Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Зін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар




 

1. Мемлекеттік қаржылар құрамында келесі буын таныстырылған:

а) мемлекеттік бюджет, мемлекеттік несие, халықтың қаржылары;

в) мемлекеттің қаржылары, арнайы мақсаттағы қорлар, мемлекеттік бюджет;

с) мемлекеттік бюджет, арнайы мақсаттағы қорлар, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылары, салық төлемдері;

д) мемлекеттік бюджет, мемлекеттік несие, арнайы мақсаттағы қорлар, халықтың қаржылары;

е) коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржылары, халықтың қаржылары, мемлекеттік бюджет.

2. Ішкі резервтерді жұмылдыруға және оларға бақылауды күшейтуге бағытталған мемлекеттік шығыстарды ұйымдастырудың маңызды принципі:

а) қаржыландырудың қайтарусыздық сипаты, жоспарлылық;

в) а,в,д,е, жауаптары дұрыс;

с) ресурстарды пайдалануда үнемдеу тәртібін сақтау;

д) жоспарлардың және болжамдардың орындалуына қарай қаржыландыру;

е) оларды жабудың бюджеттік, несие және меншікті көздерін оңтайлы үйлестіру.

3. Мемлекеттік кірістерді қалыптастырудың басты көзін атаңдар:

а) бағалы қағаздар;

в) ұлттық табыс;

с) амортизация;

д) банктердің несиелері;

е) инвестициялар.

4. Мемлекеттік шығыстарды қаржыландырудың орталықтандырылған формасы:

а) өзін-өзі қаржыландыру;

в) несиелік қамтамасыз ету;

с) бюджеттік қаражаттар;

д) ХВҚ қаражаты;

е) секвестерлеу.

5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру үшін қаражаттарды қалыптастырудың нақты көздері:

а) бюджеттік;

в) қайырымдылық;

с) сақтандыру;

д) несиелік;

е) а,в,с.

ТАҚЫРЫП: «САЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН

ҰЙЫМДАСТЫРУ»

1. Мемлекеттік реттеу құралы ретіндегі салықтардың маңызы және нарықтық қатынастар жағдайларындағы олардың ұғымы

2. Салық жүйесі, оны құруға қойылатын негізгі талаптар ҚР салық жүйесі. Салық қызметінің жұмысы.

3. Салықтар жіктеуі және олардың негізгі түрлерінің сипаттамасы. Салық элементтері. Жанама және тікелей салықтар.

4. Меншікке салынатын салықтар және олардың тағайындалуы мен жергілікті бюджеттердің кірістеріндегі рөлі.

5. Арнаулы салық режимдері.

 

 

Мемлекеттік реттеу құралы ретіндегі салықтардың маңызы және нарықтық қатынастар жағдайларындағы олардың ұғымы

Салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын, бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтардың экономикалық маңызы мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен арада қалыптасатын ақша қатынастарымен сипатталады. Бұл ақша қатынастары мемлекет иелігіндегі ақша қаражаттарын жұмылдыруда өзіндік қоғамдық маңызға ие және онымен объективті байланыста.

Сонымен салықтардың мазмұны мынадай:

- Материалдық категория жағынан - бұл белгілі бір ақша сомасы болса;

- Экономикалық категория ретінде - бұл мемлекеттің табысы;

- Зандық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген міндеттеме болып табылады.

- Салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады:

Салық - мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;

Салық - ақшалай нысанда төленеді;

Салық - қайтарылмайтын төлем болып табылады;

Салық - баламасыз сипатта болады;

Салық - салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады;

Салық - тұрақты экономикалық қатынас туғызады.

Салық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында салықтардан басқа бюджетке төленетін міндетті төлемдер бар, олар:

 

 

 
 

 


Салықтың мәні оның қызметтерінен көрінеді:

Салықтың қазынашылық қызметі мемлекеттік бюджетке қаражаттардың келіп түсуі мен мемлекеттік шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Салықтардың қайта бөлу қызметі мемлекеттің пайдасына әртүрлі шаруашылық жүргізу субъектілері кірістерінің бөліктерін қайта бөлуден тұрады. Аталған функциялардың қолданылу ауқымы жалпы ұлттық өнімдегі салықтардың үлестерін айқындайды; ол ұлттық табысты мемлекет иелігіне алу дәрежесін көрсетеді

Салықтың реттеуші қызметі мемлекет экономикасының секторларының және жеке объектілеріне салық салу тәртібін өзгерту арқылы оларды дамытуға немесе құлатуға ынталандырумен түсіндіріледі. Сондықтан берілген қызмет үшін үш құрамдас ажыратылады:

- Ынталандыруды төлеуші салық ставкаларын жоғарлату арқылы дамытуды иеленеді.

- Қайта ынталандыру шектеу мақсатын қолданылады.

- Қайта өндеуші пайдаланылған ресурстарды қалпына келтіруге аккумулятивті құралдар үшін арналған.

Бақылаушы қызметі салықтар экономикалық үрдістер бейнесі болып табылатын, яғни салық түсімдерін талдау әрекет етуші салық жүйесінің тиімділігі және оның шаруашылық қызметтері туралы, экономикада жүретін үрдістер туралы суретті құруға үйлестіріледі.

Нарықтық экономикада салықтар мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Салық салудың алғашқы принциптерін ағылшын экономикалық теориясының классигі Адам Смит тұжырымдаған болатын. Уақыт өте келе «Салық төлеушілердің декларациясы» деп аталған бұл принциптер «классикалық» деген атауларға ие болады.

А.Смит төрт негізгі принциптерді атап өтті:

1. Әркім мемлекет қорғауында алатын табысына сәйкес мемлекеттік қолдауында қатысуы қажет.

2. Салықтар незігсіз емес, нақты анықталған болу керек. Салық төлеушілер және өзгелер үшін төленетін салықтың төленуі, әдістері мен өлшемі айқын және белгілі болу керек.

3. Салық төлеу мерзімдері мен тәртіптері айқындалған болуы тиіс – айқындық принципі;

4. Салық алушығындары ең төменгі мөлшерде болуы тиіс – үнемділік принципі.

Қазақстан Республикасының салық заңдары төмендегі аталған 5 принциптерге негізделеді. Салық салу принциптеріне салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады.


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 232; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты