КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Детерменизмнің тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.Детерминизм (determino - латын сөзі, анықтаймын) Дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір зандылықтардың негізіндегі байланыстары мен өзара тигізетін ықпалдарының арқасында өзгеріске түсуін зерттейтін ілім болып саналады. Детерминизм идеясы ежелгі дүниеде пайда болып, одан бергі барлық жаратылыстанулық-ғылыми және философиялық оймен бірге келеді. Демокрит барлық нәрсе қажеттіліктен туындайды, осыны себептілік деп есептеді. Аристотель себептіліктің тәрт түрін анықтады: ресми материалдық қозғалысты мақсатты Еуропалық жаратылыстанулық-ғылыми және философиялық ой (Ф. Бэкон, Г. Галилей, Р. Декарт, И. Ньютон, Б. Спиноза және т.б.) детерминизм тұжырымын одан әрі дамытуға септігін тигізді. Осы кезде классикалық механика жетістіктерінің ықпалымен механикалық детерминизм тұжырымы қалыптасты, оның мәнін Лаплас былай түсіндірді: егер дәл қазір табиғат тылсым күшінің қолданылар нүктелері жайлы бәрін білетін ақыл болса, онда ол әлемнің әткені мен болашағы туралы да білер еді. Детерминизмнің екі негізгі түрі бар: Қатаң детерминизм; Қатаң детерминизм оқиғалардың барлығы да олардың себебі тудырған салдары, яғни, барлық оқиғалар алдында болған жағдайлардан шығады. Осылайша, осы шақтағы және болашақтағы оқиғалар өткендегі оқиғалардай түрақты әрі әзгермейді. Бұл көзқарастың шеңберінде моральдық жауапкершілік жоқ, өйткені ол субъектінің еркін еркіне негізделген, ал қатаң детерминизм еркін іс-әрекеттің болуын жоққа шығарады. Жұмсақ немесе бірлескен детерминизм. Жұмсақ детерминизм - детерминизмді ерік еркіндігімен үйлестіріп қарастыратын көзқарас. Осы тұрғыдан алғанда еркін іс-әрекет моральды жауапкершілікті жүзеге асыратын себептіліктің бір түрі болып табылады. Қажеттілік пен кездейсоқтық – диалектикалық материализмнің негізгі категорияларының бірі жұбы. Ол – заң, заңдылық, тәртіп ұғымдарымен біртектес. Қажеттілікке тұрақтылық тән, қажетті құбылыс белгілі бір жағдайда болмай қоймайды. Кездейсоқтық – заттар мен құбылыстардың тікелей мәнінен тумайтын сыртқы байланысын белгілейтін ұғым. Кездейсоқ нәрсенің болуы да, болмауы да мүмкін. Оған белгісіздік, құбылмалық тұрақсыздық тән. Философия тарихында қажеттілік пен кездейсоқтық мәселесін алғаш қойғандар – Ежелгі грек атомистері Левкипп пен Демокрит. Олар қажеттілік пен кездейсоқтықты өзара қатынаста қарасытрады. Демокрит ілімі бойынша бос кеңістікке қозғалатын атомдар болмыстың ішкі мәнін құрайды. Қажеттілік пен кездейсоқтық ұғымдарының диалектикасын алғаш жүйелі түрде кеңінен көрсеткен – Гегель. Ол қажеттілік пен кездейсоқтықты мән мен құбылыс, мүмкіндік пен шындық, себептілік сияқты категориялармен байланыста қарастырады. Диалектика материализмнің негізіг қалаушылар К.Маркс «Капиталында», Ф.Энгельс «Анти-Дюринг», «Табиғат диалектикасы» және т.б. еңбектерінде қажеттілік пен кездейсоқтықтың объективтік мазмұнын, олардың қоғам тану мен табиғат танудағы методологиялық рөлін айқындап берді.
|