Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника



Йымдастыру принциптері




Читайте также:
  1. Азақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру және оның соғысқа дейінгі кезеңде дамуы.
  2. Аржылық бақылау ұғымы, қаржылық бақылаудың принциптері, міндеттері, жіктеуі. Қаржылық бақылау органдары
  3. Арнайы экономикалық аймақтардың қаржыларын ұйымдастыру
  4. Ауруханалардағы қорғану режимін ұйымдастыру.
  5. Балалар мекемелерінің ішкі ортасын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.
  6. ЖАЛПЫ ЖӘНЕ АРНАУЛЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЕОРИЯНЫН ПРИНЦИПТЕРІ. СҮЙЫҚТАРДЫҢ МЕХАНИКАСЫ.
  7. ЖБҚЖ ЖҮРПЗУ ЖӘНЕ ҮЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША АҚ ҚҮРАМА КОМАНДИРЛЕРШЩ ЖҮМЫС МАЗМҮНЫ МЕН ЖАЛҒАСЫМДЫҒЫ
  8. Йымдастырушылық – құқықтық жабдықтауға қойылатын талаптар
  9. Кәсіпорындардың жұмысшыларына емдеу- аурудың алдын-алу көмегін ұйымдастыру.

Мемлекеттік шығыстар мемлекеттік қызметті, мемлекет функцияларын қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Олар халық өмірінің материалдық және мәдени деңгейін айқындайтын, экономика мен әлеуметтік саланы дамытудағы неғұрлым маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырады.

Мемлекеттік шығыстардың жұмыс істеуі – бұл ақша қорларын қайта бөлудің үздіксіз процесі және нысаналы бағытта жаңа қорлар құру (жасау).

Мемлекеттік шығыстар, қоғамдық өндірісті дамыту мен жетілдіру, қоғамның алуантүрлі қажеттілктерін қанағаттандыру мақсаттарында жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін бөлумен, қайта бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, өндірістік және өндірістік емес аялардағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің шығыстары мемлекеттік шығыстардың құрамына кіреді.

Мемлекеттік бюджет шығыстарының құрамына мыналар кіреді:

· жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер;

· қорғаныс, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік;

· денсаулық сақтау;

· әлеуметтік сақтандыру;

· тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қамтамасыз ету;

· отын-энергетика кешені;

· ауыл шаруашылығы, су және орман шаруашылығы;

· балық аулау, аңшылық және табиғат қорғау;

· көлік және байланыс.

Мемлекеттік сектор кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар кіреді:

· өндірістік, шаруашылық-пайдалану қызметімен байланысты шығыстар;

· кеңейтілген ұдайы өндіріске жұмсалатын шығыстар;



· бюджетке және арнайы (бюджеттен тыс) қорларға жасалатын төлемдер;

· көтермелеу, ынталандыру қорларына жасалатын төлемдер.

Мемлекеттік шығыстар экономикалық мазмұны мен маңызы бойынша күрделі, мемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыру көздеріндегі, формаларындағы және әдістеріндегі айырмашылық осылармен байланысты.

Материалдық өндіріс пен ұлттық табыс жасау процесіне олардың қатынасы мемлекеттік шығыстарды шектеудің маңызды өлшемі болып саналады. Осымен байланысты экономикалық мазмұны бойынша шығыстар төмендегідей үш негізгі топқа бөлінеді:

· материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік аяға жататын шығыстар;

· өндірістік емес қызмет аясындағы шығыстар;

· мемлекеттік резервтер жасауға жұмсалатын шығыстар.

Мемлекеттік шығыстар нысаналы белгілері бойынша:

· экономикаға жұмсалатын шығыстар;



· әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар;

· ғылымға, қорғанысқа, басқаруға жұмсалатын шығыстар болып бөлінеді.

Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттік шығыстар экономикалық өңірлер бойынша бөлінеді. Осындай жіктеу өндірістік күштерді орналастыруға және халық шаруашылығындағы пропорцияны жетілдіруге белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді.

Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс аясындағы шығыстар: өнеркәсіп, құрылыс, ауылшаруашылығы, көлік пен байланыс, сауда, жабдықтау мен дайындау шығындарына бөлінеді. Өндірістік емес аядағы мемлекеттік шығыстар: білім беруге, ғылымға, денсаулық сақтауға, демалыс пен бос уақытты ұйымдастыруға, әлеуметтік сақтандыруға, әлеуметтік қамтамасыз етуге, қорғанысқа және басқаруға жұмсалатын шығындарға бөлінеді.

Мемлекеттік шығыстар қаражатты барынша тиімді пайдалану жағдайында мемлекеттің қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыруды қамтамасыз етуі тиіс.

Мемлекеттік бағдарламаларды орындаумен байланысты мемлекеттік шығыстар мемлекеттің экономикалық сектордағы үлесі неғұрлым жоғары болса, оның көлемі үлкен болады, қаржы ресурстарына деген қажеттілікте соғұрлым жоғары болады. Экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесі 30-40% құраған көрсеткіш, нарықтық экономикалы елдер үшін ортақ болып қала береді. Бұл мемлекеттік қаржының, өндірістің өсуінде үлкен рөл атқаратынын білдіреді.



Мемлекеттік шығыстардың көздері болып мыналар қатысады:

1. бюджетке орталандырылатын, қоғамның таза кірісі;

2. мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі;

3. амортизациялық аударымдар;

4. бюджетке салықтар төлеу арқылы түсетін халықтың қаражаттары;

5. заемдардан (ішкі және сыртқы) түсетін түсімдер;

6. банктердің ұзақ мерзімді несиелері.

Мемлекеттік шығыстар келесі қаржыландыру әдістері арқылы жүзеге асырылады:

· мемлекеттік шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру;

· сметалық-бюджеттік қаржыландыру (мекемелерді);

· қол (нақты) ақшалар шығару есебінен эмиссиялық қаржыландырудың алғашқы екі әдістен айырмашылығы, оның қажетсіз (ұнамсыз) болып саналатыны және мемлекет жай түрде аталған әдісті пайдалана алмайды.

Мемлекеттік шығыстар:жоспарлылық, қаржыландырудың нысаналы сипаты, қайтарусыздық, жоспарларды орындау және қажеттіліктерге қарай қаржыландыру, үнем тәртібінің (режимінің) сақталуы, бюджеттік және өзге қаржы көздерінің түрлерін үйлестіру жағдайындағы оңтайлылық принциптері негізінде ұйымдастырылады.

Жоспарлылық мемлекеттік шығыстарды ұйымдастырудың негізгі принципі болып саналады.

Мемлекеттік шығыстарды жоспарлау – халықшаруашылығын жоспарлаудың құрамды бөлігі болып саналады. Мемлекет қоғам өмірінің теңгерілімді «әлеуметтік деңгейінің болуы мақсатында, өндірістік және өндірістік емес аялар, салалар, экономикалық өңірлер арасындағы жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлуге және қайта бөлуге қатысады.

Мемлекеттік шығыстарды ұйымдастырудың маңызды принципі – мемлекеттік құралдарды қаржыландырудың нысаналы сипаты болып саналады. Мемлекеттік шығыстарды, экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік жоспарында көзделген шаралар мен мақсаттарға, министрліктердің, ведомствалардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жоспарлары мен сметаларында қатаң түрде пайдалану қажет. Халық шаруашылығының жекелеген салалары мен өңірлерді дамытуда, бірінші кезекте, ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын, неғұрлым перспективалы және прогресті салаларды дамытуға қаражат бөлуде олардың арасындағы пропорцияға қол жеткізу, осылар арқылы қамтамасыз етіледі.

Бөлінбеген қаражатты жұмсаудың қайтарылмайтындығы, сондай-ақ мемлекеттік шығыстарды ұйымдастырудың принциптеріне жатады. Халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік-мәдени шараларға, басқаруға жұмсалатын шығыстар, бөлінген қаражаттарды міндетті түрде қайтаруды талап етпейді. Ақша қаражаттарының бөлінуі экономика мен мәдениетті дамытуға, еңбек өнімділігін арттыруға және ұлттық табыстың өсуіне оң ықпал етеді.

Қаржыландыру принципі даму жоспарлары мен болжамдарының орындалуына қарай, өндірістік көрсеткіштер орындалған кезде ғана қаржы ресурстарын бөлуді және экономикалық және әлеуметтік даму шараларын жүзеге асыруды болжайды.

Ресурстарды пайдалануда үнем тәртібін сақтау принципі ішкі резервтерді жұмылдыруға, өндірістік және өндірістік емес аялардағы барлық бөлімшелердегі мемлекеттік қаражаттардың жұмсалуына бақылауды күшейтуге, оларды ұтымды пайдалануға бағытталған.

Мемлекеттік қаражаттардың жұмсалуын ұйымдастыру кезінде, оларды жабатын бюджеттік, несие және меншікті қаражат көздерін оңтайлы үйлестіре білу қажет.

Мемлекеттік шығыстар әртүрлі бағыттарда пайдаланылады.

1. Экономиканы қаржыландыру мемлекеттік шығыстарды пайдаланудың негізгі бағыты болып саналады. Экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар, өндіріс көлемінің тұрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған. Оған, капитал жұмсау, негізгі қорларды жөндеу, айналым қаражаттарының өсуі, материалдық резервтер жасау, операциялық шығыстар, әлеуметтік қорлар мен нысаналы қаржыландыру қорларын құру шығындары жатады.

2. Әлеуметтік-мәдени іс-шараларға – мәдениетке, демалысты ұйымдастыруға, денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру, мемлекеттік шығыстардың маңызды бағыттары болып саналады. Мысалы, білім беруге жұмсалатын шығыстардың мемлекет кепілдік беретін деңгейдегі бөлігі бюджет ресурстарымен жабылады. Білім беру мекемелерін қаржыландыру, білім беру мекемесінің әрбір оқушыға айқындалған мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылатыны, заңнамалық тұрғыдан көзделген.

3. Мәдениет пен өнерді қаржыландыруға кітапханаларды, клубтарды, мәдениет үйлерін, мұражайларды, көрмелерді, театрлар мен филормонияларды ұстап тұру, сондай-ақ кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың қаражаттары кіреді.

4. Халықты әлеуметтік қорғау шығыстары мемлекеттік шығыстар жүйесінде үлкен үлес салмаққа ие. Нарықтық қатынастар жағдайында шығыстардың аталған тобы, инфляция мен ақшаның құнсыздануы жағдайларында басымдыққа ие болады.

Әлеуметтік қорғау азаматтарға кепілдік берілген қалыпты тіршілік деңгейін қамтамасыз ету үшін оларды мемлекет және өзге институттар арқылы жүзеге асыру тетіктерінің жүйесі мен жиынтығын білдіреді. Әлеуметтік шығыстар зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық, мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, республикалық бюджет, кәсіпорындардың әлеуметтік қорлары арқылы жүзеге асырылады. Халықты әлеуметтік қорғауға арналған шығыстар қаржылық құжаттарда, жоспарларда, болжамдарда, есептерде әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру шығыстары ретінде көрсетіледі.

Әлеуметтік қамтамасыз ету еңбекке жарамсыз және жұмыс істемейтін қоғам мүшелерін материалдық қолдау жөніндегі қатынастардың кең спектрін қамтиды. Әлеуметтік қамтамасыз ету: әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік жәрдемақылар төлеу және халықтың аз қамтамасыз етілген топтарына «әлеуметтік көмек көрсетуді» қамтиды.

Әлеуметтік сақтандыру өзінің экономикалық табиғаты бойынша адамның әлеуметтік қызметімен және осы қызмет нәтижелеріне қатысты тиісті төлемдер жасау үшін қорлар құрумен байланыстырылады.

Аз қамтамасыз етілгендерге әлеуметтік көмек «кедейлік шегіндегі» халықтың көптеген санаттарына беріледі.

Сақтандыру, бюджеттік және қайырымдылық жарналары әлеуметтік көмекті қаржыландыру үшін қаражаттарды қалыптастыру көздері болып саналады.

5. Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру мемлекет үшін маңызды болып саналады, өйткені ғылым тұтастай алғанда нарықтық қатынастарға бағдарлана алмайтын қызмет аясына жатады және ҒТП-ны қаржыландыру көздерін таңдау ғылыми-техникалық әзірлемелерге қатысты болады. ҒТП-ның басым бағыттарын жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін нысаналы субсидиялар мен жеңілдік несиелер беру ҒТП-ны жеделдетуді ынталандырудың маңызды бағыты болып саналуы мүмкін және қаржылық қолдау көрсету үшін инвестициялық қорлардың ресурстары маңызды қаржыландыру көзі болып саналуы мүмкін.

6. Қорғаныс, мемлекеттік шығыстардың келесі бір бағыттарының бірі болып саналады. Қорғанысқа жұмсалатын шығыстардың барлығы республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Әскери дайындық, штаттар, материалдық және шаруашылық жоспарлары, жеке құрамның саны, материалдық және ақшалай үлесі нормаларының жоспарлары, шығыстарды жоспарлау үшін бастапқы мәліметтер болып табылады.

7. Басқаруға жұмсалатын шығыстар, аталған шығыстар бағыттарының бірі болып саналады. Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі барлық деңгейдегі заңнамалық, атқарушы және өкілді органдардың жиынтығын, сондай-ақ шаруашылық басқару аппаратын білдіреді. Мемлекеттік басқару органдарын ұстап тұруға жұмсалатын шығыстар республикалықтан бастап жергілікті деңгейге дейінгі – барлық деңгейлердегі бюджеттің шығыстары құрамында жыл сайын бекітіледі. Бюджет қаражаты, мекеменің шығыстар көлемін, қаражаттардың нысаналы бағыттарын айқындайтын негізгі құжат болып саналатын, бекітілген сметаға сәйкес жұмсалады.

 


Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 23; Нарушение авторских прав







lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2021 год. (0.017 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты