Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ХХ ғ. Вакуум концепциясы




Вакуум (лат. vacuum — қуыс, бостық) — кеңістіктің еш заттегісіз күйі (физикалық вакуум), кейде газдық қысымы атмосфералық қысымнанәлдеқайда аздығын (техникалық вакуум) айтады.

Вакуум - атмосфералық қысымның төменгі жайындағы газ қалыбы.

Газдық қысымы нөлге тең таза вакуум философиялық түсінік деуге болады, себебі табиғатта ондай кездеспейді, тіпті кездескеннің өзінде куантум физиканың айтуынша еш кеңістік бос бола алмайды. Куантум өріс теориясындағы анықсыздық принципіне сәйкес физикалық вакуумда нөлдік толқындар болып, әрқашан виртуалды бөлшектер пайда болып және жоғалып тұрады.

Вакуум

· абсолюттік гидромеханикалық қысымы атмосфералық қысымнан кем РЛ<Р, сұйыктықтың (немесе газ торізді ортаның) күйі;

· абсолют қысымның (гидромеханикалық) қысымға дейін жетіспеушілігі (кез келген нүктеде немесе сүйықтықтың аймағында): Раж = Ра — РА; вакуумның шамасын өрнектеудің төрт тәсілі бар:

1. күштің ауданға қатынасы;

2. күш/аудан өлшем бірлігімен;

3. ұзындық өлшем бірлігімен (меншікті салмағы белгілі сұйық бағанасының биіктігінің өлшем бірлігімен);

4. атмосфералық үлеспен.

Актуальді немесе лездік вакуум түрлері актуальді кысым жағдайында туындайтын вакуум (уакыттың осы сәтінде) сұйықтыкпен толтырылған кеңістіктің тыныштықтағы кез келген бір нүктесінің сүйықтықтың шамасыньгң атмосфералық қысымынан кем болады.

Орташаланған вакуум — орташаланған абсолюттік қысым жағдайындағы вакуум. Рауалы вакуум қүрылғы немесе құрал үшін мүмкін болатын вакуумның ең үлкен шамасы.

Шекті вакуум кез келген сүйықтықтың белгілі бір температурасында болуы мүмкін ең үлкен вакуум. Бұл вакуум "каныққан бу қысымы" кеңістікті қанықтыратын сүйықтыктың қысымына тең абсолюттік гидромеханикалық қысым жағдайында пайда болады.

“Вакуум” ұғымы, әдетте тұйық не газы сорылған ыдыстағы газға байланысты айтылады, кейде бұл ұғым бос кеңістіктегі (мысалы, ғарыштағы) газға да қолданылады. Вакуумның дәрежесі қалдық газдардың шамасын өлшей отырып анықталады. Вакуумның физикалық сипаттамасы газ молекулаларының еркін жол ұзындығы (λ) мен нақты процеске не құралға тән өлшемнің (d) ара қатынасы (λ/d) болып есептеледі. Мысалы, өлшемнің (d-ның) қатарына вакуумдық камера қабырғаларының ара қашықтығы, вакуумдық түтіктің диаметрі, электр вакуумдық құралдар электродтарының ара қашықтығы, т.б. жатады. λ/d қатынасының шамасына қарай вакуумды төмен вакуум (λ/d 1), орташа В. (λ/d ~ 1) және жоғары В. (λ/d 1) деп бөледі. Әдеттегі вакуумдық қондырғылар мен құралдарда (d λ 10 см) төмен вакуумға қысымы 1 мм сын. бағ-нан жоғары қысым, орташа вакуумға 1 — 10-3 мм сын. бағ. аралығындағы қысым, ал жоғары вакуумға 10-3 мм сын. бағ-нан төмен қысым сәйкес келеді. Осы кездегі белгілі әдістермен жеткен вакуумның дәрежесі 10-15 — 10-16 мм сын. бағ. Бұл жағдайда 1 см3 көлемде небары бірнеше ондаған ғана молекула қалады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-01; просмотров: 121; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты