Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника



Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар




Читайте также:
  1. Адамның табиғаттағы өзін-өзі ұстауының кейбір тәртіптері
  2. Азақ тілі пәні бойынша 2014-2015 оқу жылына арналған тест сұрақтары
  3. Анатомия модульі бойынша тест сұрақтары
  4. Анатомия» пәнінен тест сұрақтары
  5. Аржылық бақылау ұғымы, қаржылық бақылаудың принциптері, міндеттері, жіктеуі. Қаржылық бақылау органдары
  6. Арнайы психология» пәнінен тест сұрақтары
  7. Бақылау сұрақтары
  8. Білімін өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар
  9. Вирусология пәні бойынша тест сұрақтары мен тапсырмалары 5В 120100-Ветеринарлық медицина

1. Қаржыларды басқаруды жүзеге асыратын орган:

а) ұлттық банкі;

в) қаржы министрлігі;

с) салық комитеті;

д) коммерциялық банкі;

е) Парламент.

2. Қаржыларды нысаналы бағытта пайдаланудағы мемлекеттің қызметі, бұл:

а) мемлекеттік жоспарлау;

в) мемлекеттік қарыз (борыш);

с) қаржы саясаты;

д) мемлекеттік бюджет;

е) әлеуметтік сақтандыру.

3. Мемлекеттің негізгі қаржы жоспары:

а) мемлекеттік бюджет;

в) бизнес жоспар;

с) смета;

д) баланс;

е) мемлекеттік жоспар.

4.Қаржы жүйесі мыналардан тұрады:

а) қаржы қатынастарының жиынтығынан;

в) ақша қаражаттары қорларының жиынтығынан;

с) қаржылық басқару аппаратынан;

д) А,В жауаптары;

е) А,В,С жауаптары.

5. Қаржыларды басқару кезінде келесі өзарабайланысты элементтер қолданылады:

а) ұйымдастыру, бақылау, ақпарат, кірістер және инфляция;

в) бақылау, басқару, ұйымдастыру, ақпарат және реттеу;

с) ақпарат, жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу және бақылау;

д) жоспарлау, бақылау, ұйымдастыру, реттеу және бюджет жасау;

е) жоспарлау, бақылау, ұйымдастыру, епті пайдалану (маневр жасау) және бюджет жасау.

 

 

3-ТАҚЫРЫП: «ҚАРЖЫ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ТЕТІГІ»

1. Қаржы саясаты ұғымы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы оның орны. Қаржы саясатының міндеттері, мақсаттары мен принциптері.

2. Қаржы тетігі, оның мазмұны мен құрылымы.

3. Қаржы саясаты мен қаржы тетігінің өзарабайланысы.

4. Қаржы аппараты, оның құрылымы. Қаржы менеджменті ұғымы.

5. Нарықтық ортадағы қаржылық жоспарлау және болжау мен жетілдіру бағыттары.

6. Қаржы құқығы, оны құрайтын элементтер. Мемлекеттің қаржылық қызметі. Қаржылық құқықтық актілер, олардың түрлері.



7. Қаржылық бақылау ұғымы, қаржылық бақылау принциптері, міндеттері, жіктеуі. Қаржылық бақылау органдары.

 

 

Аржы саясаты ұғымы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы оның орны. Қаржы саясатының міндеттері, мақсаттары мен принциптері

Қаржы саясаты – бұл өз функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржы саласындағы мемлекет жүргізетін нысаналы бағытталған іс-шаралар жиынтығы.

Қаржы саясаты – дербес қызмет аясы, бірақта бұл ретте ол экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болып саналады.

Экономикалық заңдардың қолданылуын ескере отырып және қоғам дамуының міндеттеріне сәйкес қаржыларды жоспарлы ұйымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны болып саналады.



Қаржы саясатының мазмұны, қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын, экономиканың жай-күйін зерттеу; экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық іс-шараларын тұжырымдау; экономикалық заңдардың қолданысы негізінде елдегі қаржы дамуының ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу сияқты сатыларын дәйекті жүзеге асырудан көрінеді.

Түбегейлі экономикалық қайта жаңаруларға қатысты оны реконструкциялау немесе оған түзетулер жасай отырып қаржы тетіктері арқылы белгіленген іс-қимылдар іс жүзінде жүзеге асырылады.

Қаржы саясаты арқылы шешілетін міндеттер мыналар болып саналады:

- ел дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым ықтимал көлеміне ие болу үшін соған жағдай жасауды қамтамасыз ету;

- қоғамдық өндіріс аялары, халық шаруашылығының секторлары арасындағы қаржы ресурстарын түбегейлі бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;

- экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын жүзеге асыру үшін тиісті қаржы тетігін әзірлеу, оны үнемі жетілдіріп отыру.



Мемлекеттің қаржы саясаты қаржы стратегиясына және қаржы тактикасына бөлінеді. Қаржы стратегиясы ұзақ мерзімді перспективаға есептелген және қоғамның әлеуметтік дамуы мен экономиканың ірі ауқымды міндеттерін шешуді көздейтін бағытты білдіреді. Қаржы стратегиясын қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне қолдану мақсатында мемлекет әзірлейді.

Қаржы тактикасы кезек күттірмес міндеттерге басты назар аудара отырып, қаржыда, ел, өңір, салалар экономикасында туындаған сәйкессіздіктер мен ауытқуларды (өзгерістерді) жою арқылы стратегиялық айқындамаларды нақтылайды.

Еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуын тежейтін, қаржы саясатының жеткіліксіз тұстары, әсіресе қазіргі уақытта ерекше көрінуде. Оларға мыналар жатады: қаржы саясатының шығармашылықпен жасалмау сипаты, біздің мемлекетіміздің даму жағдайындағы өзгерістерге тез әрекет етуге оның қабілетсіздігі; стратегиялық тұжырымдамалық әзірлемелердің жоқтығы; халық шаруашылығындағы істің нақты мән-жағдайынан қаржы саясатының алшақтығы және т.б.

Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыру және нарыққа көшу бағдарламаларында экономиканы қаржылық сауықтыру және ақша айналымын жолға қою, тұтыну нарығын бірқалыпқа келтіру, өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз ету, шаруашылық байланыстарын нығайтудың іс-шаралар кешені көзделген.

Мемлекеттік бюджеттің теңгерімділігіне қол жеткізу, экономиканы тұрақтандыру негізінде халық шаруашылығын қаржылық сауықтыру проблемасын шешу қаржы саясатының мақсаты болып саналады.

Қаржы саясаты, бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру жағдайларын қамтамасыз ете отырып, дүниежүзінің бүкіл елдерімен экономикалық байланыстарды дамытуға және нығайтуға оң ықпал етеді. Халықаралық ынтымақтастық дамыған елдер мен қаржы орталықтарынан тиімді көмек алуға бағытталған.

Қаржы саясатының принциптері, қоғамның әлеуметтік топтарын қоса алғанда, қоғамдық өндіріске қатысушылардың бүкілінің мүдделерін сақтауды, қаржы қатынастарының ұтымды ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді, мемлекеттік қаржылардың, оның ішінде мемлекет бюджетінің кірістері мен шығыстарының теңгерімділігін, мемлекет резервтері мен қоғам мүшелері үшін әлеуметтік қорлар қалыптастыруды және бастысы, мемлекет пен барлық салалар кәсіпорындары арасында қаржы ресурстарын оңтайлы бөлуді талап етеді.

Қаржы саясаты қаржы тетігінің белсенділігі, ықпал етудің бүкіл тұтқаларын пайдаланудың толықтығы арқылы жүзеге асырылады. Мұнда, қаржы ресурстарын орталықтандыру аясында ынталандырушы немесе тежеуші болуы мүмкін, мемлекеттің фискалдық саясатының рөлі маңызды дәрежеде көрінетін болады.

 


Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 26; Нарушение авторских прав







lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2021 год. (0.013 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты