КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мемлекеттік кірістердің жіктеуіМемлекеттік кірістер аса маңызды қаржы категорияларының бірі болып саналады. Кірістер, мемлекеттік қаржы саясаты негізінде қаржы тетігінің көмегімен жүзеге асырылатын бөлу және қайта бөлу принциптері нәтижесінде қалыптасады. Оның жұмыс істеуіне материалдық база жасау үшін мемлекеттің меншігіне келіп түсетін қаражаттар жиынтығы пайда болатын процестегі экономикалық қатынастар жүйесі мемлекеттік кірістер болып түсіндіріледі. Ұлттық табысты бөлу нәтижесінде мемлекеттің, жекелеген кәсіпорындардың шаруашылық ұйымдары мен халықтың бастапқы кірістері пайда болады. Мемлекет кірістерінің экономикалық табиғаты тауар-ақша қатынастарының даму деңгейімен, өндіріс тәсілімен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен байланысты. Мемлекеттік кірістерді қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі, бюджетте орталықтандырылатын және кәсіпорындар мен ұйымдарда қалдырылатын таза табыс үлесін белгілейді, сондай-ақ халықтың жеке кірістерінің бөлігін және қоғамдағы өзге қаражаттарды жұмылдырады. Мемлекеттік меншіктен алатын кірістер мемлекеттік кірістердің маңызды көздері болып саналады, оған мыналар жатады: · пайда, ҚҚС, акциздер, кеден кірістері түріндегі мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың таза кірісі; · мемлекеттік мүліктен алған кірістер; · мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар көрсететін, ақылы қызметтер көрсетуден алған кірістер; · ғимараттарды (жайларды) жалдау ақысы, қосалқы кәсіпорындардың кірістері кіретін бюджеттік мекемелердің арнайы қаражаттары. Мемлекеттік кірістердің бір бөлігі қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекет жұмылдыратын кәсіпкерлік сектордың, кооперативтік ұйымдардың және халықтың кірістерінің бір бөлігі есебінен пайда болады. Мемлекеттің, сондай-ақ мемлекеттік емес кәсіпорындардың және халықтың бастапқы кірістері, жаңадан қайта бөліне отырып, көптеген нысаналы ақша қорларын, атап айтқанда: · мемлекеттік бюджетті; · мемлекеттік зейнетақы қорын; · әлеуметтік сақтандыру қорын; · табиғат қорғау қорын; · жануарлар әлемін қорғау қорын; · экономиканы дамыту қорын; · резервтік қорды және т.б. құрайды. Осы қорлар мемлекеттің экономикалық және қаржы саясатының мақсаттарына қатысты қайта құрылуы, таратылуы, ірілендірілуі мүмкін. Мемлекеттік кірістер меншік нысандарының ұйымдық-құқықтық ресімделуіне қатысты: 1. мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың кірістері; 2. жеке кәсіпкерлік сектордан алынатын салық түсімдері; 3. халықтың салық төлемдері; 4. кооперативтік, ұжымдық және қоғамдық ұйымдардың салық түсімдері болып жіктеледі. Мемлекеттік кірістердің пайда болу аясына қатысты: 1. экономикалық өсудің негізгі көзі болып қатысатын, бастапқы бөлінуге міндетті, материалдық өндіріс аясында қалыптасатын кірістерге; 2. қайта бөлу қатынастарының объектісі болып қатысатын, өндірістік емес аяда пайда болатын кірістер болып жіктеледі. Орталықтандыру деңгейі бойынша мемлекеттік кірістер: 1. мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарда олардың пайда болатын жері бойынша пайдаланылатын; 2. мемлекеттік бюджетте және мемлекеттің ақша қаражаттарының өзге нысаналы орталықтандырылған қорларында шоғырландырылатын кірістер болып бөлінеді. Мемлекеттік кірістерді орталықтандырылған және орталықтандырылмаған түрде пайдаланудың осындай жүйесі, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін қоғамның тұтастай мүдделерімен өзарабайланыстыруға шақырылған. Мемлекеттік бюджетте шоғырландырылатын мемлекеттік кірістер жұмылдыру әдістері бойынша; 1. салық төлемдеріне; 2. салықтық емес төлемдерге бөлінеді. Қазіргі уақытта бүкіл елде, мемлекеттік кірістерді жұмылдырудың салықтық әдісі басым қолданылады. Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс құнының жекелеген оны құрайтын элементтері үкіметтің, сол сияқты мемлекетке жататын шаруашылық бірліктерінің «таза табыс» деп атауға болатын мемлекеттік кірістер жүйесін қалыптастырады. Таза табысты құрайтын элементтер болып мыналар қатысады: пайда, ҚҚС сомасы, акциздер, сыртқы қызметтен алған кірістер, әлеуметтік мұқтаждарға аударымдар. Пайда – аса маңызды экономикалық категория, қаржылардың құрамды бөлігі, бөлу кезінде пайда болатын қаржы ресурстарының көзі. Пайда – құндық категория, қосымша өнім формасының бірі. Пайда өндіріс нәтижесі. Пайда – бұл, нақты ақша қорлары пайда болған кездегі, жаңадан жасалған құнды өткізу және бөлу, өндіріс қатынасы. Ол жанама салықтарды шегергендегі кәсіпорындардың өнімдерін өткізуден алған түсім мен өнімдердің толық өзіндік құны арасындағы айырма ретінде пайда болады. Жалпыға белгілідей, бағалар пайданың мөлшеріне ықпал етеді. Сондай-ақ кәсіпорындардың өзіндік құнының деңгейіне де ықпалын тигізеді. Коммерциялық есептеуге негізделген, шаруашылық қызметін жүзеге асыратын әрбір кәсіпорын пайда табуға ұмтылады. Бұл негізгі көрсеткіш, кәсіпорынды және оның қызметкерлерін ынталандыру факторы, кірістерді қайта бөлу көзі. Пайда кәсіпорынның рентабелділігімен байланыстырылады, сондықтан да өнімдердің бағаларын негізсіз көтеру кәсіпорындардың – тұтынушылардың және тұтастай қоғамның рентабелділігін төмендетеді, кірістерді негізсіз қайта бөлуге ықпал етеді.
|