КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Космологиядағы антроптық принциптің мәнін талдаңыз.Антропты принцип- ірі масштабтағы Әлем(Метагалактика) қасиеті мен онда тіршілік ететін адам, яғни бақылаушы арасмындағы байланысты зерттейтін қазіргі жаратылыстанудың іргелі принциптерінің бірі. «Антропты принцип» терминін алғаш рет 1973 жылы ағылшын математигі Б. Картер ұсынған болатын. Антропты принциптің жалпылама тұжырымдамасынан бөлек оның әртүрлі модификациялары да белгілі: «әлсіз антропты принцип», «күшті антропты принцип», «қатынасу принципі». «Күшті антропты принциптің» Картер болжаған тұжырымдамасы мынадай: «Әлем(олай болса, ол тәуелді болатын іргелі шамалар да) ондағы эволюцияның белгілі бір дәрежесінде бақылаушалардың тіршілігіне сай келуі тиіс». Антропты принциптегі негізгі сұрақтардың біріне: Әлем неліктен осындай, неге біз оның дәл осы қалпын бақылаймыз?- дегенді жатқызуға болады. Әлемдік көзқарастағы бұл сұрақтың мәнісі адамзаттың Әлемдегі бақыланатын ерекшеліктердің іргелі физикалық тұрақтылармен байланысында болып табылады. Яғни ол константалардың мәндерінің болмашы ғана шамаға өзгерісі, Әлемдегі атомдар мен молекулалар, тіпті жұлдыздар мен галактиканың да тіршілігінің, демек бақылаушы тіршілігінің де мүмкіншілігін жоққа шығарар еді. Космологтардың пайымдауынша, Әлем белгілі бір іргелі, жоғары ұйымдасқан құрылымдардың(адам) тіршілігне лайықты, жоғары дәлдікпен бір-біріне сәйкестендірілген константалар шамаларының жиынына өте тұрақсыз. Басқаша айтқанда, адам әйтеуір бір кездейсоқ құрылымдағы, қалыпты жағдай қалыптаспаған Әлемде пайда болуы мүмкін емес еді. Антроптық принциптің ғылыми дәрежедегі дамуын бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады: релятивістікке дейінгі(19-20ғғ), релятивистік, кванттық релятивистік. Әлсіз антропты принципке сәйкес, адамның кеңеюші Әлемде пайда болуы белгілі бір эволюция дәуірімен байланысты болуға тиіс. Ал күшті антропты принципке сәйкес, адам тек белгілі бір қасиетке ие Әлемде пайда бола алды, яғни біздің Әлем өзге дүниелер арасында біздің тіршілігімізге қажетті белгілі бір факторларға ие. Қазіргі замандағы антроптық принциптің фундаментальдық (негізгі) қағидасы философия мен ғылымға көп ене бастады. Ол әлемді күрделі, әрі өздігінен ұйымдасқан жүйе және адамды ондағы негізгі элемент ретінде қарауды талап етеді. «Бірқалыпты адам», ерекше объект деген көзқарасты қалыптастыра отырып, адам әлемді бақылаушы және өзіндік реттеушісі ретінде, әлемнің физикалық параметрі әр алуан түрінің құрылымымен, әртүрлі дәрежесімен байланыс орнатты. Ғылымда (оның ішінде жаратылыстануда), адам қызметінде субъекті мен объекті арасындағы ажыратуды жеңу, табиғат пен адамның жақындасуын көрсетеді. 48) Космологиядағы «құрдым» мәселесін талдау. Қара құрдым деп кеңістіктегі кездесетін тартылыс күші арқылы бүкіл материяны және жарықты өзіне тартып алатын денені қарастырады Астрофизиканың заңдылықтарына сәйкес, массасы салыстырмалы түрде жетілген дене деформациялап қара құрдымға айналады. Қара құрдымның айналысында математикалық жолмен дәлелденген оқиға көкжиегі деген орын бар, бұл жерден қайта келу мүмкін емес болып саналады. Құрдымдар қара деп аталады , себебі оқиға көкжиегіне түскен бүкіл жарықты сорып алады, жарық шағылыспағандықтан оны термодинамикадағы абсолютті қара дене ретінде қарастыруға болады. Кванттық өріс теориясы оқиға көкжиегі радиация бөлетінін дәлелдейді сонымен қатар температуға ие болатыны айқындалған. Осы температура қара құрдымның массасына кері пропорционал болғандықтан олардан бөлінетін радиацияның мөлшерін анықтау қиынға соғады. Өте үлкен тартылыс күшке ие болған денелерді (жарықты кері шағылыстырмайтын) ең алғашқыда XVIII ғасырда Джон Митчел және Симпсон Лаплас қарастырған. Ал алғашқыда толық қара құрдымға сипаттама беріп, салыстырмалық теориясы арқылы есептеген 1916 жылы Карл Шваршильд болатын. Осы кездескен астрофизикадығы ауытқушылықтарды 1960 жылдан бастап толықтай зерттей бастады. Қара құрдымдар Салыстырмалық теориясының созындысы болып , астрофизиканың реализміне баңынатыны айқындалды. Қара құрдыидар , өте үлкен жұлдыздар гравитациялық коллапсқа ұшырағанда пайда болады. Қара құрдымдар құралғаннан кейін олардың массасы мен көлемі ұлғаяды, себебі айналасындағы бүкіл материяны өзіне тартып алады. Олар басқа жұлдыздары өзіне қосып алып немесе басқа қара құрдымдармен бірігіп , күннің массасынан миллиардтаған есе үлкен, жоғары сатыдағы құрдымға айналады. Сондықтан қара құрдымдар көбінесе галактикалардың центрінде орналасады. Ақ құрдым — жалпы салыстырмалылық теориясында жарық не материя ішіне сырттан ене алмайтын, бірақ ішінен сыртқа шыға алатын кеңістік-уақыттың гипотетикалық аумағы. Бұлайша ұғынуда - жарықты жұтып, жібергізбейтін қара құрдымға кері физикалық нысан боп табылады. Қара құрдымды зертеу нәтежесінде кейбір ғалымдар ақ құрдымның бар екен болжамын айтқан. Әлемдік аспантанушылар Галактика кіндігіндегі қара құрдымның фотосын түсіру үшін бірігу үстінде. Бұл үшін Event Horizon Telescope жобасы әзірленіп, ол бойынша Жердің әр түкпірінде жайғасқан 50 радиотелескопты біріктіру қолға алынбақ. «Галатика құрдымы аса қашықта. Оны көру үшін өлшемі Жердей қондырғы қажет. Ондай қондырғыны құрудың жалғыз жолы - ғаламшардың өзін телескопқа айналдыру», - дейді зерттеушілер. Қазір сарапшылар алдағы үшжылдық жоспарын талқылап жатыр.«Біз қатты толқудамыз. Екі жыл бұрын бұндай ой қиял сияқты болып көрінген болар еді, енді шынайы іске айналып жатыр», - деген Аризона университеті обсерваториясының қызметкері Димитриос Псалтистің қуанышында шек жоқ. Құрдымды Жер бетінен көру мүмкін емес. Оны қоршаған гравитациялық өрістің тығыздығынан жарықтың өзі оралмайтын көрінеді. Сондықтан шетелдік астрономдар «оқиғалар көкжиегі» (жоба да сондай атауға ие) аталатын қара құрдымның шекарасынан тыс бақылауды қолға алмақ. Құрдым әлдебір жұтқыншаққа сорылып жатқан шаң мен газдан тұрады, оған қараудың мүмкіндігі жоқ. Ал, қолдағы физика заңдары онда не болып жатқанын сипаттай алмайды. Аса тығыз үйкелістен шаң мен газдың қызуы миллиардттаған градусқа көтеріліп, одан жарық бөлінеді. Сондықтан да құрдымның сақинасы көрінетіндей жағдайда. «Біз материяның жұтылу үдерісін болып жатқан күйінде түсіруді ойластырудамыз.Құрдымның қалай қоректенетінін ұғуға мүмкіндік алармыз деген үміттеміз», - дейді Псалтис. Оның айтуынша, 26 мың жарық жылдамдығындай қашықтағы оқиғалар көкжиегін фотолау, - Айдан алма іздеумен парапар. Дегенмен, зерттеушілердің құлшынысында шек жоқ, оның үстіне Аризона обсерваториясында өткізілген алғашқы тәжірибелер сәтті шыққан.
|