Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


БАУЫР. ҰЙҚЫ БЕЗІ.




БІР ДҰРЫС ЖАУАБЫН ТАБЫҢЫЗ:

166. Классикалық түсінік бойынша бауыр бөлігінің пішіні:

a. шар тәрізді

b. өсінділі

c. тармақталған

d. алты қырлы призма тәрізді+++

e. конус пішіндес

167. Гепатоциттердің пішіні:

a. жұлдыз пішіндес

b. көпбұрышты, пішінсіз+++

c. дөңгелек

d. жіп тәрізді

e. пирамида тәрізді

168. Екі жақты секрет бөлетін бауырдың жасушалары:

a. фибробласттар

b. жұлдыз тәрізді макрофагтар

c. липоциттер

d. Pit-жасушалары

e. гепатоциттер+++

169. Қан плазмасындағы белоктардың (фибриноген, альбумин, протромбин ) синтезіне қатысатыны:

a. эритроциттер

b. нейтрофильді гранулоциттер

c. базофильді гранулоциттер

d. гепатоциттер+++

e. фибробласттар

170. Майда еритін А, Д, Е, К витаминдерін синтездеп, талшық түзуге қатысатын, бауыр жасушалары:

a. гепатоциттер

b. липоциттер+++

c. pit-жасушалары

d. жұлдыз тәрізді макрофагтар

e. эндотелиоциттер

171. Бауырға қанды әкелетін қан тамырлар жүйесіне қатыстысы:

a. бөлік асты вена

b. қақпа венасы мен бауыр артериясы+++

c. бөлік ішіндегі синусоидты капиллярлар

d. бөлік аралық артерия мен вена

e. орталық вена

172. Бауыр бөліктерінің ішіндегі қан айналымымға қатысатын жүйе:

a. бөлік асты венасы

b. орталық вена

c. қақпа венасы мен бауыр артериясы

d. бөлік ішіндегі синусоидты капилляр

e. бөлік арасындағы артерия мен вена +++

173. Бауыр бөліктерінің ішіндегі синусоидты капиллярларды тыстайтыны:

a. бір қабатты куб тәрізді эпителий

b. эндотелий+++

c. бір қабатты призмалы эпителий

d. ауыспалы эпителий

e. көп қатарлы кірпікшелі эпителий

174. Бауырдағы артерия мен вена қаны араласатын қан тамыры:

a. бөлік венасы

b. сегментті вена

c. бөлік аралық вена

d. бөлік ішілік синусоидты капилляр+++

e. бөлік сыртындағы вена

175. Қабырғасында жұлдыз тәрізді макрофагтары (Купфер жасушасы) болатын бауырдың қан тамыры қайсысы:

a. сегментті артерия

b. бөлік артериясы

c. бөлік ішіндегі синусоидты капилляр+++

d. бөлік арасындағы артерия

e. бөлік асты веналары

176. Синусоидты капиллярлардың сыртындағы кеңістік (Диссе кеңістігі) мыналардың қайсысының арасында орналасады:

a. көршілес гепатоциттердің

b. эндотелиоциттер мен гепатоциттердің+++

c. гепатоциттер мен өт капиллярларының

d. гепатоциттер бауларының

e. өт капилляры мен эндотелиоциттердің

177. Бауыр бөлігінен қанды алып шығатын венаға қайсысы жатады:

a. бөлік венасы

b. сегментті венасы

c. бөлік аралық вена

d. бөлік айналасындағы вена

e. орталық венасы+++

178. Тәжірибедегі жануарлардың қорғаныс реакциясын зерттеу барысында қанына көк трипан бояуын жіберілген. Бұл бояуды бауырдың қай құрылымынан табуға болады:

a. бауыр бөліктерінің орталық бөлігіндегі гепатоциттерден

b. перисинусоидальді липоциттерден

c. Pit- жасушаларынан

d. жұлдыз тәрізді Купфер жасушаларынан+++

e. бауыр бөліктерінің шетіндегі гепатоциттерден

179. Бауырдағы шұңқырлық (Pit) жасушалардың орналасқан жері:

a. бауыр бауларындағы гепатоциттердің арасында

b. бөлік асты венаның қабырғасында

c. орталық венаның қабырғасында

d. синусоидты капиллярлардың қабырғасындағы эндотелиоциттерге жабысып орналасады+++

e. бөлік арасы венаның қабырғасында

180. Өт капиллярларының орналасатын жері:

a. бауыр бөліктерінің арасында

b. бауыр бауларының құрамындағы екі қатарлы гепатоциттердің арасында+++

c. бауыр баулары мен синусоидты капиллярлардың арасында

d. синусоидты капиллярлардың ішінде

e. перисинусоидты липоциттер мен жұлдыз тәрізді макрофагтардың арасында

181. Өт қапшығының кілегейлі қабығын тыстайтын эпителий:

a. бір қабатты жалпақ

b. көп қатарлы кірпікшелі

c. бір қабатты призмалы+++

d. ауыспалы

e. көп қабатты жалпақ мүйізделмеген

182. Ұйқы безінің экзокринді бөлігінің құрылыс қызметін атқаратын бөлігі:

a. қыстырма өзегі

b. бөлік ішілік өзегі

c. панкреатикалық ацинусы+++

d. бөлік аралық өзегі

e. жалпы панкреатикалық өзек

183. Ұйқы безінде пішіні конус тәрізді, апикальді полюсінде зимогенді, ал базальді полюсінде гомогенді түйіршіктері болатын жасушалары:

a. А-жасушалары

b. В- жасушалары

c. D- жасушалары +++

d. ациноциттер

e. орталық ацинозды жасушалар

184. Ацинустың құрамындағы экзокринді панкреатоциттердің орташа саны:

a. 1-2

b. 8-12+++

c. 20-40

d. 50-70

e. 80-110

185. Ұйқы безінің орталық ацинозды эпителиоциттерінің пішіні:

a. жұлдыз тәрізді

b. пішінсіз, жалпақ+++

c. призмалы

d. куб тәрізді

e. дөңгелек

186. Секреторлы түйіршіктері базофильді боялған ұйқы безінің инсулоциттері:

a. Д – жасушалары

b. А – жасушалары

c. В – жасушалары+++

d. РР –жасушалары

e. Д1 – жасушалары

187. Цитоплазмасындағы түйіршіктерінің мөлшері 275 нм, ашық түсті жиектері бар, инсулин гормонын бөлетін ұйқы безінің инсулоциттері:

a. А-жасушалары

b. В-жасушалары+++

c. Д-жасушалары

d. Д1- жасушалары

e. РР-жасушалары

188. Цитоплазмасындағы түйіршіктері d- 230 нм, тығыз орналасқан, жіңішке ашық түсті жиектері бар инсулоциттері:

a. А – жасушалары+++

b. В – жасушалары

c. Д – жасушалары

d. Д1 – жасушалары

e. РР – жасушалары

189. Цитоплазмасындағы секреторлы түйіршіктері оксифильді боялған ұйқы безіндегі инсулиноциттер:

a. Д – жасушалары

b. А – жасушалары+++

c. В – жасушалары

d. РР – жасушалары

e. Д1 – жасушалары

190. Ұйқы безіндегі панкреатикалық аралшықтарының 20-25 % құрайтын, цитоплазмасындағы түйіршіктерінің d- 230 нм-дей инсулоциттері:

a. Д – жасушалары

b. А – жасушалары+++

c. В – жасушалары

d. РР – жасушалары

e. Д1 – жасушалары

191. Цитоплазмасындағы секреторлы түйіршіктерінің дм-рі 325 нм, аздап тығыздалған, ашық түсті жиектері жойылған инсулоциттері:

a. А - жасушалары

b. В – жасушалары

c. +++Д – жасушалары

d. Д1 – жасушалары

e. РР – жасушалары

 

192. Бауырдың А әрпімен белгіленген құрылымы:

a. бөлік аралық вена

b. бөлік аралық өт өзегі

c. +++бөлік аралық артерия

d. лимфа тамыры

e. нервтері

193. Бауырдың Б әрпімен белгіленген құрылымы:

a. +++бөлік аралық вена

b. бөлік аралық өт өзегі

c. бөлік аралық артерия

d. лимфа тамыры

e. нервтері

194. Бауырдың В әрпімен белгіленген құрылымы:

a. бөлік аралық вена

b. +++бөлік аралық өт өзегі

c. бөлік аралық артерия

d. лимфа тамыры

e. нервтері

195. Бауырдың Г әрпімен белгіленген құрылымы:

a. бөлік аралық вена

b. бөлік аралық өт өзегі

c. бөлік аралық артерия

d. +++бөлік аралық вена мен артерия

e. нервтері

196. Бауырдың Д әрпімен белгіленген құрылымы:

a. бөлік аралық вена

b. бөлік аралық өт өзегі

c. бөлік аралық артерия

d. +++синусоидты капиллярлар

e. бауыр баулары

197. Бауырдың Е әрпімен белгіленген құрылымы :

a. бөлік аралық вена

b. бөлік аралық өт өзегі

c. бөлік аралық артерия

d. синусоидты капиллярлар

e. бауыр бауларының гепатоциттері

198. Бауырдың Ж әрпімен белгіленген құрылымы :

a. бөлік аралық вена

b. бөлік аралық өт өзегі

c. бөлік аралық артерия

d. орталық вена

e. бауыр баулары


Поделиться:

Дата добавления: 2015-01-13; просмотров: 293; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты