Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Дәріс №9. Өзін-өзі тексеру сұрақтары




1. Неміс классикалық философиясындағы көрнекті тұлғаларды есіңізге түсіріңіз.

2. Кант «сынға дейінгі» өмір кезеңінде қандай гипотеза ұсынды?

3. Гегельдің философиялық жүйесі.

4. Диалектиканың негізгі зандарын атаңыз.

5. Фейрбахтың «сүйіспеншілік» ілімі.

 

10-дәріс.XIX ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия

Классикалық неміс философиясы әлемдік философияның дамуына зор ықпал етті. Ол онтологиялық және гносеологиялық мәселелерді, яғни болмыс, мән, таным және өзге де философиялық мәселелерді идеалистік тұрғыда шегіне жете зерттеп, дамытты.

Алайда, XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, классикалық философия дәстүрі әртүрлі сынға ұшырап, екі жарым мың жылдық тарихы бар философиялық мән мен таным мәселесінің орнына «өмір», жеке адам, құбылыс, психологиялық және т.б. мәселелерді қарастыру белең алды. Осы дәуірде классикалық неміс философиясын, әсіесе гегельдік философияны сынаудың екі бағыты көзге түсті:

«сол жақтан сынау», материалистік философия өкілдері - Л.Фейербах, К.Маркс, Ф.Энгельс;

«оң жақтан сынау», идеалистік «бейклассикалық» философия өкілдері;

Сонымен бірге «Кантқа қайта оралу», «Гегельге қайта оралу» деген ұранмен неокантшылдық, неогегельшілдік философиялық мектептер пайда бола бастады:

■ Неокантшылдық мектептер. Марбург мектебі - Канттың таным теориясы, логика мәселелерімен айналысты. Бұл мектеп - Герман Коген (1842 - 1918), Пауль Наторп (1854 - 1924), Кассирер (1874 - 1945), Ганс Файхингер (1852 - 1933);

■ Бадендік(Фрейбургтік) мектеп - Канттың әлеуметтік философиясы мәселелерімен айналысты. Өкілдері - В. Виндельбанд (1848 - 1915), Генрих Риккерт (1863 - 1936);

Неогегельшілдер - Рихард Кронер (1884-1974), Г.Лассон (1862 Бейклассикалық идеалистік философияның негізінен екі бағытта кең тарады: иррационализм және «өмір философиясы»;

Иррационализм –табиғатта, қоршаған дүниеде логикалық қисынды байланысты жоққа шығарады.Иррационализмнің негізгі идеясы - қоршаған дүниенің бәрі бөлшектенген байланыссыз хаос, ішкі заңдылықтары жоқ, ақыл-парасат бақылауына бағынбайтын, тек ерік-жігерді қозғаушы күш деп түсіну. Иррационализмнің көрнекті өкілі – Артур Шопенгауэр.

Шопенгауэрдің «Дүние, ырық және елестету» деген еңбегінің төртінші кітабында философтың құнды идеяларының бірі анығырақ баяндалған. Дүниені елестету арқылы оны әрі сенімді, әрі анық тануға мүмкіндік туады. Осыдан соң ғана ырықтың алдында оның өзін жарқырата көрсететін айна пайда болады. Ол айнадан ырық өзін өзі толығырак, анығырақ, үнемі өсіп отыратын дәрежеде танып, соның ең жоғарғысы адам ырқы екеніне көз жеткізеді. Бірақ адамның мәні оның іс-қимылы мен әрекетінің байланыстары арқылы белгілі болады. Осындай саналы бірлік ақылдың, зерденің пайда болуына жеткізеді, ал одан тұтастықты қамтуға мүмкіндік туады. Органикалық емес нәрселердің, өсімдіктердің табиғаты мен оның заңдарындағы бізге көрінбейтін ырық соқыр, бой бермейтін ұмтылыс қана. Оның өзі не істеймін десе сонысы болмай қоймайтын осы дүние, өмір. Сондықтан біз өмірдің құбылысын ырықтың айнасы, оның нысаны дейміз. Ал ырықтың ең қажеттісі - ол өмір. Өйткені өмір дегеніміз елестетуге арналған осы ырықтың бейнесі ғана. Ендеше бұл ырық немесе «өмірге қарай ырық» деген сөз.

Иррационализмнің барынша өріс алып, әсіресе, XX ғасырда негізгі ағымдардың тұтқасына айналуына үлес қосқан ойшыл, неміс философы Фридрих Ницше (1844-1900) болды.

Ф.Ницше бүкіл адамзаттың ғасырлар бойы қалыптасып келген салт-санасы мен дәстүріне, әсіресе, философияда зердеге қарсы шықты. Ол бүкіл философия тарихына қайтадан шолу жасап, ескі соқпақты жолдардан бас тартып, бұрын-соңды болмаған бағытқа бет бұрды. Ол көне грек тарихының бүкіл проблемаларын, ондағы философиялық, ойлардың пайда болуын сол кездегі халықтың музыкалық рухына және олар өмір сүрген дәуір деп тіршілік қарекетіне байланысты деп есептеді. Осыдан келіп, философ олардың күнделікті мүшкіл халінен туған рухты шебер тілмен суреттеп берді. Мұндай жаңалық философия тарихында бұрын-соңды болмаған еді. Ол өзінің шығармасында көне грек мәдениетін, әдебиетін және өнерін жетік білетіндігін көрсетіп қана қоймай, сол кездегі рухани дүниені танудың жаңа бір әдісін тапқандай болды.

Ф.Ницше өмірдің негізінде ерік, жігер, құлшыныс жатыр дейді. Оның философиясының негізі – билікке деген ерік. Билік – ғарыштық күш, ол бар өмірдің өзегі.

Психоанализдеп бейсаналықтың қоғам мен адам өміріндегі өзге де психикалық процестердің себептерін, маңызын түсіндіретін қазіргі заман философиясының бағытын атайды.

Психоананализ теориясын австриялық ғалым-психиатр Зигмунд Фрейд(1856 - 1939) салды. Психоанализдің бастамасы ретінде З.Фрейд екі жаңалық ашты:

■ бейсаналық- ерекше психикалық шындық, сананың бақылауына келмейтін, адам санасынан тыс жататын психикалық құбылыстар, жағдайлар және әрекеттер жиынтығы;

■ ығыстырып шығару реакциясы- психологиялық қорғаныс әдісі ретіндегі психиканың тендігі мен салауаттылығын бұзатын теріс эмоцияны, теріс тәжірибені санадан бейсаналыққа ығыстырып шығару реакциясы.

Өмірдегі теріс эмоциялар, жүзеге аспаған үміт, арманның бәрі ерте ме, кеш пе санадан бейсаналыққа ығыстырылып шығарылады, сөйтіп ол «кездейсоқтық», оғаштық мінез-құлықтарда, жаңылу, бейадекватты іс-әректтерде көрініс табады.

З.Фрейд ілімінің негізінде философиялық неофрейдизм ағымы пайда болды. Оның өкілдері: А.Адлер, К.Г.Юнг, Э.Фромм.

Карл Густав Юнг(1875 - 1961) – архетиптер теориясын қарастырды. Архетиптер- әмбебап бейнелер, жалпы адамзаттылық ығыстырылған өмірлік энергияның «коды». Архетиптер - барлық адамдарда туа біте пайда болатын «ұжымдық бейсаналық» құрылымы, адамзаттың «шифрленген» құпия тарихы, ізгі ақиқаттар. Олар адамның ұжымдық өміріне, шығу тегіне байланысты. Архетиптер адам психикасында тұқым қуалау арқылы тарихи сақталады. Архетиптер адамға түс көру, бейне, әпсана, парапсихологиялық эффект, қиял, галлюцинация арқылы көрінеді. Оларды санамен, парасат, ақылмен байқауға болмайды, архетиптер - тылсым, құпия дүние. К.Юнгтың пікірінше философия мақсаты - адамға архетиптерді «ашып беруге» көмектесу, оның мағынасын, мәнін ұғыну, сол арқылы өзін жәнс қоршаған шындықты тану.

Позитивизм(лат.т. «оң», «жағымды» деген сөзінен шыққан) - 30 - 40 жылдары пайда болған философиялық бағыт.Позитивизм ғылымды философияға қарсы қоятын, философиялық мәселелерді терістейтін, тек арнайы, «оң» ғылымдардың білімін мойындайтын философиялық ағым.

Өзінің дамуында позитивизм төрт негізгі кезеңнен өтті.

1.Классикалық позитивизм; (О.Конт, Г.Спенсер);

2.Махизм;

3.Неопозитивизм;

4.Постпозитивизм.

Позитивизм негізін француз философы Огюст Конт (1798 -1857) салды. Ол ғылымға «социология» деген терминді енгізді.

О.Конттың негізгі шығармалары: «Позитивтік философия курсы», «Позитивтік философияға жалпы шолу».

О.Конттың пікірінше идеализм мен материализм арасындағы философиялық айтыстың негізі жоқ, әрі мағынасыз. Философия материализмнен де, идеализмнен де бас тартып позитвтік білімге көңіл бөлу керек. Ол дегеніміз-философиялық білім абсолютті дәлелденген, әрі анық болуы керек және оған жету үшін философия танымда ғылыми әдісті қолданып, өзге ғылымдардың жетістіктеріне сүйенуі қажет.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 190; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты