Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Симметрия принциптері мен сақталу заңдарының арасындағы сәйкестікті негіздеңіз (Э.Нётер теоремасы).




Сақталу заңдарының ұзын саны он бестен асып жығылады. Тек кез келген өзара әсерлер үшін қолданылатындары ерекше топқа бөлініп қарастырылады. Заңдардың бір бөлігі өзара әсерлердің барлық төрт типін де қолданыла алады, басқаларының әрекет ету облысы шектеулі болады, алайда бұл сақталу заңдарының әрқайсысы өзара әсерлердің көрсетілген типтерінің кемінде біреуіне қатынасында әмбебаптыққа не болады. Мұндай анықтама сақталу заңдары мен өзара әсердің типтері арасындағы өзара байланысты паш етеді. Мұндай өзара байланыстың айқындалуының қазіргі уақытта эвристикалық маңызы бар. Элементарлық яғни кәдімгі бөлшектердің өзара әсерлерімен шартталған барлық өзара айналулары әртүрлі сақталу заңдарына, және де ең алдымен табиғатта орын алатын барлық өзгерістерді анықтайтын материя мен қозғалыстың әмбебап сақталу заңына бағынады. Бұл заң ешбір үдерістерде материя мен қозғалыстың ештеңеден пайда болмайтыны және ғайып болып кетпейтіні туралы айтады: олар жасалмайды және ғайып болмайды. Материяның жекелеген қасиеттерінің сақталу заңдары бұл жалпылама заңның нақтылы өрнегі болып табылады. Ал бұл әбден табиғи, өйткені материя басқаша емес, тек өзінің нақтылы формалары мен қасиеттері арқылы ғана көрініс таба алады. Энергияның, импульстің сақталу заңы мен қозғалу мөлшері моментінің сақталу заңы ең жалпылама заңдарға жатады. Бұл заңдар қозғалыстың сақталуы жалпы заңының нақтылы көріністері болып табылады және әртүрлі қозғалыстың мөлшерлік ғайып болмайтындығын білдіреді.Сақталудың жалпы заңдары қатарына зарядтардың (бариондық, электрлік,лептондық) сақталу заңдары де кіреді, солардың ішінде заряд есебінде сипатталатын массаның да сақталу заңы. Бұл заңдар барлық зарядтардың сақталатын шама екендігін ұйғарады (яғни олар микро - объектілердің күшті, электромагниттік, әлсіз, гравитациялық

өзара әсерлерге деген қабілеттілігін сақтайды). Сондықтан да оларды «материалдық нысаналардың өзара әсерлерге деген қабілетінің сақталуы туралы жалпылы ұйғарымды нақтыланды ғылыми қағидалар ретінде қарастыруға болады».

Жоғарыда көрсетілген сақталу заңдары өзара әсерлердің барлық типтерінде орындалады,белгілі өзара әсерлердің бірде біреуі оларды бұзбайды, және де егер берілген сақталу заңдарын қанағаттандырмайтын болса, микробөлшектердің ешқандай да айналулары мүмкін бола алмайды.

Элементарлық бөлшектердің өзара әсерін зерделеу әрекеттену облысы шектелген сақталу заңдарының да ашылуына әкеліп соқты; олар жалпылама емес, өзара әсерлердің біреулері оларды бұзады, басқалары бұзбайды. Бөлікті сақталу заңдарына мыналар жатады: изотоптың сақталуы, жұптың сақталуы және т.б. Бей әмбебап бола отырып, бұл сақталу заңдары белгілі бір өзара әсерлерге тиым салады, белгілі бір облыстарда элементарлық бөлшектердің қалай болса солай айналуларына жол бермейді. Бұл сақталу заңдарының бұзылуы да микро - дүниені реттейтін өзара әсерлердің сапалы өзгешеліктеріне мегзейді.

Эмми Нетер теоремасында айтыдғандай, әрбір үздіксіз симметрияның физикалық жүйесіне белгілі бір сақталу заңына сәйкес келеді. Осылайша, энергияныі сақталу заңы уақыттың біртектілігіне, ал импульстың сақталу заңы кеңістіктің біртектілігіне, импульс моментінің сақталу заңы кеңістіктің изотропиясына, электр зарядының сақталу заңы симметрия принципіне сәйкес келеді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 269; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты