Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Аржылық қатынастарға қатысушылар және нарық жағдайындағы жаңа қаржылық қатынастардың дамуы




Бізге белгілідей, қаржылар ұдайы өндіріс циклінің бүкіл сатыларына қызмет көрсетеді, бүкіл материалдық аялардың, сондай-ақ материалдық емес аялардың әртүрлі салаларын қамтиды, бөлу қатынастарына қатысушылардың көпшілігінің мүдделері тоқайласады. Қаржы қатынастары ақша қаражаттары қорларының пайда болу, бөлу және қайта бөлу мен оларды пайдалану күрделі процестерін қамтиды. Қаржылық қатынастарға қатысушылар, әдетте, бір-біріне қарсы қойылған.

Құнның бір бөлігін беру, ақша қорларын қалыптастыру, салық төлеу кезінде олардың мүдделері тоқайласады. Қаржылық қатынастар қоғамның объективті заңдарымен және мемлекет заңдарымен басқарылады. Мемлекеттің, қаржылық қатынастардың субъектісі және қатысушысы ретінде экономикалық мүддесі болады, қоғам мүддесі үшін алдыға мақсаттар қояды.

Қоғамның экономикалық өмірінің қандай аясы қаржылық қатынастарға өзінің белгісін қалдыратынына қатысты, олар өзгеріп, жетілдіріліп отырады. Сонымен бірге, қоғамдық өндірістің кез келген бөлімшелеріндегі қаржылар, олардың ұдайөндірістік негізіне қарамастан, бөлу категориясы ретінде жұмыс істейді. Бұл ретте қаржылар, өзі пайдаланылатын қызмет аясының ерекшелігін көрсетеді. Қаржылық қатынастар өзінің көп қырлылығымен сипатталады, бұл олардың алуан түрлері мен біртүрлілігін бөліп көрсетуді талап етеді және осы негізде буындарға бөлінетін қаржылық қатынастар аясы пайда болады. Қаржылық қатынастардың әрбір аясы тек өзіне ғана тән көріну формаларына, ақша қаражаттары қорларының түрлеріне, өз басқару органдарына ие.

Осы буындардың барлығының өзарабайланысы мен өзара әрекеті, олардың функционалдық қасиеттерінің ортақтығы ерекше қаржы жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Осылайша, өзарабайланысты қаржылық қатынастар аясының жиынтығы, оларға тән басқару формалары, ақша қаражаттарының қорлары мен басқару аппараты, қаржы жүйесі деп аталады.

Қаржы жүйесін құраушы жекелеген элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы (басты) элемент жүйенің өзге элементтерінің арасында жетекші орын алады, өйткені жүйенің өзарабайланысты элементтері мен буындарындағы оның рөлі айқындаушы болып саналады. Бірінші кезекте мемлекеттік бюджет ретінде таныстырылған жалпы мемлекеттік қаржылар қаржы жүйесіндегі осындай элемент болып саналады.

Материалдық өндіріс аяларындағы кәсіпорындардың қаржылары қаржылардың негізін құрайды. Олар қаржы жүйесінің бастапқы буыны болып саналады, өйткені материалдық өндірісте ұлттық табыс – қоғамның қаржы ресурстарының негізгі көзі жасалады.

Халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржылары қаржы жүйесінің өзіндік бөлігін білдіреді. Халық (азаматтар) жалпы мемлекеттік қаржы жүйесімен және өндірістік және өндірістік емес аялардағы кәсіпорындармен – мемлекеттік және өзге меншік нысандарымен өз ақша қаражаттары арқылы қарым-қатынас жасайды.

Халықтың қаржыларының ерекшелігі қаржы жүйесінің екі сипатты бөлігі: қор формасы мен сыртқы басқарудың өзіндік ерекшелігінен тұрады. Мұнда сондай-ақ ақша қатынастарының алуандығы, яғни мемлекетке салықтарды және өзге міндетті төлемдерді төлеу, халықтың жалпы мемлекеттік қорларынан төлеу негізіндегі – олардың таза қаржылық сипаты көрінетін болады.

Жалпы мемлекеттік қаржыларға, республиканың мемлекеттік бюджетінде қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорының пайда болу экономикалық формасы ретінде (негізінен, мемлекеттің қаржылық жоспарында), ал бюджеттен тыс арнайы қорларда мемлекеттік несиедегі қоғамдық қажеттерді нысаналы қаржыландырудың қосымша формалары ретінде көрсетілген қаржылық қатынастар кіреді.

Несие қатынастары қаржылық қатынастардан ерекшеленетіндігіне қарамастан, мемлекеттік несие, қаржы жүйесіне енгізіледі. Сонымен бірге, несиенің осы түрі мемлекеттік қаржылардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсаттарына бағытталған, ол бойынша есеп айырысулар бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылады және бұл буынды, қаржылық, сол сияқты несие жүйелеріне жатады деп есептеуге болады.

Екінші буын – бұл халық шаруашылығы кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылары, оның мынадай екі буыны бар:

· материалдық өндіріс кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылары;

· өндірістік емес аядағы салалар кәсіпорындарының, ұйымдарының және мекемелерінің қаржылары.

Бірінші буынның өндірістік аяларының қаржылары арқылы - өндірістік бірлестіктердегі, кәсіпорындардағы, халық шаруашылығы салаларындағы орталықтандырылмаған ақша қаражаты қорларын қалыптастыру және оны тиімді пайдалану, сондай-ақ аталған шаруашылық субъектілеріндегі нысаналы және резервтік қорлардағы қаражаттарды орталықтандыру міндеттері шешіледі.

Екінші буындағы қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымдарында және олардың арасында, қаржы жүйесінің өзге буындарымен, өзге экономикалық жүйелердің: бағаның, несиенің және т.б. буындарымен арада туындайды.

Қаржылық қатынастар буындарына тән орталықтандырылған және орталықсыздандырылған ақша қаражаттары қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.

Қаржылар қатынас ретінде уақыт бойынша, тұрақты даму жағдайында қарастырылады. Қоғамдағы ақша шығару және пайдалану теориясы мен тәжірибесін қоса алғанда қаржылар, қоғамның мақсаттарына қатысты нақты кезеңдерде көрініп отырады, әртүрлі жағдайларда (аспектілерде) қарастырылады. Қаржылардың объективтілігін, олардың негіздерінің іргелілігін (фундаменталділігін) сақтау әртүрлі жүйелердегі қаржыларды терең зерделеуге мүмкіндік береді.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 461; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты