КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ылыми тәсіл ұғымын және жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының негізгі тәсілдеріне сипаттама беріңізАдам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды. Әдістеменің маңызын Жаңа уақытта ең алғаш рет француз математигі әрі философы Р.Декарт өзінің «Әдістеме туралы талдау» атты еңбегінде атап көрсетті. Әдістеме адамдардың қабілеттерін теңестіріп қоймай, олардың қызметін де біркелкі жүйеге түсіреді, ал бұның өзі барлық зерттеушілердің бірдей нәтижелер алуына көмектеседі. Әрбір ғылым саласының өз зерттеу пәні болуымен қатар, өзіне тән зерттеу әдістемелері бар. Пән мен танымдық әдістеменің бірлігін негіздеген неміс философы Гегель. Ғылыми әдістеме зерттеудің әр деңгейінде қолданылатын жеке-жеке әдістемелерден тұрады. Сондықтан, олар теориялық және эмпирикалық әдістемелер болып бөлінеді. Теориялық деңгейдегі ғылыми зерттеулер тәсілдеріне мыналарды жатқызуға болады: 1) формальды – зерттелетін процестердің мәнін ашатын абстрактылы-математикалық жобалар жасау; 2) аксиомалық теорияларды дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар түрінде құру; 3) гипотетикалық дедуктивті әдістеме – бір-бірімен дедуктивті түрде байланысқан гипотезалардың жүйесін жасау. Ал эмпирикалық әдістемелерге жататындар: бақылау – объективті жағдайдың құбылыстарын мақсатты түрде қабылдау, сезіну; сипаттау – объектілер тәралы мәліметтерді тіл құралдары арқылы жеткізу; өлшеу – объектілерді ұқсас қасиеттері мен жақтары бойынша салыстыру; эксперимент (тәжірибе) – құбылыстарды қайталау мақсатымен арнаулы жасалған және бақыланған жағдайларды зерттеулер жүргізу. Ғылыми-білімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз байланысты. Олар бірнешеу: 1) түсіндіру-табиғат обьектілері мен табиғат құбылыстарының мәнін ашып, түсіндіру; 2) жүйелеу-жиналған фактілік материалдарды сұрыптап, бір жүйеге енгізу; 3) суреттеу-қоршаған жағдайдың байланыстары мен қасиеттерін көрсету; 4) болжам жасау – дәл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму дәрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау; 5) қортынды жасау – табиғаттағы болып өткен, қазіргі кезде жүріп жатқан және болашақта күтілетін процестерді есепке ала отырып, ғылыми негізде қорытынды жасау; 6) жаңалық ашу-табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар шығару; 7) өндірістік-тәжірибелік бағыт беру-алған білімді өндірісте, әлеуметтік басқаруда және тағы басқа салаларда қолдану мүмкіндігі; 8) дүниетанымдық – алған білімді әлемнің обьективті картинасымен байланыстыру. Адамзат өз тарихында сипаты бойынша сан алуан білімдерді жинақтады, ғылыми білім – сол білімдердің тек бір түрлі ғана болып саналады. Сондықтан ғылымға қойылатын критерийлерді білу өте қажет. Азіргі жаратылыстанудың негізгі сипаттық белгілері. Жаратылыстық ғылымдарға физика, химия және биологиядан басқа да, мысалы, кешенді сипаттары бар геология мен география да жатады. Негізгі жаратылыстық ғылымдар иерархиясының циклдік тұйықталған сипаты бар. Төмендегі сызбадан физиканың химияға негіз болатыны; ал химияның өз кезегінде биология мен психологияға негіз болатыны көрініп тұр. Психология жоғары орында тұр, бірақ, сонымен қатар, циклдік тұрғыда барлық тізбектің бастапқы ғылымы физикамен тұйықтасады. Физика Химия Биология Психология Циклділік – бұл Табиғаттың өзіне тән қасиет. Табиғаттағы заттардың айналымы баршаға белгілі. Қазіргі жаратылыстануды Табиғат туралы жаратылыстық ғылымдардың жиынтығы деп қана емес, құрауыштары (жаратылыстық ғылымдар) бір – бірімен соншалықты тығыз байланысқан, бір – бірінен шығатын, нағыз біртұтастықты көрсететін бірыңғай жүйе ретінде түсінуге болады. Әлемнің жаратылысты – ғылыми бейнесін (картинасын) тікелей жасайтын ғылымдар – астрономия, космология, космогония және физика. Ғылымның күрделі творчествалық іс деп саналуының бір себебі сол,онда тәжірибеден теорияға көшетін бір өткелі жоқ. Оның ғылыми жолы - салыстыру, абстракциялау, жалпылау, талдау, синтездеу сияқты жалпы әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы іске асатын диалектикалық таным жолы. Ғылымның басқа қоғамдық сана формаларынан басты бір айырмашылығы сол, онда жаңа білімді қорытып шығарудың әдіс – тәсілдері, яғни ғылыми әдіс шешуші роль атқарады. ХVІІ ғасырда яғни классикалық жаратылыстанудың туу дәуірінде ағылшын ғалымы Ф.Бэкон мен француз ғалымы Р.Декарт ғылымды дамытудың бір – біріне қарама – қарсы екі методологиялық программасын: эмпириктік және рационалистік әдістерін тұжырымдады. Бұл методологиялық әдістер таным процесінде маңызды тарихи үлкен ролі атқарады. Қазіргі жаратылыстану принциптері А) көп нұсқаулылық
|