен клеткаларының құрамына кiредi. Жануарлар мен өсiмдiкетр организмдерiндегi өте күрделi реакциялар тек қана су қатысында жүре алады. Жер планетасындағы климат та көп жағдайда суға жəне атмосферадағы су буларының мөлшерiне байланысты қалыптасады.

4. Тұрақты даму тұжырымдамасының негізгі қағидаттары, басымдықтары, мақсаты мен міндеттері. Негізгі қағидаттары мен басымдықтары

Қазақстан Республикасында орнықты дамуға көшудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

- бүкіл қоғамды орнықты дамуға қол жеткізу процесіне тарту;

- орнықты даму үшін саяси негіз жасау;

- ведомствоаралық ықпалдасу, мемлекетті басқаруға деген жүйелі көзқарас, дамудың негізгі көрсеткіштерін болжамдау, жоспарлау және реттеу тиімділігін арттыру;

- ел экономикасына жоғары технологияларды белсенді енгізу нәтижесіндегі экономикалық прогресс, ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру;

- ғылым мен білім берудің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

- салауатты қоғам үлгісін енгізу негізінде халықтың денсаулық жағдайын, демографиялық жағдайды жақсарту;

- қоғамның аса маңызды ноосфералық қызметі ретінде қоршаған ортаны қорғау қызметін жетілдіру;

- трансөңірлік экожүйелік көзқарас негізіндегі аумақтық даму.

Орнықты дамуға көшудің басымдықтары мыналар:

- өндіріс пен тұтынудың орнықты үлгілерін енгізу;

- жаңа және экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалану;

- орнықты көлік жүйелерін дамыту;

- энергетикалық тиімділік және энергия жинақтау;

- орнықты дамудың өңірлік проблемалары;

- халықтың әлеуметтік қауіпсіздігінің деңгейін арттыру;

- экологиялық және гендерлік аспектілерді ескере отырып, кедейшілікке қарсы күрес;

- орнықты даму үшін ғылым мен білім беруді одан әрі дамыту;

- тарихи және мәдени мұраны сақтау;

- халықтың денсаулығына төнетін экологиялық қауіп-қатердің алдын алу және азайту;

- шөлейттенуге қарсы күрес;

- биологиялық әралуандықты сақтау;

- эмиссияларды, оның ішінде қызған газдар мен озон қабатын бұзатын заттарды азайту;

- сапалы ауыз суға қолжетімділік;

- трансшекаралық экологиялық проблемаларды шешу;

- радиациялық және биохимиялық қауіпсіздік;

- қалдықтарды кәдеге асыру.

2.2. Мақсаты

Тұжырымдаманың мақсаты өмір сүру сапасын арттырудың және елдің ұзақ мерзімді келешекте бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізі ретінде Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және экологиялық даму аспектілерінің теңгеріміне қол жеткізу болып табылады.

2.3. Міндеттері

Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін орнықты даму саласында мынадай міндеттерді іске асыру қажет.

1. РПТ көрсеткішін 2012 жылға қарай 37%-ға, 2018 жылға қарай 43%-ға және 2024 жылға қарай 53%-ға дейін арттыру

Бірінші міндетті іске асыру:

- экономиканы әртараптандыруға, жоғары технологиялық және шикізаттық емес салалардың, сондай-ақ экологиялық қауіпсіз технологиялардың экономикалық өсімдегі үлесін ұлғайтуға;

- елді дамытудың негізгі макроэкономикалық өлшемдерін реттеудегі мемлекеттің рөлін күшейтуге;

- ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыра, ғылыми және білім беру ұйымдары нысандарының алуан түрлерін кеңейте, зияткер қауымның беделін арттыра, инновацияларды мемлекеттік қолдай отырып, оның ішінде экономика салаларын кластерлік дамыту, материалдық-техникалық базаны түбегейлі жаңарту және ғылым-білім беру саласын ресурстық қамтамасыз етуді жақсарту, кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесінің тиімділігін арттыру және осының негізінде отандық тауар өндірушілердің бәсекелес тұғырларға қол жеткізуі, елдің экспорттық әлеуетін дамыту аясында ғылым мен білім беруді басымдықпен дамыту есебінен технологиялық озуды қамтамасыз етуге;

- табиғи ресурстарды өндіру мен экспорттау және өзге де салалар арасындағы теңгерімді сақтауға;

- өндіріс пен тұтынудың орнықты үлгілерін енгізуге;

- көліктің орнықты жүйелерін дамытуға;

- елдің тиімді инфрақұрылымын құруға негізделетін болады.

2. 1000 адамға шаққанда өмірге келетін 18-22 баладан төмен болмайтын деңгейде ұстаған жағдайда халық өмірінің орташа ұзақтығын 2012 жылға қарай 68 жасқа, 2018 жылға қарай 70 жасқа, 2024 жылға қарай 73 жасқа дейін ұлғайту

Орнықты дамудың екінші міндетін іске асыру:

- әлеуметтік қауіпсіздік деңгейін арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін енгізуге;

- халықты қолайлы физиологиялық өлшемдерге сәйкес келетін сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етуге;

- халықтың денсаулығына төнетін экологиялық қауіп-қатердің алдын алу мен оны азайтуға;

- кедейшілікпен күреске, Джини индексінің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге;

- жолдағы, тұрмыстағы және өндірістегі жарақаттануды азайту жөніндегі шараларға;

- кенеулі тамақтану стандарттарын ынталандыруға, нутриционалдық тапшылықты жоюға (кальций, йод, селен және өзге де бағалы микроэлементтер);

- отбасын нығайтуға, бала тууға деген экономикалық ынталандыру жасауға, әйелді босандыру, ана мен баланы қорғау жүйесін түбегейлі жақсартуға негізделетін болады.

3. Экологиялық орнықтылық индексін 2012 жылға қарай 10 %-ға, 2018 жылға қарай 15 %-ға, 2024 жылға қарай 25 %-ға дейін өсіру.

Үшінші міндетті іске асыру:

- Қазақстан өңірлерінің орнықты даму бағдарламаларын іске асырудың экожүйелік трансөңірлік қағидатын енгізуге;

- үздік қолжетімді технологияларға көшу мерзімдері мен тетіктерін айқындай отырып, барлық ірі өнеркәсіптік және энергетикалық объектілер үшін орнықты дамудың нысаналы өлшемдерін белгілеуге;

- шөлейттенуге қарсы күреске;

- экологиялық жүйелерді, ландшафттар мен биологиялық әралуандықты сақтауға;

- қоршаған ортаны қорғаудың, оның ішінде неғұрлым таза өндіріс стратегиясын жылжыту мақсатында неғұрлым тиімді экономикалық тетігін енгізуге;

- балама энергетика нысандарын дамытуға;

- қазақстандық өнеркәсіптің экологиялық өлшемдерін жақсартуға қаражат тарту үшін халықаралық келісімдердің негізгі қағидалары мен тетіктерін қолдануға ("жасыл инвестициялар");

- ел аумағын "тарихи ластанулардан" тазартуға, қалдықтар менеджментінің жүйесін ынталандыруға негізделетін болады.

4. Ішкі және сыртқы саясаттың табыспен іске асырылуын қамтамасыз ету
Төртінші міндетті іске асыру:

- орнықты даму идеясының төңірегіне саяси күштерді топтастыруға;

- тарихи біртұтас Қазақстан халқының, оның ішінде болашақ ұрпақтың мүдделерін білдіретін ел ішінде қоғамдық қозғалыстарды құруға қолдау жасауға;

- елде халықаралық орнықты даму аймағын құру мүмкіндіктеріне;

- Қазақстанның халықаралық ұйымдарға белсенді және нақты қатысуын, Қазақстан Республикасының қамқорлығымен бірқатар ірі халықаралық форумдар өткізуді қамтамасыз етуге;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді жүйесін дамытуға негізделетін болады.

5. Үстірт қорығы. Қазақстанның оңтүстік-батысындағы табиғи кешенді қалпында сақтау мақсатымен 1984 жылы құрылған мемлекеттік шаруашылық.

Маңғыстау облысыңдағы Ералы ауданы жерінің аумағы 223,3 мың га. Ол Үстірттегі Кендірлі сорын қоршаған таға пішіндес бірнеше ғажайып қыраттарда орналасқан. Мұндай қыраттар ғасырлар бойы жел, су эрозиясына ұшырап, қатты өзгерген. Сыртынан қарағанда, табиғаттың өзі салған керемет бір құрылысқа ұқсайды: мұнда пышақ кескендей тік, биіктігі 200 м-ден астам құлама жартастар, төбелері теп-тегіс не конус тәрізді мұнара сияқты төмпешіктер, ежелгі геологиялық дәуірлер куәсі — ақ, көк, қызыл қабаттардан тұратын, үстінде біздей қондырғылары бар ұлутас тәрізді “қамалдар” да жеткілікті.

Сондай-ақ қорықта ерекше бір қақпалар, аса үлкен емес қос тесікті үңгірлер, диаметр 5 м-дей домалақ тастары бар алаңдар да көп.

Бұрын теңіз түбі болған Үстіртет ежелгі заман жануарларының қалдықтары (мысалы, мүйіз сауыт, сүйек, тіс, олардың іздері), алғашқы адамдар пайдаланған қару-жарақтар табылған. Мұнда жануарлар мекендеген қоршаулар да кездеседі.

Қорықтағы жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі солтүстік шөлді аймақтарға тән.

Сүтқоректілердің 27, құстардың 111, бауырымен жорғалаушылардың 30 және өсімдіктердің 300-ден астам түрі мекендейді.

Мұнда Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген

- үстірт арқары, қабылан, қарақұйрық, қарақал, төртжолақты қарашұбар жылан;

- құстардан: жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, ителгі тіршілік етеді, суық түскенде қорықтан ақ бөкен үйірлерін де кездестіруге болады.

6. Су ресурстарын тиімді пайдалану, оның энергия көзі ретінде тиімділігі.Ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі бағыттарының бірі - қайта өңдеп пайдалану, тазалаудың жаңа технологияларын қолдану, ұйымдастыру шаралары. Суды қайталап (екінші рет) пайдалану өнеркәсіп орындарында әртүрлі технологиялық процестерде қолданылады. Қазіргі таңда суды тазалаудың жаңа: физикалық, химиялық, биотехнологиялық әдістері қолданылады.

Физико-химиялық әдістерге радиаңиялық, ион алмасу, тотығу- тотықсыздану және т.б. әдістер жатады. Радиациялық тазалауда иондалған сәулелену әсерінен улы заттар залалсызданады. Ион алмасу арқылы тазалауда суды тек ластатқыштардан ғана тазартып қоймайды, сондай-ақ қайта пайдалану үшін бағалы химиялық қосылыстарды жеке іріктеп, жинап та отырады. Бұл әдісте ластаушылармен ион алмасу реакциясына түсетін иониттер (балшықты минералдар, фторапатиттер, ион алмасу шайырлары) қолданылады. Ақпа сулар - бұл өнеркәсіпте және тұрмыста пайдаланғаннан шыққан сулар. Ақпа суларға сондай-ақ ғимараттар салынған территориядағы жаңбыр, нөсер сулары да жатады.

Ақпа суларда адам организміне қауіпті көптеген органикалық және минералдық зиянды заттар болады. Сондықтан ол суларды сүзу, тазалау орындарында, биологиялық тоғандарда және т.б. жерлерде залалсыздандыру және тазалау қажет.

Химиялык (реагентті) тазалау - бейтараптаудан (нейтрализация) және тотығу-тотықсызданудан тұрады. Бейтараптау - сілтілердің әсерімен ерітіндінің қышқылдық қасиетін жоюға, ал қышқылдармен ерітіндінің сілтілік қасиетін жоюға алып келетін химиялық реакция. Кез-келген тотығу- тотықсыздану реакциясы сол мезеттегі кейбір компоненттердін тотығуының, кейбіреулерінің тотықсыздануының нәтижесі. Кең тараған тотықтырғыштарға: оттегі, ауа, озон, хлор, гипохлорит, сутегі қос тотығы, ал тотықсызданғыштарға - хлорит, темір сульфаты, гидросульфит, күкірт диоксиді, күкірттісутек жатады.

Биохимиялық тазалау - аэробты және анаэробты биохимиялық тазалаудан тұрады. Аэробты биохимиялық тазалау - өндірістік және тұрмыстық пайдаланылған сулардың микроорганизмдер әсерінен тотығуы нәтижесінде (оттегінің қатысуымен ) органикалық заттарын минералдау. Анаэробты биохимиялық тазалау оттегінің жоқ немесе жеткіліксіз жағдайында жүреді. Бұл жағдайда судағы оттегінің көзі ретінде құрамында оттегі бар аниондар қызмет етеді.

Суды залалсыздандыру - судың ауру тудырғыш микроорганизмдерден (оба, тырысқақ, іш сүзегі, жұқпалы гепатит т.б.) тазалануы. Көптеген жылдар бойы ішетін суды хлордың к өмегімен залалсыздандырып келді. Алайда, полихлорлы бифенилдердің улы екені, олар көбіне майлардың құрамында кездесетіні белгілі боды. Тотыға отырып, олар өте улы диоксинді түзеді. Қазіргі кезде суды озонмен өңдейді.

Әртүрлі, сондай-ақ суғару мен топырақты тыңайтуға пайдаланатын ақпа сулар да адамдар мен жануарлар үшін қауіпті болып, топырақ құнарлылығы мен өсімдіктердің өсуіне, дамуына және ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасына теріс әсер ететін патогенді микроорганизмдердің көзі болуы мүмкін. Аурудың жұғу қауіптілігі топырақ пен өсімдіктерге ақпа сулардан келіп түсетін патогенді микроорганизмдердің тіршілік ұзақтығына байланысты.

Тіпті тамақ өнеркәсібінде жұмыс істейтін жұмысшының қол жуған суы да микробиологиялық санитарлық бақылаудан өтеді. Бақылау жұмыс басталар алдында жүргізіледі. Бұл жағдайда қолдағы микроорганизмдердің жалпы саны мен ішек таяқшасы тобына жататын бактериялардың бар-жоғы анықталады.

Судың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің өзгеруі салдарынан, оның табиғи тазару және жаңғыру қабілетінің азаюынан су ресурстарының жағдайы өзгереді. Сондықтан барлық су ресурстары ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғалуы тиіс. Олай болмаса, табиғи жүйенің экологиялық тұрақтылығы бұзылып, халықтың денсаулығы нашарлап, балық қорлары азаюы және сумен қамтамасыз ету нашарлауы мүмкін.

7. Қоршаған ортаның химиялық ластануы. Химиялық ластануға қоршаған ортада табиғи, табиғи – антропогенді және антропогенді несеме тіршілік ортада болып жатқан физикалық – химиялық процестеркезінде зиянды, улы заттардың пайда болуын жатқызамыз. Дамуы жоғары елдерде соңғы екі – үш онжылдықта қолданылған шараларға байланысты қоршаған ортаның химиялық ластануы екінші орынға түсіп, бірінші орынға радиактивті ластану шығып отыр. Біздің елімізді қоршаған ортаның химилық ластану қаупі әлі де жоғары болып тұр.

Қазіргі кезде химиктерге химиялық заттардың 4 – 5 млн түрі белгілі. Олардың саны жыл сайын 10% өсіп отырады. Адам организміне әр түрлі жолдармен (тамақпен, ауамен, сумен) түсіп тұратын организмге жат химиялық ластаушы заттарды ксенобиотиктер (грек. ксенос – жат, биос — өмір) деп айтады. Жердің геосферасы бойынша атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ластануын айтады. Қоршаған ортаның компоненттері мен ластану орындары бойынша химиялық ластануды келесі түрлерге бөледі:

1) ауаның ластануы (мысалы, адамдар тұратын аймақтар, жұмыс істейтін жерлер);

2) тұрмыстық және өндірістік бөлмелердің;

3) жербетілік және жерсты суларның;

4) топырақтың;

5) тамақтың және т.б.

Ортаның химилық ластаушы көздерін мынадай үлкен топтарға бөлеміз:

1) қоршаған ортаға сұйықтық, газды және қатты түрдегі өндірістік қалдықтарын шығаратын техникалық қондырғылар;

2) ластанушы заттар шығаратын, немесе оларды жинақтап, сақтайтын шаруашылықтар;

3) ластаушы заттар келіп тұратын (трансшекаралық жылду) аймақтар;

4) планетарлық ластануға әкелетін атмосфералық жауын – шашын, тұрмыстық, өндірістік және ауылшарушылық қалдықты сулар.

8. Алматы қорығы. Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931 жылы құрылған мемлекеттік корық. Ауданы 73,34 мың га (1997). Алматы қорығының құрамына теңіз деңгейінен 1400-5017 м биіктікте орналас­кан Талғар тау жоталары енеді. Ол 4 биіктік белдеуден тұрады. Оның орманды-дала белдеуінде (1300-2600 м) алма, өрік, долана, қарақат, итмұрын, ұшқат өседі. Жабайы жеміс ағашты ор­ман Тянь Шань шыршасынан тұратын қылқан жапырақты орманға (1400-2800 м) ауысады. Ал субальпі белдеуі (2600-3000 м) жартастар мен құлама шөгінділерден, шөбі аласа альпі шалғынынан тұрады. Одан жоғары (3800 м-ден биік) белдеуді ұдайы мұз басқан құздар алып жа­тыр. Қорықта өсімдіктердің 1300-ден аса түрі кездеседі, оның 112 түрі ағаштар мен бұталар.

9. Энергияның альтернативті түрлері (су, жел, термодинамика, күн, биоотындар).Су энергетикасы – энергетиканың су қорларының қуатын пайдаланумен айналысатын саласы. Алғашқы су энергиясы диірмендердің, станоктардың, балғалардың, ауа үрлегіштердің, т.б. жұмыс машиналарының жетектерінде пайдаланылды. Гидравликалық турбина, электр машинасы жасалып, электр энергиясын едәуір қашықтыққа жеткізу тәсілі табылғаннан кейін, сондай-ақ су энергиясын су электр стансаларында (СЭС) электр энергиясына түрлендіру жолының жетілдірілуіне байланысты су энергетикасы электр энергетикасының бір бағыты ретінде дамыды. СЭС – жылу электр стансаларына қарағанда жылдам реттелетін, икемді энергетикалық қондырғы. Олардың жиілікті реттеуде, қосымша жүктемелерді атқаруда және энергетикалық жүйенің апаттық қорын қамтамасыз етуде тиімділігі жоғары. Жел энергетикасы — жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Елімізде арзан электр энергия көздерін іздеу мақсатында, “Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы” мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жел күшімен өндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады. Термодинамика (грек. θέρμη - "жылу", δύναμις - "күш") - физика ғылымындағы жылудың жұмыс және басқа энергия түрлерімен арадағы қарым-қатынасын зерттейтін тармағы. Термодинамика — тәжірибелерден жинақталған нәтижелерге сүйенетін феноменологиялық ғылым. Ол көптеген құрамдас бөліктерден тұратын макроскопиялық жүйелер - термодинамикалық жүйелерді зерттейді. Мұндай жүйелерде жүретін процестер макроскопиялық шамалар, мысалға қысым немесе температура арқылы сипатталады және олар молекулярлық деңгейде қолдануға келмейді. Күн энергетикасы (Гелиоэнергетика; гр. helios — күн, және энергетика) — күн энергиясын әр түрлі амалдар арқылы (электрэнергиясын және жоғары температуралы жылу өндіретін гелиоэлектростанциялар, күн элементтері мен батареялары, үй-жайларды, жылыжайды және т.б. жылыту мақсатымен төмен температуралы жылу алу үшін қолданылатын күн коллекторлары және т.б.) пайдалану. Мысалы, Батыс Еуропада тұрмыста күн коллекторын пайдалану. Күн қуаты - шешуші экологиялық факторлардың бірі. Атап айтқанда жарық жерде өмір сүретіндердің барлығына дерлігін фотосинтез арқылы энергиямен және құнарлы заттармен қамтамасыз етеді. Тірі ағзалар үшін сөуле толқынының ұзындығы, оның қарқындылығы және сәулелендірудің ұзақтығы қажет. Күн сөулесінің спектрі үш аймаққа бөлінеді, өлар: ультракүлгін, көрінетін жәнө инфрақызыл сәуле шығару аймағы. Биоотын – биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы биологиялық шикізаттан алынған отын. Тағы да басқа целлюлозадан және органикалық әртүрлі типті қалдықтардан алынып бағытталған әр түрлі дәрежедегі өңделген жобалар кездеседі, бірақ бұл технолгоиялар әлі бастапқы кезеңдегі өңдеуде немесе коммерциялылықтануда. Био отындар сұйық түрде (іштен жану қозғалтқыштарына арналған, мысалы, этанол, метанол, биоотын), қатты отын (ағаш, шымтезек, отынды гранулалар, жаңқа, сабан, қауыз) және газ тәрізді отындар (биогаз, сутегі).


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 180; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты