Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Коммерциялық емес қызметке сипаттама, оның түрлері. Ұйымдар мен мекемелерді қаржыландыру көздері мен принциптері




Коммерциялық емес ұйым (КЕҰ) – басты мақсат ретінде пайда алуды көздемей, алынған пайданы ұйымның қатысушылары арасында (тек тұтушылық кооперативтерді есепке алмағанда) бөлмейтін ұйым. Пайданы пайдалану шектеулі сипатқа ие. Пайда аталмыш ұйымдар құрылатын мақсаттардың дамуына реинвестицияланады. Пайданы пайдаланудың осындай ерекшелігі ұйымдардың кең спектрін коммерциялық емес деп аталатын экономиканың бірегей секторының элементтері ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін жалпы негізгі белгі болып табылады.

Коммерциялық емес ұйымдар нарықтық экономикада нарыққа тән белгілі жетілмегендікке байланысты, халықтың түрлі идеялар, жобалар, кәсіби қызығушылықты жүзеге асыруға деген артып отырған қажеттіліктеріне байланысты туындап, әрекет етуде.

Өтпелі экономикада коммерциялық емес ұйымдар адамның нарыққа бейімделуімен байланысты институционалды қатынастардың ерекше формасы ретінде қызмет етеді. Олардың дамуы экономика мен қоғамның трансформациялануымен байланысты. Аталмыш трансформация нәтижесінде коммерциялық емес ұйымдар экономикалық, әлеуметтік, мәдени және құқықтық қатынастар өзара әрекет ететін орынға ие болды.

КЕҰ көздейтін мақсаттар айтарлықтай алуан түрлі және халықтың рухани, әлеуметтік, саяси қажеттіліктерін қанағаттандыру саласында шоғырланған. Экономикада экономикалық белсенділіктің салалары мен түрлері бойынша ұйымдар іс-әрекетінің жіктемесі келтірілген. Экономикалық іс-әрекет түрлерінің жалпықазақстандық жіктемесінің кодтары (ЭІТЖК) болып табылатын «Білім беру», «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер», «Өзге коммуналдық және дербес қызметтер» КЕҰ іс-әрекетін сипаттағанымен, бірақ олар бойынша коммерциялық емес сектордың шекараларын нақты анықтап, шынайы статистикалық ақпарат алу мүмкіндігі туындамайды. КЕҰ-ды олардың жарғылық құжаттарында көрініс тапқан мақсаттары бойынша жіктеуге болады. Мысалы, саясаттанушы А.Ю. Сунгуров КЕҰ-ды олардың іс-әрекетінің қандай мәселелерді шешуге бағытталуына байланысты белгілері бойынша жіктеуді ұсынады (сурет 1).

 
 

 

 


Сурет 1 - КЕҰ әрекет ету мақсаттары бойынша жіктелуі

Сондай-ақ, коммерциялық емес салада әрекет ететін мамандар үшін КЕҰ-ды түрлі жіктемелік белгілер бойынша жүйелеу зор маңызға ие:

- құқықтық белгі бойынша;

- қатысушылардың ұйым іс-әрекетіне ықпал ету дәрежсі бойынша.

Осыған байланысты жұмыста 2 суретте ұсынылған жіктемелік белгілер бойынша бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыру мақсаттары үшін мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйымдардың жіктемесі ұсынылады.

 

 


Сурет 4 - КЕҰ-ң мүліктің қалыптасу көзі бойынша жіктемесі

 

КЕҰ-ң даму қарқынының коммерциялық емес ұйымдар іс-әрекетінің талап етілген және әлеуметтік тығыздық көздерінің азаюы мен мемлекеттік шығындар тиімділігінің артуына әкелетінін дәлелдейтінін айта кету керек.

Дамыған шет елдерде КЕҰ түрлі әлеуметтік мәселелерді шеше отырып, экономикада маңызды рольге ие, олардың дамуы үшін қолайлы заңнамалық, экономикалық және әкімшілік жағдайлар жасалған, сонымен қатар қолдаудың түрлі формалары да жүзеге асырылады, оның ішінде салықтық жеңілдіктер, шегерімдер мен салықтық несиелер түріндегі қолдау.

Коммерциялық емес ұйымдар қаржыландыру көздерін жоғары деңгейде әртараптандырумен айрықшаланады. Шаруашылық етудің коммерциялық емес мақсаттары олардан тек әрекет етудің өзіндік табысты бағыттарын өңдеуді ғана емес, сонымен қатар мемлекет, халық, жеке сектор тарапынан қаржыландырудың сыртқы көздерін тартуды да талап етеді.

КЕҰ қаржыландыру көздері 1 кестеде көрсетілгендей үш топқа жіктеледі:

- тартылған;

- мемлекеттік;

- меншік қаражаттар.

Тартылған қаржыландыруға қайырымдылық, демеушілік қаражаттар, қор гранттары, мүшелік жарналар және т.б. жатқызылады. Мемлекеттік қаржыландыру мемлекеттің тікелей және жанама субсидияларын біріктіреді. Меншік қаражаттар негізгі және коммерциялық іс-әрекеттен түсетін табыстарды қамтиды.

 

Кесте 1 – КЕҰ қаржыландыру көздері

Тартылған Мемлекеттік Меншік
Қайырымдылық қаражаттары Тікелей қаржыландыру Негізгі іс-әрекеттен түсетін табыстар
Демеушілік қаражаттар Жанама қаржыландыру Кәсіпкерлік іс-әрекеттен түсетін табыстар
Гранттар Мүшелік жарналар
Резервтік жараналр
Қарыз қаражаттар (кредиттер, мунистер)

 

Коммерциялық емес іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымдар мен мекемелерді қаржыландыру көздерін топтастыруға болады.

Көрсетілетін қызметтердің және игіліктердің ақылы емес болуы жағдайындағы – сметалық қаржыландыру, ал ақылы болу жағдайындағы – шаруашылық есеп пен өзін-өзі ақтаушылық, коммерциялық емес қызметтің шаруашылық қызметін жүргізу әдістері болып саналады. Нарық жағдайында ұйымдардың басым көпшілігі коммерциялық есеп айырысу бастауларына көшуде - өзін-өзі дамыту үшін жеткілікті жинақтар жасау жолымен, көрсетілетін қызметтер сұраныс бағалары бойынша жүзеге асырылады.

1. Сметалық қаржыландыру - өз кірістері жоқ мекемелер мен ұйымдардың шығыстарын жабу үшін мемлекеттік бюджеттен ақша қаражаттарының берілуі.

Мұнда ақша қаражаттары негізгі құралдар алуға, материалдық запастарға, көрсетілген қызметтер ақысын төлеуге, еңбекақы төлеуге, өзге шаруашылық мұқтаждарына жұмсалады.

2. Шаруашылық жүргізудің шаруашылық есеп әдісі, шығындар материалдық емес қызмет көрсетулер мен игіліктерді өткізуден алған түсімдер мен жабылатын мекемелер мен ұйымдарда қолданылады. Бұл әдісті коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шаруашылық органдары пайдаланады.

3. Шығындардың өзін-өзі ақтаушылық әдісі, баға шығыстардың жинақтаусыз көлемімен анықталатын ақылы қызмет көрсету негізінде шаруашылық қызметін ұйымдастыруды көздейді.

Қоғамдық, қайырымдылық және гуманитарлық ұйымдар мен қорлар (қайырымдылық, балалар, табиғат қорғау, флоралар мен фауналарды және т.б. қорғау қорлары) үшін қаржыларды ұйымдастыру ерекшеліктері тән болып саналады. Олар белгіленген мәртебе негізінде, автономиялық бастауларда іс-қимыл жасайды, ақылы штаттық қызметкерлер құрамы бар немесе өздерінің функцияларын құрметті міндеті (миссия) ретінде тегін атқаратын басқару органдары болады.

Экономиканың коммерциялық емес секторы мекемелері мен ұйымдарының қаржы ресурстары – бұл өз қызметін жүзеге асыруға және кеңейтуге олар әртүрлі көздерден жұмылдыратын ақша қаражаттары.

Қаржы ресурстарының көздері екі факторға – көрсетілетін қызметтің түріне және көрсетілетін қызметтің сипатына қатысты болады.

Өйткені кез келген тауар өндіру, қызметтер көрсету мен игіліктер шығындармен байланысты, коммерциялық ұйымдар мен мекемелер қызметін қаржыландырудың көздері сондай-ақ алуантүрлі.

Коммерциялық емес қызметтің әрбір бағыты өзінің ерекшелігімен сипатталады, оған материалдық ая мен коммерциялық қызметке тән функцияларды орындайтын құрылымдар кіреді.

Коммерциялық емес қызметі жүзеге асыратын ұйымдар мен мекемелерді қаржыландыру көздерін осы құрылымдардың жұмыс істеуіне мемлекеттің қатысу дәрежесіне қатысты топтастыруға болады. Тиісті функцияларды мемлекет толық атқаратын жерлерде, ұйымдарды ұстап тұру шығыстары мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Оған мыналар жатады: мемлекеттік басқару, құқықтық тәртіпті қорғау, ішінара білім беру, денсаулық сақтау.

Өзінің қызмет бағыты бойынша ұйымның өзі тікелей көрсететін қызметтерден және орындайтын жұмыстардан алатын түсімдер түрінде алатын меншікті қаражат, сондай-ақ ведомствалық кәсіпорындарда өнімдер өндіруден алған пайда немесе кірістер, ұйымның меншігіндегі өзге де мүлікті пайдаланудан алған кірістер коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландырудың маңызы бойынша екінші көз болып саналады.

Ұйымдардың ғимараттарын (жайларын), жабдықтар мен өзге де мүлікті жалға беруден алынатын қаражаттар, мүлікті кепілге қойып берілген жайлардан (ғимараттардан) алған қаражаттар, сондай-ақ меншік, қаражат көзінің қатарына жатады.

Банктердің несиелері қаржыландырудың үшінші көзі болып табылады. Ақылы қызметтер көрсететін ұйымдар аталған қаржы көзін пайдалануы мүмкін, несие қаражаттарының қамтамасыз етілушілігі мен өтімділігіне кепілдік беруші ретінде ведомствалық бағыныстағы кәсіпорындар иелік ететін ұйымдар үшін қаржыландырудың осы әдісі неғұрлым қолайлы болып саналады.

Сондай-ақ мынадай қаржыландыру көздері бар:

1. Материалдық өндіріс аясындағы кәсіпорындар мен ұйымдар тарапынан қайырымдылық мақсаттарына аударымдар.

2. Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың ізгілік (гуманитарлық) көмегі.

3. Демеушілік қаржыландыру.

Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру кезінде гранттар әдісі қолданылады.

Олар иелік ететін ресурстардың бір бөлігін коммерциялық және жинақ банктеріне, сондай-ақ қаржы нарығындағы бағалы қағаздарға депозиттерге орналастырудан алған кірістер коммерциялық емес қызметтегі ұйымдар мен мекемелерді ұстап тұру және дамыту үшін қаражатты толықтырудың белгілі бір көзі болып саналады.

Қаржыландыруға аударылған қаржы көздері, коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің ақша қаражаттарының аталған көздерінің жиынын әртүрлі пропорциялар мен толықтықта қалыптастыра алады.

Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары, ережеде жарғыда немесе өзге де бекітілген құжатта көзделген, олардың функционалдық қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Шығыстардың құрамы мен құрылымы қызмет бағыттарының біріне, сондай-ақ осы қызметті жүргізудің қолданылатын әдістеріне ұйымдар мен мекемелердің соған жатушылығымен айқындалады.

Шаруашылық есеп бастаулары мен өзін-өзі ақтаушылық негізінде іс-қимыл жасайтын ұйымдар мен мекемелер жұмыс нәтижелерін есептеп шығарады және жоспарлайды және оларды кәдімгі қаржы жоспары немесе бизнес-жоспарының көрсеткіштерімен ресімдейді.

Бюджеттік қаржыландырудан тұратын ұйымдар мен мекемелер мекеме қызметінің сипатты көрсеткіштері мен баптар бойынша қаражаттарды көрсететін қызмет сметасын әзірлейді.

«Ағымдағы шығыстар» категориясына мынадай сыныптар (кластар) кіреді:

1. Ішкісыныптар құрамындағы тауарларға және қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстар:

· еңбекақы:

· жұмыс берушілердің аударымдары және т.б.;

2. Ішкісыныптар құрамында пайыздар төлеу:

· ішкі займдар бойынша пайыздар төлеу және т.б.

3. Ішкі сыныптар құрамындағы субсидиялар мен өзге де ағымдағы трансферттік төлемдер:

· қаржылық және қаржылық емес мекемелер мен кәсіпорындар үшін субсидиялардың ерекшелігі мен шығындарға (залалдарға), тауарлар сату және қызметтер көрсетумен байланысты шығындарға (залалдарға) және коммерциялық емес ұйымдардың, өзге де кәсіпорындардың шығындарына (залалдарына) субсидиялар.

«Капитал шығыстары» категориясына мынадай сыныптар кіреді:

1. Ішкі сыныптар құрамында негізгі капитал жасау және иелікке (сатып) алу:

· Негізгі капиталды иелікке алу;

· Негізгі капитал жасау;

· Запастар жасау үшін тауарларды иелікке (сатып) алу және т.б.

«Несиелер беру, үлестік қатысу және қаржыландыру» категориясына мынадай сыныптар кіреді:

1. Ішкі сыныптар құрамында несиелер беру және үлестік қатысу:

· Ішкі несиелеу;

· Сыртқы несиелеу;

· Шетел мекемелерінен акциялар сатып алу.

«Қаржыландыру» категориясына мынадай ішкісыныптар кіреді:

1. Ұлттық банкке ішкі қарызды өтеу, ішкі займдарды өтеу және т.б.

2. Халықаралық қаржы ұйымдарына, коммерциялық банктер мен фирмаларға сыртқы қарызды өтеу.

Нарықтық қатынастар жағдайында бюджеттік ұйымдарды қаржыландыру кезінде, бюджеттік ұйымдарды қаржыландыру олардың қызмет көрсету бағдарламасын конкурстық іріктеу негізінде ұйымдастырылуы тиіс. Бюджеттен қаржыландыру үшін тиімділікті неғұрлым көбірек қамтамасыз ететін мекемелердің немесе сол ұйымдардың бағдарламалары таңдалып алынады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 897; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты