КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс №3. Өзін-өзі тексеру сұрақтары1. Қытай философиясында қалыптасқан мектептер 2. Даосизмның этикалық-саяси көзқарастарының ерекшіліктері қандай? 3. Конфуцийдің «алтын ережесі» 4. Ян және инь философиясы 5. Қытай философиясындағы категориялар
4-дәріс.Ежелгі Грек философиясы Грек философиясы мен мәдениетінің өркендеген жері грек жері емес, Жерорта теңізі жағалауындағы елдер. Бұл елдерді бір кезде гректер жаулап алған болатын. Милет, Самос, Абдер сияқты қалалар Жерорта теңізіне жақын болып, оларда сауда-саттық және экономикалық қатынастар кеңінен өркендеді. Сондықтан бұл қалаларда ірі мәдениет ошағы, философиялық орта пайда болып, дами бастады. Алғашқы грек философиялық мектебі Милет қаласында пайда болды. Милет мектебі Ежелгі Грекияда б.з.д. VI ғ. өмір сүрді. Бұл Милет мектебінің негізін қалаушылар Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Бұлар дүниені біртұтас, бір-бірінен бөлінбейтін жалпы процесс деп қарай отырып, оның негізін материалдықтан іздеді. Фалес(б.з.д. 640-560 ж.ж.) дүниенің негізін судан, Анаксимандр (б.з.д. 610-540ж.ж) апейроннан(шексіздіктен), Анаксимен (б.з.д. 546ж. туған) ауадан іздеді. Олар өткен дәуірдегі мифологиялық көзқарастан бас тартты. Алдымен жаратылыстану саласын зерттеушілер болды. Олар дүниеде не бірінші деген мәселені емес, керсінше, дүниенің біртұтастығын белгілі бір материалдық бірінші негіз арқылы шешуге тырысты. Эфестік Гераклит(шамамен б.д.д.540ж.). Оның есімі философия тарихында өшпес із қалдырған. Сонымен қатар, Гераклит тарихта Қараңғы деген қосымша атпен белгілі. Мұндай теңеу оның шығармаларының ерекшелігіне: ойлау машығының сипатына, тіліне, стиліне қарай айтылады. Гераклиттің ойлары өте қысқа әрі жинақты келеді. Ол түсініксіз сөздер арқылы терең ой жүйесін ширатып, әрбір құбылыс пен заттың мәнін ашуға тырысады. Гераклит қарама-қарсылықтардың бірінсіз-бірі өмір сүрмейтіндігін дәлелдеп шықты. Ол дүниенің тұрақсыздығын, оның үнемі қозғалыс пен өзгерісте, жалпы дамуда болатынын айқындап берді. «Өзендегі суға екі рет түсе алмайсың, өйткені ол ағып жатыр» дейді. Мұның өзі барлығы ағып, үнемі дамуда болады деген пікірді білдіреді. Гераклит қарама-қарсылықтардың бір - бірінен ажыраспайтынын, бір - біріне өтетінін, алмасатынын, бірін-бірі толықтыратынын, бірі жойылса, екіншісі де жоғалатынын айқындап берді. Гераклит сол кездегі басқа ойшылдар сияқты жаратылыстану саласымен айналысып, дүниенің негізін материалдық біртұтастықтан іздеді. Сондықтан да ол дүниенің негізін отта деп есептеді. Гераклит – көрнекті диалектик, теориялық ойлаудың шым-шытырман тұңғиығына, оның қайшылықтары мен бұрылысы көп жолдарына батыл көз жүгірткен ғұлама философ. Гераклиттің диалектикасы көптеген келелі мәселелерді көтерді. Сондай проблемалардың бірі таным процесін, әсіресе, диалектикалық танымның салыстыру әдісімен қалыптасатынын атап көрсетті. Салыстыру арқылы жақсылық пен жамандықтың, әсемдік пен көріксіздіктің т.б, жігін ашып, мәнін негіздеуге тырысты. Грек философиясында Гераклит диалектикасына қарама-қарсы бағытта пайда болған сол кездегі ағымдардың бірі - Элей мектебі болды. Ол мектептердің өкілдері – Парменид пен Зенон. Парменид пен Зенон бастаған Элей мектебі келелі философиялық мәселелерді көтерді. Ең алдымен олар болмыс туралы проблеманы жан-жақты талқылады. Элей мектебі болмыс туралы философиялық мәселе көтере отырып, оның мәнін ашуға әрекеттенді. Болмысты тек ойлау арқылы білуге, түсінуге, сырын ашуға болады. Ендеше, негізгі мәселе – ойлаудың болмысқа деген қатынасы. Бұл - Элей мектебінің ашқан жаңалығы. Мұның өзі кейін философияның негізгі мәселесіне айналды. Элей мектебінің негізін қалаған Парменид деген ойшыл. Оның ұстазы атақты ақын, ойшыл Ксенофан. Міне, Парменид болмыс туралы терең ой-пікірлер қозғаған. Ол: «Болмыс бар, болмыс емес жоқ» - кесіп айтты. Зенонныңатақты апориялары: «Ахиллес пен тасбақа», «Жебе». Апория - ойлаудағы қиналу, аң-таң болу, шешілмейтін жұмбақ мәселе. Пифагоршылдар –ежелгі грек философы, әрі математигі, Пифагордың ізбасарлары. Олар дүниенің негізін сандық қатынастарда, сан барлық заттар мен процестердің мәні деп есептеді. Сандардың негізі әрбір зат пен процестің өлшемінде жатыр. Атомистер – материалистік тұрғыдағы философиялық мектеп. Негізі өкілдерінің бірі: Демокрит. Оның пікірінше, барлық материалдық дүние атомдардан тұрады. Атом бөлінбейді, мәңгілік, өзгермейді, өзіне-өзі тең. Софистер б.д.д. V-IVғ. өмір сүрген. Софистік философия, шын мәнісінде, антропалогиялық ілім болып қалыптасқан еді. Оның негізін қалаушы аға буынның өкілі — Протагорболатын. Протагордың «Адам - барлық дүниедегі заттардың мөлшері» деген қағидасы адам туралы ілімнің іргетасын калаған негізгі принцип болды. Шынында да, адам барлық заттардың және соған қатысты процестердің мөлшері болуға тиіс. Мұндай идеяның негізінде адамның өзінің рөлі де және оның қызметінің маңызы да жан-жақты қамтылады. Классикалық философия.Сократ, Платон, Аристотель. Сократ(б.з.б. 469-399 жылдары) жасында мүсіншілікпен айналысып, кейін философ, қоғам қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді. Сократтың философиясы әрбір ғасырдағы, әрбір дәуірдегі адамдарды үнемі ойлантатын, ешуақытта маңызын жоймайтын аса қажетті ілім. Сократ софистер басын бастап, бірақ, аяқтай алмаған адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Ол, ең алдымен өзіне дейінгі философтардың ой-пікірлерін талдай келе, олар негізгі кемшілігін көре білді. Сократтың ойынша, таным философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Сократ мәселені батыл қойды. Дүниені тану, әлемді тану, әрине, қажет-ақ. Дегенмен адам өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін білуге ұмтылуы керек. Осыдан келіп Сократтың бірінші принципі шықты. «Сен алдымен өзінді-өзің таны». Сократ бұл жерде адамның өмірін философияның негізгі мәселесі етіп қараумен шектелмей, өмірдің өзін өзіндік сана ретінде қарап отырған. Ендеше, адамша өмір сүрудің өзі өнер екен. Оның екінші қағидасы: Менің білетінім - менің ештеңе білмейтіндігім, ал басқалар мұны да білмейді». Адам өзіне-өзі сырттай үңілген сайын, өзін өзі тануға ұмтылған сайын, сайып келгенде ештеңе білмейтіндігін анықтайды. Платон(б.з.б. 427-347 жылдары өмір сүрген) атақты және аса ауқатты бай жанұядан шыққан.Философия тарихында Платонның қалыптасуы, көбінесе оның ұстазы Сократтың есімімен тығыз байланыстырады. Оның үстіне Платонның көптеген шығарма сұхбаттарының негізгі кейіпкері — Сократ. Ол Афины демократиясын қатты сынға алды. Платонның еңбектері:«Мемлекет», «Театет», «Федон», т.б. Сезімнен тұратын шындықты Платон нақты шындық емес, ол текөмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді. Танымдүниені білу емес, еске түсіру деп уағыздады. Идея деген ұғымды алғаш философияға енгізген де - сол. Табиғатта идея тек түр ретінде өмір сүреді. Заттар өз қасиет сипатынсол түрге сәйкестенуі арқылы иемденеді. Идея ол біріншіден мәңгі, ол тумайды да, өлмейді де, өспейді де,кемімейді де; екіншіден, ол біртектес, әртүрлілік текзаттарға тән, олар өнеді, өшеді, - дейді Платон.Сөйтіп, ол идеяны алға тартады. Шәкірттерін оқыту үшінАкадемия ашты. Мемлекетті философтар басқармайынша адам баласы зұлымдықтан арылмайды. Платон жастарды философиямен айналысуға шақырды.Философ болу үшін, таңдана білу керек, — дейді. Аристотель (б.з.б. 384-322 ж.ж.) философиясы, жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген проблемаларға жан-жақты талдау жасап, өз заманының көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті. Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасалды. Ол «Метафизика» деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі - болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты. Аристотель - Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін жасау процесінде ол Платонның көзқарасына қарсы шықты. Аристотельге: «Сен неге көзінің тірісінде ұстазыңа қарсы шықпадың», - деп айып таққанда, ол: «Платон маған дос, бірақ ақиқат одан да гөрі қымбатырақ» - деп жауап беріпті. Эллиндік философия.Эллинизм дәуірі (б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырдағы) басталды. Эллинизм ойшылдары стоялықтар – Аристотель ілімін, эпикуршілдер Демокритті, скептиктер Элей мектебі мен софистерді, Платонды әрі қарай ілгері жалғастырушылар болды. Ендеше, заманның мәнін, ішкі рухани дүниесін түсіну үшін эллинизм дәуірі, ондағы стоялықтар, эпикуршілдер және скептиктер маңызды рөл атқарды. Стоялық бағыттың негізін салған – Зенон. Әсіресе, стоялық ойшылдар өзінің логикасында, физика мен этикасында табиғатты, яғни сезімдік материалды, ғарышты субъекті ретінде қарап, сол арқылы адамның негізін түсінуге ұмтылды. Эпикуршілдік бағыттың өкілі Эпикурдің есімімен аталатын философиялық ағым сонау Демокриттің атомдық философиясын дамыта отырып, осы эллинизм дәуірінде адам туралы көптеген мәселелер көтерді. Эпикуршілдікті жаратылыстану саласын және этика мен эстетика мәселелерін көтерген ғылыми бағыт деп қарауға болады. Бұл ағымның негізгі бір ерекшелігі ұсақ бөлшекті атомдарды қарастыра отырып, солар арқылы адамдардың қоғамдық өміріне талдау жасайды. Скептиктер (грек тілінде «қараймын», «зерттеймін», «күдіктенемін») бағыты адамның ішкі дүниесін, рухани өмірін өзгерткен көптеген ойларды қамтыды. Бұл ағымның негізін қалаушылар Пиррон, Секст Эмпирик, тағы басқалары болды. Бұл философияның негзі адамның ойы арқылы айналадағы дүниеге кеңінен көз салу, оны жақсылап көріп алу, өткен жолымызға қайта қарау және танымның жетістігіне сын көзбен шолу арқылы оны қайта бағыттау. Неоплатонизм өз дәуіріне тән философиялық бағыт болғандықтан сол заманның қоғамы мен адамының әлеуметтік тәжірибесін дәл ұғынып, оны абстракциялық философиялық формулаларда шебер көрсете білді. Тіл жеткісіз Тұтастық пен оның алуан түрлілікпен байланысын іздеу, Тұтастықты абсолюттендіру және Тұтастық пен материалдық ғарыш, құдай мен адам арасындағы шексіз аралық сатыларды іздеу мифологиялық ойлауды философиялық тұрғыда жаңғыртуға әкелді. Тәнге қатысты барлық нәрселерге қарсы шығу, аскетизм мен экстаз туралы ілімге басымдылық беру тек ерте христиандық философияға ғана емес, бүкіл ортағасырлық теологиялық ойлауға озінің едәуір ықпалын тигізді. Филон Александрийскийдің Көне Өсиет (Ветхий Завет) грек философиясымен алғаш синтездеуге ұмтылысы өзінің жалғасын таппады. Христиан дінінің жеңіске жетуі ертедегі гректердің ойлау тәсілін игере отырып, теріске шығару арқылы жүзеге асты. Бұл ортағасырлық өркениетте бастапқыда антиктік-христиандықты, ал кейінірек еуропалық христиандықты даярлады.
|