Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ормандардың азаюы.




Жаңбырлы тропикалық ормандар оттегінің басты көзі және оттегі тепе-теңдігін сақтауда үлкен роль атқарады. Сондықтан тропикалық ормандарды «планетаның жасыл өкпесі» деп те атайды. Соңғы 50 жылда адамның қатысуымен Жер бетіндегі ормандардың 2/3 бөлігі, ал соңғы 100 жылда Жер бетіндегі орман массивтерінің 40% жойылған. Жыл сайын дүние жүзінде 15-20 млн гектар (Финляндия аумағындай) Спопикалы қ ормандар жойылуда. Соңғы 10 жыл ішінде ормандардың жойылу қарқыны 90%-ға өсіп, жылына 1,8%-ды құрайды. Ең көп шығынға ұшыр ап жатқан елдердің қатарына Бразилия , Мексика, Үндістан, Тайланд жатады. Егер тропикалық ормандар осындай қарқынмен жойыла берсе 30-40 жылдан соң Жер бетінде мұндай ормандар қалмайды. Тропикалық ормандар аумағының азаюы әсерінен атмосферадағы оттегінің мөлшері XX ғасырдың ортасымен салыстырғанда жыл сайын 10-12 млрд тоннаға азайып, ал көмір қышқыл газының мөлшері 10-12%-ға көбеюде, яғни, оттегі тепе- теңдігінің бұзылу қаупі бар.

Ормандардың жойылуының басты себептері: орман алқаптарының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін өңделуі, ағаш отындарға сұраныстың артуы, ормандарды өнеркәсіп қажеттігі үшін қырқу және дамудың үлкен масштабты жобаларының іске асуы.

Халықтың тропикалық аймақтарға көшуін мысалы, Бразилияда (Амазонияны колонизациялау жобасын іске асыру үшін) ауыл шаруашылығы үшін жаңа жерлерді игеру мақсатында кейде үкімет деңгейінде қолдайды. Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде экспортқа шығару үшін мал шаруашылығын дамыту саясаты тропикалық ормандарға үлкен зиянын тигізді. Дамушы елдердегі кедей халық санының өсуі энергетикалық кризиспен бірге ормандардың жойылуының тағы бір себебі болып табылады.

БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, Азия, Африка және Латын Америкасы елдеріндегі ауыл тұрғындарының шамамен 90%, қала халқының 30% негізінен ағаш отындарды пайдаланады. Коммерциялық орман дайындау жұмыстары әдетте қырқылған ағаш орнына ағаш егілмей, экологиялық талаптар орындалмай жүргізіледі.

БҰҰ-ның Рио-де Жанейродағы конференциясынан (1992 ж.) соң дамушы елдер орман ресурстарын сақтау проблемасы бойынша халықаралық келісімге дайын екендіктерін растады. 1993 жылы Бандунг қаласындағы (Индонезия) кездесуде әлемнің барлық климаттық аймақтарында орман шаруашылығының дамуын қамтамасыз ететін бағдарламалар жасау және оны бақылау туралы халықаралық комитет құру жөнінде ойлар айтылды.

Қазақстан аумағының 3,2% ғана орманды алқап. Мамандардың пікірінше, еліміз орман қорғау ісі бойынша әлемдік тәжірибеден көп артта қалып қойған. Осы күнге дейін ұлттық орман саясаты қалыптасқан жоқ . Соңғы кездері ағашты заңсыз кесу әрекеті белен алды. Әсіресе еліміздің орман қорының 40%-ын құрайтын сексеуілді отау күшейіп барады. Ал сексеуілдің онсыз да эколоғиясы нашар, ылғалы аз, топырағы құнарсыз, құмды аймақтарда өсетіні бәрімізғе белгілі. Айта кетерлігі, 1992 жылы орман көшеттерін отырғызу ісі 80,7 мың гектар болса, он жылдан сон 2002 жылы бұл көрсеткіш 8,9 мың гектарға дейін қысқарған.

Су тапшылығын көптеген ғалымдар соңғы кездегі атмосферада көмір қышқыл газы мөлшерінің көбеюіне байланысты температураның көтерілуімен байланыстырады. Осыдан бірін-бірі тудыратын проблемалардың тізбегін жасау қиын емес: энергияның көп бөлінуі (энергетикалық проблемаларды шешу) - парникті эффект — су тапшылығы — азық-түліктің жетіспеуі (өнімнің болмауы). Соңғы 100 жылда температура шамамен 0,6°С-қа көтерілді. Әсіресе 1995-1998 жылдары температура қатты көтерілді. Көмір қышқыл газы, метан және басқа да газдар жылу сәулелерін сіңіріп парникті эффектіні (жылу эффектін) күшейтуде. Одан да маңызды фактор - тұрмыстық және өнеркәсіптік мақсатта су шығынының артуы. Осының әсерінен Үндістан, Қытай, АҚШ-тың кейбір аудандарында жер асты суларының деңгейі айтарлықтай төмендеді. Кейбір жерлерде суғару жұмыстары үшін жаңбыр суын емес, тереңде орналасқан қазба суларын пайдалануға мәжбүр.

Қытайдық ұлы өзендерінің бірі Хуанхэ бұрынғыдай Сары теңізге тек ылғалды жылдары ғана жетеді- АҚШ-тағы ірі Колорадо өзені де Тынық мұхитқа жылдағыдай құя бермейді. Амудария мен Сырдария өзендері де бұрынғыдай Арал теңізіне жете бермейді. Судың тапшылығы көптеген аймақтарда экологиялық ахуалды нашарлатып азық-түлік тапшылығына алып келуде.

Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар - түзілген жерлерінде пайдаланылмайтын, ауыл шаруашылығының басқа салаларында өнім ретінде немесе қайта өңдеу арқылы пайдалануға болатын өнеркәсіп, тұрмыс, транспорт және т.б. қоқыстар тұрмыстық (коммуналдық) қалдықтар адам өміріндегі заттарды (монша, кір жуу, асхана, емхана және т.б. қоса) пайдаланғаннан кейін қалатын, тұрмыста пайдаға аспайтын қатты (сондай-ақ ақпа сулардың қатты бөлігі - тұнбалары) қалдықтар. Тұрмыстық қалдықтар әлемнің көптеген елдерінің проблемасы. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын 150 млн тоннадан аса, Жапонияда - 72 млн тоннадан аса қалдықтар бөлінеді. Осыған байланысты қазіргі кезде көптеген елдерде қоқыстарды өңдеу қондырғылары (тәулігіне 900 тоннаға дейін) орнатыла бастады.

Соңғы жылдары тірі организмдердің улануына алып келетін қауіпті (улы) қалдықтардың мөлшері көбеюде. Бұл - ауыл шаруашылығында пайдаланылмай қалған улы химикаттар, құрамында канцерогенді және мутагенді заттары бар өндіріс орындарының қалдықтары. Бұрынғы КСРО территориясында химиялық «тұзақтар», яғни, кезінде көміліп ұмытылып кеткен, бертін келе тұрғын үйлер және басқа да обьектілер салынған көптеген қауіпті қалдықтардың орындары бар. Уақыт өте келе сол жердегі тұрғылықты халық әртүрлі ауруларға ұшырай бастайды. Мұндай қалдықтар көмілген жердің санақ бойынша АҚШ-та 32 мың жерде, Германияда - 50 ООО, Нидерландыда – 4000 кішкентай Данияның өзінде - 3200 көзі бар.

 

53. Баламалы энергия көздерін пайдаланудың экологиялық тиімділіктері

Бұл үдерістен Қазақстан да артта қалған жоқ. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз»,- деген еді. Қазіргі уақытта жел мен Күн сынды баламалы энергия көздерін пайдалану - жоғары дәрежеде деп айту қиындау. Өйткені мамандардың есебі бойынша елімізде жалпы жаңғыртылатын энергия көздерінің үлесі 1 пайыз екен. Бүгінде Қазақстанның жер қойнауы табиғи қазбаларға бай болғандықтан энергия тапшылығы айтарлықтай байқалмайды. Дегенмен баламалы энергия көздері ол болашақтың қажеттілігі екені сөзсіз. Қазақстанның климаттық жағдайы - күн қуатын пайдалануға қолайлы. Ғалымдардың айтуынша елімізде күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына 2,5 миллиард киловатт-сағат. Бұл отандық ғалымдарды жаңа жобаларды жасауға жетелеп отыр. Мәселен, күн сәулесін жинайтын арнайы тақталар. Толық автоматтандырылған аталмыш тақтайшалар ғимараттан шықпай-ақ, күн сәулесінің түсу бұрышын анықтап, оны компьютер арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Алматы энергетика және байланыс университетінің, Шағын энергия көздерін жаңғырту зертханасының қызметкерлері мен магистранттары жасап шыққан бұл тақта күннің энергиясын үнемдеп қана қоймай, оны энергияның басқа түріне ауыстыруға мүмкіндік береді екен. Ал өз кезегінде күн энергиясын қолдану жылу мен жарықты қатар алуға мүмкіндік береді. Бұл арзан әрі қолайлы. Сондықтан ол қазақстандық ғалымдардың басты назарында. Баламалы энергия көзін өндіруге қажетті құралдың тағы бір түрі – желдік роторлық турбина. Оны Альберт Болотов ойлап тапқан. Бүгінде отандасымыздың еңбегі вертикальды роторлы турбина Қазақстаннан тыс көптеген елдерде қолданылып келеді. Оны Ресей, Қырғызстан және Корей елдері пайдалануда. Себебі алыс жерлерге электр энергиясын жеткізу өте қиын болғандықтан, алыс аймақтарға вертикальды роторлы турбинаны қою өте ыңғайлы. Бүгінде баламалы электр энергиясын өндіру озық әлемдік технологияларды енгізуге және энергетикалық тиімді бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сондықтан, баламалы энергия көздеріне қазірден бастап баса назар аударылуы тиіс.

 

54. Қоршаған ортаның мәселелері бойынша Халықаралық ұйымдардың бағдарламалары

Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т.б. қатысады.

Негізгі бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық орган — Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, (ЮНЕП) жүзеге асырады. ЮНЕП — БҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар.

ЮНЕП үш деңгейде жұмыс істейді:

· Бірінші деңгейде коршаған ортаның бәсекелес мәселелері жөнінде және осы салада атқарылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат береді. БҰҰ-ға мүше мемлекеттер жыл сайын қоршаған ортанын ахуалы туралы баяндамалар тапсырады, осы баяндамалардан аталған ақпараттар алынады.

· Екінші деңгейде жекелеген елдерге, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға қатысты бүкіләлемдік көлемде бағдарламалық шараларды жүзеге асырудың міндеттері мен стратегиясын белгілейді. Осы денгейде қажетті шаралар мен олардың орындаушылары туралы мәселелер шешіледі, нақты бағдарламалар жасау үшін әдістемелік негіз қамтамасыз етіледі.

· Одан әрі, екінші деңгейде қолдау тапқан бағдарламалар мен жобаларды Қоршаған ортаны қолдау қоры қаржыландырады. Қолдау мөлшері тиімділікке, яғни қаржылық көмектін бағдарламанын түпкі мақсатын іске асыруға қаншалықты ықпал ете алатындығына байланысты болады. Толық қаржыландыру ерекше жағдайларда ғана, яғни жобанын орындалуы аса ірі жоба бойынша әзірлік жұмыстарын жүргізумен тұтас келетін болса, іске асырылуы мүмкін.

ЮНЕП өзі қызмет істеген жылдары көптеген табиғат қорғау шараларын жүзеге асырды. Қоршаған ортаның аса ауқымды мониторинг жүйесі құрылды және оның құрамдас бөліктері ретінде — қоршаған орта бойынша ақпарат көздерінің Халықаралық анықтама жүйесі (ИНФОТЕРРА) және әуелетті уытты химиялық заттардың халықаралық тіркеушісі құрылды.

Сондай-ақ БҰҰ шеңберінде Орнықты дамыту жөніндегі комиссия жұмыс істеді. Ол БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) көмекші органы болып табылады. Қоршаған ортаны сақтаумен айналысатын 200-ден астам халықаралық үкіметтік емес ұйымдар бар. Мысалы, 1948 жылы Францияда құрылған табиғат және табиғат ресурстарын қорғаудың Халықаралық одағы (МСОП); Құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық кеңес, Хайуанаттарды қорғау жөніндегі Дүниежүзілік федерация;Альпі аудандарын қорғау жөніндегі Халықаралық федерация. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) шеңберінде 1992 жылғы ақпанда "Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара әрекеттестік туралы" келісімге қол қойылды. Бұл келісімге: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина қол қойды. Келісімді іске асыру үшін: Мемлекетаралық экологиялық кеңес, Мемлекетаралық экологияльщ қор құрылды. ТМД шеңберінде табиғат қорғау ынтымақтастығын дамытуда Парламентаралық ассамблея маңызды рөл атқарады. Оның құрамында Қоршаған ортаны қоргау жөніндегі бөлім құрылған.

Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әр түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес экологиялық "Гринпис" ұйымы жұмыс істейді. Басты мемлекеттік орган Табиғат ресурстары мен қоршаган ортаны қорғау министрлігі болып табылады. Аралды құтқару жөніндегі комитет, "Табиғат" экологиялық одағы, "Невада-Семей", "Каспий табиғаты" (Атырау), "Көкті сақтау", Ауқымды экологиялық қор, "Жастар экология мен мәдениет үшін" азаматтық қозғалыстары, "Тау" орталығы (Алматы) және басқа да қоғамдық мемлекеттік емес экологиялық ұйымдардың белсенді қызметтерін атап өтуге болады.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды. бұзғаны ушін заң алдындағы жауаптылық Қазақстанда экологиялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекет белгіліген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай, елімізде экологиялық заңдарды бұзатын жағдайлар жиі кездеседі. Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз — жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым), мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын, сонымен бірге қоршаған табиғи ортаға зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқыққа қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі іс-қимыл.

Экологиялық құқық бұзушылық белгілерін қарастырайық:

· Құқық бұзушылық кінәсінің болуы. Кінә — ол құқық бұзушының жасаған құқыққа қарсы әрекетіне психикалық қатынасы, ол қасақана не абайсызда болуы мүмкін. Мысалы, заңсыз аңға шығу, ормандағы ағаштарды заңсыз кесу тек қасақаналы болады, ал судың, жердің, ауаның ластануы абайсызда болуы мүмкін.

· Құқық бұзушының құқыққа қарсы мінез-құлқы. Бұл экологиялық нормалардың және басқа да заңдардың бұзылуын білдіреді.

· Экологиялық құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігі қоршаған табиғи ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтіретін нақты зиянның болуы немесе келтіру қаупінің болуын қарастырады.

· Құқыққа қарсы әрекет пен келтірілген зиян арасындағы себепті байланыстың болуы.

· Құқық бұзушыға заңды жауаптылық шараларын қолдану, яғни жазалану белгілері қолданылады.

Экологиялық құқық бұзушылық жасалған уақытта, әдетте, қоршаған ортаға, адамдардың өмірі мен денсаулығы на, экономика мүдделеріне көп аспектілі зиян келтіріледі. Экологиялық зиянның болуы экологиялық құқық бұзушылықтың болуына парапар келеді. Бұл зиян бірден байқалмай, ұзақ уақытқа созылуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін емес. Экологиялық зиян табиғаттың жай-күйінің өзіне әсер етеді. Экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық 16 жастан басталады. Кейбір кезде, мысалы, мемлекет қорғауындағы табиғи кешендер немесе объектілерді қасақана жойғаны немесе бұлдіргені үшін 14 жастан басталады. Экологиялық құқық бұзушылық әр түрлі болады. Олар келтірілген зиянның сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

· қоршаған табиғи ортаны және жекелеген табиғи объектілерді (орман, су, жер қойнауы және т.б.) ластау;

· табиғи объектілерді бұлдіру, бұзу, жою (жерді бұлдіру, Қызыл Кітапқа енгізілген жануарларды жою, орманды ағын сулармен құрту және т.б.);

· табиғи қорлардың азып-тозуы;

· табиғи ресурстарды тиімсіз (мақсатсыз) пайдалану (мысалы, суды ысырапсыз пайдалану және т.б.).

Экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін оның артынан әкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық, тәртіптік және материалдық жауаптылық басталуы шарт. Әкімшілік жауаптылықтың басталуына әкелетін экологиялық құқық бұзушылықтың тізімі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте белгіленген. Оған мыналар жатады: табиғи ресурстардың, коршаған ортаның ластануы, азаюы; табиғи ресурстардың бұлінуі, жойылуы; кәсіпорын, құрылыс ғимараттарын және басқа да объектілерді жоспарлау, орналастыру, салу, қайта өңдеу және пайдалануға дайындау, пайдалану кезінде экологиялық талаптарды бұзу. Мұндай істерді соттар, ішкі істер органдарында, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі органдары және т.б. қарастырады. Осыған байланысты жазалар (санкциялар) қолданылады: айыппұл төлейді, ескерту жасайды және мулкін тәркілейді Қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиян үшін жауаптылықтың ең қатаң түрі қылмыстық жауаптылыққа тарту болып табылады. Экологиялық қылмыс жасағаны үшін қолданылады. Экологиялық қылмыстардың барлық түрі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген. Олар мыналар: атмосфераны ластау, теңіз айлағын ластау, жерді бұлдіру, заңсыз аң аулау, атом энергетика объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, экоцид және т.б. қылмыстар.

Экоцид — өсімдік немесе жануарлар әлемін жаппай қыру, атмосфера, жер және су ресурстарын уландыру, сонымен қатар экологиялық апаттарды тудыратын немесе себепші болатын әрекеттерді жасау.

Азаматтық-құқықтық жауаптылық азаматтарға экологиялық зиянның орнын толтыру үшін ақшалай немесе мүліктік айыппұл салуды көздейді. Ол кінәліні қылмыстық, әкімшілік немесе басқа да жауаптылыққа тартуға қарамастан бастала береді. Тәртіптік жауаптылыққа— кәсіпорындарда табиғатты қорғау шараларын өткізуге жауапты және өзіне жүктелген міндеттерді орындай алмайтын лауазымды қызметкерлер тартылады. Материалдың жауаптылық деп кәсіпорын қызметкері өзіне жүктелген еңбек міндеттерін дұрыс орындамағаны нәтижесінде оның кінәсінен кәсіпорынға келтірілген мүліктік зиянды ендіруді айтамыз. Сонымен, экологиялық мәселелерді бірігіп шешу кажет. Табиғаттың ластануы, бұлінуі аясындағы өзекті мәселелерді тек мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар бірлесе отырып қана шеше алады. Жылдан жылға экологиялық қылмыстар мен өзге де құкық бұзушылықтар саны өсуде. Олардың қоғамдық қауіпсіздік жағдайына ықпалы да жоғарылап бара жатыр. Экологиясаласындағы қылмыстар елдің экономикасына ғана зиян келтіріп қоймай, сондай-ақ адам тіршілігінің биологиялық негізін жояды. Әрдайым экологиялық құқық бұзушылықтың салдары экологиялық-құқыктық жауаптылыққа әкеліп соктырып отырады. Мұндай жауаптылықтың бес түрі бар — әкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық, тәртіптік, материалдық жауаптылықтар.

 

55. Шөлейттену мәселесінің себебі, оның алдын алу іс шаралары

Экожүйедегі тепе-теңдіктің бұзылуына және белгілі бір территориядағы органикалық тіршіліктің барлық формаларының деградацияға ұшырауына алып келетін табиғи және антропогендік процестердің жиынтығы, яғни, адамның қатысуынсыз табиғи экожүйенің орнына қайта келмейтіндей өсімдіктер жамылғысын жоғалтуы шөлейттену деп аталады. Шөлейттену негізінен ылғалы тапшы аудандарда табиғи және көбіне антропогендік факторлардың әсерінен (орман ағаштарын Қырқу, жайылымдарды үздіксіз пайдалану, суғару жұмыстары кезінде су ресурстарын үнемсіз пайдалану және т.б. пайда болады. Шөлейттену әлемнің барлық табиғи аймақтарында жүруде.

Қазіргі таңда әлемнің әртүрлі елдеріндегі шөлейттенудің басты себебі - табиғи ресурстарды шаруашылықта пайдалану құрылымының сол ландшафтың табиғи мүмкіншілігіне сәйкес болмауы, халық санының өсуі, антропогенді қысымның артуы, кейбір елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендігі. БҰҰ-ның 1985 жылғы мәліметтері бойынша, сол кездің өзінде антропогенді шөлейттенудің көлемі 9 млн км²-ге жеткен және жыл сайын 7 млн гектар жер пайдаланудан шығып қалуда. Шөлейттену процесі жалпы жер көлемінің Азияда - 19%, Африкада - 23%, Австралияда - 45%, Оңтүстік Америкада - 10%- ын құрайды. Сахара шөлі оңтүстікке қарай жылына орташа 6 км жылдамдықпен жылжуда.

Орта Азияның таулы аудандарында, Арал және Балқаш төңірегінде, Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның биік зоналы геожүйелерін қоса (Тянь-Шань, Памир-Алай) шөлейттену процесі қарқынды жүруде. Амудария мен Сырдария өзендерінің суларын ауыл шаруашылығының қажетіне пайдалану Арал теңізінің сусыз жерлерінде сортаң, тақыр жазықтықтардың пайда болуына алып келді. Сондай-ақ Арал төңірегі ландшафтарының деградацияға ұшырауы көлді-батпақты және тоғайлы табиғи кешендердің тұздың жиналуы молая түскен гало-ксерофитті кешендерге алмасуда.

 

 

56. Радиацияның генефондқа әсері

Қазіргі уақытта дүние жү­зін радиацияға байланыс­ты үрей жайлаған. Жапония­дағы атом электр станция­ла­­рындағы апат салдарынан радиоактивті тозаң АҚШ, Ресей, Қытай жерлеріне тү­сіп жатыр. Ол желмен, жаң­быр­мен жете­ді. Құдай бетін аулақ ет­сін, ондай тозаң Қазақстанға жетпейтінін Қор­­шаған ортаны қорғау ми­нис­трі мен «Қазгидромет» меке­месінің директоры айтып отыр.

Мамандардың айтуынша, радиоактивтік сәуле адамның денесіне ешбір ке­дергісіз ене береді. Ал одан қор­ға­ныс амалы мен ағзадан шығарып тастау жолын ғы­лым мен медицина әзірге таппай келеді. Сондықтан адам өзінің сәуле­лен­генін сез­бейді. Радиация қуаты денеге енгенде ет пен тері ауырмайды. Ондайда бүкіл дененің жасушаларындағы атомдар қозғалады да, биохимиялық процес­тер өзге­реді. Оның соңы ағ­заның тұ­тастай жүйесі бұзылуына, іш­кі органдардың іс­тен шыға бастауына апарып соғады.

Ми, жыныс без­дері, аш ішек, сілекейлі жер­лер, тамыр жүйесі, ағзаның эн­до­криндік мү­шелері, қалқанша безі, бауыр, бүйрек радиацияны тез сезіп, қабылдауға бе­йім. Радиоактивті сәу­леленген адам өмір бо­йы түрлі жұқпалы аурулардан, қоздырғыш таяқшалардан қорғанып жүруге мәж­бүр. Себебі иммундық жү­йенің жасушалары тез қы­рыла бастайды. Ақыры ағза жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмай қалады. Радиация іш­тегі шарана мен жаңа туған нәрестенің иммундық жүйе­сін жойып жібереді.

Ғалымдар адам ағзасы шамамен 10 триллион жасушадан тұ­ратынын айтады. Ағза сәулеленгенде миллион жасушаның қалпы айнып, оның әрбірі қатерлі ісікке ду­шар болады. Ондай жасушалар саны жылдам көбейе бас­­тайды. Нәтижесінде ісікке бой алдырған жасушалар ар­тып, оның соңы аты жаман ау­руға алып барады.

Иммундық жүйе адам ағ­за­сына сәуле өткенде ғана емес, өзге де себептерден зар­дап шеге береді. Күнде­лікті өмірде адам өте аз мөл­шерде болса да сәуле­леленеді екен. Радиоактивті сәуле денеге ғарыштан, та­ба­нымыздың астындағы жерден, радио, теледидардан, компьютерден, сондай-ақ өн­діріс орындарынан енеді.

Жай тұрмыста аз мөл­шер­­­дегі сәуледен қорғануда йодтың пайдасы бар. Оның дәрі түріндегі күнделікті мөл­шері болады. Йодты ең көп қолданатындар – жапондар. Олардың түрлі тағамдар мен сусындарына да йод қосыла­ды. Жапондар йодты Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйы­мы белгілеген күндік мөл­шерден 108 есе артық қолданады. Ағзаға енген қоздыр­ғыш таяқшалары йодқа төтеп бере алмайды. Жапондардың интеллектуалдық дең­гейі жоғарылығы мен ұзақ өмір сүруінің себебі осы йод­қа байланысты болуы да мүм­кін.

Жапонияның зерттеу­ші­лері 1945-жылы атомдық шабуылға ұшыраған Хиросима және Нагасаки тұрғындарының иммундық жүйесі 35 жыл­­дан кейін де қалпына кел­мегенін анықтаған. Ал Қа­зақстандағы Семейдің осы күнгі тұрғындарының қанында ағзаның қорғанысы үшін өте қажетті ақ жасушалар же­тіспейді. Ол аймақтағы қатер­лі ісік ауруына шалдыққандарға лейкоз, яғни қан ісігі тән. Зерттеулер көрсеткенін­дей, лейкоз ауруы әлі 10 жыл­ға дейін көбейе береді, ал алдағы 40 жыл бойы се­мейліктердің ісік ауруының өзге де түрлеріне шалдығу көр­сеткіші арта түсетін кө­рінеді.

Украинада іштегі шараналардың омыртқаларынан радиация табылыпты. Бұл – әл­деқашан өтіп кеткен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың сал­дары. Сол шараналар өмір­ге ке­леді-ау, бірақ есейгенде қатерлі ісік ауруларына шалдығатынын мамандар осы бастан болжап отыр. Шарананың сүйегіне жүргізілген зерттеу нәтижесі Чернобыль аймағында радионуклидтер омыртқаға, тіске және қабыр­ғаға өте тез жиналатынын көрсеткен. Болашақ сәбилер­дің үлкейгенде ісік ауруларына шалдығу мүмкіндігінің жо­ғары екені жергілікті тұр­ғындарды қатты алаңдатып отыр. Украинада қалқанша без қатерлі ісігі ауруының кө­бейгені Чернобыль АЭС-інде болған апатпен тікелей байланысты екен.

 

 

57. ҚР экологиясының дестабилизациясы

 

58. Топырақ деградациясы, топырақ эрозиясы, алдын алу іс-шаралар

Жерлердің өнімбергіштігінің төмендеуінің негізгі себептері эрозиямен, суармалы жерлердің 2-ші ретті тұздануымен, кәсіпорындар, елді-мекендер, жолдар салуға арналумен, сондай-ақ әртүрлі зиянды заттармен ластануымен байланысты. Топыраққа мүлде көп мөлшерде түсетін әсерлер мен ауыртпалықтар салдарынан далалық фитоценоздардың деградациясының дамуына және аумақтың шөлейттенуіне әкеп соғады.Топырақ жамылғысының деградациясы. Топырақбұл баяу қалпына келетін сыртқы ортадан келіп түсетін әсерлерге белгілі мөлшерде жауап қайтаратын құрылым. Бұл әсерлер топырақ компоненттерінің өзара және өзге де биосфера компоненттерімен әсерлесуі нәтижесінде пайда болады. Бірақ топырақтың бұл қалпына келу қабілеті үздіксіз емес.

Топырақ эрозиясы (латынша erosіo – желіну) – топырақтың беткі ұнтақталған құнарлы қабатының жел күшімен немесе су ағынының шаюы салдарынан құнарының азаюы.Жер ресурстарына және жалпы қоршаған ортаға орны толмас зиянды топырақ эрозиясы тигізуде. Ал су эрозиясы болса топырақтан оның құрамындағы байланыспаған бөлшектерді, азот, фосфор, калий, кальций және т.б. элементтерді әкетуде. Сумен шайылған аймақтар көбіне батпақтанады немесе сорланады да ұзақ уақытқа дейін қолданыстан шығады. Топырақтардың өздігінен қалпына келуі өнімбергіштікті жоғалтқан күннен бастап 2-10 жыл аралығында жүреді. Топырақтардың шалшық, қар, жауын-шашын суларымен 3 градус еңістікте шайылуы салдарынан ойыс- шұңқырлар пайда болады. Бос топырақтарда жел эрозиясы жылдың әртүрлі мезгілдерінде және кез-келген желде орын алады. Эрозияның бұл түрі әсіресе көктемде жер жыртылған, бірақ әлі ауыл шаруашылығы өнімдері дами қоймаған кездердегі 15 м/с жылдамдықпен соғатын желдермен қауіпті болып саналады.

Эрозия қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінің үлкен жауы болып отыр. Соң -ғы тек жүз жылдың ішінде су мен жел эрозиясы нәтижесінде планетада 2млрд гектар ауыл шаруашылығының құнарлы жерлері жарамсыз болып қалған.

Топыраққа антропогендік әсер ету оның деградацияға ұшырауына (эро -зия, ластану, тұздану және батпақтану, шөлейттену) алып келеді. Сондықтан топырақ ластануын болдырмау үшін мынадай шараларды жүргізу керек:

· табиғатты қорғайтын заңдарды бұлжытпай орындау;

· қоршаған ортаның сапасына бақылау жүргізетін мекемелер қызметін дұрыс ұйымдастыру;

· топырақты ластаушы заттардың қасиеттерін, жылжу тәртібін, топырақ процестеріне қатысуын зерттеу;

· зиянды заттардың шекті мөлшерлерін нормалау;

· қауіптілігі бойынша пестицидтерді топтастырып, кейбір түрлерінің қолданылуын шектеу;

· ауыл шаруашылығында зиянкестермен, арам шөптермен күресу үшін химиялық әдістердің орнына биологиялық әдістерді қолдану және т.б.

 

59. Климаттың озгеруі

Климаттың антропогендік өзгеруі (Антропогенное изменение климата) — табиғи ортаға антропогендік өсердің (негізінен оның ластануы) артуынан климаттың көрсеткіштердің (ауа температурасы, оның қозғалысының заңдылықтары және т.б.) ұзақ уақыт (10 жылдан артық) өзгеруі. Дәлірек айтқанда, климаттық жүйені салыстырмалы тұрақты күйден шығару кезінде пайда болатын, геофизикалық процестердің (Жерге ғарыштық өсерлерді қосқанда) табиғи жүру барысында теориялық мүмкін шегінен шығып кететін климаттық ауытқу. Мысалы, 1977-1981 жылдары Солтүстік Америкадағы суық қыстар 10 мың жылда бір рет болатын жағдай деп есептеледі.

Климаттағы өзгерістер аумақтар мен аймақтардың тұрақты дамуына, олардың табиғи рекреациялық мүмкіндіктеріне кері ықпал ете отырып, табиғи ортаға бейімделген қалыпты өмірді, шаруашылықты, мәдениетті бұзады. Әсіресе, соңғы онжылдықтарда өте ыстық және өте суық, аязды күндердің көбеюі, «қарлы жаңбыр» немесе «жаңбырлы қар» сияқты табиғи құбылыстардың жиілеп кетуі, сонымен қатар әдеттегі суық климаттық белдеулерде жылы қыстың болуы - халықтың тұрмыс-тіршілігін осы өзгерістерге бейімдеу мәселесін туғызып отыр.

Ауа райының жылынуы жұқпалы аурулардың таралуы кеңістігін ұлғайтты. Бұл кейбір аймақтарда бұрын болмаған кесел түрлерін емдеу, сауықтыруды өзекті мәселеге айналдырды. Ауа райындағы өзгерістер салдарынан бұрын тек жылы аймақтарға тән болып келген жұқпалы аурулардың қоздырғыштары адамдар арасында ғана емес, сондай-ақ флора мен фаунаға кері әсері бар қоздырғыштар мен зиянкестердің де таралу ареалын кеңейтті.

Ауа райындағы өзгерістерден әлеуметтік инфрақұрылым зардап шегуде. Мысалы, суық аймақтардағы құрылыс технологиясын қайта қарау мәселесі пайда болды, себебі жер қыртысындағы мәңгілік мұздің еруі салдарынан үйлер, ғимараттар, қирап қалуда. Соңғы жылдары таудағы мұздақтардың еруі салдарынан Қазақстанда да өзендер арнасынан шығып, жағалауда орналасқан елдімекендерге қауіп төндіріп отыр. Мысалы, Сырдария өзенінің бойын мекендеген Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысының халқы су тасқыны зардабын тартып отыр.

НЬЮ-ЙОРК. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Нью-Йоркте, БҰҰ штаб-пәтерінде климаттың өзгеру проблемасы бойынша жоғары деңгейдегі саммит өтіп, оның жұмысына 100-ден астам елдің мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар мен ұлттық ведомстволардың жетекшілері қатысты.

Қазақстанның атынан форумға Нұрғали Әшімов бастаған Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің делегациясы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Саммиттің мақсаты - 2012 жылы Киото хаттамасының күші тоқтағаннан кейінгі ілеспе зиянды газдардың шығарылуын шектеу және қысқарту туралы жаңа халықаралық келісімді әзірлеу үдерісіне серпін беру.

Жиналған қауымның алдында сөз сөйлеген БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, желтоқсан айында Копенгагенде өтетін климаттың өзгеру мәселесіне арналған БҰҰ конференциясында саяси мәмілеге келу және әділ, тиімді келісімге қол жеткізу мүмкіндігіне үміт білдірді. БҰҰ басшысы келіссөздердің баяу жүріп жатқанын атап көрсетті. «Біз мұздықтарды қорғау мәселесін қаншалықты баяу шешсек, мұздықтар соншалықты тез еруде», - деп мәлім етті Пан Ги Мун. БҰҰ Бас хатшысы климаттың өзгеруін ХХІ ғасырдың бірінші кезектегі геосаяси және экономикалық проблемасы деп атады. Саммит аясында сегіз «дөңгелекүстел» отырысы өтіп, оған қатысушылар қазіргі және келешек ұрпақтың ұзақ мерзімдік орнықты дамуынқамтамасыз ету үшін экономикаларды оңтайлы трансформациялау проблемасын талқылады.

 

60. Адамның биосферадағы ролі. Адамға әсер ететін экологиялық қауіп факторлары

Адам – биосфераның құрамдас бөлігі және оның жемісі. Адам алғаш рет пайда болғанда өзінің айналасындағы табиғатқа тікелей тәуелді болып өмір сүрді. Бірте-бірте адам санының артуы, еңбек құралдарын жетілдіріп, құрлықта кеңінен тарала түсуі адамның табиғат байлықтарын пайдалануын және оны игеруін жеделдете түсті. Бұрын игерілмеген жерлер игерілді, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтары пайдаға аса бастады. Әсіресе минералды байлықтарды игеру өнеркәсіп салаларының дамуына әсер етсе, ал жерді пайдалану ауыл шаруашылығының дамуына негіз болды. Ең алғашқы кезде адам өзінің өмір сүруіне қолайлы ірі өзендер мен көлдердің маңына қоныстанды. Сондай-ақ өзендер арқылы бір жерден екінші жерге баруға да ыңғайлы болды. Бірте-бірте адамның іс-әрекеті табиғатты кеңінен игеруге ұмтылдырды. Жаңадан суқоймалар, каналдар қазу, су арнасын бұру, тоғандар салу арқылы табиғатқа әсері де күшейе түсті. Адамзат өнеркәсіпті өркендету арқылы жануарлар әлемінен бөлініп оқшаулана түсті. Материалдық байлықтарды игеру мақсатымен биосфераны өз мүддесіне сай өзгерте түсті. Көрнекті ғалым В. И. Вернадскийдің айтуы бойынша адам қуатты геологиялық күшке айналды. Техникалық дамыту және энергияның жаңа көздерін пайдалану, ауыл шаруашылығын өркендету, ғылым салаларын меңгеру адамзаттың табиғатқа ықпал етуіне жол ашты.
Қазіргі кезде биология ғылымдарының да көптеген жаңа салалары – бионика, биофизика, биотехнология және гендік инженерия, т.б. салалары қарқынды түрде дамып келеді.
Адамның осындай қуатты ықпалы, ақыл-ой, санасы және оның білімі биосфераның жаңа деңгейге көшкенін көрсететінін В. И. Вернадский өзінің биосфера туралы ілімінде ерекше атап көрсетті. Ол биосфераның мұндай ең жоғарғы деңгейін ноосфера деп атады. Ноосфера грекше саналы қабықша деген ұғымды білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, ноосфера адамзаттың ғылыми ой-санасы және еңбегі арқылы өзгерген биосфераның жаңа деңгейі болып саналады.
Ноосфера – биосфераның жаңа жағдайда көшкен деңгейі, онда адамның саналы ақыл-ойы табиғаттағы барлық әрекеттерді айқындайтын негізгі

Фактор болып есептелінеді. В. И. Вернадский ноосфера ұғымына толық түсінік берді. Оның ілімі бойынша адамзаттың ғылыми ой-санасы және еңбегі арқылы биосфераны жасампаздықпен өзгерте отырып көркейту, яғни адамзаттың өзі және келешек ұрпағы үшін сақтап қалу, әрі тіршілік атаулыға барынша қолайлы жағдай жасау болып табылады. Қазіргі кезде бүкіл Жер бетіндегі халықтарды толғандырып отырған мәселе – биосфераның тепе-теңдігін сақтай отырып, оны көркейту болып отыр.
Ол үшін бүкіл адамзат бірлесе отырып ынтымақтастықпен жұмыс істеуі шарт. Сонымен бірге, тығыз байланыс жасай отырып, өзара үнемі пікір алысып, биосферадағы тіршілікке зиянды әсері жоқ энергия көздерін тауып пайдалану қажет. Бұл арада күн, жел және теңіздердің қайтуы мен тасуы кезіндегі, энергияларды пайдалану тиімді.

 

 

1 Экология және тұрақты даму пәнінің мақсаты мен міндеттері. Экология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.
“Тұрақты даму” түсінігінің пайда болу тарихы.
Қоғамның тұрақты даму моделі, оның көрсеткіштері және принциптері, қызметі
Экология ғылымының бөлімдері: аутэкология, синэкология, ғаламдық экология.
Экологиялық факторлардың классификациясы.
Ю.Либихтың минимум заңының ерекшеліктері.
В.Шелфордтың толеранттылық заңының ерекшеліктері.
Абиотикалық факторлардың тірі организмге әсері.
Биотикалық факторлардың сипаттамалары.
Толеранттылық диапазоны. Эврибионтты, Стенобионтты организмдер.
Тіршілік орталарының сипаттамалары.
Су тіршілік ортасының ерекшеліктері.
Организмдердің қарым-қатынас типтері: бәсекелестік, жыртқыш-жемтік, паразитизм
Биотикалық қарым-қатынас түрлері: симбиоз, комменсализм, аменсализм.
Әуе құрлық тіршілік ортасының ерекшеліктері.
Топырақ тіршілік ортасының ерекшеліктері.
Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары.
В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.
Биосфераның құрылымының ерекшеліктері.
Құрлықта тіршілік ететін организмдердің тіршілік ортасына байланысты экологиялық топтары.
Популяция туралы түсінік. Популяцияның экологиялық құрылымы.
Популяцияның генетикалық құрылымы.
Популяцияның жыныстық құрылымы.
Популяцияның этологиялық құрылымы.
Популяцияның динамикалық қасиеттері.
Популяцияның кеңістіктегі құрылымы.
Экологиялық сукцессия, оның түрлері.
Биоценоздың трофтық құрылымы (продуценттер, консументтер, редуцентер)
Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе түсінігі.
Популяцияның статикалық көрсеткіштері: популяцияның саны (тығыздығы) және биомассасы, жастық және жыныстық құрамы.
Экологиялық қуыс. Гаузе принципі.
Биосферадағы тірі заттың қасиеті мен функциясы.
Биосферадағы биогеохимиялық айналымдардың маңызы.
Табиғатта судың және көміртектің айналымы.
Табиғатта оттегінің және азоттың айналымдары.
Табиғи ресурстар. Сарқылатын, сарқылмайтын табиғи ресурстар.
Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланудың салдары. Мысал келтір.
ҚР су қоймаларының ластануы.
Құрлық экожүйелері (тундра, тайга, дала, шөл және т.б.) сипаттамалары.
Су экожүйелері (теңіз және тұщы су) сипаттамалары.

 

ҚР ерекше қорғауға алынған территориялар.
ҚР табиғи ескерткіштері, олардың маңызы.
ҚР қорықтары, олардың ұйымдастырылу мақсаты.
ҚР ботаникалық бақтары. Дендропарктері, олардың сипаттамалары.
Қызыл кітаптың маңызы, оның санаттары.
Ғаламдық экологиялық проблемалардың өзектілігі.
Озон қабатының жұқаруы, қышқылды жаңбырдың экологиялық зиянды әсерлері.
Әлемдік жылынудың, парниктік эффекттің атмосфераға әсері.
Биологиялық алуантүрліліктің азаюының экологиялық зардабы.
Табиғи ресурстар дағдарысының зардабы.
Әлеуметтік экологиялық проблемалар (демографиялық жарылыс, ашаршылық т.б.).
Аймақтық экологиялық мәселелер. ҚР экологиялық өзекті мәселелері.
Баламалы энергия көздерін пайдаланудың экологиялық тиімділіктері.
Қоршаған ортаның мәселелері бойынша Халықаралық ұйымдардың бағдарламалары.
Шөлейттену мәселесінің себебі. оның алдын алу іс шаралары.
Радиацияның генофондқа әсері.
ҚР экологиясының дестабилизациясы.
Топырақ деградациясы, топырақ эрозиясы, алдын алу іс шаралары.
Климаттың өзгеруі.
Адамның биосферадағы ролі. Адамға әсер ететін экологиялық қауіп факторлары.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 1669; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты