Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Азақстан табиғат ескерткіштер тізімі




 

 


 


[1] ГОСТ Р 51870-2002 – Государственный стандарт Российской Федерации «Услуги бытовые. Услуги по уборке зданий и сооружений. Общие технические требования».

азақстан табиғат ескерткіштер тізімі

Атауы Көлемі, га Орналасқан жері
«„Өрт байқау“ шоқысы» Ақмола облысы
«„Қостау“ шоқысы» 10,5 Солтүстік Қазақстан облысы
«„Қашқын“ шоқысы» 1,3 Ақмола облысы
«„Қазан“ жартасы шөгінділері» 3,9 Солтүстік Қазақстан облысы
«„Шолғыншы“ шоқысы» 3,8 Солтүстік Қазақстан облысы
«„Дулыға“ сүйір шоқысы» Ақмола облысы
«„Бүркіттау“ шоқысы“ және „Қайнар көз“» Солтүстік Қазақстан облысы
«Үңгірлі сарқырама» 0,5 Солтүстік Қазақстан облысы
«Қызыл күрең мүйісі» 0,5 Ақмола облысы
«Қиын-Керіш» Шығыс Қазақстан облысы
«Қарағайлы орман» Солтүстік Қазақстан облысы
«Қара май шоқысы» Ақмола облысы
«Қаз қайтуы» Павлодар облысы
«Шынтүрген шыршалары» Алматы облысы
«Шарын шетен тоғайы» Алматы облысы
«Сүйір шоқы» Солтүстік Қазақстан облысы
«Малта тасты шоқы» Ақмола облысы
«Көне ағашты тоған» Ақмола облысы
«Көне алап» Солтүстік Қазақстан облысы
«Көкшілтау самырсын тоғайы» Шығыс Қазақстан облысы
«Көк мүйіс» 1,2 Ақмола облысы
«Күміс қарағайлы орман» Солтүстік Қазақстан облысы
«Имантау көлінің аралы» 34,4 Солтүстік Қазақстан облысы
«Жаңажол» Солтүстік Қазақстан облысы
«Баум тоғайы» Алматы қаласы
«Айғай құм» Алматы облысы
«Айыртау шоқысы» Солтүстік Қазақстан облысы

 

 

43. ҚР қорықтары олардың ұйымдастыру мақсаты

Ақсу-Жабағлы (Оңтүстік-Қазақстан облысы). 1927 жылы құрылған. Атауы екі өзеннің атынан құралған: Ақсу және Жабағлы. Әсіресе Ақсу өзені өзінің өтуге ыңғайсыз тік жағасымен (300-500 метрге дейін) ерекшеленеді. Жалпы ауданы 85,3 мың га. Мұнда Талас Алатау солтүстік-батыс шатқалы мен Угам шатқалының көркем биіктаулы ландшафты кіреді. Қорықта өсімдіктің 1404 түрі, аңдардың 47 түрі, 239 түрлі құс мекен етеді. Мінезді тіршілік иелері - сібір тауешкілері, еліктер, малар, қабан, аққұлақ, грифтер, сирек кездесетін қар барысы, түркістан сілеусіні, арқар, тянь-шань аюы, бүркіт, балобан, улы жыландар. Қорықтың Қаратау тауларының еңісінде Қарабастау және Ақбастау палеонтологиялық қабірлері бар. Онда осыдан 120 млн. Жыл бұрын теңіз бассейнінде тіршілік еткен сирек кездесетін түрлі балықтар,, моллюска, тасбақа, юр кезеңінің жәндіктерінің іздері бар.

Наурызым (Қостанай облысы). 1934 жылы Қазақстанның ең оңтүстік массивіндегі қарағай орманы орналасқан Нааурызым қарағайлы орманын, және суда жүзетін жұмыртқалы құстардың мекені көлдерді сақтау мақсатында құрылған. Аумағы - 87,7 мың га. Қорықта өсімдіктің 961 түрлері, 39 түрлі аңдар мен 239 түрлі құстың түрлері кездеседі. Ерекше тіршілік иелерінің қатарына өте сирек кездесетін ақ қарқара жатады.

Қорғалжынқорығы (Ақмола облысы). 1968 жылы сирек кездесетін жұмыртқа салатын – қызғылт фламингоны сақтау мақсатында құрылған. Қызғылт фламингоның ең солтүстік отаны Теңіз көлінда. Қорықтың жалпы ауданы – 243,7 га., акваториясы 199,2 га алып жатыр. Мұнда 42 түрлі аңның түрлері, 298 түрлі құс, 331 өсімдік түрлері тіршілік етеді. Авиафауна құрамы өте бай. Сирек кездесетіндер қатарына пеликан, фламинго, шипун-аққуы жатады. Тенгіз-Қорғалжын көлі – көктемгі ұшып келу кезеңінде суда жүзетін құстардың мыңдаған санының бірігетін орны, соның арқасында қорық дүниежүзілік атаққа ие болды. Ол ЮНЕСКО тізіміне айрықша қорғалатын батпақты-көл ландшафт есебінде кірді.

Алматы(Алматы облысы). 1961 жылы құрылды. Аумағы 73,3 га құрайды. 137 өсімдік түрлері, 39 жануарлар түрі мен 200 ге жуық құстың түрлері бар. Сирек кездесетіндердің қатарына тянь-шань қоңыр аюы, қар барысы, түркістан сілеусіні кіреді. Қорыққа Іле өзені жазығының бос бөлігі қызықты табиғи нысаны – 150 метрлік «Ән салғыш құмдар» құмды төбе жатады, оның ерекшелігі құмдық еңістермен қозғалғанда қатты дыбыс береді. Табиғаты өте көркем. Мұнда мұздар, қарлар мен құздар да бар.

Марқакөл (Шығыс-Қазақстан облысы). 1976 жылы Оңтүстік Алтайдың табиғи кешенін қорғау мен тану үшін құрылған. Жалпы ауданы 75 мың га. Қорықта 721 өсімдік түрлері, 59 аң түрлері мен 254 құстың түрлері бар. Негізгі түрлері – марал, аю. Тектоникалық текті Марқакөл таулы көлі ерекше қызығушылық танытады: теңіз деңгейінен 1485 м биіктікте орналасқан, ауданы 544 шаршы метр, тереңдігі 27 м. Онда сирек кездесетін сиг-ускуч балығы тіршілік етеді.

Үстірт қорығы (Маңғыстау облысы). 1984 жылы құрылған. Аумағы -223 га. Үстірт шоқысының батыс бөлігін алып жатыр. Тұрақты ағынсуы жоқ. Ағынсыз ойыстар бар, олардың ең ірісі – Барсакелмес, өлшемі 70x30 км. Қорықта 261 өсімдік түрлері, 27 түрлі аңдар, 111 түрлі құс және бауырымен жорғалаушылардың -27 түрі тіршілік етеді. Сұр кесіртке Қызыл кітапқа енгізілген. Сирек кездесетіндер қатарына үстірт муфлоны, ұзынаяқты кірпі, жайран, қарақал, бүркіт, улы жылан, құзғын, балобан жатады.

Батыс-Алтай (Шығыс-Қазақстан облысы). 1992 жылы құрылған. Жалпы ауданы 56 мың га. Қорықта 564 өсімдік түрлері, 30 түрлі жануарлар түрлері, 120 құстың түрлері бар. Ондағы жарыққылқанды (сібір балқарағайы) және қараңғықылқанды (шырша және пихта) тайга табиғи кешені ерекше назар аударады.

Барса-Келмес (Қызылорда облысы). 1939 жылы құрылған. Арал теңізінің біратаулы аралында орналасқан. Аумағы – 30 мың га. Флорада 250 түрлі өсімдік саны бар. Жануарлар әлемінде 56 түрлі жануарлар түрлері – құлан, жайран, сайғақ, қарсақ, қасқыр тіршілік етеді. 203 түрлі құстың түрі бар. Сонымен қатар, 1997 жылы Баян-ауыл табиғи бағы ұйымдастырылды. Оның аумағы – 45 мың га жуық. Оны «жазық дала араындағы таулы-орманды оазис» деп аталады. Гранитті, желді, қарағай мен қайың орманымен көмкерілген Баянауыл таулары Қазақ ұсаққұмды жартылайқуаң жазықтармен биіктейді, олардың арасында Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл көлдері жатыр. Бұдан басқа, Қазақстанда табиғат ресурстарының бөліктерін шектеулі шаруашылыққа пайдалану қарастырылған режимдегі жалпы ауданы 4600 га 83 кіші қорықтар бар. Аң аулау орындары, геологиялық, ботаникалық, зоологиялық, көлді, батпақты, ландшафты кіші қорықтар да бар.

 

44. ҚР ботаникалық бақтары, дендропарктарі олардың сипаттамалары

Ботаникалық бақ – ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту, іс-тәжірибелік оқыту мақсаттарымен өсімдік өсіріп, оны зерттейтін,ботаникалық білімді насихаттайтын мекеме; ғылыми зерттеу және ғылыми мәдени өндірістік мекеме. Онда тірі өсімдіктердің колекциясын жинап олардың көмегімен өсімдіктердің сан алуандығын және жердің өсімдік әлемінің байлығын зерттейді. Ботаникалық бақтардың басты мақсаты -жаңа өсімдік түрлерін ашу, оларды кешенді зерттеу және интродукциялау. Ботаникалық бақтардың көбінде дендрарий, альпинарийсу өсімдіктері мекендейтін тоғандар бар және пайдалы өсімдіктердің экспозициялары орналасқан.[1]

Негізгі ғылыми бағыттары: жергілікті және сырттан әкелінген өсімдіктерді өсіру, жерсіндіру, олардың биологиясын, экологиясымен физиологиясын, өсіп-өнуін, селекциясын зерттеу; ботаникалық ілімді дамыту, оның жетістіктерін жалпы халыққа тарату; республикамызда азайып бара жатқан, жойылу қаупі төнген өсімдіктерді қолдан өсіріп көбейту, биологиялық, экологиялық ерекшеліктерін зерттеу, оларды сақтап қалудың, табиғи таралған орталықтарына қайтарудың жолдарын қарастыру; қала, ауыл, елді мекендерді көгалдандыру; бақ өсіру; гүлзар салу бағыттарында ғылыми-ағарту жұмыстарын жүргізу; өсімдіктердің жаңа түрлерін іздестіру, олардың пайдалы қасиеттерін анықтап, адам қажетіне жарату; өсімдіктер әлемін қорғау, көркейту. Ботаникалық бақтың негізгі бөлігін – шет жерлерден әкеліп отырғызылған өсімдіктер құрайды. Олар биологиялық ерекшеліктеріне қарай ашық далада, оранжереяда, жылыжайда өсіріледі. Қазір Қазақстанда әр түрлі табиғи-климаттық жағдайда орналасқан алты ботаникалық бақ – Бас ботаникалық бақ (Алматы), Маңғыстау тәжірибелік ботаникалық бағы (Ақтау), Жезқазған ботаникалық бағы, Алтай ботаника бағы (Лениногор), Іле ботаникалық бағы (Бақанас), Қарағанды ботаникалық бағы бар. Бұлардың алғашқы бесеуі Ботаника және фитоинтродукция институтының құрамына кіреді де, бір орталыққа бағынған Ботаникалық бақ жүйесін құрайды. Республиканың Ботаникалық бақтары дүние жүзіндегі 50-ден астам елмен әріптестік байланыс жасайды, халықаралық конгрестерге, симпозиум, конференцияларға қатысады.

Мемлекеттік дендрологиялық парк–табиғат қорғау мекемесінің мәртебесі бар және ағаш пен бұта тұқымдарын қорғауға, молықтыруға және пайдалануға арналған өңірлер бойынша сараланған қорғау режиміндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттік дендрологиялық парктер мемлекеттік ботаникалық бақтар сияқты тәртіппен және нақ сондай шарттар мен ғылыми, мәдени, ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.

 

 

45. Қызыл кітаптың маңызы, оның санаттар

Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды. Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.

І санат — жойылып бара жаткандар. Бұлар туралы соңғы 50 жылда ешқандай деректер жоқ. Мысалы, кызыл қасқыр, кара күзен, қабылан, қызылқүм аркары, қүдыр, т.б.

ІІ санат — саны азайып бара жатқандар (жақын арада жойылып кетуі мүмкін). Мысалы, балқаш алабұғасы, сарықұтан, жұпар, құлан, т.б.

ІІІ санат — сирек түрлер (қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірак өте сирек кездесетіндер). Мысалы, кар барысы, сілеусін, жарғанат, бұлдырық, қара түрпан, қара ләйлек, т.б.

ІV санат — белгісіздер (толық зерттелмеген түрлер). Мысалы, шұбар кесіртке, қара шұбар жылан, т.б.

V санат — қалпына келгендер (қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейген түрлер). Мысалы, аққу, көкқұс, т.б.

«Қызыл кітапқа» енгізілген жануарларды аулауға, есімдіктерді жоюға тыйым салынған. «Қызыл кітап» — мемлекеттік күжат. Сондыктан оған енген жан-жануарларды оқып-үйрену, білу баршаның міндеті болып табылады.

«Қызыл кітапқа» енген аң мен қүстарды, өсімдіктерді біле отырып, біз оны зерттеуші ғалымдарға көмектесеміз. «Қызыл кітап» әрбір отбасы мен мектептің кітап сөресінде түруға тиісті. Сол аркылы біз оларды қорғауға үлес қосатын боламыз.

Көрікті ландшафтыларды, табиғи кешендерді қорғаудың бұл формасы біздің елімізде соңғы жылдары қолға алынып отыр. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтардың қорыктардан біраз айырмашылығы бар. Мұнда табиғатты қорғау мен оның аясында ұйымдаскан түрде тынығу ісі бірдей жүргізіледі. Табиғи саябақ аумағында адам аяғы баспайтын қорықтар аймағы мен тынығу аймағы болады. Онда арнайы маршруттар белгіленіп, турист сокпақтары, аялдамалар мен тынығу пункттері орналасады.

 

46. Ғаламдық экологиялық проблемалардың өзектілігі

47. Озон қабатының жұқаруы, қышықл жаңбырдың экологиялық зиянды әсерлері

48. Әлемдік жылынудың,парниктік эффекттің атмосфераға әсері

Жылулық эффект. Ең алғаш жылулық құбылысты Фурье ашқан. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап планетадағы орташа жылдық температураның біртіндеп жоғарылауы байқалуда, мұны атмосферада жылулық газдардың жиналуымен түсіндіреді. Оларға: көміртек диоксиді, метан, фреон, озон, азот оксиді т.б. жатады. Жылулық газдар жер бетінен ұзын толқынды жылу толқындарының сәулеленіп шығуына кедергі келтіретіндіктен, осы газдармен қаныққан атмосфера температурасы жоғарылайды. Бұл газдар жер бетіне күн энергиясын өткізіп, сыртқа қарай, яғни космосқа жылуды мүлдем шығармайды. Жылулық эффект жер бетіндегі орташа ғаламдық ауа температурасының өсуінің басты себепшісі болып табылады. 2100 жылға қарай жер бетінің орташа температурасы шамамен 2- 4 0 С градусқа өседі деген болжамдар бар. Бұл мұз дәуірінен кейінгі температураға сәйкес келеді, яғни экологиялық салдар катастрофаға әкелуі мүмкін. Ең алдымен мұхит деңгейі көтеріледі, судың астында 30 мемлекеттің территориялары қалады, климаттық тепе-теңдік бұзылып көп жылдық тау-жыныстары деградацияланады.

Озон тесіктері. Жер бетінен 20-25 км қашықтықта орналасқан қалыңдығы 3 мм болатын озон қабатының мүжілуі озон қабатында саңылаулардың пайда болуына әкеледі. Озон қабаты жер бетіндегі барлық тіршілік иелерін күннің ультркүлгін сәулелерінен, яғни радиациядан қорғайды. Мұндай озон қабатының тозуы табиғи және антропогендік жолмен іске асады. Мысалы антропогенді жолмен озон қабатының тесілуі атмосфераға құрамында хлор молекулалары бар қоспалар мен химиялық заттардың түсуі нәтижесінде жүреді. Құрамында хлоры бар заттар қатарына суытқыш заттарда, яғни тоңазытқыш пен кондиционерлерде пайдаланылатын суытқыш агенттердің (фреондардың) ауаға түсуі, еріткіштер, аэрозольдер озон қабатын жояды.

Қышқыл жаңбырлар. Ауадағы күкірт диоксидімен азот оксидтерінің ауадағы ылғалда еріп, нәтижесінде түзілген қышқыл жауын-шашындарды қышқыл жаңбырлар деп атайды. Орташа рН мөлшері 5,6 дан төмен болады. Қышқыл жаңбырлардың зиянды әсері өте көп, атап айтсақ, өсімдіктердің жапырақтарына зиян келтіру, мәрмәрдан жасалған мәдени ескерткіштерді және ғимараттарды бұзу, металдар коррозиясының жылдамдауы т.б.

Өнеркәсіп және тұрмыс қалдықтарынан қорғау. Әр түрлі өнімдерді өндіру немесе пайдалану кезінде пайда болатын және өзінің бастапқы қасиеттерін жоғалтқан, енді қоланылуға келмейтін заттардың, материалдардың және т.б. қалып қойған бөлімдерін жатқызамыз. Қалдықтар қоршаған ортаға және адам ағзасына зиянды материалды заттарға жатады. Барлық қалдықтарды мына топтарға бөлуге болады:

- тұрмыстық (коммуналдық);

- өнеркәсіптік (өндіріс қалдықтары);

- өнідірісөнімдерінің қалдықтары;

- қауіпті (улы);

- радиоактивті қалдықтар.

Өндірістік қалдықтарды қатты және сұйық қалдықтарға бөледі. Қатты қалдықтарға металдардың, ағаштардың, пластмассалардың, өндіріс өнімдерінің қалдықтары жатады. Сұйық қалдықтарға ағынды суларды тазартқаннан кейін қалатын тұнбалар, газдарды ылғалдық әдіспен тазартқан кезде қалатын минералды және орагникалық шаңдар қалдықтары жатады.

Шу әсерінен қорғау. Ластану салдары әрдаайым дереу байқала бермейді. Ластанудың көбінесе жасырын, тез табыла қоймайтын түрлері де болады, мысалы қоршаған ортаның физикалық тұрақтыларының өзгеруі нәтижесінде болатын ластанулар, немесе физикалық ластанулар деп те айтады. Ағзаның тіршілігінің ауытқуларына әкелетін фактор шу болып табылады. Шулылық шудың қарқындылығы мен қайталануының табиғи деңгейден жоғарылау нәтижесінде пайда болады.

Биологиялық әсерден қорғау. Биологиялық ластану да аз қауіп тудырмайды. Қоздырғыш микроағзалар (микробиологиялық ластану) – бактериялар, вирустар болып табылатын тырысқақ, тұмау немесе оба сияқты аурулардың індетін еске алудың өзі жеткілікті. Қажетті мөлшерде тазаланбаған және заласызданбаған тұрмыстық ағынды сулар тері, ішек және басқада ауырулар тудыратын микроағзалардың үлкен кешеніне айналады.

 

 

49. Биологиялық алуантүрліліктің азаюының экологиялық зардабы

биологиялық әртүрлілік төмендеуінің басты себептері мен факторлары:

• Мұнайгаз және энергетикалық кешен нысандарын су басу және батыру кезіндегі Каспий теңіз суының ластануы (су деңгейінің көтерілуімен байланысты); теңіз мұнайын өндіру және тасымалдаумен байланысты ластану; Каспиге өзендермен бірге құйылатын ластағыштар.

• Ілеспе газды жандыру кезінде және өндірістік қалдықтардың токсинділігі нәтижесінде атмосфералық ауаның ластануы.

• Мұнайгаз, химия және энергетикалық кешен әрекетінің нәтижесінде топырақ-өсімдік жамылғысының ластануы және деградацияға ұшырауы.

• Бақылаусыз су көдерін пайдалану және суды ауыз су және техникалық қажеттіліктерге пайдалану нәтижесінде жерасты суларының таусылуы.

• Мұнаймен, газ және мұнайөнімдерімен флора мен фаунаның улануы әсерінен жойылуы.

• Бекіре, каспий итбалықтары, сайғақ және басқа жануарлар санының қысқаруы.

Радиациялық қауіпсіздік нормаларының артуы және қоршаған ортаға әсері.

Демографиялық үрдістер қазіргі әлемдегі әлеуметтік дамудың негізгі және жүйелі көрсеткіші болып табылады. Ағза мен табиғи мекен ортасының өзара әрекетінің тұрақтылығы мен орнықтылығын көрсететін маңызды сипаттамалар тіршілікке қабілеттілік, ұрықтылық, тіршілік ету ұзақтығы секілді көрсеткіштер болып табылады. Демографиялық сипаттамалар адам ағзасына қоршаған орта факторларының әсеріне байланысты, сонымен қатар демографиялық құрылым бейімделудің жалпы популяциялық көрсеткіштеріне ықпал етеді.

Мысалы, Арал дағдарысы қоршаған ортаның жай-күйін күрт нашарлатып, Арал маңы экожүйелері мен оның жеке бөлшектерінің айтарлықтай деградациясына себепші болды. Осы қарқында халық шаруашылығының тиімділігі төмендеп, әлеуметтік шиеленістер өрбіді, эпидемиялық жағдай артып, халықтың денсаулығы нашарлады.

Сонымен қатар, халықтың психологиялық денсаулығының нашарлауы байқалып, психологиялық аурулар біршама табылған (психологиялық ауытқу және жүріс-тұрысы бұзылғандар: 2008 жылы 100 мың халықтың ішінде 2773,2 ауру түрі). Мұндай тенденция психологиялық-психиатриялық көмек қызметтерінің қажеттілігін, психологиялық ауытқудың статистикалық есебін жақсарту қажеттілігін арттырады.

 

50. Табиғи ресурстар дағдарысының зардабы

Көп мөлшерде табиғат ресурстарын пайдалану ылғи да қоршаған табиғи отраны интенсивті түрде ластау мен табиғаттағы экологиялық тепе-теңділікті бұзумен байланысты болды. Бұл жағынан бұрынғы КСРО және оның ішінде, әсіресе Қазақстан Республикасы планетарлық масштабтан алғанда өте бір келеңсіз көріністе болған және қазірде солай болып қалуда. табиғи ресурстарды тиімсіз (мақсатсыз) пайдалану (мысалы, суды ысырапсыз пайдалану жөне т.б.)

Арал теңізінің экологиялық мәселелері. 60-жылжардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылык дакылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань таулары мен ағып келетін табиги су ағысын 90%-дан астам кыскартып жібереді. Теңіз ауданы 2,6 млн. Га-ға кеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге дейін түсіп кетті, тұздылыгы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна туз бен кұм желмен 300 км ара кашыктыкка таралады. Шөлдену. топырактын тұздануы. өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттың өзгеруі одан эрі жалғасуда. Халыктың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Арал аймағынын экологиялық жағдайы экономиканың дэстүрлі бағыттарының дамуының мүмкін болмауына экеліп, біркатар әлеуметтік және саяси мәселелерді туғызады. Қоршаған ортаны бүза отырып,кез келген қазіргі заманғы қоғам өзінің болашағын жояды. Болашақ үрпактардың дамуы үшін экологиялық турактылықты сақтап қалу кажет. Экологиялык тұрактылық болашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркэсіптік қалдыктарды нормалау мен алдын алу, қалдыксыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске косу керек. Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде орналаскан. Қаракұм жэне Қызылқұм шөлдері Аралды оңтүстік және шығыс жағынан қоршап жатыр. Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше эсер етті. Бағалы орман, камыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен. Сырдария грунт суларының деңгейі төмендеп кеткен.

 

51. Әлеуметтік экологиялық проблемалар (демографиялық жарылыс, ашаршылық)

Өндірістің жетілуі, адамдардың тұрмыс жағдайының жақсаруы және медицинаның алға басуы нәтижесінде дүниежүзі халқы жылдам қарқынмен өсе бастады. Әсіресе XX ғасырда халық санының айрықша жылдам артуы байқалды. Мысалы, 1930 жылы Жер шары халқы 2 млрд адам болса, 1962 жылы — 3 млрд, 1976 жылы — 4 млрд, 1987 жылы — 5 млрд, ал 1999 жылы 6 млрд адамға жетті. Халық санының мұндай күрт өсуі демографиялық жарылыс деп аталады. Бұл құбылысты адамның өмір жасының ұзаруы, сәбилер өлімінің азаюы жағдайында туу көрсеткішінің өзгеріссіз қалуымен түсіндіруге болады. Дегенмен 1980 жылдардың ортасына қарай халық санының өсуі баяулай бастады. Бұл туу көрсеткішінің күрт кемуімен байланысты болды. Дамыған елдердің көпшілігінде халық санының өсуі тұрақтанып, кейбір елдерде табиғи өсу мүлде тоқтады. Дүниежүзіндегі халық саны көп елдер. Дүниежүзі аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады. Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи өсу (туу мен өлудің арақатынасы) мен механикалық өсу (иммигранттар мен эмигранттар саны арасындағы айырма) жатады. Туу мен өлім көрсеткіштері әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, мемлекеттің демографиялық саясатына тікелей байланысты болса, халықтың көшіп-қонуына экономикалық және саяси алғышарттар, экологиялық ахуал себепші болады. Туу мен иммиграция көрсеткішінің жоғарылауы халық санын арттырса, өлім мен эмиграция халық санын кемітеді.

Адамның өмір жасының орташа ұзақтығына елдегі экономикалық көрсеткіш, әлеуметтік тұрақтылық, экологиялық жағдай және денсаулық сақтау жүйесінің қызметі тікелей әсер етеді. Бұл көрсеткіш тарихи кезеңдерде үлкен өзгерістерге ұшырап отырған.

Жеке елдердегі адамның өмір жасынын орташа ұзақтығы 25—30 жыл өмір сүрсе, XX ғасырдың орта шенінде дүниежүзі бойынша бұл көрсеткіш 46 жасқа, ал 2008 жылы 68 жасқа жетті. Қазақстан Республикасында адамның өмір жасының орташа ұзақтығы 67 жасқа тең: әйелдерде — 72, ер адамдар үшін 61 жасты құрайды. Қазіргі кезде өмір жасының орташа ұзақтығы женінен андорралықтар алдыңғы орында болса, Африканың мешеу елдерінде бұл көрсеткіш өте төмен.

Ашаршылық — саяси-әлеуметтік процестер мен табиғаттағы қолайсыз ахуалдар салдары болып табылатын әлеуметтік апат. Оның ашық және жабық түрі бар. Біріншісі — мүлдем үнемсіз қалу да, екіншісі — үнемі шала құрсақ болып жүру. Екеуі де ауруға, індетке, өлімге әкеліп соқтырады (қ. Ашығу). А. жеке адамның не отбасының ашығуы емес, бүтін бір аймақтың, халықтардың, мемл-тердің басына түсетін нәубет. Оның соңы адамдардың жаппай қырылуына алып келіп, халық санын күрт азайтып жібереді. Адамзат баласы өзінің ұзақ тарихында әр түрлі себептерден: қуаңшылықтан, жұттан, соғыстан, қолдан жасалған дағдарыстар мен күйзелістерден және геноцидтен соң күшті А-тарға жиі ұшырап тұрған. Қытайда, Үндістанда, Ресейде, Африкаелдерінде болған ғаламат Ашаршылықтар тарихтан белгілі. Жер бетінде адамзат баласы санының демогр. дүмпуінен кейін, 21 ғасырда экон-сы, әсіресе, ауыл шаруашылығы артта қалған кейбір дамушы елдерде Ашаршылық жайлауы мүмкін деп болжанады. Дегенмен, болашақта өркениетті елдердің өзара халықар. ынтымақтығы нәтижесінде ондай қауіптің алдын алуға болады.

 

 

52. Аймақтық экологиялық мәселелер. ҚР экологиялық өзекті мәселелері


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 430; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты