КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
VIII.-тарау. ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ЗаңыТөтенше жағдай дегеніміз – табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай. Төтенше жағдай- адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға ңұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай; Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар-дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестерінің зақымдануы туғызатын төтенше жағдайлар; Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар-өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), қатты әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар; Төтенше жағдай аймағы-төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аймақ. Авария –технологиялық үрдістердің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы; Зілзала –бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жетімі болатын табиғат құбылысы. Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді, 20%-тропикалық циклондары, 15% -жер сілкінісі, ал қалған 25%-зілзаланың басқа түрлері. Зілзала-төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс; Апат-аймақтық және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс. 8.1. Төтенше жағдайлар таралу ауқымына және келтірген шығынының көлеміне қарай топтастырылуы. (нысандық, жергілікті, аумақтық, барынша ауқымды) Заңға сәйкес бейбіт және соғыс уақытында халықты қорғауға байланысты барлық іс-шаралардың басты мақсатты-ең алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Бұл талаптар әр түрлі ТЖ кезінде халық пен шаруашылық нысандары қорғаудың негізгі ұстанымдарда (1т. 3б.) айтылған және оған мыналар қосылады: § болжанатын және пайда болған ТЖ туралы халыққа хабарлау және бірауызды ұйымдастыру, алдын алу және жою бойынша шаралар; § азаматтар мен ұйымдар қызметтерінің зияндығы мен қауіп-қатерінің дәрежесін алдын ала анықтау, халықты қорғау және ТЖ алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру әдістеріне оқыту; § міндетті түрде ТЖ жою бойынша құтқару, авариялық-қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстарды орындау, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек пен әлеуметтік қорғау көрсету.
Заңда аса маңызды орындардың бірі ТЖ-ның алдын алуға бағытталған кешенді шаралардың жүзеге асырылуына беріледі. Заңда ТЖ немесе басқа да жағдайлардың пайда болуына төтеп беретін қорғаныс шараларын жүргізуге назар аударылады. Ерекше маңыздылықты, зардап шеккендерге өз уақытында көмек көрсетіп, ТЖ зардабын жою бойынша барлық операциялардың жоспарлығы және мақсатты бағытталуы алады. Заңның 20-22 баптарында баяндалған талаптармен, ТЖ болдырмау немесе жою бойынша бірінші кезектегі шараларды міндетті түрде орындау қарастырылған. Сонымен қатар, құтқару жұмыстарын ұйымдастыру, авариялық-құтқару қызметінің құралдары мен күштерін тарту, жоспармен қарастырылған шараларды ұйымдастыру жауапкершілігі бірінші ұйымдардың басшылары мен жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі. Жою үрдісінде өте қажет болған жағдайда апат медицина орталығының шұғыл медицина көмек қызметі қосылады, ал аса қажет болғанда-орталық және жергілікті атқарушы органдарының медициналық күштері мен құралдары қосылады. ТЖ жойылғаннан кейін атқарушы органдар, ұйымдар міндетті түрде халық пен шаруашылық нысандардың тіршілігін жедел қалпына келтіру шараларын жүргізуі тиіс. Бұл мәселе туралы Заңда басшылардың, лауазымды тұлғалардың, орталық және жергілікті, өкілетті органдардың, ұйымдардың, сонымен қатар ҚР азаматтарының қызметтері анықталады. Заңның 10-13 баптарында ТЖ саласындағы ҚР үкіметінің, орталық атқарушы органдарының, оның ішінде ТЖМ-ның, сонымен қатар жергілікті өкілетті органдарының өкілеттілігі жазылған. Заң негізгі орындаушылардың-ҚР азаматтарының нақты қызметтерін белгілейді. Олар заңның 7 және 8 баптарында көрсетілген.
|