Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Аржылардың функциялары




Функцияның атауы – бұл қатынастардың аталған жүйесіндегі қандай да бір объекті қасиетінің сыртқы көрінуі. Функциясыз оның маңызын көз алдыға елестетуге болмайды. Қаржыларға қолданылатын функция аталған экономикалық категорияға тән қызметтер шеңберін білдіреді. Функциялардың өзі тұрақты, сол мезгілде олар, қаржыларға тән қасиеттерді білдірудің өзіндік тәсілдері арқылы өзін көрсетеді.

Қаржылар дәстүрлі түрде, экономистер таныған және оқу әдебиеттерінде көрсетілген: бөлужәне бақылау функцияларын атқарады. Екі функция да бір-бірімен өзара байланысты және бір мезгілде қаржылармен ілесе жүреді. Бөлу функциясы ақша қорларын (кірістерді) қалыптастырумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты. Қоғамдағы әрбір қаржы операциясы қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлуді білдіреді. Ақша қорларын (кірістерді) қалыптастыру ақша қаражаттарының орталықтандырылмаған және орталықтандырылған қорларын құруды болжайды. Қаржылардың бөлу функциялары жағдайында бастапқы, одан кейін қайталама (екінші) кірістердің құралуы болады. Бастапқы кірістер ұлттық табысты материалдық өндіріске қатысушылардың арасында бөлу кезінде құралады. Осылайша, кәсіпорындардың материалдық өндіріс аясында ақша қаражаттарының орталықтандырылмаған қорлары (қызметкерлерге еңбекақы төлеу қорлары, фермерлердің, шаруа қожалықтарының кірістері, негізгі қорлар, кәсіпорынның таза кірісі) құралады.

Одан әрі қарай бөлу функциясы, соның нәтижесінде, негізінен, өндірістік емес аяны дамыту және қоғам мүшелерін әлеуметтік қамтамасыз ету, мемлекетті басқару үшін қажетті қайталама (екінші) кірістер құралатын, ұлттық табысты қайта бөлуарқылы көрінеді. Осыдан келіп, бөлу функциясы жеткілікті түрде кең ауқымда қарастырылады және екі бөліктен (бастапқы және қайталама бөлуден) тұрады. Жиынтық қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың барлық сатыларын қамтиды және ақша қаражаттарының орталықтандырылмаған және орталықтандырылған қорларын құрады.

Ұлттық табыс пен ішкі жалпы өнімді (ІЖӨ) бөлу және қайта бөлудің бүкіл процесі, қоғамда бақылау болмайынша жүзеге асырыла алмайды. Және осы жерде қаржылардың бақылау функциясы өзін көрсететін болады. Ақша қорларын қалыптастыру және пайдаланудың құралы болған бұл функция, бөлу процесінің барысын, нақты ақша қорларының қалыптасуын және олардың нысаналы бағыттары бойынша жұмсалуын объективті түрде көрсетуі тиіс.

Бақылау функциясы мемлекет тарапынан белсенді қатысуды талап етеді, ал нарықтық қатынастар жағдайындағы елдегі қаржылық бақылау жеке, сол сияқты қоғамдық өндірістің динамикалы дамуын қамтамасыз етуге, отандық шаруашылықтың барлық салаларының қаржылық қатынастарының тұрақты дамуына бағытталуы тиіс. Кез келген қоғамдық бақылау функциясы экономикалық ынталандыруды арттыруға, ресурстардың барлық түрлерін тиімді жұмсауға, өндірістік емес шығыстарды және ысыраптарды қысқартуға мемлекет тарапынан иесіздікті, ысырапшылдықты, алдампаздықты болдырмауға бағытталған.

Қаржылық бақылау қаржылар аясындағы заңнамалардың дәл сақталуы, мемлекеттік бюджет алдындағы салықтарды және өзге де міндетті төлемдерді, банктер арасындағы ақша аударымдарын, сондай-ақ есепайырысулар және төлемдер бойынша барлық шаруашылық субъектілері арасындағы өзара міндеттемелерді, қаржылық міндеттемелерді орындаудың уақытылығы мен толықтығын қамтиды.

Қаржылардың бөлу және бақылау функциялары қаржы аппаратының толыққанды қызметі мен қаржылық тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

Егер қаржы органдары әртүрлі деңгейде өз функцияларын дәл орындап, сенімді қаржылық ақпараттарға ие болса ғана, қаржыгерлердің бақылау функциясы өзінің мақсатына қол жеткізеді. Микро деңгейдегі, сондай-ақ макро деңгейдегі қаржылық бақылау қаржылық жоспарлау процесін, қаржылық жоспарлаудың орындалуын, кірістер мен шығыстар сметаларын, мемлекет бюджетінің кіріс және шығыс бөліктерін қамтиды. Елдегі қаржылық қатынастардың объективтілігі, қаржылардың бақылау функцияларының толық көрінуіне қатысты болады.

Қаржылардың бөлушілік функциясы іс-қимыл жасауда алғашқы, тұрақты. Аталған функция өзінің көрінуі кезінде ақша қорларын қалыптастыру сатыларындағы әртүрлі субъектілердің мүдделері мен мүмкіндіктерін қозғайды. Нақты тәжірибеде субъективтік тәсілдерді қаржы тетігін дұрыс пайдаланбаудағы қаржылар мәселелеріне қолдану жағдайында, бөлу функцияларының көрінуінде бұрмалаушылықтар туындауы мүмкін.

Сондықтанда, объективтілік, функциялардың өзін түсінуде маңызды болып табылады.

Қаржылардың маңызы мен функцияларына көзқарастар эволюциясын көрсеткен ақылға сыйымды болып саналады.

Ғылыми экономикалық ортада көптеген уақыттар аралығында қаржылардың маңызы мен функциялары мәселесі бойынша көптеген көзқарастар өмір сүрді және бұл нарықтық экономиканың қазіргі даму кезеңін қоса алғанда, әртүрлі жүйелердегі қаржылардың теориялық негіздерін әзірлеуге оң әсерін тигізеді.

Осымен байланысты, қаржылар неғұрлым жалпы категориялардан (ақшадан) туындайтын, күрделі, өзгешелікті экономикалық категория болып саналады және аталған экономикалық категорияның әрекет ету (қолданылу) шекарасын анық сызып көрсетудің мүмкін еместігінен, оның қоғамдық – саяси және экономикалық өмірдің барлық аяларына тереңдеп енуінен, қаржылардың маңызы мен функциялары туралы мәселелер пікірталас деңгейінде қарастырылады.

Экономикалық әдебиетте қаржылардың: бөлушілік және ұдайы өндірушілік екі тұжырымдамасы көбірек қолдауға ие болды.

Бірінші тұжырымдаманың жақтастары, қаржылар қоғамдық ұдайы өндірістің екінші сатысында – қоғамдық өнім құнын оның ақша формасында бөлу процесінде туындайды деп есептейді, ол қаржылардың бөлушілік сипаты олардың жұмыс істеу ерекшелігін көрсетеді.

Аталған тұжырымдамаға сәйкес, қаржылар: бөлу және бақылау екі функциясын атқарады, сол арқылы екі дәстүрлі функция танылады.

Бөлу функцияларының көмегімен жалпы (жиынтық) қоғамдық өнім мен оның маңызды бөлігі – ұлттық табыс, сондай-ақ ұлттық байлықтың бөлігі (мысалы, айналым қаражаттарын алу, мемлекеттік мүлікті өткізу жөніндегі операциялардағы қаржылар, бөлу функциялары арқылы бөлінеді және қайта бөлінеді.

Ақша кірістерін қалыптастыру және оларды жұмсау жолымен мемлекеттің, ұжымдардың, кәсіпорындардың, жекелеген азаматтардың экономикалық мүдделерін көрсететін бүкіл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады деп есептеледі. Оның жақтастары бөлу функциялары арқылы бөлу категориялары ретіндегі қаржылардың маңызы ашып көрсетіледі деп дәлелдейді.

Бөлу тұжырымдамасы жиынтық қоғамдық өнімнің қозғалысымен сатып алу – сату арқылы қоғамдық өнімді өткізу үшін жағдай жасаумен байланысты экономикалық қатынастардағы сандық өлшеудің бастапқылығына негізделеді.

Қалыптастырылатын ақша қорларының көлемімен қаржыларды сандық өлшеу, қолайлы қаржылық жағдай жасау жолымен экономиканың жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің дамуын жеделдетуге оң ықпал етеді.

Қаржыларды бөлу тұжырымдамаларының жақтастары, атап айтқанда, қаржыларды бөлу арқылы ұдайы өндіріс процесіне белсенді түрде ықпал етеді деп болжайды. Аталған жағдайда, өзге сатылар арқылы экономикалық өсудің көзі болып қатысатын өндіріс сатысы екінші кезекке жылжытылады.

Қорытындылай келе, қаржылар - өндіріс категориясы деп айтуға болады, өйткені олар өндіріс процесіндегі өндірістік қорлардың айналымына қызмет көрсетеді. Қаржылар өндіріс сатысынан айырбас аясына өтеді, мұнда қоғамдық өнімді бөлу процесі жалғасады. Қаржылар мұнда бөлу құралы болып қатысады. Одан әрі қарай қаржылар тұтыну категориясы ретінде қоғамдық және жеке тұтыну қорын қалыптастыруға қатысады. Осыдан келіп, қаржылар бір сатының емес, барлық үш сатының құн қозғалысын білдіретін категория болып саналады.

Ақша қорларын құру мақсатында ақша қаражаттарының қозғалысын басым бағыт деп есептейтін қаржылардың бөлу функцияларынан ерекшелігі, ұдайы өндіріс тұжырымдамасы, құнның ақшалай қозғалысына сүйенеді. Осылайша, қаржылар маңызы бойынша, ұдайы өндіріс тұжырымдамасы бөлу тұжырымдамасына қарағанда кеңірек және негізді болып көрінеді.

Ұдайы өндіріс тұжырымдамасының жақтастары қаржылардың: ақша кірістері мен қорларының құрылуы; ақша кірістері мен қорларын пайдалану; бақылау функциясы сияқты функцияларын бөліп көрсетеді.

Экономикалық әдебиетте дәстүрлі (бөлу, қайта бөлу, бақылау) функциялардан басқа өзге де пікірлер келтіріледі, мәселен: ұдайы өндіріс ынталандырушы функция, өндірістік қорлардың айналымын орталандыру функциясы немесе жедел функция сияқты функциялар тұжырымдалған. Функциялар өзінің барлық әрекеттері мен көрінулерінде, қаржылардың маңызын экономикалық категория ретінде ашып көрсетеді. Экономикалық категория функциясы – бұл бір экономикалық құбылыстың әртүрлі жақтары болып саналады. Функцияларды қаржылардың маңызынан оқшау қарауға болмайды. Қаржылардың терең маңызы, аталған құн категориясының маңызы, функциялары, рөлі арқылы түсінікті бола түседі.

Қаржылардың рөлін бөліп көрсету қажет.

Қаржылар материалдық өндіріс аялары, өндірістік және өндірістік емес аялар арасындағы, мемлекеттік және әртүрлі шаруашылық секторлары арасындағы жиынтық қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің қаруы ретінде қатыса отырып, бірінші жағынан, қоғамдық өнімнің айналымын қалпына келтіру үшін негіз жасайды, екінші жағынан, экономика құрылымын оңтайландыру, белсенді түрде әсерін тигізеді.

Қоғамдық өндірістегі қаржылардың рөлі аса зор және санқырлы. Ең алдымен, қаржылардың рөлінің көрінуін, қаржылардың екі негізгі түрі: кәсіпорындардың, фирмалардың (шаруашылық субъектілерінің) қаржылары мен мемлекеттік қаржылар арқылы қадағалауға болады.

Өзінің жұмыс істеуі үшін әрбір кәсіпорын негізгі қорлармен және айналым қаражаттарымен бөлінеді.

Олар жұмыс істеу процесінде өзінің құнын ішінара немесе толықтай жаңадан жасалған өнімге ауыстырады. Кәсіпорындардың өнімдерді өткізуден түскен түсімдерінен, қорлардың жаңа айналымын қамтамасыз ететін қор бөлінеді.

Мемлекеттік қаржылар әрқашанда қаржылық қатынастар құрамында маңызды орын алып келді. Мемлекет, қайта бөлу тетігі мен қаржы саясаты арқылы елдің әлеуметтік экономикалық дамуына бағытталатын орталықтандырылған ақша қаражаты қорларын жасаусыз жұмыс істей алмайды.

Шаруашылық жүргізудің экономикалық құралы ретінде қаржылар қоғамдық өндіріске сандық және сапалық тұрғыдан әсер етуге қабілетті. Қаржылардың рөлі қаржылардың функциялары арқылы көрінеді және маңызды түрде кең түрде.

Егер функциялар қаржылардың маңызының өзінен ажырағысыз және тұрақты болса, онда қаржылардың рөлі әртүрлі кезеңдерде әр қилы болады, нақты жағдайларға, ішкі және сыртқы факторлардың тигізетін әсеріне, қаржылық қатынастарға қатысушылардың субъективтік тұрғыдан келулеріне қатысты болады.

Қаржылардың рөлі қоғамдық ұдайы өндіріске, тиімділікті арттыруға, коммерциялық бастамаларды дамытуға және нығайтуға, халықтың өмір деңгейін көтеруге, әлеуметтік игіліктер жасауға және мемлекеттің қуатын нығайтуға оң ықпал ету әсерінен көрінеді.

 

Аржылардың өзге экономикалық категориялармен (бағамен, еңбекақы төлеумен, несиемен) өзарабайланысы. Қаржы ресурстары және олардың көздері

Қаржылар экономикалық қатынастардағы өзінің көрінуінде оқшау түрде жұмыс істемейді, көптеген экономикалық категориялармен өзара байланыста болады.

Қаржылар құндық бөлулерге қатыса отырып, баға, еңбекақы, пайда, несие, сақтандыру сияқты категориялармен де тығыз байланыста жұмыс істейді.

Ұдайы өндіріс процесінің әртүрлі сатыларындағы жекелеген экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес, ал құндық бөлу сатысында жұмыс істейтін экономикалық категориялардың өзарабайланысы, шаруашылық жүргізу тәжірибесінде оларды кешенді пайдалану қажеттілігін туғызады. Бұл ретте қаржылардың, бағаның, пайданың, несиенің, сақтандырудың жұмыс істеу аясының өзі және олардың қолданылу аясының ерекшелігі ескерілуі тиіс.

Барлық аталған категориялардың бөлу және өзге ұдайы өндіріс қатынастары жүйесінде өзінің ерекше алатын орны бар, өзінің функцияларын қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлудің біртұтас процесінде көрсетеді.

Олардың өзара байланысындағы қаржылардың және бағалардың жұмыс істеуі, бағалардың құнды бөлудің қаржылық әдісі болып саналатынын растайды. Баға, сатып алу-сату актілерінің толық циклін орталандыра отырып, құндық бөлудің бастапқы категориясы ретінде қатысады. Егер бөлу процесінде бағаның құннан ауытқуы болатын болса, онда бұл объективті түрде болуы мүмкін, яғни нәтижесінде бір қатысушылардың құны жоғары, ал екіншісінікі төмен болады.

Мұндай жағдайда қайта бөлу процесінде, соның әдістерімен құнның бір бөлігі (акциздер, экспортқа немесе импортқа бөлінетін салықтар, кеден баж салығы) алынатын немесе субсидиялар (жәрдем ақшалар), бюджеттік немесе салалық қаржыландыру жолымен құнның алынбаған бөлігі берілетін, қаржылар қатысады. Егер мемлекет өзінің араласуымен баға саясатын терең ойластыра отырып жүргізетін болса, онда реттелетін бағалар, әлеуметтік төмен бағалар, монополиялық бағалар қолданылады. Нарықтық экономика жағдайында, тауарлар мен қызметтер көрсетудің сұранысымен және ұсынысымен реттелетін еркін бағалар басымдыққа ие болады.

Бағалардың өздері ақша қорларының тікелей құрылуын (пайда болуын) туғызбайды, олар құнды ақшамен білдіре отырып, тауар-ақша қатынастарының құралы болып қатысады. Сонымен бірге баға өтеу қорының көлемі мен құрылымына, яғни, пайдаға тұрақты түрде әсерін тигізеді. Бағаның көмегімен өнімдерді өткізуден, қызметтер көрсетуден алған түсім қалыптасады, қаржыны бөлу кезінде олар кейін пайдалану үшін ақша қаражаттарының нысаналы қорларына ажыратылады. Осылайша, баға және қаржылық әдістер өзара байланыста әрекет ете отырып, құнды қалыптастыруға, өнімнің бүкіл құнын бөлуге және қайта бөлуге қатысады.

Қаржылар еңбекақы арқылы қызметкерлердің еңбекақы қорын қалыптастыруы кезінде оның еңбекақымен өзара байланысы көрінеді. Әрбір азамат, өндірістік немесе өндірістік емес процеске қатысушылар, өзінің еңбек үлесіне сәйкес, қоғамнан құндағы өзінің үлесін алуы тиіс. Материалдық өндіріс аясындағы еңбекақы (тұтыну) қоры қаржылардың көмегімен өнімдерді өткізуден алған түсімдерден бөлшектенеді. Еңбекақы төлеу қоры шаруашылық тәжірибесінде тұтастай түрде қол жеткен қаржылық нәтижелерге қатысты болады. Егер кәсіпорын залалды (шығынды) жұмыс жасаса, онда еңбекақы қорының көлемі мен қаржыны бөлу азаяды. Сондай-ақ еңбекақының қаржылармен өзарабайланысы мынадай жағдайда көрінеді: еңбекақы есептелген уақыты бойынша төлеммен сәйкес келмейді, демек, жинақталатын еңбекақы қоры кәсіпорынның, фирманың және т.б. қаржы ресурстарының бөлшектерін қалыптастыру көзі болып қатысады. Әрбір кәсіпорындағы, фирмадағы, ұйымдағы еңбекақы бойынша берешек, белгілі бір уақытта айналымдағы қаржы ресурстарына айналады. Сонымен бірге, еңбекақы бойынша ұзақ уақытқа созылған берешек, оны төлемей негізсіз кешіктіру еңбекақы мен қаржылардың объективті өзарабайланысында қарама қайшылықтар туғызады.

Пайданың, бірмезгілде құнды бөлу құралы, өндіріс процесін қалпына келтіру, өндірісті кеңейту, орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру мүмкіндіктерін арттыру үшін қажетті ақша қаражаты қорларын құру көзі болып қатысуынан, пайда мен қаржылардың өзарабайланысы көрінеді. Пайда, бұл, кәсіпорынның жақсы қаржылық қызметінің нәтижесі. Пайда алу қолда бар қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануды, негізді баға саясатының жұмыс істеуін растайды. Пайда кәсіпорынның, кез келген шаруашылық субъектісінің жалпы кірісін қаржылай бөлу нәтижесінде құралады. Пайдадан құнның бір бөлігі жалпы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорына (мемлекеттік бюджетке) төленеді. Кәсіпорынның бөлінбеген пайдасы қаржы ресурстарының жаңа көзі болып қатысады. Осылайша, пайда, қаржылардың құралы ретінде ауқымды функцияны орындайды, ал қаржылар, өзін пайдаларды белсенді пайдалану арқылы көрсетеді.

Қаржылар мен несиенің өзарабайланысы мынадай жағдайлардан көрінеді: осы екі категория да қатынастар категориялары болып саналады, ақшалардың қозғалысына негізделеді, қорлардың айналымы үшін көздер болып қатысады. Және қаржылар мен несие қоғамдық дамудың бүкіл қатысушылары мен жаңадан жасалған құнды қайта бөлу негізінде қалыптасатын «ресурстар» ретінде қатысады.

Қаржылар және несие – бұл, қоғам мүшелерінің қаржыландыру көздеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өзарабайланыста, параллель түрде нақты мүдделерді көрсететін, тарихи түрде қалыптасқан экономикалық категория. Қаржылар және несие құн заңымен тығыз байланысты. Ақша қорлары мен жинақтардың бөлу және қайта бөлу сатыларының категориялары болып қатысады. Сонымен бірге аталған екі категориялар да дербес, әрбірінің өзінің маңызы бар. Өздеріне тән функцияларды орындайды, өзін көрсету кезінде мазмұны жағынан бір-бірін қайталамайды. Несие, қайтымдылық, ақылылық арқылы арқылы өзінің маңызын көрсетеді. Несие – бұл, банктер мен өзге де қаржы-несие институттары арқылы несиелеу, қаржыландыру көздері түрінде жұмылдырылатын және пайдаланылатын, уақыт аралығындағы уақытша жұмсалмай жатқан бос ақша қаражаттары, ссудалық капитал қозғалысы. Мұнда, банкте орталықтандырылған ақша (несие) ресурстары құралады. Қаржылар өз кезегінде, экономикалық қатынастардың әртүрлі субъектілері деңгейінде көптеген ақша қорларын жасаумен (құрумен) байланыста болады.

Қаржылардың өзге экономикалық категориялармен өзарабайланысынан туындайтын қаржы ресурстарын және олардың қалыптастыру көздерін таныстыру қажет.

Жалпы қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу кезіндегі мемлекет, кәсіпорындар, бірлестіктер, ұйымдар құратын (қалыптастыратын) ақша жинақтары мен ақша қорлары қаржы ресурстары болып саналады.

Таза табыс (пайда, қосымша құн салығы, акциздер, кедендік төлемдер, әлеуметтік қажеттерге аударымдар түріндегі) пен амортизациялық аударымдар қаржы ресурстарында негізгі орын алады.

Қаржы ресурстары мемлекеттің қаржылық қуатының маңызды көрсеткіші болып саналады. Қоғамдық өндіріс процесінде неғұрлым көп қаржы ресурстары жасалса, ол соғұрлым тиімді болады. Сонымен бірге бүкіл ұдайы өндірістің тиімділігін арттыру мен экономикалық өсу қарқынын жеделдету проблемаларын шешу, отандық қаруашылықта қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға қатысты болады.

Мемлекеттік несие жолымен тартылған қаражаттар, сондай-ақ мемлекеттің қаржы ресурстарының көзі болып саналады.

Қаржы ресурстары өсуінің негізгі факторлары болып мыналар саналады:

1. Қоғамдық еңбек өнімділігінің артуы.

Жалпы қоғамдық өнімді материалдық шығындарды өтеу қорына және өндірілген ұлттық табысқа бөлу пропорциялары.

Ақша жинақтары (пайда, қосылған құнға салынған салық, акциздер), сыртқы экономикалық қызметтен алған кірістер, перспективада қаржы ресурстарының негізгі көздері болып саналады.

Мемлекеттің қаржы ресурстарының көлемі мен құрылымы динамикасының үрдістері, нарықтық қатынастарға көшу бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде қоғамдық өндіріс тиімділігінің түбегейлі артуы қаржы ресурстарын қалыптастыру қарқынын жеделдетуге және оның өсуі интенсивті факторлармен байланыста болатын үлес салмағын ұлғайту бағытындағы олардың құрылымдарын жақсартуға әкелетінін растайды.

Қаржы ресурстары қаржылық қатынастардың материалдық қайнар көздері болып қатысады. Әлеуетті қаржы ресурстары, жаңа құн жасалатын және ескілерін ауыстыру жүзеге асырылатын кездегі өндіріс сатыларында пайда болады, ал ресурстарды нақты қалыптастыру қайта бөлу сатысында ғана басталады. Қаржы ресурстарын пайдалану, негізінен, арнайы мақсаттағы ақша қорлары арқылы жүзеге асырылады.

Қаржылар, олардың категорияға жатушылығын айқындайтын бірқатар өзіндік белгілерге ие:

1. Қаржылар ақша формасына ие. Бұл форма оның шығу экономикалық белгілерімен сипатталады.

2. Қаржылық қатынастар өзінің негізі бойынша бөлуші болып саналады.

3. Ақша қорларының әртүрлі нысаналы бағыттарда қозғалуынан көрінуі, қаржылардың маңызды өзгешелікті белгісі болып саналады.

4. Нақты жұмсауға арналған нысаналы ақшалай-қаржы қорлары, қоғамдық өндіріске қатысушылардың барлығында, ал өндірістік емес салада қаржылық әдістердің көмегімен пайда болады.

5. Ақша қаражаттары, экономикалық өмірде эквиваленттілік негізде, яғни тауар және ақша формасындағы құнның тең бағада қозғалуы негізінде пайдаланылады.

Жоғарыда айтылғандар негізінде қаржылардың қысқаша анықтамасын келесі түрде тұжырымдауға болады: қаржылар, қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлу процесіндегі, олардың алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұдайы өндіріске қатысушылардың, соның нәтижесінде ақша қаражаттары, жинақтары мен қорлары пайда болатын және пайдаланылатын ерекше экономикалық қатынастардың жиынтығын білдіреді.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 422; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты