Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника



Синергетиканың негізгі концепциялары.




Читайте также:
  1. Lt;question>Мына қағидалардың ішіндегі ең негізгісін атаңыз
  2. Lt;question>Оқытудың ең негізгі құралын көрсетіңіз
  3. Ақпараттық қызмет көрсетуді негізгі үш рынок сегментіне топтастыруға болады.
  4. АЛА МЕН СЕЛО - ӘЛЕУМЕТТІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ НЕГІЗГІ БІРЛІК.
  5. Аржы делдалдары және негізгі қатысушылары
  6. Аурудың алдын алу жөніндегі негізгі медициналық ғылым ретіндегі гигиена. Мақсаты, міндеттері, зерттейтін тақырыбы.
  7. Ауылшаруашылығы еңбек гигиенасының негізгі мәселелері.
  8. Биологияның негізгі концепцияларын конструктивті сыни тұрғыда талдау.
  9. Бірінші ретті дифференциалдық теңдеулердің негізгі түрлері және оларды шығару тәсілдері. Мысал. 1-ші ретті сызықты біртекті диф.
  10. Дәріс. Өлшеу құралдары туралы негізгі мәліметтер

Синергетика – әр түрлі салалардағы көпнұсқалы (сызықтық емес) күрделі жүйелердегі өзіндік ұйымдасу заңдылықтарын қарастыратын жаңа пәнаралық ғылыми бағыт. Ол жүйенің жеке ерекшеліктерін ескерместен, жалпы үлгілер негізінде оның дамуының ортақ механизмдерін ашып көрсетеді. Қазіргі кезде синергетика әу баста пайда болған жаратылыстану саласында ғана емес, әлеуметтану, философия, психология сияқты гуманитарлық салаларда да жиі қолданылады.Қазіргі ғылыми зерттеулердің жаңа бағыты синергетика – оны құраушылардың табиғи қасиеттеріне қарамастан, кез келген күрделі жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыруы мен эволюциялық дамуын қарастырады. Синергетиканың негізгі функцияларының бірі – оның синтетикалық (жинақтаушылық) мәні. Оның бастысы – ғылымның гуманитарлық және жаратылыстанушылық бағыттарын қосуға бастайтындығы. Бірақ ол табиғат және адами мәдениет арасын байланыстырумен шектелмейді, оның жаңа жинақтаушылық (синтездеуші) қырлары мынадай:

· дүниетанымның батыстық (талдаушылық) және шығыстық (синтездік) түрлерін біріктіру

· Ғылымның қатаң негіздері мен оның қолданбалы бағыттарын кіріктіру.

· Ғылымның нормативтік және дискриптивтік қырларын, яғни ақпараттың бүтіндігі мен оның адам белсенділігі үшін құндылығын біріктіру.

· Күрделілік пен хаос туралы ғылым мен мәдениет пен өнер туралы көзқарастарды қосу.

Синергетиканың негізгі функцияларының тағы бірі – оның әдіснамалық және эвристикалық қызметі, яғни зерттеу стратегиясы ретінде қарастырылуы. Синергетика жаңа ғылыми проблемаларды шешуге бағытталғандықтан, зерттеу-ізденіс қызметінің негізгі әдісіне айналады. Егер күрделі жүйелердің жалпы заңдылықтары айқындалса, оның құрылымдалуы мен дамуы туралы болжамдар жасауға болады. Демек математикалық әдістерді пайдалану мүмкіндігі жоқ жерде синергетиканы сапалық негіз ретінде қолдануға болады.Білім беру мен біліктілік арттыру жүйесіндегі синергетика үш жақты қарастырылады: 1)синергетика білім беру саласы үшін; 2)білім берудегі синергетика; 3)білім беру синергетикасы.Білім берудегі синергетика әр түрлі білім салаларында жаңаның пайда болуы, қалыптасуы және дамуы зерттелгенде ғылым мен мәдениеттің ұштасуы түрінде көрінеді. Білім беру синергетикасы тұлға мен оның білімінің қалыптасуы мен дамуы барысында білім беру үрдісінде анық байқалады.Синергетикалық басқарудың негізгі ұстанымдары ащықтық, толықтырымдылық және субъектілік болып табылады.Ал біліктілік арттыру жүйесіндегі синергетика ең алдымен әр түрлі шектеулі ақпараттардан бүтін жүйе құрастыруға тырысудан ақпараттарды контекстік қабылдау арқылы дүниеге біртұтас көзқарас қалыптастыруға көшу керектігін түсінуден басталады.



Әлеуметтік жүйедегі синергетикалық ұғымдар



Аттрактор – жүйенің, оған жеткен соң қайтадан бұрынғы жағдайына қайта келе алмайтын, шектік жағдайы. Мұны әлеуметтік жүйенің жаңа сапалық күйге көшуі ретінде түсіндіруге болады. Мысалы, білім беру субъектілерінің өз қызметінің нәтижелеріне қанағаттанбауы оны шығармашылық ізденіске талпындырып, нәтижесінде олардың педагогикалық мәдениеті мен кәсіби мүмкіндіктері жаңа сапалық деңгейге көтеріледі. Бифуркация – ашық сызықтық емес жүйенің даму эволюциясы жолдарының тармақталуы. Әлеуметтік саладағы бифуркация – ескі сапаның белгілі бір жаңа сапалардың шексіз жиынтығына тармақталуы. Бұл білім беру мекемелері мен педагогтардың өзін-өзі ұйымдастыру үрдісіне стохастикалық (әр мағыналы) сипат береді. Детектор – тезаурус ішінен белгілі бір бифуркациялық құрылымды таңдап алу арқылы оны мүмкін жағдайдан нақты жағдайға айналдыру. Мұны педагогикалық технологияларды таңдаудағы түйінді мәселелер арқылы түсіндіруге болады.



Диссипативтік құрылым – жүйеде оны тепе-теңдіктен шығарып жібергенде пайда болатын жаңа құрылым (И.Р.Пригожин). Диссипативтік жүйе – қозғалыс барысында толық энергиясы кеми отырып, басқа энергияға айналатын механикалық жүйелер. Ал әлеуметтік салада бұған мысал ретінде жүйенің сыртқы ретсіздікті күшейте отырып, ішкі реттілігін сақтап қалуға ұмтылысын айтуға болады.

Келісім қағидасы – адамның немесе әлеуметтік жүйенің өзара қарым-қатынас пен диалог негізінде қалыптасуы. Француз ғалымдарының айтуынша, өзгенің білімімен шыңдалмаған білім – білім емес.

Қалыптасу қағидасы – негізгі форманың тыныштық пен жетілгендік емес, керісінше қозғалыс пен жетілмегендік екендігі. Қалыптасу өзінің екі қарама-қарсы шектік нүктесі арқылы айқындалады: хаос – күрделілік пен кездейсоқтықтың және бұзылу мен түзілудің негізі, реттілік – қарапайымдылық пен қажеттіліктің және сұлулық пен үйлесімділіктің негізі. Синергетика – грек тілінен аударғанда бірлескен әрекет энергиясы, синергия – бірлескен әрекет. Әлеуметтік салада синергетика қоғамның негізі ретінде адам өмірінің барлық саласындағы бірлесе еңбек ету түрінде қарастырылады.


Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 20; Нарушение авторских прав







lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2022 год. (0.016 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты