КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Аржылық бақылау ұғымы, қаржылық бақылаудың принциптері, міндеттері, жіктеуі. Қаржылық бақылау органдарыҚоғамдағы әлеуметтік-экономикалық процестердің дамуын, экономиканың жағдайын бақылау халық шаруашылығын басқару қызметінің маңызды аясы болып саналады. Қаржылық бақылау, бақылау жүйесі буындарының бірі болып саналады. Қаржылық бақылау, материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал ету мүмкіндігін жасайтын, қаржылардың бақылау функцияларын жүзеге асыру формасы ретінде қатысады. Қаржылық бақылау, ақша қаражаттарын жүмсаумен, дұрыс есеп жүргізумен байланысты, барлық объектілерді тексеруге бағытталған өзіндік қызметті білдіреді. Бақылау функциясы қаржыларды бақылау құралы (инструменті) түрінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірістегі қаржылардың жұмыс істеуі барысында жүзеге асырылады. Егер қаржылар экономикалық базис қатынастарын білдірсе, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, онда қаржылық бақылау қаржыларды басқару (жоспарлаумен және талдаумен қатар) элементтерінің бірі ретінде қондырма категория болып саналады. Егер талдау объектісі жоқ болса, онда бақылау қатыса алмайды. Құндық категорияларды пайдаланумен байланысты, бақылаудың ерекше саласы ретіндегі қаржылық бақылаудың тиісті нысаналы бағыты мен белгілі бір қолдану аясы бар. Объективтілік – қаржылық бақылаудың негізі болуы тиіс, ал оған керісінше жағдайда, оның маңызын бұрмалау орын алады. Қаржы ресурстарын қалыптастыру және пайдалану кезіндегі (оның ішінде ақша қаражаттары қорлары формасында) ақшалай бөлу процестері қаржылық бақылау объектісі болып саналады. Сол мезгілде қаржылық бақылаудың қолданылуы ақша қатынастарының неғұрлым кең шеңберіне таралады, өйткені қаржы өзге құндық категориялармен: еңбекақы төлеумен, өнімдердің өзіндік құнымен, пайдамен, өндірістік қорлармен (негізгі, айналым), капитал жұмсаумен тығыз байланысты болады. Ақшаны пайдалана отырып, ал кейбір жағдайларда ақшаны пайдаланусыз (баспа-бас айырбас жасау мәмілелері) жасалатын, іс жүзіндегі барлық операциялар қаржылық бақылау аясы болып саналады. Қаржылық бақылау – жай ғана қадағалау, нәтижені көргісі келу ғана емес, бұл ерекше жағдайларда дұрыс қаржы қатынастарының дұрыстығын, құнды бөлу аясындағы заңдардың сақталуын анықтау және әлеуметтік мүдделерді қамтамасыз ету мақсатында адамдардың, кәсіби мамандардың іс-қимылдарын растау. Оның ақшалай формада жүзеге асырылуы, қаржылық бақылаудың өзіндік ерекшелігі болып саналады. Қаржылық бақылау нақты өмірде басқару әдістерінен оқшауланбаған, ол әкімшілік, құқықтық, техникалық бақылаумен өзарабайланысты, нақты тұлғалардың іс-қимылына және шаруашылық, сол сияқты мемлекеттік деңгейлерде шешімдер қабылдауға қатысты болады. Қаржылық бақылау нақтылық, пәрменділік, тұрақтылық және күнделіктілік, жариялылық және әділдік (алаламаушылық) принциптеріне негізделеді. Қаржылық бақылау әмбебап (универсальный) болуы, ескертушілік сипатты иеленуі тиіс, ал бақылау органдарының қызметкерлері барлық принциптерден ұстануы тиіс. Қаржылық бақылау қоғамдағы, шаруашылық жағдайларындағы нақты мақсаттарға жетуге бағытталған және қаржылық бақылау алдына нақты міндеттер қойылады. Егер оларды мемлекеттік, қоғамдық мүдделер тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда бұл: 1.Мемлекет, ұйымдар мен халық алдындағы қаржылық міндеттемелердің (салықтардың, инвестициялардың, еңбекақының, зейнетақының) орындалуын тексеру. 2.Кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың өздерінің иелігіндегі ақша ресурстарын (бюджетін және меншікті қаражатты, банктің ссудаларын, бюджеттен тыс қаражатты) пайдаланудың дұрыстығын тексеру. 3.Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қаржы операцияларын жасауы, есеп айырысулары мен төлемдері, ақша қаражаттарының сақталуы, касса тәртібін сақтауы ережелерінің сақталуын тексеру. 4.Өндірістің ішкі резервтерін – шаруашылықтың рентабелділігін арттыру, еңбек өнімділігін өсіру, айналым қаражаттарының айналымдылығын жеделдету, материалдық және ақша қаражаттарын неғұрлым үнемді және тиімді пайдалану мүмкіндіктерін анықтау. 5. Қаржы тәртібін бұзушылықтың алдын-алу және оны жою. 6.Барлық шаруашылық субъектілерінің шығындардың, есептеулердің дұрыс есебін жүргізуі. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда белгіленген тәртіпте ұйымдарға, лауазымды тұлғаларға және азаматтарға ықпал ету шаралары қолданылады, мемлекетке және ұйымдарға келген шығынды өтеу қамтамасыз етіледі. Қаржылық бақылау басқаруға, адамдардың тәртібіне қатысты болады. Егер қаржы тәртібі бұзылмаған болса, онда қаржы бақылауы оң қорытынды береді. Қаржылық бақылаудың пәрменділігін, қаржылық жауапкершілікті күшейту проблемалары, біріншіден, қолданылатын санкциялар санын қысқартуды, екіншіден, олардың нәтижелігін арттыруды талап етеді. Нарықтық экономика жағдайында қаржы тәртібін, қаржы заңнамасын бұзу үрдістері күшейе түседі, мемлекеттік меншікті пайдалануда, оны теріс мақсатта пайдалану жайлары байқалатын болады. Сондықтан да шаруашылық өмірдегі қандай да бір болсын келеңсіз көріністерге сенімді тосқауыл болу қаржылық бақылаудың негізгі міндеттері болып саналады. Осыдан көзделетіндей, мемлекет, өзінің мүдделерін, әлеуметтік әділеттікті қорғай отырып, реттеу құралы ретінде қаржылардың бақылау функцияларының мүмкіндіктерін пайдалану жолымен ұдайы өндіріс, бөлу процестеріне араласуы, қаржылық бақылаудың формаларын, әдістерін және оны ұйымдастыруды жетілдіріп отыруы тиіс. Қаржылық бақылау – бұл мемлекеттің мүддесі және оның араласуы ғана емес. Нақты тәжірибеде, әсіресе әрбір кәсіпорын, сала, өңір деңгейінде, шаруашылық операциялары аясында ақшаның қозғалысына жоғары деңгейде бақылау болуы тиіс. Қаржылық менеджменті заң бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған. Нарық заңдарының қаталдығы соншалықты, қаржы тәртібін бұзу қаржы бақылауының рөлін төмендетуге, одан кейін тіпті оның күйреуіне әкеледі. Қазіргі кезеңдегі Республикадағы қаржылық бақылау, қоғамның экономикалық өмірінің әртүрлі аяларындағы күрделі және алуан түрлі міндеттерді шешуге бағытталған. Шаруашылықты басқарудың әртүрлі деңгейлерінде ол, оны ұйымдастыруға белгілі бір талаптар қояды. Қаржылық бақылауды жүзеге асырушы субъектілерге қатысты, қаржылық бақылаудың: жалпы мемлекеттік, ведомствалық қаржылық, шаруашылықішілік және тәуелсіз (аудиторлық) қаржылық бақылау түрлері бөлінеді. Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқару органдары жүзеге асырады. Ол, оның ведомствалық бағыныстылығына қатыссыз, бақылауға жататын объектілерге бағытталған. Ведомствалық қаржылық бақылау, олардың жүйесіне кіретін (бағыныстағы, жетекшілігіндегі, ведомствалық) кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қызметіне жекелеген министрліктердің, ведомствалардың өкілеттіктері шеңберінде жүзеге асырылады. Ведомствалық бақылаудың негізгі міндеттеріне мыналар жатады: - жоспарлы тапсырмалардың орындалуын бақылау; - материалдық және қаржы ресурстарын үнемді пайдалану; - меншіктің сақталуы; - бухгалтерлік есептің қойылу дұрыстығы; - иесіздік, ысырапшылдық фактілерінің жолын кесу. Шаруашылықішілік қаржылық бақылауды кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің экономикалық қызметтері (бухгалтериялары, қаржы бөлімдері және т.б.) жүзеге асырады. Мұнда кәсіпорындардың өзінің, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімдерінің өндірістік және қаржылық қызметі объектісі болып қатысады. Нарықтық қатынастар жағдайында бақылаудың осы түрі мемлекеттік кәсіпорындардағы және өзге меншік нысандарындағы коммерциялық кәсіпорындардағы шаруашылық есеп ынталандыруларын қоса атқаруы тиіс. Жүргізу формалары бойынша қаржылық бақылау: алдын-ала, ағымдағы және одан кейінгі қаржылық бақылаулар болып бөлінеді. Бақылаушы органдардың басым көпшілігінің қызметіне осындай бақылау формалары тән болып саналады. Алдын-ала қаржылық бақылау ақша қорларының пайда болуы, бөлінуі және оны пайдалану бойынша операциялар аяқталғанға дейін жүргізіледі, сондықтан да оның, қаржы тәртібін бұзушылықтың алдын алу үшін үлкен маңызы бар. Ағымдағы қаржылық бақылау – бұл ақша операцияларын жасау процесіндегі бақылау. Кейінгі қаржылық бақылау – қаржы операциялары жасалғаннан кейін жүзеге асырылатын бақылау. Қаржылық бақылауды жүргізу әдістері, яғни оны жүзеге асыру тәсілдері, әдістері бойынша тексерулер (құжаттамаларды, есеп пен есептілік жағдайын, шоттарды тексеру), зерттеу (обследования), қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржылық – шаруашылық қызметі туралы есептерді қарау, лауазымды тұлғалардың баяндамаларын, хабарламаларын тыңдау, ревизия және т.б. Қаржылық бақылау формалары мен әдістері тұрақты жетілдіріліп отырады, есептеу техникалары базасында жаңа ақпараттық жүйелердің оларға тигізетін әсеріне белгілі бір дәрежеде ықпал етеді. Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі – ревизия (лат.revisio – қайта қарау) - өткен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қаржылық-шаруашылық қызметін неғұрлым толық тексеріп қарап шығу (зерттеу). Бақылау функцияларымен бөлінген ерекше органдар мен ұйымдар қаржылық бақылау субъектілері болып қатысады. Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқару органдары: Президент Аппараты, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкімет, жергілікті өкілді органдар (депутаттар жиналысы), жергілікті әкімшілік органдары жүзеге асырады. Аталған нақты саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайларда көзделген шығыстардың жалпы тұтастығын анықтау, алдын-ала парламенттік бақылаудың негізгі мақсаты болып саналады. Қазақстан Республикасы Үкіметі сондай-ақ бақылау аясындағы кең өкілеттіліктерге ие. ҚР Үкіметі, атқарушы органдар жүйесін басқара отырып, министрліктердің, ведомствалардың құзыретіне кіретін мәселелердің бүкіл шеңбері бойынша олардың қызметіне басшылық жасау мен бақылауды жүзеге асырады, заңдардың, Президент актілерінің орындалуын бақылайды. Барлық сатылардағы өкілді органдар (мәслихаттар-депутаттар жиналысы) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді қарау және бекіту процесіндегі қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Жалпы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарға, сондай-ақ қаржы Министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жатады. Солардың ішінде Қаржы министрлігімен ерекше орын алады. Республиканың министрліктері мен ведомствалары, жергілікті әкімшілік басқармалары (бөлімдері) өздеріне бағынысты кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге ведомствалық қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Қаржы жоспарларының, ревизиялар мен тексерулердің жобаларын қарау бақылау объектісі болып қатысады.
|