Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Р салық жүйесі. Салық қызметінің жұмысы




Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі, олардың мөлшерлемелері (ставкалары), төлеушілер мен салық салу объектілері, төлеу жағдайлары мен мерзімдері, есептеу және есебін жүргізу методологиялары, сондай-ақ тиісті әкімшілік ережелері көрсетілумен, аталған кезде қолданылатын барлық салықтардың заңнамалық белгіленген тізбесін білдіреді.

Салық жүйесінің құрамына, Қазақстанда Қаржы министрлігінің салық комитеті және облыстардағы, ірі қалалардағы салық комитеттерін, аудандар мен қалалардағы салық бөлімдерін қамтитын мемлекеттік салық қызметі органдары кіреді.

Салық қызметі салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы республика заңдарының орындалуына жалпы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Нарықтық экономиканы қалыптастыру жағдайында салық жүйесі белгілі бір принциптерге сәйкес келуі тиіс.

Олар мыналарға саяды:

Салық салу формаларын анықтау кезінде техникалық тұрғыдан ең қарапайым формаларға артықшылық беру көзделеді.

Салық жүйесі бейтарап болуы тиіс. Негізді ерекше жағдайлардан өзге, мемлекет салық жүйесі арқылы салық төлеушілерді көтермелеуге немесе жазалауға тиісті емес.

Прогрессивті салықтардың орнына пропорционал (линиялық) салықтарды басым пайдалану.

Салық жүйесі экономиканың жұмыс істеуін жақсартуға, кедергі келтірмеуі тиіс.

Салық жүйесі экономикалық қатынастар бойынша аталған әріптес-елдер салықтарының негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемелерінің (ставкаларының) белгілі бір тұрақты қолданылуын қамтамасыз етуі қажет.

Нарықтық қатынастар жағдайларындағы жолға қойылған салық жүйесі әртүрлі деңгейлердегі бюджеттер кірістерін ұлғайту проблемаларын шешуге мүмкіндік береді, сол сияқты жекелеген шаруашылық субъектілерін және тұтастай алғанда бүкіл экономиканы дамытуға оң ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының соңғы 10.12.2008 жылы қабылданған Салық кодексіне сәйкес, салықтардың 13, мемлекеттік баждың 1, алымдардың 5, төлемақыладық 10 түрі бар.

Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері:

І) 1.Салықтар:

1) корпоративтік табыс салығы;

2) жеке табыс салығы;

3) қосылған құн салығы;

4) акциздер;

5) экспортқа рента салығы;

6) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;

7) әлеуметтік салық;

8) көлік құралы салығы;

9) жер салығы;

10) мүлік салығы;

11) ойын бизнесі салығы;

12) тіркелген салық;

13) бірыңғай жер салығы;

ІІ) Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:

2.Мемлекеттік баж;

3.Алымдар:

1) тіркеу алымдары;

2) автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым;

3) аукционнан алынатын алым;

4) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;

5) телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым;

4. Төлемақылар:

1) жер учаскесін пайдаланғаны үшін;

2) үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін;

3) қоршаған ортаға эмиссия үшін;

4) жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін;

5) орманды пайдаланғаны үшін;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін;

7) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;

8) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін;

9) кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін;

10) сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар қолданылады.

 

Қазіргі уақытта республикадағы салық жүйесі қатал, бірақ негізді сынға ұшырауда және бүгінгі салық жүйесін жетілдіру қаржы ресурстарының бюджетке толық түсуін қамтамасыз етуге салықтар мен алымдардың құрылымдарын оңайлатуға кедергі келтіретін кемшіліктерді жоюға бағытталған.

Салық саясаты – салық құралдарының, салық мөлшемелерінің (ставкаларының), жеңілдіктердің және т.б. көмегімен, мемлекеттің экономикалық саясатты жүзеге асыруы. Салық саясаты мемлекеттің экономикаға араласу деңгейін көрсетеді.

Салық саясатының белсенді (активті) және пассив типтерінің аражігі ажыратылады.

 
 

 


Салық саясатының белсенді типі (үлгісі) жағдайында жоғары номинал салық мөлшерлемелері (ставкалары) белгіленеді және салық жеңілдіктерінің кең спектрі беріледі, прогрессивті салық мөлшерлемелері (ставкалары) пайдаланылады.

Салық саясатының пассив типінде берілетін салық жеңілдіктерін маңызды түрде бірмезгілде шектеу жағдайында номинал салық мөлшерлемелерін төмендету орын алады. Экономика, мемлекет ұсынатын өлшемдер негізінде емес, өз өлшемдері негізінде даму мүмкіндігін алады.

Қазақстан Республикасындағы салық саясаты, салық саясатының белсенді (активті) типінен бірте-бірте пассив типіне көшуде.

Мұндай жағдайлардағы мемлекеттің міндеті - өндірістің өсуін дамытуға ұзақ мерзімді ынталандырулар жасауға оң ықпал ететін салық стратегиясын қалыптастыру болып саналады.

Егеменді мемлекеттің бюджетін толықтыруды қамтамасыз ететін, ҚР салық саясатының негізгі мақсаттары мен міндеттері мынадай болуы мүмкін:

Бюджетке түсетін түсімдердің барабарлығы, яғни салық түсімдері мемлекеттік шығыстарды қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы тиіс, бұл ретте кәсіпкерлік белсенділік басып тасталмауы қажет.

Тұтынудан өндірістік қажеттіліктерді шығарып тастай отырып, барлық тұтыну формаларына жанама салықтардың бірдейлігінен тұратындығы – экономикалық бейтараптық болып табылады.

Салық саясаты жинақтар (сақтықтар) мен инвестициялардың өсуіне кедергі келтірмеуі тиіс.

Салықтың әділеттілігі горизонталь және вертикаль аспектілерге ие. Бұл ретте горизонталь аспектілер экономикалық өзара қатынастарға қатысушылардың барлығы үшін заңның бірдей қолданылатындығын білдіреді, ал вертикаль аспектілер – жекелеген қатысушылар үшін айырмашылықтардың есепке алынуы мүмкін екендігін білдіреді.

Салықтар мөлшерлемелерінің (ставкаларының) төмен болуы. Атап айтқанда, мөлшерлемелердің (ставкалардың) көлемі экономикалық өзарақатынастарға қатысушылар тарапынан жағымсыз ықпал етуге өзінің әсерін тигізеді. Табыстылық және салық заңдарының қарапайымдылығы. Бұл міндет, салық төлеушілер тарапынан әртүрлі басқару деңгейінде болуы мүмкін есептеулерге сенімнің күшею себептері бойынша неғұрлым маңызды болып саналады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-11-13; просмотров: 573; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты