Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жұќпалы аурулар және одан саќтандыру




 

Ќазаќстанның ланғайыр аймағында әртүрлі климаттың географиялыќ сипаттамалардың әр түрлігіне орай обаның, туляремияның табиғи ошаќтары дамыған, коптеген елді мекендердегі гигиеналыќ жағдайлардың төмендігінен ерекше ќауіпті және басќа да жұќпалы аурулардың таралуына барлыќ алғы шарттар жасалған. Сонымен ќатар олардың пайда болуына халыќаралыќ байлааныстардың кеңеюі, ќанағаттанарлыќсыз санитарлыќ-гигиеналыќ жағдайлармен ұштасќан үлкен өзгерістер, халыќтың көшіп ќонуы, елдердің арасындағы медициналыќ ќұралдарды дер уаќытында жеткізуге кедергі келтіретін экономикалыќ байланыстардың тұраќсыздығы сияќты факторларда ыќпал етеді.

Ќазаќстанда іш сүзегі, дизентерия және басќада ішек аурулары, тұмау, көкжөтел, ќызылша, полиомелит, бруцеллез, туберкулез, мидың ќабынуы, вирустыќ гепатит, сүзек, безгек, іш сүзегі, тыныс жолдарының вирустыќ инфекциялары және т.б. тіркелген.

Алматы, Ќызылорда, Оңтүстік Ќазаќстан облыстары бұл аурулар кеңінен тараған аймаќ болып табылады.

Бактериялы дизентерия мен ішек инфекциялары бойынша, Ќызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Ќазаќстан және Жамбыл облыстары ең ќолайсыз аймаќ болып табылады.

Жыл сайын Ќазаќстанда вирустың гепатиттің 40-70 мың жағдайы тіркеледі.

Ќазаќстан аумағында обаның белсенді табиғи ошағы орналасќан. Оны таратушылар кішкентай кіші сарышұнаќ, тышќанның түрлері болып табылады.

Туляремияның жайылымдыќ және далалыќ ошаќтары Батыс Ќазаќстан мен Алматы облысында орналасќан. Оны таратушылар тышќан тәріздес кеміргіштер. Мидың кенеден ќабынуы тіркелген. Оның табиғи ошағы Алматы, Шығыс Ќазаќстан облыстарында, сондай-аќ Алматы ќаласында кездеседі.

Ќазаќстанда ара тұра Ќырым безгегі таралған. Ќу безгегі Ќазаќстанның барлыќ облыстарында кездеседі. Республикада сырттан келген малярия жағдайы кездеседі.

Сібір жарасы барлыќ облыстарда жыл сайын ішінара кездесіп отырады. Етті даярлаудың ветеринарлыќ-санитарлыќ және санитарлыќ-гигиеналыќ ережесі бұзылған кезде осы жұќпалы ауру кеңінен таралуы мүмкін.

Жұќпалы аурулардан саќтандыру шаралары үш бағыт бойынша жоспарланып жүргізілуге тиіс:

§ инфекция көзін залалсыздандыру;

§ инфекция берілетін жолды бекіту;

§ адамдардың жұќпалы ауруларға төзімділігін арттыру.

 

Инфекция көзіне ыќпал етуде жұќпалы ауруларды өз уаќытында аныќтаудың, оларды ертерек оќшауландыру және дәрігерлік емнің маңызы зор. Мұнда халыќтың санитарлыќ сауаттылығын арттыру, жұќпалы аурулардың негізгі белгілерін білудің, дәрігерге өз уаќытында барудың маңызы зор.

Инфекцияның берілу жолын бұзу үшін жеке және ќоғамдыќ гигиена ережелерін саќтауды, азыќ-түлікпен дайын өнімді әзірлеуді, саќтау мен тасымалдауды, суды пайдаланудың санитарлыќ-гигиеналыќ және технологиялыќ ережелерін орындауды баќылау ќажет.

Халыќтың инфекция ќоздырштарына төзімділігін арттыру үшін саќтандырғыш вакциналарын жаппай егу және арнайы сарысуларды немесе гамма глобулиндерді егу жолымен де котеруге болады.

Дезинфекция-топыраќта, суда және сыртќы ортаның басќа да объектілерінде ауру таратќыш микробтарды жою.

Дезинфекция әдістері физикалыќ, механикалыќ және химиялыќ болып бөлінеді.

Физикалыќ әдістер: от, ыстыќ ауа, ќайнаған су, ультракүлгін сәуле. Механикалыќ әдістер: ылғалды шүберекпен сүрту, сулап сыпыру, сілку, ғимаратты желдету. Химиялыќ әдістер: хлор әгін, хлораминді, лизолді, формалдегидті, этилен ќышќылын т.б. заттарды пайдалану.

Дезинсекция-жұќпалы аурулардың ќоздырғыштарын тарататын жәндіктермен (бит, бүрге, кене) күресу. Химиялыќ әдіс гексохлоран, хлорофост, ДДТ-ны пайдалануға негізделген.

Дератизация-кеміргіштермен (егеуќұйрыќ, тышќан, май тышќан, сарышұнаќ, суыр) күрес: Ол механикалыќ және химиялыќ әдіспен жүргізіледі.

Адамдардың жұќпалы ауруларға төзімділігін көтеруге байланысты саќтандыру шаралары сау адамның организіміне вакцина мен анатоксинді егу жолымен жасалады.

Обсервация-инфекцияның таралуын ескертуге бағытталған оќшауландыру, шектеу, емдеу, саќтандыру және арнайы эпидемияға ќарсы шаралардың жүйесі. Обсервация кезінде мыналар ќарастырылады: күшейтілген медициналыќ баќылау, ќолайсыз аймаќтың халќы мен байланысты шектеу немесе толыќ тоќтату, арнайы емдеу, саќтандыру және санитарлыќ-гигиеналыќ шараларды жүргізу.

Карантин-ошаќты толыќ оќшауландыруға және ондағы жұќпалы ауруды жоюға бағытталған әкімшілік, шаруашылыќ және медициналыќ шаралар. Карантин кезінде ол ќамтылған аймаќќа ќарулы күзет ќойылады.

Карантин кезінде оның аумағына кіріп шығуға тиым салынады, күшейтілген медициналыќ баќылау, арнайы емдеу-сауыќтыру және эпидемияға ќарсы шаралар ќарастырылады.

Әрбір адам, егер оның ауданында арнайы шара белгіленсе (карантин, обсервация) мына ережелерді орындау керектігін естерінде ұстаған жөн:

§ жалпы пайдаланылатын жерді, жићазды, киімді, аяќ киімді, тұраќты дезинфекциядан өткізуді, жәндіктер мен кеміргіштерді жоюды, санитарлыќ тазалыќтан өтуді;

§ дезинфекциялаушы заттарды пайдалана отырып, ғимаратты күн сайын ылғалды әдіспен жинауды;

§ тыныс органдарын жеке ќорғау ќұралдарын (маска) киюді;

§ балаларға үйден рұќсат етпеуді;

§ өздері бейтаныс адамдармен ќарым-ќатынас жасамауды;

§ жеке гигиена ережесін ќатаң саќтауды: әсіресе тамаќ ішердің алдында ќолды дезинфекциялаушы ерітіндімен және сабындап ыстыќ сумен жууды;

§ тамаќќа ќойылатын санитарлыќ-гигиеналыќ талаптарды саќтауды: суды тек тексерілген көзден ғана алуды, су мен сүтті ќайнатуды;

§ барлыќ азыќ-түлікті ќуырып, ќайнатќаннан кейін ғана пайдалануды, нанды отта немесе пеште ќыздыруды, жеміс пен көкөністі ыстыќ сумен жууды;

§ егілу мен дәрі ќабылдауды вакцинаны, сарысуды, антибитиктер мен басќа да дәрі-дәрмекті дәрігердің рұќсаты бойынша өз уаќытында ќабылдауды-ќұрбандыќтар санын ќысќартып ќана ќоймай, жұќпалы ауруларды тез жоюға көмектесетіндігін есте ұстаған жөн.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 89; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты