Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Классикалық электродинамиканың негізгі концепцияларының физикалық мәнін айқындаңыз




Қазіргі заман техника мен ғылымның екпінді дамуымен сипатталады. Даму негізінде - фундаменттік ғылымдардың жетістіктері. Солардың ішінде физиканың алатын орны ерекше. Бұл ғылым ғылми-техникалық прогресстің негізі болып табылады. Әсіресе, электромагниттік процесстерді зерттеу және қолдану кең өріс алған. Электромагниттік өрісті зерттейтін ғылым электродинамика – теориялық физиканың маңызды бөлімі болып табылады. Бұл саланың тарихи маңызы: ол физика ғылымының дамуына ерекше түрткі берген сала. Электродинамиканың теориялық принциптерінің қалыптасуы кезінде классикалық физиканың шектелгендігін көрсетіп, жаңа физиканың пайда болуына себепші болды. Классикалық физиканың теориялық негіздерінің кемшілікте-рі оптикалық құбылыстарды классикалық физика тұрғысы-нан түсіндіру әрекеттерінің сәтсіздігінен көріне бастады. Ғылымда пайда болған дағдарысты жеңу жолында физика-ның фундаменттік, яғни негізгі принциптерін қайта қарау қажет болды. Осының нәтижесінде физиканың жаңа салала-ры: салыстырмалық теория және кванттық механика пайда болды. Соның көмегімен көптеген құбылыстар мен зат қасиеттері түсіндірілді, техникада қолданыс тапты. Сонымен, физика ғылымының негіздеріне сипаттама берейік. Бұл ғылым - тәжірибелік болса да, теориясыз дамуы мүмкін емес. Теория ғана оны түсінікті қылады, әрі практика-да қолданылатын жасайды. Физикалық теория өте ауқымды дүние болып табылады, оның ішінен фундаменттік бөлім бөлініп шығады. Бұл бөлім материя құрылысы және қозғалы-сы жайындағы білімнің негізін құрайды. Осы фундаменттік теория физиканың басқа бөлімдерін біріктіріп, бағыттап тұрады. Педагогтік тұрғыдан фундаменттік білімнің маңызы әрқашан жоғары болды. Ол оқушылардың ғылыми көзқара-сын қалыптастырады. Ол мектептік курсының құрамына кіріп, әлемнің біртұтас көрінісін туғызады. Өткен ғасырда материалдық әлемнің бірлігі жөніндегі көзқарас жаңа қырынан көрінді, бірнеше фундаменттік өзара әсерлер бөлініп алынды. Бұлар материалдық объектілердің қозғалысы мен күйінің өзгерісіне жауапты.

Электродинамика – бұл материяның ерекше бiр түрiнiң – электромагниттiк өрiстiң табиғатының заңдылықтары мен қасиеттерi туралы, және электрлiк зарядталған денелер немесе бөлшектердiң арасында өзара әсерлесуiн зерттейтiн ғылым. «Классикалық электродинамика» нақты алғашқы өрістер теориясы болып табылады, яғни электрлік, магниттік және оптикалық әсерлерді біріктіруші.Классикалық электродинамиканың ядросы болып Максвелл теңдеуі, сонымен қатар Лоренц күші( күштің шамасын әрекет етуші электромагниттік өрісте анықтайды) табылады. Максвелл теңдеуінде полевая физика және классикалық электродинамика сәйкес келсе, алайда бұл Лоренцта сәйкес емес.Сонымен қатар полевая физика көптеген жаңалықтарды электродинамикаға енгізеді. Мысалы, бұл магниттік зарядтың болуын жоққа шығарады.Лоренц күші — электрмагниттік өрісте қозғалатын зарядталған бөлшекке әсер ететін күш.

Максвелл теңдеуі- классикалық электродинамиканың негізгі теңдеулері; кез келген ортадағы жэне вакуумдағы барлық электромагнит/электромагниттік кұбылыстарды толығымен сипаттайды, өріс көздерінің, электр зарядының жэне токтардың орналасуы мен козғалысы аркылы электромагниттік өрісті сипатгайтын шамалар өзгерісін байланы- стыратын төрт тендеулер жүйесінен тұрады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 334; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты